Сыр-сұхбат

“һич”

Руханияттан хабары барлар біледі, бір мақам бар ол “һич” деп аталады, яғни “жоқтық”, “мен жоқпын”, “ешкім емеспін” дегенді білдіреді. Осы құтты мақамға жеткен адамның одан кейінгі мақамы сол “һич” мақамын сақтай білу. Егер жолға түскен адам (сәлік) осы мақамды сақтаса, ол – халық алдында да, халиқ алдында да ұятқа қалмай, рухани ұстазының көлеңкесінде жұртқа сыйлы болып, рухани қызметтерін одан әрі күшейтіп, жетіліп яғни күн өткен сайын рухани қуаты күшейіп кемелдікке жете береді. Ал егер Құдай сақтасын, “һич” мақамына жеткеннен кейінгі селдей соғатын апаттарға кезіккенде ол “мен менмін!” деп шыға келуі әбден мүмкін яғни ол апатқа ұшыраған сәлік “мен де тақсырмын!”, “мен де білемін, жаза аламын, үйрете аламын!”, “мен баймын, әулеттімін, дәулеттімін, ақылдымын!”, “мен күштімін, саясаткермін, өнерпазбын!” деп шыға келеді. Осылайша еңбек етіп тапқан “һич” мақамын яғни жоқтық мақамынан айырылғандар дүнияда уа ахиретте масқарасы шығады. Бұл бейбастыққа ең үлкен өрнек, мысал ражим болған, қудаланған шайтанның хәлі!
Пс. Үлкен кісілердің үнемі “қотыр итпін”, “қарабетпін” деп өздерін сөгудің сыры осыда болса керек!

Сайпулла Моллақанағатұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button