Майлықожа
Сарыағашта сақталған жәдігерлер
Майлықожа бабамыздың өзі киген шапаны бар екен. Сарыағаш қаласына «Сәт» телеарнасына жолым түскенде, жігіттер маған Сарыағаш музейінде Майлықожа бабаның шапаны мен қалпағы барын айтты. Сөйтіп жаңалықты айтып мына екі көріністі алдыма тартты.
Шын мәнінде Сарыағаш музейінде Майлықожа бабаның шапаны мен қалпағы бар екен.
Майлықожаның Асан,Жолбарыс,Қаблан, Әлімхан, Исабек атты бес ұлы болған. Исабек ақынның ең кенжесі болғандықтан ақын осы үйден бақыйға аттанған. Исабектен Ильясхан, Әбутәліп атты екі ұл бар еді. Әбутәліптің қызы Райхан бабаның мүлкін мұражайға тапсырған.