Алладан Ысрапылға болар пәрмен:
«Және де тарт үшінші сұрыңды сен».
Қураған сүйектерге сурет еніп,
Өзінің денесіне кіреді жын.
Ысрапыл Хақ әмірімен сұрды тартар,
Ішінде ызһар етіп бұл сөзді айтар:
«Аруақтар Хақ әмірімен денеге енгін,
Бұл күні рұқсат болды сізге қайтар».
Есітіп руханилар бұл ниданы,
Денеге ілгергідей кірер жаны.
Ұйқыдан оянғанның мысалында,
Қабірінен бас көтеріп тұрар бәрі.
Қараса аспан жерлер өзгерілген,
Тау мен тас, дария көлді бәрһам ұрған.
Әр түрлі мақлұқаттар пайда болып,
Дайын ғып таразыны анда құрған.
Азаптық періштесі дайын болып,
Және де даяр болғай жәннат келіп.
Бұл нендей хадиса деп қайран қалар,
Инсі, жын, мақлұқаттар мұны көріп.
Айтарлар момындыққа болған діні,
Алланың уәде қылған үшбу күні.
Ақырда осы түрлі болады деп,
Білдіріп пайғамбарлар айтқан мұны.
Қабірден халықтың бәрі көтерер бас,
Бір жерде төрт жыл тұрар аш, жалаңаш.
Бас, аяқ, денесінде еш киім жоқ,
Анадан әуелінде туғанға ұқсас.
Расулдың бұл хадисын Айша есітіп,
Сұрады Пайғамбардан сауал етіп:
«Денесін бір-бірінен жасырмастан,
Ер, қатын араласып тұрар нетіп?»
Айшаға Расул айтты: «Бол хабардар,
Еш кісі бір-біріне салмас назар.
Ол күннің қорқынышынан көп уайым жеп,
Аспанға көзін тігіп тұрадүрлер.
Ішпейді һәм жемейді сөйлемей сөз,
Жүрмейді отырмайды әслі әр кез.
Базысы қарнынаша терлеп тұрар,
Базының көкірегіне жетедүр тез.
Базының кәрденіне тері жетер,
Базылар өз теріне батып кетер.
Періште, мурсал нәби, жүһүдтердің,
Ол күні қайрандығы хәдтен өтер».
Мұхаммед үмбетінің бұл нышаны,
Тұрғызғай Хақ жүзді ғып көрден оны.
Қол-аяқ, мойны бірлән хақ болады,
Денеде таһарат қылған жайдың бәрі.
Пенденің үстіндегі құм, топырағын,
Періште кешіргейлер сипап бәрін.
Кеткізбей топырағымен қоядүрлер,
Намазда сәжде қылған ағзаларын.
Алланың тарапынан ауаз келер,
Топырағын алмағын деп хабар берер.
Ол пендем сүйген менің құлдарым дүр,
Топырақпен сират өтіп жәннат енер.
Мәләктар махшардағы халыққа барып,
Көргейлер халайықты назар салып.
Алланың ізі бірлән амандасқай,
Үш түрлі адамдардың қолын алып.
Айтайын үшеуінің сізге намын,
Өлгендер шейіт болып әуел оның.
Екінші рамазанда ораза болған,
Күнінде ораза тұтқан арапаның.
Дүниеде мәлім болған екі күн бар,
Бір құда дәргейінде дос тұтынар.
Арапа күндері мен ораза, жұма,
Рахметін ол күндері пазыл қылар.
Шайтанның жаман көрер күндері бұл,
Арапа күндері мен жұма дүр біл.
Айтылған екі күнде ораза тұтса,
Пазлымен кәрәм етер һәкімі құл.
Рахматтан отыз мәрте есік ашып,
Жүзіне ол пенденің қылғай нәсіп.
Алланың ізі бірлән тірілгенде,
Тұрғайлар қош бойлығы хәдтен асып.
Қабірінен оразадарлар[1] тұрылғанда,
Ризуанға нида қылып айтқай Алла.
Дүниеде әмірім бірлән ораза тұтып,
Аш, тәшна жүрер еді үшбу пенде.
Шарап пен нұр табаққа тағам салып,
Құманға көтергізіп барғын алып.
Дүниеде аш жүргеннің себебінен,
Бұл күні ішіп жесін рахаттанып.
Алладан ризуан мәлік мұны естіп,
Ләззатты шарап, тағам даяр етіп.
Құманмен уилдандарға[2] көтергізіп,
Махшардың майданына барғай етіп.
Ырза дер ораза тұтқан пенделерге:
«Сіздерге шарап, тағам жіберді Алла.
Дүниеде аш жүргеннің себебі бұл,
Ішіп жеп шаттаныңыз үшбу демде».
Есітіп оразадарлар құрсанттанып,
Тағам мен шараптарын ішкей алып.
Тұтпаған Хақ әмірін мұнапықтар,
Өкініп, қасірет шегер ғамда қалып.
Құдая, мен күнәһар пенде осы,
Сүйтсе һәм рамазанда бар оразасы.
Айтылған тағамың мен шарабыңнан,
Ол күні бермегін дүр мұддағасы.
Бір мәлік башаратты хабар беріп,
Бес мәрте нида қылғай халыққа келіп.
Ат қойған «Мұхаммедия» бір кітапта,
Бұл сөзді ызһар еттім оқып көріп.
Әуел дер: «Ая, момын мұсылмандар,
Аллаға шек қылмаған барша жандар.
Тозақта ақырғаша қалмайдылар,
Сіздердің көңліңізде дін иман бар».
Екінші қалыс ниет болса пенде,
Нида ғып періштелер айтар әңа.
Дүниеде ниетіңіз тура үшін,
Жәннатты нәсіп етті сізге Алла.
Үшінші пенде момын тәубе қылар,
Онан соң бұл жұмысты қылмай тұрар.
Орныңыз жәннатта деп нида қылып,
Періште ол пендені шаттандырар.
Төртінші тақуа, заһит болса әр кез,
Аллаға тағат қылса шын һәм ықлас.
Сіздердің орныңыз жәннат дүр деп,
Періште ауаз етіп айтадүр бәс.
Бесінші ғалым ғұмар салих дана,
Ілміне амал қылып тұрса жәна.
Жәннатқа машақатсыз кіресіз деп,
Періште нида қылып айтар әңә.
Ия, Алла, мен күнәһар осы құл мен,
Пейілімнің бәрі жаман істеп тұрған,
Пазлыңмен махшар күні бірі қылып,
Пенденің мархаматтық нида қылған.
ҚЫРЫҚ БІРІНШІ ФАСЫЛ
Пенденің он екі кәруа болып махшарға барғаны
Пенделер нәр басында қырық жыл тұрар,
Ол уақта есеп, сауал көрмес бұлар.
Махшарға инсы, жынды алдаңдар деп,
Мәләкқа Жаппар құда нида қылар.
Мәләктар қолына алып гүрзілерін,
Аузынан демі шығып отты жалын.
Мысалы қой айдаған қойшы құсап,
Махшарға халайықтың айдар бәрін.
Бір жай бар жер жүзінде шарапатты,
Білдіріп Мұқаддас деп қойған атты.
Ол жерге мизан сират дайын қылып,
Махшар күн айдағайлар онда қалыңды.
Алланың әмірін біліп жын мен адам,
Махшарға бармақтыққа қойғай қадам.
Он екі кәруа болып барадүрлер,
Мұхаммед үмбетінің бәрі тамам.
Бір асхаб мың ибні Жәбіл атты,
Расулдың хадисінен бұл сөзді атты.
Он екі тайпа ғып кеп келтірелер,
Махшарға айдағанда барша халықты.
Әуелі бір жайына келедүр түн,
Суреті барлығының мысал маймыл.
Ғайыптан бір періште хабар беріп,
Айтадүр ділда қылып мұндай мазмұн.
Бұл қауым әдет етіп сөзге жалған,
Айламен халық ішіне фитна салған.
«Әлфитна әшадду мин зинадүр[3]» деп,
Расулдан кітаптарда хадис қылған.
Екінші бір тайпа келген және,
Доңыздың суретінде бәрі һәмме.
Арамды жеушілер үшбу дүр деп,
Періште лақап беріп айтқай әңе.
Үшінші бір тайпа келедүр кез,
Орнында тұрмағайлар көзі әркез.
Үкімінде қылап[4] еткен пенделер деп,
Періште нида қылып айтады сөз.
Төртінші бір тайпа келедүрлер,
Тілі жоқ есітпейтін құлағы кәр.
Риямен амал қылып мақтанушы,
Үшбу деп бір періште қылғай ызһар.
Бесінші бір тайпа келедүр жан,
Аузынан ағып тұрар ірің мен қан.
Мәләк дер бұл тайпа ғалымдар дүр,
Ілімнің қылабына амал қылған.
Алтыншы бір тайпа тұрар барып,
Денесі отқа күйіп жәбірленіп.
Мәләк дер бұл тайпа куәлікте,
Сөйлеген өтірік сөз аузына алып.
Жетінші бір тайпа аяқ басты,
Байлаулы өз қолымен бар ағзасы.
Мәләк дер нәпсі менен шәһуаттың,
Болғайлар тілін алған пенде асы.
Бір кәруа сегізінші келіп тұрар,
Мастардай гәһи[5] жылап, гәһи күлер.
Періште нида қылып мәлім еткей,
Қылмаған ақырзаман халық деп бұлар.
Келгеннің тоғызыншы киімдері,
Арамға араласқан сасық бәрі.
Ғайбат сөз шағыстыру істегендер деп,
Періште білдіргейлер айтып оны.
Оныншы бір халық келер ошал күні,
Бәрінің желкесінен шыққан тілі.
Ғайыптан бір періште нида қылып,
Суқаншын адамдар деп айтар мұны.
Бір кәруа он бірінші келгей адам,
Мастардай есін білмей бәрі тамам.
Мешітте дүние сөзін сөйлеген деп,
Періште ауаз етіп айтқай кәләм.
Бір кәруа он екінші келгей жүріп,
Доңыздың суретіне бәрі кіріп,
Дүниеде бірін екі сатқандар деп,
Бір мәләк білдірерлер хабар беріп.
ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ ФАСЫЛ
Мәәз ибн Жәбілдің екінші рауаяты
Бұл сөздің рауаяты екеу ерүр,
Тәпсилімен дақайықта хабар берер.
Төменде айтылатын тәртібімен
Расулдың хадисінен мұны дейүр.
Бір асхаб Мәәз ибн Жәбіл атты,
Расулдан зікір әйлар рауаяты.
Он екі тайпа боп келтірділер,
Махшарға айдағанда барша халықты.
Әуелі бір кәруані келтірділер,
Қолы сал, аяғы ақсақ болып тұрар.
«Қоңсысын ренжіткен адамдар» деп,
Ғайыптан нида айтушы ауаз қылар.
Екінші бір тайпа және келер,
Доңыздың суретіне баршасы енер.
«Намазға сұстлық қылған адамдар» деп,
Ғайыптан нида айтушы ауаз берер.
Үшінші бір тайпа тұрадүр кеп,
Тау мысал қарны үлкейіп кетеді көп.
Қарнының іші толған жылан, шаян,
Айтады: «зекет бермей жүргендер» деп.
Төртінші бір тайпа келедүр жан,
Аузынан отты түтін шығадүр қан.
Айтады нида қылып: «Бұл тайпа
Әркімге өтірік айтып сауда қылған».
Бесінші бір тайпа және жетер,
Исінің сасықтығы хәдтен өтер.
«Құдадан қорықпағандар осыдүр» деп,
Ғайыптан нида етуші ауаз етер.
Алтыншы бір тайпа тұрар барып,
Алқымы сыртынаша бауыздалып.
«Жалғанға куә болған адамдар» деп,
Ғайыптан бұл сөзді айтар аузына алып.
Жетінші бір тайпа келедүр кез,
Қан аққан аузында жоқ тілі әркез.
«Көргенін куәлікте жасырған» деп,
Ғайыптан нида қылып айтады сөз.
Бір халықтың сегізінші төмен басы,
Жоғары аяқ-қолмен әр ағзасы.
Ғайыптан нида айтушы ауаз қылып,
«Зинаһар осы дүр, – деп – пенде асы».
Келгейлер тоғызыншы бір халық және,
Көзі көк, қарны үлкен, реңі қара.
«Жетімнің зұлымменен малын жеген
Адам» деп нида қылар бұлар һәмма.
Оныншы бір тайпа келіп тұрар,
Ағзасын жарақатты ала қылар.
«Тірісінде ата-анасы ырза болмай
Ақ қылған адамдар, – деп айтқай, – бұлар».
Бір халықты он бірінші алып келгей,
Тұрғайлар әр нәрсені көзі көрмей.
Өгіздің мүйізіндей тісі болып,
Қарнынан жаман иістер нышан бергей.
Тұрғайлар жерге түсіп еріндері,
Тілі мен көкірегінің түскен бәрі.
«Дүниеде арақ-шарап ішкендер» деп,
Ғайыптан нида қылып айтқай оны.
Бір қалықты он екінші келтірер бәс,
Жүздері он екінші айға ұқсас.
Айтарлар әмір мағрұп ісін қылған,
Болады Хақ жолында пендесі қас.
Бұл сөздің екеу болар рауаяты,
Нақыл еткен дақайықта хадис хаты.
Есіткен өтірік демей исенсін деп,
Аяттың қаулы болды аламаты.
Құдая, мен күнәһар асы құлды,
Суреттер өзгергенде осы түрлі.
Ақырғы тайпаменен бірге келтір,
Жүзімді ай мысалы қылып нұрлы.
Бұл жерде Пайғамбардан бір хадис бар,
Анамыз бибі Айшадан нақыл қылар.
Махшарға барарында бірнеше адам,
Ізетпен ат үстіне мініп тұрар.
Әуелі пайғамбарлар мініп тұрар,
Олардың әуладтарын һәм міндіргей.
Рамазан, ережеп, шағбан айларында
Оразаны тұтушылар атпен жүргей.
Ол күні бұл айтылған пенделерге
Жәннаттың шарабынан бергей Алла.
Ішіп, жеп рахатта боладүрлер,
Аш, тәшна тұрғанында барша пенде.
Дүниеде барлық момын құрбан шалар,
Алланың әмірін тұтып ырзаланар.
Пенденің сойған малы аты болып,
Махшарға жүргенінде мініп барар.
Расулдан ибн Омар нақыл қылып,
Зікір етті бұл хадисті һәм білдіріп.
Махшарға төрт тайпа халайықтар,
Нұр таққа ізет илән барғай мініп.
Ол кім деп сұрадылар біреу жәна,
Пайғамбар жауап беріп айтты әңә.
«Бұл адам аш кісіні тойындырған,
Зағиптың ізет еткен бәрін һәмма».
Ғазының беріп тұрған қаражатын,
Мазлұмның беріп тұрған және ақын.
Әр кісі осы түрлі жақсылық қылса,
Таңдантар таққа мініп махшар халқын.
Кәпір мен мұнафиқтер жаяу барар,
Аяғы жерді басып күйіп қалар.
Атпенен жүрушінің халін көріп,
Көңлінде көп уайым жеп қайғыланар.
Құдая, махшарға қалық барғанында,
Базылар атқа мініп барғай әндә.
Жақсылар қатарында дахил қылып,
Пазлыңмен ат міндіргін сол күн мәңә.
ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ ФАСЫЛ
Махшарға пенделердің сабын түзегені
Махшарға халықтың бәрі барып тұрар,
Ілгергі істерінен сауал қылар.
Алланың пәрменімен пенделердің
Саптарын жүз жиырма қатар қылар.
Ұзыны қырық мың жылдық әр сапының,
Мың жылдық деп айтады қалыңдығын.
Олардан үш сапқаша мұсылмандүр,
Кәпір дүр басқалары бәрі мұның.
Әбділда ибн Аббас бір сахаба,
Расулдың бір хадисін айтты жәна.
Ол күні жүз жиырма сап боладүр деп,
Мұхаммед үмбетінің бәрі һәмма.
Сипаттың тәпсірінде осы сөз бар,
Кәпірдің әрқайсысын бір сап қылар.
Пұтпараст[6], отәш параст[7], жұлдыз параст[8],
Сап болып барлығы да бөлек тұрар.
Мүшріктің кәттасына кішіктері,
Дау қылып бұл сөзді айтар келіп бәрі:
«Сіздерге біз бағынып жүрер едік,
Хақ дінмен айтпадың деп бір Алланы».
Бастығы кішісіне айтар жәна,
Хақ дінде емес едің бәрің һәмма.
Туғаннан кәпірлікте өзің болдың,
Азғырып сөз айтпадық ешбір сәңә.
Мұндай деп біреуінен бірі көрер,
Қайғырып өкініштік көңліне енер.
Махшарда кәпірлердің саптарына,
Тозаққа жақын жерден орын берер.
Жиналған махшардағы жын мен адам,
Қоялмас қызғанынан жерге қадам.
Күннің де жоғарыдан ыстығы өтіп,
Пенденің қасрет шегер бәрі тамам.
Пенденің қысылғаны хәдтен өтер,
Тілдері шөлдегеннен тізіне жетер.
Мизаның бойы келіп күн тұрғанда,
Мысалы жер темірдей қызып ктеер.
Сол уақта үш көлеңке әзірленіп,
Басын тұрадүрлер жерге салып.
Алладан пенделерге нида болғай,
Бәріңіз тұрыңыз деп онда барып.
Көрінген саптардың порымы бұл дүр,
Біреуі от, біреуі түтін, біреуі нұр.
Күндердің ыстығынан құтылмаққа,
Саяға халайықтың бәрі барұр.
Ол нұрдың саясында момын тұрар,
Түтінді кәпірлерге сая қылар.
Ыстықтың саясында тұрса керек,
Өзіне һәм әміріне сенбеген мұнафықтар.
Құдая, мен сыпатты асы құлды,
Саялар келген уақта осы түрлі.
Денеме ол екеуін харам қылып,
Бұл күні сая қылғын маған нұрды.
Расулдың бір хадисі бардүр мұнда,
Жеті халық жеті түрлі осы күнде.
Махшардың ыстығынан қорықпастан,
Тұрғайлар арыш ағланың саясында.
Айтылған жетеуінің осы намы,
Төменде тәртібімен айтар оны.
Әуелі әділ патша анда тұрар,
Халқына әділетті болса жары.
Екінші жас жігіттер тәубе қылып,
Аллаға тағат етсе тіке тұрып.
Үшінші екі адамзат бірін-бірі
Алла үшін жүрер болса дос тұтынып.
Төртінші сақып сұлу бір жас қатын,
Біреуге зина ойлап болса жақын.
Алланың азабынан пенде қорқып,
Қылмаса ол әйелге қиянатын.
Бесінші зікір айтушы түнде тұрып,
Ешкімге білдірмесе рия қылып.
Көзінен оңашада жасын төксе,
Хабардар болмасалар ешкім біліп.
Алтыншы Хақ жолында садақаны
Қайыр етіп оң қолымен берсе оны.
Сол қолы оның халын білмесе егер,
Қайырдың болса керек сондай бәрі.
Жетінші мешіт ішіне пенде кіріп,
Шықсалар сыртқа сонда намаз қылып.
Мешітке кірмегіне көңілі болса,
Екінші намаз уақыты болмай тұрып.
Расулдың бір хадисі бұл жерде бар,
Тұрғанда халықтың бәрі телміріп зар.
Бұл күні жақсы пазыл қайдадүр деп,
Ғайыптан нида айтушы нида қылар.
Сол заман бір тайпа адам тұрып,
Жәннатқа қадам қойғай жылдам жүріп.
Сіз қауым қайсы түрлі жансыздар деп,
Ол халықтан періштелер сауал қылып.
Олар дер әһл жақсы дер біздерді,
Жәннатқа дахыл етер дер біздерді.
Періште оларға айтар бұл дәулетке,
Ұшыратты қай қызметпен Алла сізді.
Пенделер періштеге айтады сөз:
«Әркімнен зұлым жетсе біздерге тез.
Сабыр қып жаман пейіл қылғандарға,
Ғафу етіп ойламадық күнәһар кез».
Періште пенделерден мұны естіп,
Айтады осы сөзді ызһар етіп:
«Бұл қылған қызметіңнің хақысы үшін,
Жәннатқа барыңыздар сайран етіп».
Ғайыптан нида етуші қылып ауаз,
Сабыр әһл қайдадүр деп әйлар ағаз.
Сол заман бір тайпа түрегеліп:
«Сабыр әһлі біз, – деп – айтар мұндамыз баз».
Оларға: «Кімсіздер?» – дер мәләк келіп,
«Сабыр әһл біз», – деп айтар жауап беріп.
Мәләк дер: «Қандай іске сабыр еттіңіз,
Бұл түрлі барасыздар ізет көріп».
Ол құлдар бұл сөзді айтар періштеге:
«Сабыр еттік Хақ әміріне біздер һәмме.
Әр түрлі күнәлардан біздер қашып,
Сабыр етіп істеместен тұрдық және».
Пендеден періштелер мұны естіп,
Айтады осы сөзді ауаз етіп:
«Ол қылған сабырыңыздың хақысы үшін,
Рахатта болыңыздар жәннат жетіп».
Жәна да нида айтушы айтар мұны:
«Алла үшін дос тұтқандар бірін-бірі.
Қайдадүр жақсы ниет қылғаны үшін,
Жәннатқа кірсінлер дер үшбу күні».
Сол күні бір тайпа адам тұрар,
Жәннатқа жылдамдықпен қадам ұрар.
«Қай түрлі қызмет еткен адамсыз?» – деп,
Бұл халықтан періштелер сауал қылар.
Олар дер: «Дос тұтушы біз ерүрміз»,
Мәләк дер: «Дос тұттыңыз кімдерді сіз?»
Пенде айтар: «Бір-біреуді дос тұтармыз,
Сыддықділ көңлімізде Алла үшін біз.
Алла үшін тұрар едік қоржын беріп,
Әртүрлі нәпақадан халін көріп».
Мәләк дер: «Бұл қызметтің хақысы үшін,
Шарапат қылыңыздар жәннаттан еніп».
Табиғинда сүреде бардүр бұл сөз,
Махшарда нида қылар пендеге нияз.
Алланың уәдесінде ақысы бар,
Адамдар дәрәсінде келсін деп тез.
Сол заман бір тайпа барғай тұрып,
Сол халықты зікір етемін мен білдіріп.
Біреуге бір адамнан зұлым жетсе,
Көңлінде сақтамаса күнә қылып.
Кешіріп бұл істерін ғафу қылар,
Аллада ақысы бар білсең бұлар.
Ол халықты жәннат ішінде дахыл етіп,
Өз пазлы кәрәмімен шаттандырар.
Құдая бұл айтылған тайпалар,
Өзіңе қызмет қылып ақын алар.
Махшарда өз пазлыңмен ол халықтар,
Біріне мен құлыңды әйлагын жар.
[1] Оразадар – ораза тұтқан
[2] Уилдан /а/ – балалар
[3] Әлфитна әшадду мин зина – фитна зинадан да жаман
[4] Қылап /а/ – қарама-қайшылық, келіспеушілік, бүлдіру, бұзу
[5] Гәһи /п/ – кейде
[6] Пұтпараст – пұтқа табынушы
[7] Отәш параст – отқа табынушы
[8] Жұлдыз параст – жұлдызға табынушы