Майлықожа

Жақсы болсаң күйінерсің, Жаман болсаң сүйінерсің,

Тарихта Сыйқымнан шыққан екі мықты Қасымбек пен Ыса ерегісіп, Қасымбек жеңіп Ысаны жер аудартқызған. Жарым жолда Қырғыздар араласып Ысаны тілхат беріп уақытша өз елінде ұстап отырып, араға адам салып кінасын жеңілдетіп өз елдерінде едәуір ұстап қалаған. Ысаның жазаланған уақты бітіп келген кезінде Қасымбек кеселденіп қайтыс болады.

Жаназа намазына хабар беруге келгенде Ысаға естіртуге кім барады деген мәселе шығады. Жай ғана есітірту емес қой, арадағы кикілжіңді басатын, екеу араны жайластыратын адам керек. Ары ойласып-бері ойласып Майлықожаны жіберуге келіседі. Майлықожа көп айтқан соң мақұл деп мойнына алады. Аттанып барып Ысаның аулына түседі. Ақын қожа келді деп Ыса бастаған біраз адам алдына шығып қарсы алады. Майлықожа үндемей тұйық амандасып Ысаның үйіне қарай жүреді. Ыса алдына түсіп, көпшілік еріп үйге кіреді. Майлықожа төрге өтіп жайылған көрпешеге отырып, ернін жыбырлатып бата істеп, бетін сипап төмен қарап отыра береді. Төзімі таусылған Ыса «Ау-Қожеке не болды, айтсаңызшы» дегенде Майлықожа басын көтеріп;

Маңдай күнге күймеген,

Табаны жерге тимеген.

Жібектен басқа кимеген,

Күймеден басқа мінбеген-

Жақсы болсаң күйінерсің,

Жаман болсаң сүйінерсің,

Қасымбек өтті дүниеден-деп жылап қоя береді.

Ыса әбаурымдапә етбетінен түскен екен деп отыратын, кешегі кариялар.

 

Дайындаған Сейт-Омар Саттарұлы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button