Білген Шайыр айтады

Орыстың от кемесі өрге жүзді

Мәделі қожа Жүсіпқожаұлының өлеңі

Өзен Сыр, қаласың-ау ендi менен,
Күдер үзiп отырмын мен де сенен,
Ендi маған сен қоныс бола алмайсың
Үстiңе орыс келген от кемемен.
 
Орыстың от кемесi өрге жүздi,
Ақыр алмай қайтедi тұрсақ бiздi?!
Аралап аралыңнан ағаш кестi
Ендi сенен Мәделi күдер үздi.
 
Мәделi Бұқар барып қоныс алар,
Бiр жылдан соң бұл жердi орыс алар,
Шымкент пенен Түркiстан, жетi кенттi
Асып барып Тәшкенге қолын салар.
 
Кәпiрлердiң қауымы көршiмен өрт
Әзiр менi кәрәмат айтты дер жұрт,
Менiң сөзiм далаға кетпейтұғын
Келгенде болатұғын бәрi де мұрт.
 
Балалар, күлiсерсiң қош уақта,
Әзiр жағаң кәпiрден бос уақта,
Бiздiң сөз еш далаға кетпейтұғын,
Жетпейдi ендiгi жыл осы уаққа.

Саргел Серiпханұлының жаздырғаны III – нұсқасы
 
«…Ресейге әуелі, күллі Түркістан өлкесін жаулап алу үшін Сырдария бойына  иелік етуі маңызды еді. халықты (қазақтарды) «Хиуа-Қоқан шабуылына қорғау қажет» деген желеумен оңтүстікке қарай жылжыған  орыс әскерлері 1847 жылы Арал теңізі жағасына салынған Райым бекінісін салып, кейін оны Арал деп атады.

Өлкедегі қоқан-хиуа әсерін әлсіретіп, өз ықпалдарын арттыра түсу үшін  Орынбор генерал-губернаторы Перовский бастаған қарулы отряд Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) бекінісін иеленіп алады. Ақмешіт бекінісінің атын генералдың құрметіне «Перовск»деп өзгертті. Қоқандықтарды ығыстырған орыс әскері  10 жылда  Шымкент пен Ташкентті алып, 1866 жылы Сырдария, Жетісу өлкесін толық бағындырып, Түркістан губерниясын (орталығы Ташкент) құрды…»

Бекен Қайратұлы . «Қазақия қалай отарланды?» кітабы 265 бет

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button