Сыр-сұхбат

Қалтай көкем тірі болса 95-ке толар еді

Биыл желтоқсанның 24 – інде Қалтай көкем тірі болса 95ке толар еді Көкемді еске алып отырғанымда небір өзі айтып берген әңгімелері ойыма орала берді Солардың ішінде көкемнің тұлғасының өзгешілігін, ірілігін дәлелдейтін (өзімнің пайымдауымша) бір оқиға есіме түсіп кетті.

Сәуір айында Түкиияның президенті Тұрғыт Өзал дүниеден өтті. Сол Түркияның презитентінің намазына бүкіл бұрынғы ТМД елдерінің президенттері баратын болыпты. Сол сапарға президент аяқ астынан Қалтай көкеме телефон соғып,
-Қалеке, естіп жатқан шығарсыз, ертең Тұрғыт Озалдың намазы болады, соған сізді өзіммен бірге ертіп баруды жөн көрдім. Тез жиналыңыз, қазір менің ұшағыммен Түркияға ұшамыз, – деп асықтырғасын, үйіне келіп апыл-ғұпыл киімін ауыстырып жолға шығып кеткен екен.
Жолда ұшақтың ішіндегі елбасының жұмыс бөлмесінде Қалтай көкем президент екеуі Түркияға барғанша, ислам тарихынан, шығыстың тарихынан әдебиеттен пен саясаттан сөз қозғап әңгіме шертіпті. Қалекеңнің қай салада болсада білімінің тереңдігіне ой өрісінің  кеңдігіне ырза болған президент көмекшісін шақырып алып:-Сендер осындай ағаларды неге осы уақытқа дейін менің қасыма жолатпай жүрсіндер? Осындай кісілерді жинамайсындар ма қасыма, қайдағы онан қашқан, мынан қашқандарды жинағанша,- деп ұрсып тастапты.

Бір кезде көкем кеңк етіп күліп алды да: -Қысқасын айтқанда, Қожанасырға жақындығымды білдіріп қойдым ба, қайдам, бір ыңғайсыз жағдайға ұшырадым.                                                                                              Тұрғыт Өзәлдің намазын шығарып, жерлеп болған соң бір үлкен ресторанда ас берілді. Құран оқылғаннан кейін тамақ ішуге кіріскен кез еді, мен ортадағы табаққа қасығыммен қол соза бергенімде, костюмімнің жеңінің шетінен салбырап тұрған жіптерді көзім шалып қалды. Еее… жолға шығардың алдында үйге келіп (қасақана қатында жоқ еді үйде сол мезгілде) асығыста киім ауыстырғанымда байқамай ескі костюмді киіп кеткенімді енді түсіндім. Ойпырмай ұят болды-ау,- деп отырғанымда президентте байқап қалса керек.
-Қалеке, шет мемлекетке келіп отырмыз, ескі костюм киіп келгеніңіз қалай? Алматыдан шығарда маған айтпадыңыз ба, өзім-ақ жаңа костюм алып беретін едім ғой,- деп сыбырлады ренішпен.
-Нұрсұлтан-ау, сен білмейтін бе едің біз қазалы жерге, дүниеден өткен адамды соңғы сапарға шығарып салуға келіп отырмыз ғой. Мұсылманның заңы бойынша бұндай жерге жылтыраған киім киіп келмейді. Бұл той емес, томалақ емес, осы есіңде болсын деп едім,
– Ааа, солай ма еді  Қалеке, онда кешіріңіз, кешірім өтінем,- деп райынан қайтты. Осы сапардан кейін болу керек президенттің Қалекеңе деген көзқарасы өзгеріп, бағалай бастағаны. Кейін  Алматыдан Астанаға көшер алдында тағы бір өтініш айтқан екен.

-Қалеке, маған еріп Астанаға жүрсеңізші. Қасымда болғаныңыз өте керек болып тұр. Өзім бар жағдайыңызды жасаймын, ештеңеге алаңдамайсыз. Қасымда ақыл сұрайтын ағалардың жүргені қандай жарасымды болар еді,-деп. Сонда Қалекең көп ойланбастан:

-Нұрсұлтан-ау,  менің аппақ сақалыммен інімдей адамның соңында мөнтеңдеп еріп жүргенім ұят шығар. Ақыл керек болса телефон бар ғой. Телефонмен де айтуға болады ғой сол ақылды,- деп кесіп айтқан екен. Бұдан кейін президент бұл мәселеге қайтып оралмапты.
Бірақ осы әңгімеден кейін, келісім бойынша, анда-санда телефон соғып, кейбір мәселелердің шешімін табу үшін ақылдасқаны бар,- деп айтқаны есімде көкемнің.

Әбдібек Мухамеджанов.

10.12.2023ж

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button