Білген Шайыр айтады

Кенжеқожа Құлмырзаев

 

Кенжеқожа ақын шамамен 1946 жылдары Ташкент облысының Шыназ ауданында дүниеден өтіпті. Ол кісіні жерлеп отырғанда НКВД-нің адамдары келіпті.  Оларға іздеп жүрген адамы Кенжеқожа ақынның бүгін қайтыс болғанын, соны жерлеп келіп отырғандарын айтыпты. Келген кісілер қабірді суретке түсіріп алып, сол жерде акт жасап, куәларға қол қойдырыпты да, оны қолға тірідей түсіре алмаған күйі кері қайтып кетіпті.

Арманда кеткен арыстың бірі – Кенжеқожа ақын туралы әзірше бар тарихи деректер осыны айтады. Кенжеқожа ақын Шаянға талай рет келген екен. Шаяндағы Әбдуат би, Әбсамат дамылла мен Кенжеқожа ақын арасындағы достық одан әрі осы Шуда Көкірек-Көпсекте жалғасыпты. Онда 1-2 жылдай бірге, бірқатар елдеболыппыз. Тағдыр бізді Кенжеқожамен кейін де кездестіріпті. Одан соң біз де Өзбекстанның оңтүстік Жызақ,Самарқанд, Бұхара жаққа ауып босқын болып барыппыз. Әбсамат 31 жаста Өзбекстанда аурудан қайтыс болыпты. Сол жақта Әбдуат бимен Кенжеқожа ақын тағы да табысыпты. Осы хат сол кездерде жазылған екен.

Кенже қожа ақынның Әбдуат биге жазған хаты

Кенжеден кеңес жазылды, Әбдуат аға,

Назарына сал аға-еке!

Айлағың назым намаға!

Аман ба және Жағрабай

Ағайын туған жамаға

Артыңыздан барам деп

Қылып едім уағада.

Діттеген жерге жеткізбей

Шаршатты үшбу дард замана.

Өзіңізден қалған соң

Қанша күн қалдым налаға.

Көз салып па едіңіз, абайлап.

Аяғымдағы жараға?

Насырға шауып сол кесел

Шыға алмай қалдым далаға.

Зембілге салып апарды.

Камаший* кеселханға

Күндіз-түні көз ілмей,

Он бес күн өтіп арада

Ылаж қылып хәкімдер

Келтірді жаңа жобаға.

Тәсірім кетіп тәсрейе

Бір келді аузым тәубаға

Серпініп жаман сескендім

Қусырып қолды жағаға.

Ажалым жетсе мәбағда.

Жазым қылсам жан тәсілім

Қылатын кім бар жаназа?

Осындай ойды көпойлап,

Сарғайды сарсаң сана да.

Естіген келіп бір адам

«Қалайсың-десе, қарағым»?

Ұқсады ата-бабаға.

Келмесе де өкпе жоқ

Атасы бөлек қараға.

Наз айтпаймын нарық білмес

Қара да түгіл қожаға!

Наданға наз қып айтқан сөз

Қадірін оның білмесе,

Орынсыз айтқан омырау сөз

Ойласаң орын қаба ма?

Шамалы көңілім шамданды

Мәуия, Таһир балаға.

Қалыңқалай, Жәкедеп

Келмеді жақын жаныма!

Кесірі тиер Кенженің

Деп кетіп пе едіңіз: Жолама!

Жақсы көрген адамнан

Жабырқанса бір көңіл

Өмірі естен қала ма?

Сағынғанда ағайын

Көрінбесе бір көзге

Шөлдеген сусын қана ма?

Кешегі жүрген Әбсәмат

Болғанда тірі мабада

Отырса жақын осындай

«Жағдайың қалай, Кенже?»-деп

Келер еді-ау қасыма!

Өкінгеннен не пайда

Дерексіз арызы, Самада.

Берер ме дауыс олай деп

Шақырсам барып молаға?

Оным да болды асылық

Кешіргің Алла тағала!

Жақын деп жағдай айтамын

Нәсілі сейіт тазаға.

Ескі көзден кім қалды?

Бір Сізден басқа шамада?

Не қылайын қапа боп

Парық білмес бала-шағаға.

Өткен жұмыс –  өкініш

Көтердім басты жаңада.

Қайтпақшы болып жатырмыз

Шымкент, Сайрам қалаға.

Мүмкін болса жолшыбай

Болармыз мейман қонаға.

Бірнеше болсақ хам сұхбат

Кеуілде арман қала ма?

Қанды жүрек ашылып,

Өксіген кеуіл басылып,

Қылғандай тауаб Қағаба!

Жалғасбай кетсек жол үсті,

Тапсырдым ойы данаға!

Бажарып жүр көкежан,

Мұңлығың жазған хатынан.

Сарсаң түсіп саудасы

Айрылды інің данадан.

Қанжығалап қалмай жүр.

Қарпыған қырсық тақымнан

Бармақ тістеп, бас шайқап

Уақытымыз болды ашынған.

Салмақ түсіп сасқанда

Таппадым жаны ашыр жан.

Еңістеп ерім мойныма

Басылып көңілім жос ұрған.

Құралай құлан мен болдым

Қағынан жеріп шошынған.

Өзімнен өзім бүлініп

Ажырасып тұрмын абайсыз

Жасымнан жардан қосылған

Ақсаймын ба деп абайсыз

Қорқамын қатты осыдан.

Қаупім көп тақсыр, таңлада

Дозақтың жанған отынан.

Белге ұрған жыландай.

Сүйегім болат, жасыған.

Сасқанда себеп болғандай.

Шықпай тұр ақыл досымнан!

Ақылдасар аға-іні

Және де біз де отырған.

Жал-құйрықтан сипайды.

Селдірдей суы тартылған.

Туысқан болып әр кімге

Мен болдым нағыз антұрған!

Тастадым тақсыр, алдыңа

Үшбу дүр менің-нәтижам

Ішінен бәрін ақтарып

Уақтылы тағдыр – келсе ажал

Разы бол Кенже пақырдан!

«Рахмет Алла қылсын!»-деп

Жоқтаңыз Әзірет «Ясиннан»

«Қыла бер өзің ғапуран.

Әбдіразақ Әбдуатұлының осы хатқа түсініктемесі:

1.Камаши кеселханасы сол кездегі Душанбе – Бұхара темір жолының Кітап қаласы маңындағы станция.

2.Әкімдер- хакімдер, тәуіптер.

3.Тәһир-Таһир Сабырдамыллаұлы ол Әбдуат бидің күйеу баласы.

 

4.Мәуия, Мағауия-Мәуия Мәріпұлы, Сабыр Дамылланың күйеу баласы. Шымкентте Янги Шаһарда 1965 ж. дүниеден өткен.

  1. «Ажырасып тұрмын абайсыз

Жасымнан жардан қосылған».

Кенжеқожаның әйелінің ажарлығына, сұлулығына қызығып бір баласымен Ферғана, Ош жақта тұратын қырғыздар тартып алып қалған. Кенжеқожа өзі әрең қашып құтылған.

Түсініктеме: «Кенжеқожа ақынның Әбдуат биге жазған хаты»Әбдуат биге тиген-тимегенін анық білмеймін. Бірақ бұл екеуі де қуғын-сүргін заманда Самарқаңд Бұхара жақта болғаны анық. Осы хаттың бір көшірмесі Шу жақтағы Убайдақожаға (жаңылмасам егер әкесінің аты Мәнсұрқожа болуы керек) түскен екен. Убайда сол көшірмеден көшірме алып, оны Әбдуат бидің туған немересі (қызы Зүлһаядан туған жиені) Тәжіханқожа Таһирұлына, ал ол маған (яғни осы жолдардың авторы Шүкірлла Әбдуатқа), ал мен ол аманаты тиесілі иесі Әбдіразақ Әбуатұлына 1985ж. 5. тамызда қолма-қол тапсырып, содан өзімеде бір көшірмесін алып қалдым.Әбдіразақ Әбдуатұлы 1986 ж. наурыз айыңда Шаянда қайтыс болды. Ал оның әкесі Әбдуат би (Шаянның ең соңғы биі) 1953 ж.наурыз айында Өзбекстан мен шекаралас Бірлік ауылыңда (Келес ауданы Қызыл Әскер жақта) дүниеден өтті.

(Әбдіразақ Әбдуатұлының жатқа айтуы бойынша хатқа түсірілген. Кенжеқожа ғаріптің шығарған ғазалнамасынан үзінді)

 

Кенжеқожа ғарыптың ғазал намасы

Он сегіз мың әлемнің

Алла бір ғана панасы.

Мұсылманның көңілінде

Алланың Хамду санасы

Алланы екі деп айтар-

Кәпірлердің жаласы.

Иланбайды ақыл данасы.

Бірінің тілін бірі алмай,

Екі топқа бөлінген

Адамзаттың баласы.

Әлі күнге нанбайды.

Келесі болып таласы,

Өз нұрымен жаратқан

Расул Алла Мұхаммед

Құранменен бекілген.

Ислам-бірдініңсарасы.

Дінге қуат бергін деп

Кенжеқожа ғарыптың

Шығарған ғазалнамасы.

Хамду сана Аллаға

Бір өзіңді жат қылдым.

Топырақтан жаратып,

Адамды гәуһар зат қылдың

Жеті күн тұрғызып жәннәтда,

Ғапылмен бидай жегізіп,

Есігін жәннат жаптырдың!

Шығарып дүние жүзіне

Жалғанға бері қайтардың.

Жұп айлап Хауамен

Ажыратып үш жүз жыл

Екі көзін жас қылдың!

Мәккәи шәріп жайында,

Арафаттың тауында

Қосып көңілін шат қылдың!

Тұқымың мың-мың сан қылып

Әбілді Қабыл өлтіріп

Әулеті әзіз Адамға

Нәлеті шайтан нәп қылдың.

Топан суын қаптатып,

Нұхты суға ағыздың!

Ибраһим Қалилге

Намұрдты дұшпан қып.

Зембілмен отқа атқыздың!

Әзірет Ідірісті

Тірідей кеткен пейішке

Үрден тағам таттырдың

Ысмағүлды құрбан қып,

Көк қошқарды түсіріп

Жанынан ара ап қалдың

Біна қылып Ысқақты

Әзіреті Бибі Сараның

Шарапатын жақтырдың.

Кенжеқожа ғаріптің шығарған ғазалнамасынан ӘбдіразақӘбдуатұлының жатқ айтуы бойынша келтірілген үзіндіні хатқатүсірілді. Әбдіразақ Әбдуатұлынан  басқада көптеген өлең, толғау, ғазіл, рубаяттарды есіткенімізбен ол кезде бұларға онша мән бермеппіз. Енді ондай қариялар қалған да жоқ. Әбдіразақ ақсақал қыза-қыза Қожа Ахмет Яссауи, Софы Аллаяр, Әзімқожа ишан хикматтарын түпұсқасы бойынша да айтып отыратын. Ал Кенжеқожа ақынды әкесі Әбдуат би, ағасы Әбсамәт дамылламен, дос-жаран боп Шаянда. Одан да басқа жерлерде де тағдырлас болғандықтан ба ерекше шабытпен айтып, толғанып кететін.

Солардан естен қалғандары қағазға түсіруді ұйғардым. Әбсамат бір атаның Қосым ишан әуетінің арысы болса, одан да жоғары үш жүздің баласына танымал болған, арманда кеткен арысы олар.

 

Кенжеқожаның ақындарды сипаттауы

Қапада болсам қайғы ойлап,

Қалам бір алып хат жазам.

Қағазға қалам сілтесем

Қайғыдан көңілім шаттанам.

Шеберде шешен болмайды,

Қымбатын сөздің таппаған,

Шын жүйрік емес жауапты.

Суырыла сілтеп шаппаған.

Сөз жауһарын жұртқа шаш

Мылтықтай түзу оқтаған.

Кеңесің болса кең толға,

Бағзалың қырық жас тоқтаған.

Торлаған тәтті қауынның,

Ләззәтін білмес татпаған,

Дананың сөзі дәл келер,

Артында нұсқа хат қалған

Әуелгі шайыр Фирдоуси,

Артына назым тастаған.

Науайы, Физул дегендер

Мусамды белі пеш қадам.

Аллаһяар сопы атақты,

Нәзім мен нәзіл жақсы адам.

Аттары мәшһұр әр жайда

Мүждәһүзер көп болған.

Арапта қанша шайыр бар,

Расулдің мәзін мақтаған,

Насырды, Шады, Назымды,

Түрікше тілде жаттаған.

Шәдідей шайыр шанда жоқ

Шүбәлі сөзге баспаған.

Қожадан Майлы, Күдері,

Алмасын сөздің саптаған.

Асан қожа, Жолбарыс,

Нарқы қымбат асфаһан,

Қадірлі жүйрік қазақта

Арқада Абай зат болған.

Әубәкір молла, Нарымбет,

Қазаққа нұсқа тастаған.

Бақтыбай, Төбет, Шөже ақын,

Құрметті жүйрік қос боран.

Даңмұрын, Жүсіп, Ерімбет,

Жел сөзді әрлеп жапсаған.

Тұрмағанбет, Қуаныш,

Жүйрік мініп тып алыс

Мұндай қартың қаптаған.

Арнаулы жүйрік Алшында,

Мұнан да басқа көп болған.

Орынбай, Балта, Мансүрлер

Шындаса жүйрік поштадан.

Италмас ақын Жалайыр,

Салмақты жорға саспаған,

Шапырашты Сүйінбай

Ұстазы еді Жамбылдың

Отындай тасдың шатнаған

Жағарғы жатқан Дулатта

Өзбек, Бапа қарт бабаң.

Әкімгерей төменде,

Жиенбай жорға, Ақтабан,

Қазанғап ақын Жаныста

Ағызған суды қақападан,

Кейбір жүрген жыраулар,

Халыққа шығып қақсаған.

Қымың-жымың қисса айтып,

Сумаңдап сұрап ақша алған.

Жексұрын жыршы көбейді

Гармонға дауысын қоттаған.

Той болса отырып айқайлап,

Қатындай байын жоқтаған.

Сусары бөрік сырты алтын,

Әсем нәрлеп баптаған.

Шәй көйлек, қыжым, орамал,

Қыз қатын тойда топ болған.

Құйрығын мақтап құйқылжып,

Қисынсыз сөзді оттаған

Тасқа салса тоймайтын

Қаяқта жүйрік ақтабан?

Шайырдың көбі- өрсіде,

Лебізі майда мақтадан.

Опасыз келте сұм дүние,

Ақырын асып сақтаған.

Шешенде, шебер, бай, пақыр,

Өтесің өмір патшадан.

Босанатын дәрмен жоқ,

Құрсаулы темір ноқтадан.

Алты қарыс тар дүние,

Өте шықтың омыраулап,

Неше бір жайсаң қасқадан.

Сөйлеп қал, тілім, кең толғап,

Гауһардан таза сөз жолдап.

Кез кеп қапты көпшілік

Көптен де басын қоспаған.

 

Кенжеқожаның ақындарды сынау туралы термесі.

Ау, қаумалап тұрса көпшілік,

Домбыраны қолға алам.

Бес-алты ауыз сөйлесем,

Самалдап біраз шаттанам.

Сілтейін енді қолға алып,

Серпілсін әзіл қаптаған

Жүйрік емес шудесе,

Суырылып шыға шаппаған.

Ғалымның аты дәлелде

Артында нұсқа хат қалған.

Шайырда емес жаһанды,

Қымбатын сөздің таппаған.

Ей, сөйлеп қал, Кенже, кең толғап,

Абзалың қырық жас тоқтаған.

Қорғаған қауым жел сөзден

Ләззәтін көрсе тапса адам.

Жайнатқын жәуһәр жайын сөз,

Ашылған гүлдей бақшадан.

Әуелгі шайыр Фирдоуси,

Артына назым тастаған.

Ишани софы Аллаяр,

Назымы назық жақсы адам.

Науайы, Беділ дегендер,

Мұассам еді бес қадам,

Арапта қанша шайыр бар,

Расулдің мәзін мақтаған

Насырды жади назым ғып,

Түрікше тілді жаттаған

Шадыдай шайыр шаңда жоқ.

Шүбәлі сөзге баспаған.

Қожадан Майлы, Күдері,

Алмасын сөздің саптаған.

Асан қожа, Жолбарыс,

Нарқылы жүйрік наштаған,

Қазіргі жүйрік қазақта,

Хакім Абай зат болған.

Сол  елден шығып көп шәкірт

Қазаққа қадам  бастаған.

Молла Мұса, Бұдабай,

Жосылған жүйрік шашмадан.

Ора жүздің елінде

Құлыншақ пен Ұлбике,

Өлеңнен арна жапсаған.

Кіші жүздің елінде

Жораяқ ұлы Омарды,

Омардың айтқан сөзіне,

Есітсе әркім құмарды.

Арнадан терең аттаған

Тұрмағанбет пен Қуаныш

Нарқы бір қымбат аспаһан.

Арналы жүйрік Алшынбай.

Мұнанда басқа көп болған.

Жиенбай ақын төменде

Арнадан терең аттаған,

Өрдегі жатқан Дулатта

Өзбек бабаң қоспаран

Даңмұрын Жүсіп молла бар.

Өлеңнің сабын оқтаған.

Қаңлы Жүсіп пен Ерімбет

Қар суы қарқын қаптаған.

Сауытбек Молда, Мырзабай,

Қалжың мен көңіл шаптаған.

Құлмамбет пенен Сүйімбай

Отындай тасдың шатынаған,

Құлан аяқ Құлмамбет,

Өлеңнен арна жапсарған.

Ыстыдан шығып ер-Майкөт,

Орасан жүрік почтадан,

Қайсы бірін мен айтайын

Аққу боп даусын баптаған,

Шоқайдан шықты Нұралы,

Сымбалдап сөзді саптаған.

Сол елденде шықты көп шәкірт,

Қар суындай бір қаптаған.

Өтіп кетті көп жыршы

Орасан жүйрік почтадан

Бұл күнде жыршы көбейді,

Өтірік айтып ақша алған.

Матаған сөзі таусылса,

Сабыры қашып шаршаған.

Құр айқайға бас беріп,

Басқаша өрнек таппаған.

Ой менен қырға барабар,

Ол қайда жорға ақ табан.

Шайырдың бәрі сап болды,

Ләбізі майда мақтадан.

Жексұрын жыршы көбейді,

Гармонға даусын қостаған.

Зарлап отыр той болса

Қатындай байын жоқтаған,

Опасыз кеткен сұм дүние,

Ахирын аузын сапқазан,

Бай-батыр, батыр-палуан деп

Байладық бәрін ноқта мен,

Шынжырда шебер өнерпаз

Өтерсің өмір патшадан.

Қалпың қашып қазулы ой

Өте бір шықтың омыраулап,

Не бір жайсаң қасқадан.

Өтіп кетті не жүйрік,

Сыдырған сөзді таспадан.

Енді біраз сөйлейін,

Заманда сіздер жақсы адам.

Сіздерде қайда, біз қайда

Ей, кез келіп қалдық жақсылар.

Ей, халық едік басты қоспаған.

 

Кенжеқожаның нақыл термесі

Әй бай болған қайда кетті ойла халық,

Бек болған қайда кетті Һарон-Рашид

Бар Сисаң молла десеңдер алыңды ойла,

Жаның рахат табады қайда барып.

Жіберген әзәз жаһан бар қаһарын.

Белгілі Рүстем –Дастан Әлі де өтті,

Суарған қызыл қанға Зұлпыхарын

Ей, атаңнан сайып-қыран һәм жаз өтті.

Расульдің мақтандырған шаһриярын.

Хусайын Кербалада шаһит  болды.

Бір қасық ішер судың тартып зарын.

Ей, жаңылып аштан айтқан бір сөзі үшін,

Пайғамбар жетпіс айтқан аш тағбарын.

Жақыптың сұлу десеңдер Жүсіпі өткен,

Қаратып жанабына – Мысыр шаһарын.

Ей, уш айдай Мысыр шаһары мас боп қатты,

Жүсіптің бір көргенде нұр дидарын.

Мұстапсыз жер жиһанға патша болған,

Желденген жер ортаға сыр аймағын

Ей, адамдай жер жүзіне сахы болып,

Дүнияға сақылық пен салған сару

Анан соң неше түрлі ғалымда өтті,

Шариғат жұртқа шашып нұр гауһарын.

Ей, анан соң неше түрлі сахыда өтті,

Бір пұлдай керек қылмай қалың малын.

Анан соң неше түрлі  байлар да өтті,

Дүнияда өз мүлкінің білмей санын.

Анан соң неше түрлі бақылда өтті,

Нәрсеге бір тиындық беріп жанын.

Ей, саны жоқ, сапасы жоқ сайқал дүние

Тапады бірін қоймай соның бәрін.

Бәндә боп бұл дүнияға кегеннен соң

Һәр адам ойлай керек не жасарын.

Мейлің бай, мейлің жаңа патша болғын,

Ер болсаң ерттеп мінер ат тұлпарын.

Ей , жалғанның жалдамалы бұл базары,

Сыйлап қал бір-біріңді келген шағың.

Тірлікте бр-біріңді сыйласпасаң,

Маған кел күні ертең қи баспасаң,

Ей, кетерің берекеңнің анық білдім,

Соңыра кеп бір біріңе қиғаштасаң.

Дос болу асылында неге керек,

Жаныңды досың үшін қинаспасаң.

Ей, дос болып балдар бір ауылда жүре алмайсыңдар

Жоғыңды бір-біріңнің қинаспасаң.

Кездессе ағайынға бір жаман жұмыс,

Қамыстай өртен шалған қинаспасаң.

Ей, көлеңке көлемді боп көрінеді,

Өсек қып бір-біріңді шырмаспасаң

Халқыңа снда басшы боласыңдар,

Еш кімге ақылыңды ұрлатпасаң

Ей, мақтануға ақынмын деп неге керек,

Халыққа ғыбрат сөзін тыңдатпасаң.

Ал, енді үйренсеңдер, баллар, көріп алдың,

Боларма әншейін бір тулақты алсаң

Кей бала кездескенін ала салад

Әйтеуір болады-ай деп құр жатпасам.

Кенеқожаның ақындар туралы сынағаны

 

Ей, ақынның алып жүйрігі,

Ей, ақынның алып жүйрігі,

Көпшілікке келгенде,

Жөнелсе сөзі құйылып,

Иіріміндей дарияның,

Алдыңа жұртты үйіріп

Майда келіп маңызы,

Есіктен тұрса сүйініп.

Бір жағы жұрттың гүл ашса,

Бір жағы тұрса күйініп.

Үйездеген жылқыдай,

Тыңласа халық үйіліп.

Алдынан адам кетпесе,

Жаураған қойдай бұйығып.

Нәзіклігі назымның,

Сынғалы тұрса иіліп.

Ей, тәттілігі татқанда,

Таңдайды тұрса суырып.

Тегістігі зауытта,

Шығарған жіптей иіріп.

Бір әріп пен бір нүкте,

Аяғы бірге түйіліп,

Желкенің көбі жыртақы,

Қырнасып тұрар жиылып.

Емініп жүріп ел аттап,

Шіренер мұртын шиырып.

Көл балду атты кең болар

Сабынмен келсең жуынып.

Үйренбес сөзді үйрет деп,

Біреуге тұрар тігіліп.

Ақынның асқан жүйрігі,

Жөнелсе сөзге шарқ ұрып.

Айтқан сайын қадалып,

Қажала түссе артылып,

Болат ес болса бос,

Сыр берсе кедей қайтты деп,

Қоскертпелі қақпандай,

Жауабы тұрса шарт ұрып.

Есіткен адам жылау мен

Шаршаса сондай алқынып.

Сөзінен адам зерікпей,

Ынталы болса талпынып.

Екі жаһанның арасын,

Хабардар қылса жағынып.

Жақсы мен жаман арасын,

Ажырата сөзбен парққылып.

Мәтелге келер мәнзүрлі,

Үлгілі ғып айтса қант ұғып

Қапалыға қамқор боп,

Шад айдап көңіл шартымғып.

Ақынның көбі алжасып,

Тыңдайды сөзді антұрып,

Бетімен берген аспаса,

Жүйрік деп болмас сән қылып.

Сөйлейтін жерің келгенде,

Көпшілік қауым жиналып,

Кенже сөйле дегенде,

Жоғары менен төменгі.

Ей, тұрмайшы ед тілім тартылып.

 

Кенжеқожа ақынның жақсы перзент пен

жаман перзент турасындағы айтқан нақылы

Ей, хұрмәт айлар ер жігіт

Ата менен ананы

Тіл зар болар атаға,

Баланың туса жаманы.

Ісінің қылған дайыны жоқ

Қалт сөзді қара саналы.

Ата-анасын қапа ғып,

Көңіліне салар қараны.

Хабархан ұлы шақшақ бар

Кетірер сөздің мазары.

Ей, жылану мен өмірі өтер,

Қайнамай тозар қазаны.

Кезеген аяқ боқ басар,

Бұрынғылардың жауабы.

Беймезгіл жүріп сүмеңдеп,

Әркімнен болар жалалы.

Бұл секілді ұл туса,

Дүнинің ол бір қараны,

Қарға айтқандай тоқ жаман,

Бәрінен де жоқ жаман.

Болса да жаман амал не,

Жаманның да жақсы аманы.

Хұрмет етер ер жігіт,

Атасы менен анасын.

Қол қусырып құрметтер.

Жастары үлкен ағасын

Бойына өлшеп іс қылыр.

Өзінің біліп шамасын.

Халық үшін ашқан қазына,

Хаялдың қылмас қарасын,

Жатта болса және деп,

Суғармас боқтап баласын.

Керегім болса зейін зор,

Құлағың сөзге саласың.

Дана деп сөйлеп дәру ет

Жақсыда жаман арасын.

Айтып, айтпай не керек

Жаманда жақсы болса да,

Барыда жақсы баланың.

Ей, артыңда белгің қалатын.

 

Қаумалап тұрса…

Ей, қаумалап тұрса көпшілік

Таратушы едім сөз ұрқын,

Тыңлауға халық ыңғайлы.

Шын жүйріктің белгісі,

Жұмырлап сөзді жұмдайды.

Озаған ұста жеткелең

Жебенек кенді  шыңлайды.

Қанігі палуан қастерлі

Сілтемей тұрып ырғайды.

Қайсы бір түрлі өнерпаз,

Өзінің мүлкін сырлайды.

Ей, қалуатсыз қас сыпа

Кәдесіз қадам ұрмайды,

Бір жеген тойып жемтікке

Ақ сұңқар мойын бұрмайды.

Атадан жаман ұл туса

Нәсілдің намын былғайды.

Жабы қалың жабыдан,

Манзәрлі – маржан тумайды.

Адасқаның алды жөн,

Жобалап жолды қумайды.

Салдыр-санақ санасыз,

Бекітіп белін бумайды.

Тыиусыз өскен тентек ұл

Ас ішерде қолын жумайды.

Қолыңды жуғын нас десең,

Ер тоқымын бауырына ап,

Қорс-қорс етіп тулайды.

Шайырдың шаһы Шаһыбас,

Қолына алса сырнайды.

Сөз маманы шеберлер,

Жапсарын сөздің мұндайды

Тал жібектей таза сөз

Кісінің бетін жырмайды.

Тамтымы жоқ тамыз сөз,

Ұлпаттың көңілін тырнайды.

Ақынсып жүрген жүдә көп,

Қобыз ғып жүрген сырнайды.

Менде соның бірі боп,

Әдет қып көрдім үр-найды.

Өрдегі жатқан көп Дулат,

Сөзімді қатты сынайды.

Жалпақ жатқан көп қоңырат,

Құлағын салып тыңдайды.

Кіші жүздің баласы

Аяқ асты қылмайды.

Хорезм жұрты хабардар

Үргеніш, Төрткүл, Шымбайды.

Ал, киіз үйлі қазақтың

Ал, құлақ сап бәрі тыңдайды.

Қызық қуып жүргенде,

Жас деген шіркін ұлғайды

Үйреніп қалған он саусақ,

Әдетін сіре қоймайды

Қырық жылда қырғын болса да

Бұйрықсыз шөлмек сынбайды,

Кей жаманның белгісі,

Лайтып сөзді былғайды.

Үйір қылмаңдар жаныңа

Ниеті бұзық сұмрайды.

Қоңырауын сөздің тебірентсем,

Сөйле деп көңілім тулайды.

Тамаша тойға келісіп,

Сіздерменен көрісіп,

Көрісіп сәлем берісіп,

Көңілді қылдық Айхай бір жайлы.

 

 

Кенжеқожа ақынның жастарға тәлім

берген турасындағы термесі

Ей, ақылың болса жігіттер,

Көпшілікке барғанда,

Әдептің күткін мәркәнін,

Наматтың жолын наштамай,

Мәтліктің кисеңдер қалқанын,

Сабағың тиісе сағырға

Саяты мысал аршаның

Жапалыға жарасып,

Саясын берсеңер арқаның.

Мүскінге берсең мейірім ғып

Бір наны болса арпаның

Құдай үшін қоңсыңа,

Қоюын берсеңдер сорпаның,

Қуғаның қалып құтылмайды

Талаптың мінсеңдер тұлпарын

Қалыңдатпаңдар баллар қабақты

Халқыңның бірет қорғанын.

Ей, халық қолайлы көрмейді,

Қайқы төс,жауырынның шалқағын.

Әкім болсаңдар әкиме,

Қайқимасын қалпағың,

Жылытпаңдар жетім-жесірді

Халының біліп кем тарын.

Туралық қылғын өкімде

Таусылмай тары талқаның.

Аралаттыр өкілге

Болмас сөйлес ортағың.

Жетпесін соңыра кемдікке,

Мазасыз болып мәртәбің

Енжу, маржан, гауһардан

Дүнияның жисаң дәркәрін

Өздерің менен бір жүріп

Үгіттің жисаңдар шалқанын

Қызыл тілім қынжылмай,

Қаумалап халық келгенде,

Жеткенше сөйле дархалың

 

Дидарласып балалар

Дидарласып балалар сіздермен,

Көптеген де бері көрмеген

Көл сағынған бір қаздай боп,

Көрейін деп бүгін келген ем,

Неше бір күндей айқаймен,

Уақытымда  боп жүр денделен.

Қауыстың соқса бораны,

Кімдердің шамы сөнбеген.

Ей, қазан ұрса сап болмақ

Бақшалы гүлің зерленген.

Опырың болсын дүнияға

Нелерде кетіп, не келген

Балық құйрық сұм дүния,

Қайтпаймын деген қасқырды

Ізінен кейін шегерген.

Азулы не бір бураны

Қосақтап тізіп шөгерген.

Ағыны қатты анһар су

Тасқыны қайтып бөгелген,

Неш бір ұзын қысқарып,

Жоқ болып кеткен кемерден.

Неше бір құрыс кесілген,

Шорқақ батыр сермеген,

Неш бір дана жаңылған.

Көкірегін асыл кернеген.

Неше бір шешен сүрінген,

Кезегін сөздің бермеген.

Неше бір жастар жайраған

Талабы тауға өрлеген.

Нәсіп боп кезің келген соң,

Өзгеріп сіздерді көзім көрген соң,

Бір азда құлаш жазайын,

Бір ат пен бір аз айқай кермеде деі.

 

Ассалаумағалейкүм….

Ассалаумағалейкүм, балаларым,

Етіңдер өз көңіліңнің қалағанын

Менің бұл  жел сөзімді өлең демей,

Салыңдар маслихатқа жарағанын.

Бала мен жаман, туған жаман әйел,

Сөйлеймін ажыратып араларын.

Жаныңның жақсы әйел көлеңкесі

Үйіңде ас пен судың берекесі

Көрінер көрген көзге шекер, балдай,

Тарқанған таң атқанша мерекесі.

Қосылып алған жарың жаман болса.

Әжуа көрген жанның келекесі.

Ойласаң жақсы қатын қандай болар,

Жағылған қараңғы үйге шамдай болар.

Етінен ет кессең де бүлк етпейтін

Бек, патша…аруана  нардай болар

Бас қосып соныменен жатқан түні,

Боз торғай жырлап атқан таңдай болар

Жақсы әйел жанған шоқтай жайнап тұрар

Қазаның өз әлінше қайнап тұрар.

Даладан ат дүбірін естігенде,

Жүгіріп сыртқа шығып байлап тұрар.

Әр істің парасатын ғамыл біліп,

Жұмыстың алды артын ойлап тұрар.

Үйіне жаман қатын мейман келсе,

Түксиіп сары азбандай айбат құрар.

Тұрмайды күн шыққанша төсегінен,

Ыңыранып жазылмайды кеселінен.

«Тұр»- десе еріне айтар дәріні бер

Кеселім қаттырақ деп кешегіден.

Сонан соң сорлы ері есік ашар,

Ұялып жұрттың айтар өсегінен.

Ол қатын тамаққа сау, жұмысқа ауру,

Жалынып сірә болмас дұрыстарың.

Өтініп ауырмағын десең, дағы

Дая тұрар отбасында ұрыстарың.

Қақпақсыз қазан беті ашық тұрар,

Ішінде су шөміші сасып тұрар.

Қазанның шетін басып жалаған ит.

Қақпағын аяғымен басып тұрар.

Жасарсың құдай қосса соның менен

Нәсіңді шара қанша ашық қылар

Келер-ау кейбір әйел алақ-салақ,

Кір көйлек, тесік өкше, жыртық балақ

Бітірген бір тиындық жұмысы жоқ,

Аптада бір жуылмай аяқ табақ.

Ақ қатын, қара қатын, сары қатын.

Басына салса жаулық бәрі қатын,

Келгенде мейманыңды күтіп тұрса

Дегеннің оны қатын, өзі қатын.

Жалғанда жақсы әйел үйдің көркі,

Ас беріп, адал ұстау ердің көркі

Сопылар қанахада азан айтса,

Аллалап азан айтқан пірдің көркі.

Аспаннан күн күркіреп жауса жауын,

Ойлаңыз азаматтар жердің көркі.

Жалғанда түскермеңіз жақсы қатын

Біліп ал, қатын алсаң әсіл затын

Өмірің шайған менен өтіп кетер,

Мал емес егесіне тапсыратын.

 

 

 

 

Құтбай Дүтбайұлы

Сырдың саңлақтары.

Тағдырдың тәлкегіне жастайынан ұшыраған көзсіз, көбелектей жетім бала мойынына тұрмыс-тауқыметі артылды. Ағайын-туғандары да құттай баланың киер киімі мен ішер тамағына таршылық жасады. Қайда барса да алдында зорлық пен тағылық – жоқшылық тұрды. Мұны байқаған саналы жас  Құтбай бала маңдайға түскенін көрейін- деп,жеті жасында байға жалданады.Алақаны аршылып, қабырғаасы қайысып отын жарып, су тасыды. Жас та болса қой бақты, қос басын жетелеп, шығыр мен егін де салды. Жалшылықта жүріпте,домбырасын тастамай көптің назарына ілінген.

 

Құтбайға.

Термесі ұя арман маужыраған,

Зердесі ескен самал тау-жырадан.

Теңдесін бул аймақтан таптырмайтын,

Кеудесі күмбірлеген ән-жыр ағам.

 

Бұл ағаң қазір елу алтысында,

Жамбылға бұйырған жас жартысында.

Риза бауырлардың ортасында,

Сүйіскен жүректердің дәл тұсында.

 

Тыңда сен тансық болсаң Құт ағаны,

Арманы лапылдаған от-ағаны.

Оны есітіп қатып қалған тас болсаң да,

Жаныңда бір жанар тау тұтанады.

 

«Сұлу бар әдемірек сұлулардан»

Жанына дас Хорланнан жылу барған,

Мың бақ бар шуылдаған кеудесінде,

Ырғақ бар қайталанбас үнінде алуан.

 

Даусында гүрілі бар Қарасудың,

Бәріде өз бойында жарасулы үн.

Бұл ағаң баршасынан асып өткен,

Бұл аймақ жырындағы бар асудан.

 

Сәтімен туып қалған маңдайлы адам,

Жырлаған алтын шапақ таңдайлы адам.

Қырық жыл той-мереке сапарында,

Халқының өанжығасына ән байлаған.

 

Құт аға әннің көлін мөлдіреттің,

Алғысын айтпақ болып мен жүректің.

Сіздік мол ықыласқа тиек салып,

Сыр толы көкірегімді домбыра еттім.

Төлеген Айбергенов

 

 

 

 

Құтбайдың термелері.

 

Қызметкер тілім сөйлеп қал.

Айрылмай тұрып егеңнен.

Ажарды сөздер әзі тұр

Дәуренің өтпей төбеңнен.

Саяхат қылған сайраның,

Шым батқандай сап болар,

Айдын сәуле берекең,

Кез келсе ерлер келер ме,

Таңдауын таппай еменнен,

Сөзге разы болсаңдар,

Сіздеоден сөзім садаға,

Қызмет етем төбемнен.

Үш жүздің көрдім баласын,

Жоғары жүйрік төменнен.

Қоңыратты көп жыл аралап,

Тұз татып , нан көп жегенмен,

Дулатты көп жыл аралап,

Әлімді көрдім Шөменнен.

Арғымақ мініп Маралда,

Әруаққуған жебемен.

Бай болмағым жоласып,

Қазақстан болды берекем.

Мастығымды білмеген,

Жүгірмемен серуенмен

Елуден жасым асып тұр,

Алпысқа ақадам басып тұр.

Біразға келіп күйдірген.

Күйдірген десе көңіл жас,

Жебелеп сөзді алдына,

Іштебір жатып бөгелген.

Менің сөзім сөйлесең,

Халқыма тіпті ыңғайлы.

Шын жүйріктің белгісі,

Жұмырлап сөзді сипайды.

Қабілетсіз қас сыпа,

Қатесіз қадам болмайды.

Бір жеген тойып жемтікке,

Ақсұңқар мойын бұрмайды.

Қатардан жаман ұл туса,

Нсілдің намын бұлғайды.

Жаман ұғыл байқасаң,

Дәреттен соң қолын жумайды.

Қолыңды жу лас десең

Бар тоқымын қолына ап

Қорс-қорс етіп тулайды.

Көсіліп жатқан көп Дулат,

Сөзімді менің тыңлайды.

Қоңырат, Найман бұ Арғын.

Сөзімді менің талдайды.

Қаңлы менен Шанышқылы,

Аяқ асты қылмайды.

Біздің сөзден хабардар,

Түркмен, татар, Шымбайды,

Сарнатып жүр біреулер,

Қобыз қып ап сырнайды.

Менде соның бірі боп,

Әдет қып жүрмін үрияйды.

Қызық деп мұны жүргенде,

Жас асып елуден ұлғайды.

Саламат кезім келген соң.

Сөйлеші ақын деген соң.

Көңілім болды бір жайды.

*             *             *

Домбыра алып қолыма ахау…

Ал, сөзімді енді бастайын.

Көңілге сана тастайын.

Осы өнерді кәсіп қып,

Алып едім жастайын.

Жақсылар сізге жолығып,

Әңгімеге молығып.

Ғанибет болды , қостайын.

Жетпісті қуып желікпей,

Желдемей мінбе көлікті.

Ескілі жау ел болмас,

Езіліп құры елікпе.

Арыстанды қуып арсылдап,

Жетпісті қуып желікпе.

Біразырақ сөйлейін.

Осы отырған жақсылар,

Бекерге қарап желікпе.

Құлақ салсаң жақсылар,

Ақынның кеңес айласын,

Қош алып құлақ салыңдар.

Басыңнан бағың таймасын.

Алдарыңа келгенде,

Тасып көңілің жош ұрып,

Содан әрі қайнасын.

Құдай берген кеңесіп,

Ары қарай жайнасын.

Белгілі болған әруақтар.

Гүл ашылған шарбақтар,

Бұлбұлың болып сайрасын.

Бұған тоқтау ете алмай.

Үйдегі мен сар даланы,

Жүреміз іздеп қайдасын.

Жақсыдан көңілім шат болып

Кейде көңілім ақ болып

Жер-жерден көрдік пайдасын.

Сөйткен қайран жұртымнан,

Әйтпесе жүрмей ырқыңнан.

Мына келген ақының,

Үйірді қалай айдасын?

Сөйле десең сөйлейін,

Сөйлемесіме қоймасын.

Тілегенің сөз болса,

Сөз дариясын құяйын,

Жаһанды шарлап айналсын.

 

Сөз басы….

Сөйле тіл, өлшеулі күн демің бітпей,

Ажалға айла бар ма келсе тіктей?

Кім барар өлең айт деп өлгеннен соң?

Топырақ боп төбе-төбе жатқан көктей.

Сайраңда, сазыңды алып, сайра тілім,

Басыңна қызық дәурен күнің өтпей,

Осындай мерекеге кез келгенде,

Тоқтайма ақын көңілі өлеңдетпей.

Еркесі ақын елдің ерінбейді.

Ағарма жырдан бұлақ терең кетпей.

Сөзімдікөркем күймен көрсетейін,

Бәйге алған той жиыннан сәйгүліктей.

Төгемін тілден терме көңілден күй,

Иісі аңқып жаңа піскен әңгелектей.

Үнемсіз сөз маржаны қайдан тусын?

Тазартып егін өнбес, тұқым сеппей.

Қадірлі халық ақыны бола алмайды,

Талқылап халқы қалап, сыннан өтпей,

Әсерлі үн, жүрек қозған ән болмаса,

Сөз қонбас қорғасындай ойға шөкпей.

Тағы айт деп тыңдағанды тамсандырса,

Қалатын ойыңда боп естен кетпей.

 

Жақсы сөз жақсы деген….

Жақсы сөз жанға жақсы жекіргеннен,

Көп сөйлеп мән шықпайды көпіргеннен.

Жалғаннан рас айтқан аз сөз артық,

Мақтанып, масаттанып лепіргеннен.

Әуелден ауыз бірлік тату жақсы,

Бірікпей ынтымақсыз сөтілгеннен.

Халқыңың жақсы болсаң қамын ойла,

Өз басың оза алмайсың жетілгенмен.

Ісіңді әділ болсаң тура алып бар,

Пайда жоқ өтірік айтып өкінгеннен.

«Сақтықта қорлық болмас» деген сөз бар.

Жабылмас жаман ісің бекінгенмен.

Жағдайсыз болма тапсаң жақсы сөйле,

Қадірді бекер босқа кетіргенмен.

Әр іске сабыр, тағат,  шыдам керек,

Құр шошып бекер-босқа секіргенмен.

 

 

 

 

Октябрьдің 50 жылдығына….

Ал, тыңла сәлем бердім жиылған көп.

Ағайын құда жекжат жиылған кеп.

Сіздердің қатарында бізде келдік,

Жиынға біраз қызмет етейін деп.

Ішінде өлең айттым жиырманың,

Ән салып талай жерді шиырладым.

Осындай мерекеде кез келгенде,

Жақсы ғой ағайындар жиылғаның.

Сіздерге бас иемін сәлем беріп.

Ағайын үлкен-кіші амандасып.

Қуаныш құтты болсын айтпақ болып,н,

Кеп тұрмыз мерекеге қадам басып.

Өлең- күй өнерім бар біткен бойға.

Сіздермен сұхбаттасып болып ойда.

Бақытты ел берекелі шаттық заман,

Ұласты тамашамен тойң-тойға.

Мереке бола берсін ұы жиын,

Тартайын мен шырқатып Отан күйін.

Тұрмысты еңбекпенен шалқыды елім.

Айқайлып жаңғыртайын әсем үй

Ақын деп естіген көп дабысымды

Ән мен күй жастан менің танысымды.

Шешен тіл, шебердің қолы ортақ,

Азырақ көрсетейін шабысымды.

Жасымнан тарттым гармон- домбыраны.

Балқытып күй мен өлең қондырады.

Асқақтап ақын жыры жазса құлаш.

Құлағын тыңдаушының қандырады,

Ақының сөйлесе сөз табылады.

Айқайлап көпті көрсе ағылады.

Аңсайды ақын тойды, мерекені,

Жақсыны өздеріңдей сағынады.

Жақсылар жарасып тұр бас қосқаның,

Кіші іні, үлкен аға, жас жастарым.

Көтеріп көртің көңілін ән шырқайын,

Өлеңнін жайып кеңнен дастарханын,

Шырқа ән, қанатыңды серме көкке,

Шалқытып шаттық жырмен көрін көпке.

Өзіңнен бар керегің табылады,

Бөлендің халқым жақсы зор құрметке.

Заманға бақытты елім, құлашта елім.

Қызыққа көңіл тасып сыр ашқаның.

Советтің салтанатты сәулетінде,

Ырыстың көріп тұрмыз ұласқанын.

Ақвынның айтар сөзге тоқталмайтын,

Ал, халқым келді кезің сөз тыңлайтын.

Осындай ұлы думан мерекеде.

Ән мен күй , жырдың үні толқындайтын.

Ақын ба көмейден күй жыр таппаса,

Өлеңмен отты сөзі ұйқаспаса.

Көтеріп халық көңілін ер шаттығын.

Халыққа қазыналы сый таппаса .

Сайрашы бұлбұл құстай қызыл тілім,

Айқайлап шаттықпенен шықсын үнің.

Осындай зор қуаныш, мерекеде.

Жырымды көңілімдегі төктім бүгін.

Айқайлап арасында ән шырқасам,

Жақсылар айып болмас менің мұным

Шырағдан жағылғандай көңілім жарық,

Жарқырап коммунизм шашты нұрын.

Мереке зор қуаныш қандай қызық,

Көрмеген ешбір заман ешбір бұрын.

Ал, халқым затың бар ма жетілмеген,

Жүрсіңдер шат тұрмыста еркіндеген.

Жеңімпаз батыр туған Совет халқы,

Дұшпанға намыстарын кетірмеген.

Жолы бар партияның атқан таңдай.

Халық үшін жолы жарық жаққан шамдай.

Мың алғыс, миллион алғыс партияға

Қондырған ел мен жерге бақыт қандай.

Ақынның қиялынан төгілді өлең,

Айтылар ақындық жыр шыққанменен.

Қолыма домбыра алып салдым айқай.

Саралап сөзді теріп сайрады үнмен

Саспайды сайра десең с айрап тілім,

Жетілді сағат сайын өнер білім,

Жасанды жер серігі жүрген жоқ па?

Түгендеп дүниенің бар түкпірін.

Ән салып айқай салсам жырым өктем,

Аймағым, ауыл атын Гүлім өскен.

Отанның  елу жылдық тойын тойлап,

Айтамын құтты болсын шын жүректен.

Хлқым ен бақытқа юөленіп тұр.

Қамқорлы үкімет пен партиямен.

Жырлаймын шаттық жырмен партияны,

Жеріме байлық пенен бақыт еккен.

Бақытты елім енді есітесің де,

Екпіндеп енді жырым еспесінбе ?

Жерім бай, елім де бай, алуан түрлі.

Келіп тұр келісімді кестесінде.

Еңбекті көрсетеміз ерлікпенен,

Береке ер қуаты еңбекпенен.

Әділдік, шындық, достық ынтымақты,

Жаңеміз қиындықты бірлікпенен.

Айтылған бұл бір шындық кәрі жасқа,

Аға-іні, үлкен-жас, қарындасқа.

Тыныштық, бейбітшілік ел тіледі,

Құрысын ұрыс оты тұтанбасқа.

 

Ақынның аты өшпейді.

Сөйлейін халқым ал тыңла,

Ынтымақ, бірлік халқымда,

Тереңнен толға қызыл тіл,

Тасыған судай тоқында.

Сәлем беріп бас ием,

Үлкен кіші жалпыңа,

Осы өнерді кәсіп қып,

Шығып ем жастан талпына.

Сөйлейтін кезің келіп тұр.

Сайра бір тілім сартылда.

Шаттық күйін шертейін,

Шалқая жырла саңқылда.

Жырымды жырлап жағдайлы,

Шашайын шашу халқыма.

Даусым сазбен қосылсын,

Ән салайын аңылдата.

Бұлбұлдай сайра тіл-жағым,

Тыңдағанды балқыта,

Тілімнен терме, төгіп күй,

Тасыған судай шалықта.

Көрмегеннің көбі ашық,

Ақын деген даңқыма,

Көмейден күйім төгілсін.

Қызметтен тілім тартынба.

Ақынның аьты өшпейді,

Нақылы қалса артында.

Қызмет етіп берейін,

Даусымды жиып халқыма.

 

Тасболат ақынның Құтбаймен кездескенде өлеңмен сәлем беріп амандасуы.

Ташкент облысы Төменгі Шыршық ауданының орталығы Солдатскіде жақын орналасқан бұрынғы аталуы «Каганович колхозы», қазір қалай аталуын айтып отырған кісі білмедію сол колхоздың тұрғыны Болат шолақ деген кісінің үйінде болған тойда 1955 жылы Құтбай ақынмен Тасболат ақын «Шымкент облысы Ленин ауданы Қазығұрт тауының бөктерінде орналасқан Жаңа Базар ауыл советінің тұрғыны» екеуі кездесіп, жүз көріседі.

Бұд кез Құтбай ақын мен Тасболат ақынның көптен кездеспей кеткен кезі еді. СондықтанТасболат ақынның Құтбаймен кездескенде өлеңмен сәлем беріп амандасып тұрған жері еді.

Жүрсің ба аман қожа Құтбай

Айтама ақын өлең орағытпай,

Жасыңнан жолдас болып келіп едің,

Шығып ең жасыңнан-ақ әнді жұптай.

Үш-төрт жыл театрда жолдас боп ек

Мен жүрмін әліге дейін сені ұмытпай.

Бұ күнде дәу қара шал боп қалыпсың

О кезде жігіт едің тал шыбықтай.

Сенің салған әніңнен мін шықпады,

Атағың барды елге Құтбай әнші-ай

А, дегенде аузыңнан нұр шыққаны,

Жасыңнан қожа Құтбай бақытты боп,

Оңыңнан ай, солыңнан күн шыққаны.

Ер едің сөзің жақұт, лебізің шірін,

Бір қаяу мінезіңнен сыр шықпады.

Көп болды көрмегелі Құтабай ақын

Аманба ағайындар Шыршықтағы.- деп сәлемдескен екен Қазығұрт тауының бөктеріндегі, Сіргелі руының белгілі ақыны Тасболат.

 

 

Ертегілер мен аңыздар

Ташкент көгалына кең көлемде тарап кеткен қазақ аңыздарының бірі «Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы»  деп аталады. Бұл аңыз осы төңіректегі қазақтар арсында ерте кезден белгілі.

«Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы» атты күлдіргі, сықақ, аңыз өлеңді 1921 жылы Ә. Диваевте жазып алған екен.

Ойын-той жиындардакөп айтылады. Марқұм Құтбай Дүрбайұлы Ташкент  қазақтары арасында «Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы» сияқты сықақ, аңыз өлеңді шебер орындап, көп жерлерге таратып, әнмен жеткізген.

Өзбек ақыны Хамза Хакімзада Ниязидің «Майсараның ісі» деген 3 перделі комедиясының өзі ел аузында келе жатқан «Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы» атты қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегі аңыздың негізінде дүниеге келген. Біздің осы пікірімізді фольклорист ғалым Мансур Афзалов құлаққағыс етті. Біз қолжазба етіп көп уақытты бөліп жазып отырған «Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы» атты күлдіргі ертегі аңыздың тағы бір нұсқасы ғана.

«Саудагер- қасап, баққал, қазының оқиғасы»

Қатыны өтпес пұлды қолына алды,

Басына жиып жаулық шашбау салды

Түзетіп өз сәулетін бір қасапқа,

Ет бар деп бір теңгелік жетіп барды.

Етінен бір теңгелік тартты қасап,

Етті алып кетті қатын пұлды тастап.

Қолына пұлды қасап алды дағы,

Екен деп өтпес теңге қылды оспақ.

Қасап аға Түркістан кетті байым,

Басымда жесірліктен көпті уайым.

Бір хабар тірі болса болар еді,

Үш жылдан бері менбір жесір айым.

Қарыздар отыз сомға болдым елден,

Үйіме пұл егесі күнде келген.

Білмеймін менің ерім бәлкім өлген,

Деді де қатын тұрып жүзін ашты,

Беріліп сорлы қасап судай тасты.

Айымжан жесір болсаң маған ти деп,

Қасапты сол арада қара басты.

Айымн маған тигін бағайын-деп

Айым-ау жаным сенен айналсын-деп

Отыз сом қарызың болса мен беремін,

Деміңнен шырын-шәрбәт татайын деп.

Көңілінде ол қасаптың жанды алау,

Кірмеді көңіліне анау-мынау,

Қаражат алпыс теңге қылып берді,

Айымжан бір үйіңе басқын палау.

Қасаптың қатын алды ет пен майын,

Бір қадақ тағы да алды  жақсы шайын,

Түгі жоқ үйлерінде өзін түзеп,

Қасапқа азады қып тұрды жайын.

Кешқұрым сол үйіне барды қасап,

Кіргізді оны үйіне қатын бастап.

Астына көрпе төсеп , кигіз төсеп,

Қойыпты әдемілеп қойып жастық.

Ішеді таңдап-таңдап әр тамақты,

Қасапқа не қылғанмен қатын жақты.

Екеуі жатайын деп отырғанда

«Кеп қалып» Түркістаннан есік қақты,

Айқайлап қатынының  атын айтты

Есікті жылдам аш деп датын айтты.

Ойбай-ау менің ерім кеп қалды деп,

Қасапқа жүгіріп келіп қатын айтты.

Қасаптың отыз сомдай пұлын алып,

Қасаптың екі көзін бақырайтты.

Деген соң ерім келді састы қасап,

«Жау алып » дарбазаны алғаннан соң,

Тығылып төрт бұрышқа қашты қасап.

Бұл қасап шыға алмай жүр таппай есік,

Шығып ақ кетер еді қайда тесік.

Қасапты бала қылып бөлеп қойды

Бар екен үйінде бір үлкен бесік.

 

Бесікте қасап тізе бүгіп жатты,

Үстіне алып барып көрпе жапты.

Ылайық нәрсе таппай шүмегіне,

Түйенің бір жілігін шүмек қыпты.

Сонан соң қатын тұрып есік ашты,

Көрісіп еріменен зар жыласты.

Сағынып келгенге ұқсап бұл екеуі,

Азырақ сұхбат қылып отырысты.

Қарайды ері кіріп есігіне,

Жабулы көзі түсті бесігіне.

Қатыным ұл тудың ба, қыз тудың ба?

Жолықты қандай перзент несібеңе?

Қатын айтты мені бір бала тауып

Мені ойнас қылад деп қылма қауіп,

Жалаңаш құры бесік тұрмасындеп,

Әшейін қойып едім көрпе жауып.

Ері айтты аман болса аманатым

Менен жүкті қалып ең жаным қатын.

Шыныңды әзіл қылмай айта бергін,

Балмның не нәрсе деп қойдың атын.

Көремін айтпасаң да өзім ашып,

Атам мені ашты деп кетпес қашып.

Шырағым ұғылмысың, қызбысың деп

Бесікке жетіп барды қадам басып.

Ақырын барды дағы ашты атасы,

Құшақтап бауырына басты атасы.

Қараса белуардан сақалы бар,

Бұл қалай «Жалмауыз» деп састы атасы.

Ой қатын мына сорға бар ма амал?

Туғанба нышаналы болып сақал?

Түйедей төрт бүктеліп шөгіп жатыр,

Бала емес туған екен бұл бір тажал.

Құдая бала берсең мұнан өзге,

Бұл жаман естілед деп айтар сөзге.

Деді-де сақал мұртын күзеп алды,

Бұл құнық көрінед деп көрер көзге.

Баланы асырайық талқанменен,

Байлайық әдемілеп арқанменен.

Бесікке үлкендіктен сыймай жатыр,

Кесейік апкел бұтын балтаменен.

Есітіп қасап тұра қашты,

Ойбай балам қашты деп айқайласты,

«Атасы» арт жағынан шықты дағы

Онан ары жоғал деп топырақ шашты.

Барады қасап қашып, жаннани кешіп,

Таңулы арқасында үлкен бесік,

Ел-жұртын сақалы жоқ көре алмайды.

Әуліде жатып алды қарасы өшіп.

Ол қатын екінші күн барды базар,

Жүр еді оңды-солға салып назар.

Бар еді ол базарда үлкен баққал,

Сер сәулет, ұзын бойлы қара сақал.

Баққалға қатын тұрып ашты жүзін,

Қатынның күлімдеген көріп көзін.

Айымжан ерің бар ма? Деп сұрайды.

Түркістан Баққал аға кеткен байым.

Басымда жесірліктен көптір уайым.

Бір хабар тірі болса болса болар еді,

Үш жылдан бермен мен бір жесір айым

Қарыздар отыз сомға болдым елден,

Үйіме пұл егесі күнде келген.

Бір хабар тірі болса болар еді,

Білмеймін менің байым бәлкім өлген.

Бұл сөзге құлақ алды Бақал ұрған,

Сөзіне айым айтқан жаным құрбан.

Отыз сом қарызың болса мен берейін

Қарызын қыстап жүрген қай антұрған.

Үйіне бақал екең бармақ болды.

Төсекті қатын жайлап салмақ болды.

Құдая бір сұлуға кездестім деп,

Сұлуды бақал ағаң алмақ болды.

Ал енді бақал барды кешке жақын

Кіргізді оны үйіне сұлу қатын,

Арқалап байғұс күйеу алып барды

Бірталай пісте, мейіз, әңгелегін

Кіргізді оны үйіне шырақ жағып

Азғана отырады күліп бағып,

Екеуі жатайын деп отырғанда,

Кеп қалды Түркістаннан есік қағып.

Айқайлап қатынының атын атап,

Есікті тезден аш деп датын айтты.

Ойбай-ау менің ерім кеп қалды деп,

Бақалға жүгіріп келіп қатын айтты.

Бақалда шығалмай жүр таппай есік,

Шығып ақ кетер еді қайда тесік.

Балағып, мұны бөлеп қояп еді,

Қасаптай сиятұған қайда бесік.

Бақал бай қорыққан  емес өзі туып,

Бақалды ұстап алды қатын қуып.

Бар екен ауызғы үйде бір арқа отын,

Салды да арсына қойды буып.

Онан соң қатын ьтұрып есік ашты,

Көрісті еріменен зар жыласты.

Сағынып келген құсап бұл екеуі.

Азырақ сұхбар құрып отырысты.

Ері айтты Түркістаннан келді байың,

Қатынжан жақын отыр менің айым.

Күн суық, үстім жұқа жаурап келдім,

Қатынжан от жағып бер кетті жайым.

Қып отыр бір-біріне екі қу наз,

Жақпаймын қатын айтты отыным аз.

Бар-жоғы айналдырған бір арқа отын,

Несіне отын бар деп боласың мәз.

Еркекті қатыны сөзбен басындырды,

Ашумен еркек келіп қатынды  ұрды.

Отының бар аяған осыма деп,

Сүйретіп ошаққа әкеп атып ұрды.

Жалп етіп құрғақ отын жанып кетті.

Бақалдың бар сақалын шалып кетті.

Көшірген отқа лаулап алып құсап,

Бақалдың бар сақалын шалып кетті,

Бар екен ойбай қатын мұнда сойқан,

Ойпымай бұл не деген ойпаң-топаң.

Ұстаңдар аламан қып алдынан шық.

Ұстаңдар отттан шығып қашты сайтан.

Кәдімгі қасап құсап бақал кетті,

Көңірсіп бас үйіткендей сақал кетті.

Екеудің отыз сомнан пұлын алып,

Түбіне қасап, бақал қатын жетті.

Алдатқан бір қатынға қасап, бақал,

Жақсылар есітпедің мұндай мақал.

Ел көрді бір жылдан соң екеуінде,

Шыққан соң иегіне қайта сақал,

Қазыға бұл екеуі бармақ болды,

Қатынды бір қасамға салмақ болды,

Егер қатын қасам іше алмаса,

Өндіріп алпыс сомды алмақ болды.

Болыпты қасап пенен бақал құрдас,

Айрылған сақал- мұрттан екі мұңдас,

Екеуі шайханада шай ішісіп,

Азырақ сұхбат құрды болып сырлас.

Қасапқа бақал айтты әңгіме айттық

Не істедің, не көрдің айтшы құрдас.

Әуелі көрген сырын қасап айтты,

Басынан бірін-бірін бастап айтты.

Ол қатын не қылғанмен бір қу екен

Кетті деп отыз сомым қақсап айтты,.

Барып ем ері тұрды есігінде,

Мен жаттым төрт бүктеліп бесігінде,

Ұрар ма мені құдай шәрменде қып,

Жолықтым ұялудың кесіріне.

Ол қатын бақал айтты мені ұрған,

Қоспастан екеуімізді бөліп ұрған,

Әдемі таза-таза бұйымымды,

Алдына дүкенімнің келіп ұрған.

Қазы айтты ей қатын ұры екенсің,

Аспанда айға ұқсас нұрекенсің,

Қазыға қатын айтты қарызым бар,

Болайын қазы патшам мен сізге жар.

Егерде қатындыққа алр болсаң,

Үйіме алпыс сомдай пұл алып бар.

Әр-түрлі көрпе-төсек бұйым керек,

Көңіліңіз қушуақ боп тапсын қарар.

Осылай әңгіме айтты сұлу айым,

Келтірді әдемілеп сөздің жайын,

Ал енді қазы барды кешке жақын,

Кіргізді оны үйіне  «қазы- байын».

Жал-жая, қазы-қарта, қант-шекер палау,

Тағамның  неше түрлі бәрі дайын,

Ұрады қос қолдап көкірекке

Айымды қазы патша көрген сайын,

Қазыға айым назбен жайды қолын,

Қазының құдай қылды енді жолын,

Айымжан дәл өзіңнен айналайын,

Алпыс сом қазы берді тапқан пұлын,

Екеуі жатайын де отырғанда

«Кеп қалып » түркістаннан есік қақты,

Айқайлып қатынының атын айтты,

Есікті тезден аш деп датын айтты,

Ойбай-ау менің ерім кеп қалды деп,

Қазыға жүгіріп кеп қатын айтты.

Бұл үйде қазы байғұс секіріп жүр,

Тамағын бүгінгі ішкен кекіріп жүр

Ойпырмай мұнда қайдан келіп едім

Бишара сорлы қазы өкініп жүр

Бұл үйден шыға алмайды ес кіргенмен

Аш адам не құсады кекіргенмен.

Әуелде келместен ақ қоюы еді,

Не пайда өткен іске өкінгенмен.

Қазының екі көзі алаңдап жүр,

Шашқты стан бауы салаңдап жүр,

Есікті енді қашан ашасың деп

Келген қу Түркістаннан жалаңдап жүр.

Бұғанда сұлу айым ила тапты,

Үйінің бір бұрышына қазық қақты

Қазыққа ол қазыны бұзау қылып,

Мойнынан тырыстырып байлап сапты.

Жалаң тұрсаң біліп қояды деп

Үстіне алып барып көрпе жапты.

Бекерге құр тұрғаны жарамас деп,

Алдына бір етектей сабан сапты.

Сабаннан анде-санда тістеп алып,

Тістерін шайнаған боп қашырлатты.

Сонан соң қатын тұрып есік ашып,

Көрісіп еріменен зар жыласты,

Сағынып келген құсап бұл екеуі,

Азырақ сұхбат құрып отырысты.

Ері айтты Түркістаннан келдім аман,

Қатынжан жақын отыр маған таман,

Ойнайық екеуіміз бір жақсы отырып,

Көпболды көрмегелі  талай заман.

Қатын айтты пісірдім жақсы палау,

Астын құт пісіріп ем жағып алау,

Палауды жеңіз дағы дем алыңыз,

Демеңіз бүгін маған анау-мынау.

Ері айтты Түркістанда жүрдім үш жыл,

Әруақты тептіретер малы түскір,

Қасыма мен шақырсам пәл боласың

Болмаса арман жоғал қараң өшкір.

Ері айтты Түркістанда жүрдім ұзақ,

Жолыңа сен көнбейсің құрсам тұзақ,

Қатыным әсте сенен сиыр жақсы.

Көнеді сен көнбесең мына бұзақ.

Қатыны түспеген соң тұзағына,

Кірмеді айтқан сөзі құлағына,

Кәдімгі едіреңдеп бұқа құсап,

Асылды бара сала бұзауына.

Бұзауы тулап-тулап тұрып кетті,

Құйрығын мінгізбестен бұрып кетті,

Бұқасы едіреңдеп қоймағасын,

«Қазығын бұзау» байғұс жұлып кетті.

Барады қазы байғұс қалбалақтап,

Мойнында арқан, қазық салбыраңдап,

Қуғыншы я жетпейді, я қоймайды,

Келген қу Түркістанна адыраңдап.

Қазықпен арқанды алып кетті қазы.

Түлкіні індетті де қайтты тазы,

Қазының есігінде малайлары,

Қарауыл болады екен қысы-жазы,

Бақалшы отыр еді бағып сарай,

Қазыны барған қашып көрді талай,

Ойпырмай тақсыр қазы келдің қайдан?

Мойныңда қазық пенен арқан қалай?

Сұрайсың несін мұның кетті зәрем,

Ойпырмай оңай емес көрген пәлем,

Қасап пен бір баққалды жығып беріп,

Мойнымда арқан-қазық алған пәрем.

 

СӘЛЕМ ХАТ ҚҰТБАЙ АТТЫ АҒАМЫЗҒА

1977 жылы Қожатоғай совхозында Түймекожа үлкен той істеп тойында оншақты ақын келіп өлең айтты. Тәшкеннен Құтбай ақын да келген, ауылда екі-үш күн болып танысып аулына кеткен соң сол Құтбайға менің жазған сәлем хатым.

Сәлем хат Құтбай атты ағамызға

Хат жүрсін қатынасып арамызда,

Тұлғалы өрең биік ер екенсің

Серпілмес серілік бар тәнаңызда.

Кездестік дидарласып ақын Құтбай

Кісі едің кең тараған атың жұртқа-ай,

Өр кеуде, күміс көмей, зор дауысың

Көрсеттің көп жыршыдан басымдықты-ай.

Келіскен келбеттерің жігітке тән

Тағдырым сұлу-түліа асыл қыпты-ай,

Күмбірлеп көмейіңнен жыр төгіліп

Көргенді тамсандырып тәсір қыпты-ай.

Сыйқырлы зор дауысың күмбірлеген

Тұлғаңа жарастырған ақындықты-ай.

Бір тойдың себебімен келген едің

Халыққа қызымет етіп берген едің,

Ел-іші ақын да бар, алым да бар

Теңіздейтілсімікөп ел дегенің

Алуан-алуанжүйрік бар ел ішінде

Әзіңненөзгені де кем демегін,

Әркімгеөнербергентағдырөзі

Құдайдыңкім алмақшыбермегенін,

Дауысыңкеңдалағаеркінтарап

Кеңжайыпқұлашыңдысермепедің,

Қаленкожаөзіңдібастапкелген

Әр қайсың ел сыйлайтын ерлередің,

Орындау кабілетіңқандайғажап

Ішіненән төгіліпкеңдененің.

Дүрлердіңайтқан сөзінтамылжытып

Сияктытөкпежорғадөңгеледің,

Басқа жұртқалай десеолайдесін

Мен өзімжақсыбағабергенедім.

Жағымдыжанғажайлыдауыстарың

Өршідіңайткансайынтауыспадың

Кенжекожа, Нартайдайұстазыңнан

Байкадыкбіразөнерауысқанын,

Бұрынсоңдыкөрмеген Сыр елімен

Өнердіңаркасындатанысқаның,

Бас қосыпдидарластыталайерлер

Бұрында кепжататындабыстарың

Сынайтынмінейтіндертағы да бар

Жүйріктіңсөзкылатыншабыстарын,

Қырағықыран болсаңбиіктегі

Сыртыңдасықылықтар сауысқаның.

КұтекесізТәшкенніңкаласында

Азадаалым жұрттыңарасында,

Оңтүстікөңіріндебіздерөстік

Қазактыңкең сахара даласында,

Туғанжертуғананасияктыекен

Бұлайткднтымсалымананасыңба,

Кіндіктіңканытамған кадірліжер

ӨстікбізөзенСырдыңжағасында.

 

Сыры көпөзгебілмесөзенСырдың

Болғанжеркадамжайынешедүрдің,

Халыкөттіөңірінденешетайпа

Куәсінешеғасырнешежылдың,

Дарияныңекібетін ел мекендеп

Ордасыболғаны рас өлең-жырдың.

 

Қанша жұрт бұл өңірдіжайлапөтті

Сыпайыкедейлер мен бай да өтті,

Жалшыларжарык, көріпжарымастан

Шулатыпбайлармалынайдапөтті,

ҚоңыраттыңҚулыншағыБудабай мен

Дәмекыз, АрғынМансүрсайрап өтті,

Күдері, Мәделі мен Майлыкожа

Елініңеркесібопсайран етті.

БіржанныңСарасындайАрқадағы

АйтысыпМайлыменен Айман өтті

Не ерлерсеріліктенсеруендеп

Жаркылдапжайтасындайжайнапөтті,

Не ерлерүстемтоптанзорлық көріп

Тағдырына тістерін қайрап өтті,

Сандуғаштай сайраған не сұлулар

Сатылып тоқалдыққа байға кетті,

 

Жүз жылда қазан деген рас екен

Ойласақсолтайпаларкайдакетті,

Жаксының ел аузында атықалып

Бәрі де келмейтүғынжайғакетті.

Бірдүркін бұлардансоңерлерөтті

Бәрі де өздәуірінөрнекетті,

Әнші, күйші, жыршылар, ақындармен

Өнерінөз халқына ермекетті,

Жолбарыс, Асан ақын кешегіөткен

Аралап нақыл сөзіелгекетті,

МоллаАйтбай, Қаракөсеақын Мұса

Бірнешедастанжазыптермелетті,

Қызылжыршы сияқты қызба ақындар

Табандаталай сөзді дөңгелетті,

Сақ ақын, Алтыбай мен қожаАйнабек

Дауысыкеңдаланы кернепөтті,

Жасаскансолармененқаншахалық

Дүниедентегіскөшіпдем де өтті,

Ажалшіркінбәрін де алыпжатар

Біреудіартыкбіреуді кем демепті.

Исабеккешегіөткен бұл кімеді

Заманныңсайраптуған бұлбұлыеді,

Кісіедісегізқырлыөнергесай

Ақылды аса зерекбілгіреді,

Жасынанжалынатыпдаңқышыққан

Заманныңдүбіршашқан дүлдүліеді,

Қырқында қыршынкетті-ау кайранаға

Жағымдыжалпы жұртқа бірдүреді.

 

 

Өзімен бірге туған дарындылық

Өнердің бойға біткен бабын біліп,

Көрген адам қасынан шыға алмайтын

Бар еді тұлғасында жағымдылық,

Өзінің азғана жыл өмірінде

Халыққа кетті атын мәлім қылып,

Көп арман орындалмай өтіп кетіп

Аңсаған халқын кетті-ау сағындырып.

 

Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген

Туған соң өлімді Алла міндеттген,

Бұл күнде оқымысты кісілер көп

Айтсаңыз тәсібіне тіл жетпеген.

Жағымсызкейіпкерлертағы да бар,

Жақсыны халық сыйлапқұрметтеген.

 

Жамандарөзаузыменмақтаныпжүр

Өзінеөзіжаксыат таққалыжүр,

Сынайтынхалықбарынаңғармайма

Өзіайтыпкүнәсінен ақталыпжүр,

Сараңдар бар сан түрліпейілікашкан

Одансайындүниетапқалыжүр,

Ел ішіаңқау да бар, пысықта бар

Пысықтарішінтартыпсақтаныпжүр,

Кездесер арам ойлыалааяктар

Опасызжөнікелсе сатқалы жүр,

Лапылдапесіткенінелгежайып

Бар сырын ақ қөңілдер ақтарыпжүр,

Жамандардан дат калар тат сиякты,

Жаксыданжарктынбейнеаткалыпжүр,

Тірліктебіреуолай, біреубылай

Өміріносылайшаатқарыпжүр.

Бәрімізажалкелсеаттанамыз,

Кейдеренжіп, кейкездешаттанамыз,

Бұрынғылар сияқпыкезеккелсе

Дәуірдібасымызданатқарамыз,

Кәзіргізаманымызкандайжақсы

Сіз бен біз бұлдәуіргемақтанамыз,

Ініңіз хат жазушы Сыр бойынан

АтымдыАрынқожажаттапаңыз,

Елсыйлағанерлердідәріптейбер,

Жаманды мал бердідепмақтамаңш,

Тұрайықхат алысыпхабарласып

Біркүнісіз де біз де аттанамыз,

 

Жиналып тойға канша халық келді

Есітіп той бар деген дәріптерді,

Солтойға он үшақынкелгенекен,

Ортағаөнерлерінсалыпкөрді,

Күмбірлегенжағымды коңырдаусың

Әніңеасқақтатыпшабытберді.

 

Тірліктекөргенжаксы, жүргенжақсы,

Кадірінсолжүрістіңбілгенжаксы,

Өзіңдісыйлайтұғынкісілермсн

Бас қосыперкін ойнап күлгенжақсы,

Па шіркінтауыпайтыптамылжытса

Дуниеде өнер бар матілденжақсы,

Білетінсөзқадірінжақсыадамдар,

Парқынбілмесақылғатапшыадамдар,

Ойлайдыақынболсабердейдідеп

Пейілі тар өзісараңпәс-надандар,

Атсыйлапақынынашапанжауып

Аз емесибаратсөзінжатқаалғандар,

Тиедіақындесебәрімізге

Тілемсеккімгеұнайдықақсағандар,

Атынаақындардыңкіркелтірер

Дәметіпдәмсізсөзденбастағандар,

Сыйқүрметхалқымыздыңдәстүріол

Сыйлайды өзібіліпбастыадамдар,

Ел іші алтын бесік, халыққазына

Не жақсыжайсаңмененқасқалар бар,

Құтеке, халқымызғаұнадыңыз

Қалғанжоқұнамастанбірәніңіз,

Әрсөздіңавторыныңатынайтып

Киянатешкімге де қымадыңыз,

Кой-ешкіөгізмініп, шапанкиіп

Малдыңдабасынбіраз құрадыңыз,

Кездестіңжаксыларменсоныңолжа

Жоқшығармал жөніненпыланыңыз,

 

АйтқандайБайтоғайдаболғаншығын

Жоғалғанжібекжүндіылағыңыз,

Ылақтыңқазығына кой байланып

Тиімдіболды-ау деймін бұжағыңыз,

ЖібердіӘбдез кожамәрттікжасап

Ылаққа бар дегенсоңшүбәлііз,

Тойханаданшыққнанбақырыпты

Тынышболсындегенғой құлағымыз,

Ылақсыры бізгеаян жұртқа жұмбақ

Бұл сырдыбілгенедікбіразымыз,

Аленді тоқтатайынсәлемімді

Хатқажауапқайтарсаң сурағымыз,

Қайырқош көріскеншесау бол, аға,

Әруакта бірадамбызұранымыз.

 

Манап Көкенов

 

 

Құтбай аға қайтыс болғанда

Аққуға үнін қосқан аспандағы,

Әнші еді-ау Құтбай  аға асқан бағы.

Жиылса жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар,

Дүбірге ілесуден жасқанбады.

Сырнайға, домбыраға, дарынды аға,

Жасқа да, кәріге де жағымды аға,

Қазақтың  үлкен қара шаңырағы,

Әндетті-ау академия залында да

Қонақтас  қазақ, өзбек, қырғызбененғ

Дәм бермей кеткені жоқ көзден келген.

Талайды тән тұрғызған өнеріне.

Алдынан ән де кесіп сөз өтпеген.

Ән салса Біржан еді. Нартай еді.

Думанды жүрген жері айқай еді,

Сөзге келсе Майлы мен Мәдәлі боп,

Өнерлінің ішінде Алтай еді.

Той-думан ол болмаса тарқамаған,

Ер еді-ау елдің жүгін арқалаған.

Мәңгілік көзді жұмып кетсе дағы,

Өлді деп қалай қиып айтады адам,

Бас көтермес деседе інің келді,

Нұрышты көзіміздеден біздің енді.

Тірі деп тұр сырнайы , домбырасы,

Табар кез бар ма салсаұ ізін енді,

Таптырмас тура келсе ақыл айла,

Бермейді қайғы мен зар жанға пайда.

Алдына неше дуан ел қараған,

Ұайран ер думан көркі Құтбай қайда.

Ол кетті мәңгі ұйқыға, оянбайды,

Өзіндей енді Құтбай бола алмайды.

Бірақ тыры әр үйде ән мен жыры,

Аузы құрғыр өлдіге бара алмайды.

Бибініса сабыр ет, белді байла,

Құтбай үшін сені іздер барлық аймақ

Қайырылармыз аға деп аға орнына

Келе қалсақ жол түсіп тұз дәм айдап.

Осы үйдің үлкені өзің білімдісі.

Адамның сөз түсінер туындысы.

Өкпелесең тағдырға болар еді,

Өлгеннің қайтып келсе бұрынғысы.

Уайымдасаң таң атып, күн батқанда,

Берік бол болған іске болаттан да,

Сен жүдесең жүдейді бала-шаға,

Шүкірлік ет қайтесің жаратқанға.

Өнер деген кеткен бе артып одан.

Думаны бар ма еді ол шалқымаған,

Құтбай марқұм торқа боп топырағы.

Алланың рахметі жаусын оған.

 

 

Құтбай ақын қайтыс болғанда ақынның жұбайы Бүбінисаға Қайназр Әйтбеповтың жазған жұбату өлеңі

Өлімнен жан құтылмас өнерменен,

Баршаға нәубетімен келер деген,

Өкіріп жылай берсең бақыранып,

Түбі жоқ ащы теңіз терең деген.

Кейде шат, кейде қапа тірі пенде.

Бәрінде басқа түссе көрсек деген,

Қазақ риза бәлеге сабыр етсе,

Артынан қуанышы да келер деген,

Қайғы мен әлсіретті берген құдай,

Тілесең қуанышын да берер деген.

Дүниеге әуел адам келген еді.

Адамзат содан тарап өрген еді,

Мекен қып дүние деген жазираны.

Таралып неше тайпа ел боп еді,

Патша қып нешеулерін сайрандатып

Тілеген дүниеде берген еді.

Не десе айтқаны боп, айтқаны өліп,

Қызығын дүниенің көрген еді.

Солардың барлығы да уақытынша,

Дүниеге келіп өткен керуен еді.

Ойласақ бұрынғы аты шыққандардың,

Өлімге бар ма қане  көнбегені.

Болсада дүниенің шам шырағы,

Өлшеулі күні бітсе сөнген еді.

Бұйрықта әмір болса бір Алладан

Асты-үстін дүниенің билегенмен

Ешқайсы ажалға айла қылалмаған

Өтті деп Құтбай марқұм есіткенде,

Құтбайдың халық қайғырды қазасына,

Қария үлкен кіші-баласы да,

Көңіл айтып бір-біріне әттең десті-ау,

Кезжескені халықтың арасында,

Дүниеге мұндай ккісі кем келеді.

Қырандай шыңда қанат сермеп еді,

Аузынан а-дегенде дүр шашылып.

Ән мен күй асыл сөздің зергері еді.

Көтеріп төбесіне халық сыйлап,

Жоғары бағы асып өрген еді,

Бай қылып ән мене күй асыл сөзге,

Тіліне шыныменен берген еді.

Тілге берген өнердің арқасында.

Құрметпен халықтан сый көрген еді.

Қадірлі халыққа керек адам еді,

Жайылып сөзі елге тарап еді,

Өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақ,

Құтбайды білмейтін жан қалмап еді.

Тамаша барған жері думан болып,

Аузына жиналған жан қалмап еді.

Лебіне тартатұғын магниттей,

Маңына көпті жинап алған еді,

Таңдантып, таңырқатып, тыңдаушыны

Көпшілік жүрген жері базар еді.

Көңілдің жабырқаған , тозаң, кірін,

Жұбатып жайлы сөзбен жазар еді.

Бір көрген сәжілісін ынтық болып,

Тағы да бір көрсем деп қалар еді.

Әдейі сөзін барып тыңдағандар,

Құмары тарқап, мейірі қанар еді.

Ән мен күй жастайынан өлең дарып,

Бұлақтай өзегінен шыққан жарып.

Бәрінен ақындардың үздік шығып,

Ән күйге жүйріктігі боп еді анық.

Қазақтың астанасы Алматыға,

Ардақтап өткен жылы алып барып

Сол сайыста бірінші жүлдегер боп,

Бағалы сыйлықтарын келген еді алып,

Ташкентте телевизорға екі-үш шығып,

Ән шырқап түсті көзге шамдай жанып.

Жақсының өзі өлгенмен сөзі өлмейді,

Атағы ел аузында кетті қалып.

Құтбайдың радиодан әнін берсе,

Жұмысын тыңдайды ел қоя салып.

Қадірлеп Құтбай сөзін әсіресе,

Есінен шығармайды біздің халық.

Дүниенің сарайына әркім келіп.

Біреу кеш кетеді ақыр біреу ерте,

Дүниеде кімнің қандай қызығы бар,

Құтбайдай ел-жұртынан сыйлық көрсе.

Білгенге ол өмірдің қызығы не?

Жан білмей, ел сыйламай жүзге келсе.

Өткінші бұл дүние анық білген.

Кетерміз нәубет келсе бізде бір күн,

Бұрыннан бұл дүние ескі сарай.

Сайраңдап өткен жері небір дүрдің.

Шүкір қыл келін сізді сондай ердің,

Жақсымен бірге жүріп, өмір сүрдің.

Армансыз дүниеден жан өтпеген,

Теп-тегіс ойлағаны болды кімнің?

Кімнен бар мұндай дәурен өтпегені,

Арманмен барма адамның кетпегені.

Кеткен жоқ дүниеден ешбір бәнде,

Түп-түгел ойдағы боп көксегені.

Тағдырдың салғанына шүкірлік қыл,

Мұндайға жеткеннен көп жетпегені.

Пайда жоқ көп жылаудан қайғыменен,

Өткенге өкініш қып күйіп-жанып,

Жоқ емес жолдасы мен бауырының,

Кеткенін білмейтіндер қайда қалып,

Армансыз  болар ек деп жүргендер бар.

Солардың жатқан  жерін көрсек барып

Осыны ойла келін сабыр қылып,

Ел-жұртын кетті амал не сағындырып

Пайдасыз көңілді көп жүдетпегін,

Қайғының теңізіне малындырып,

Ардақтап ел-жұртының кәдесімен,

Апарып қойды қолдан қабір қылып.

Ажалдың жан шыдамас соқса желі

Оның жоқ қарсы тұрар ешбір теңі,

Бір минут тоқтап еш жан тұра алмайды,

Өлшеулі күні таусылып, бітсе демі.

Марқұмның топырағы торқа болып,

Өзіне жайлы болсын жатқан жері,

Құтбайдың асқан ән мен шірін сөзін,

Есінен шығармайды аңсап елі.

Пайда жоқ көп жылаудан келетұғын,

Шүкіршілік әсіретті сол жеңетұғын.

Бендеміз осы бей опа тірілікте,

Бір басқа не түсседе көнетұғын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button