Жарық нұрдың сәулесі

Асан қожа

Піруәли ұлы Далилхасан әзиз

Піруәли ұлы Далилхасан әзиз 17-18 ғасырда өмір сүрген. Халықтың қойған аты Асан қожа. Асан қожа халық арасында үлкен беделге ие болған, ислам дінін насихаттаған содан Асан қожа атанып кеткен.

Асан қожаның шыққан тегі Араб халифатының төртінші халифі Әзірет Әліге барып тіреледі. Бақсайыс қожа. Асан қожа Ақтөбе өңіріндегі кіші жүздің жеті руына жататын табындардың төрт тірегінің бірі болған. Осы елдің пірі болған. Пір сөзі парсы тілінде данагөй абызы, рухани жетекшісі, басшысы деген мағынада айтылады.

Асан қожа ағартушы рухани ұстаз, қол бастар көсем, елді ұйытар шешен адам болған. Бүтін бір ұлыс жауға шапқанда рух көтерер ұранына, тауы шағылғанда медет тұтар піріне, қараңғы қапаста шұғыла шашар шырағына айналған. Жұма сайын ата басына барып құран бағыштап отырған жұрт мұның себебін ата аруағының құдіретіне балайды. Асан әулиеге ырым етіп тілек тілеп жұрт басына түнейтін болған.

Шамамен 18-ғасырдың ортасында Асан қожа дүниеден өтеді. Ол балаларына -«мені оң жаққа қойыңдар бір адам келіп алып кетеді»- дейді. Сол кезде ақ түйе жетектеген ақ киім киген ақ сәлделі адам есіктің алдына түйені шөгеріп жатыр екен. Ол мәйітті түйеге салдырып, түйені бұйдасын басына түріп бос қоя береді. Түйе Жем өзенінің бойын жағалап біраз жер жүріп барып шөгеді. Асан қожаны сол түйе шөккен жерге өзенінің жанында жерлейді.

18-ғасырдың 70-ші жылдар шамасында Асан қожаның ұрпақтарының бір бөлігі бұл жерге дінсіздер келе жатыр деп, Қарақалпақ еліне Қожаелі деген жерге көшіп барады. 19-ғасырдың 20-30 жылдар шамасында Асан баба ұрпақтарына -«жар құлап суға кететін болдым»-деп аян береді. Қарақалпақтан бір топ адам келіп мәйітті бұрынғы жерінен жоғары 40 қадам жерге апарып жерлейді. Сонда бабамыздың үстіндегі кебіні сарғайғаны болмаса, денесі бұзылмаған қалпында сақталған екен. Асан қожа қорымы «сағанатам ескерткіші» Жем өзенінің бойына Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылынан 40 шақырым жердегі ескі қорым. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Ақтөбе облысындағы Бақсайыс қожалар Асан қожаның ұрпақтары. Асан қожадан: Файзулла қожа, Убайдулла қожа, Көшек қожа, Жиен қожа, Бөлек қожа, Назар қожа, Базар қожа, Өтемұхаммед қожа.

 


Жинақтаған Орынбасар қожа.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button