Айқожа ишан (1773-1857 ж.ж) бір топ серігімен Теріскей еліне қыдырыстап бара жатады.Жолда жалғыз адамның төтелеп, кетіп бара жатқанын көреді. Қасындағы серіктерінің бірінен бұл кім екен»танисыңдар ма»дейді.Серіктесі:»Бұл Бабанқожа әулиеге ұқсайды», дейді. Қорасан Бабанқожа (1771-1865 ж.ж) әулиеде Теріскей еліне жол жүріп бара жатырған екен. Асығып келе жатырған ишан,оның жолын бөгемейік. Оданда күн батпай тұрып, жақын маңдағы ауылға жетіп алайық. Сәжде замандасыммен,сол ауылда дидарласармын» дейді де, әрі қарай жол жүріп кетеді. Қожаларда Сәждеқожа,Қауақ арқалаған қожа деген, лақап ныспымен аталып жүргендер бар екен. Ишан әулиені әзілдеп»Сәжде»деп атапты…Оларды байқап қалған әулие:»Бұл замандасым неге амандаспай кетті.Әлде реніші барма? ойға шомып сәл аялдап тұрып,одан әрі жолын жалғастырады.Сонымен Айқожа ишан сол маңдағы ауылға жетіп,өзі бұрыннан келіп жүрген бақауатты адамның үйіне түседі.Олардан біраздан соң,Бабанқожа әулиеде ауылға келіп, байдың емес,қарапайым адамның үйіне қонақтайды… Ишанның келгеніне қуанған бай,бір малын сойып,жақсылап құрмет көрсетеді.Тамақ желініп болған соң,үй иесімен біраз сұқбаттасып, демалуға жатады.Сол кезде ишанның іші бүріп ауырып,»гүп»болып кеуіп кетеді. Бұған таң қалган ол»жолда замандасым Бабанқожа әулиеге амандаспай өте шыққанымнан болар.Өйткені оның кереметтері бар ғой»,деп ойлап, қасындағылардың бірін әулиені шақыртып жібереді. Әулие екі рет шақырғанға келмейді.Үшіінсінде ишан»ауырып отырсамда барып амандасайын. Оның жасы үлкен ғой,»өзі барады.Әулие бұрынғыша жайдары жүзбен қарсы алады. Ишан оған болған жайтты айтып:»Саған барып амандаспастан,күн батпай тұрып,жақын маңдағы ауылға жетіп алайық деп,бұрылмай кетіп қалып едім. Соған ренжідің бе?» дейді.Сонда Бабанқожа:Ренжіген жоқпын. Бірақ мұсылмандар жолында кезіккен жолаушыға барып амандасатын, әдеп-бар. Бұрынғыдай аңғалдығыға салып,соны ұмытып кеткенсің-ау. Сені ауыртқан мен емеспін. Әдеп-ғұрыпты ұмытқаның үшін, бабалардың ескерткен наласы болар.Оданда кел қасыма отыр.Ұшықтап,дем салайын » дейді. Сөйтіп әулие ишанды жанына отырғызып қойып, алдымен сумен ұшықтап, үш рет дұға оқып, дем салады.Міне ғажап,сол сәтте ишан түк болмағандай, бұрынғы қалпына түседі. Екеуі орнынан тұрып, қайтадан құшақтасып амандасады. Ишан байдың үйіне қайтып бармастан, замандасының қасында қонып қалады. Әулиелер әзілдері жарасқан ежелгі достар екен. Міне әулиелердің сыйластықтары осындай болар…
Деректі жеткізген Айтқожа (Алик) Оразқожаев