Сыр-сұхбат

Дала философиясы

Аулымызда Әбіл, Мәннен және т.б. Тоқсейтов дегендер Нұра бойынан Жаңаарқа жеріне өткен ғасырдың 30 жылдарында көшіп келген адамдар болды.

Елге силы, қадырлы жандар еді. Ең үлкені Әбекең (Әбіл), 2019 жылғы Президент сайлауы уақытында атып өлтірілген қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың туған нағашысы, өмірінің соңғы 10 шақты жылын екі аяғының мүгедектігінен төсекте өткізді.

Жас кезінде Арқаға белгілі СОҚТАЛЫ атты ұрының командасында болған.

Анда санда әкем марқұм көңілін сұрауға барады. Бірде, 4÷5 класстағы кезім,  менде еріп бардым. Екеуі көп әңгімелеседі. Әңгіме арасында маған төсегінің астынан алып қолдан жазылған бір кітапты «дауыстып оқып берші» деді.. Оқи бастағанда білдім Сатбек деген батыр туралы екен.. Біраз оқытып тоқтатты. Кейіннен өзім келіп, үйінде отырып екі жыр – дастан оқыдым: «Сәтбаев Батыр» мен «Қалқаман – Мамыр».

Айтайын дегенім дастандар туралы емес..

Есімде қалғаны ЖаңаАрқа өңіріне екі ағайынды адамдардың ұрпақтарының  көшіп келу себебі.. «Жас кезім, кеуде бар, жүрек оған пара пар, бетіме ешкім қарай алмайды.. өстіп жүргенде бір күні болмашы бір нәрседен еліміздегі бір ақсақалға тілім тиді.. екі-үш күн өтпей-ақ ел үлкендері жиналып «Жастарға үлгі боласыңдар 10 күннің ішінде қайда барсаңдар онда барыңдар, тұқымдарыңмен көшіңдер» деген үкім шығарды.. жыладық,  сықтадық болмады.. бір адам кешірейік деп, бізді қолдамады» деп, Әбекең «ух» деп күрсініп «енді қайтып келмейді, бекер тілдеген екенмін» дегенін көзім көріп.. құлағым естіді..

ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ «Кейінгі жастарға үлгі болмасын» деп бабаларымыз  осындай қатаң шешімге барған

ҚАЗІР көріп жүрміз ғой  ұрлық жасағандарды, адам өлтіргендерді, жас сәбилерді зорлағандарды ауылдың, ауданның халқының жартысы қорғап шыға келеді..

Алысқа бармай-ақ қояйын ІШІМІЗДЕ 300дей азаматтарды атып, ұрып өлтіргендерді қорғап отырғандар бар ғой..

ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ – ДАНА ФИЛОСОФИЯ…

ЖІГІТТЕР АСПАҢДАР ТАСПАҢДАР, БƏРІ ӨТКІНШІ

Балабақсы атанған көріпкелдіні менің әкемдей адамдар көрген. Өткен хасырдың  басында біздің елде өмір сүрген, моласы Алғабас деген елді мекенде.Қарамұрын деген  аймақты  Жəңгір атты үш мың жылқысы бар төре жайлаған. Кейде Қарамұрынды Жәңгірдің Қарамұрыны дейді.. Қарағандыдан 70 ш. Қарағанды – Жезқазған  трассасы бойында… БалаБаксы осы төреге бал ашып «аштан өлесің» деген. «Мына жын не айтып тұр, он жұт келсе де, мендік қалар» деп бақсыға дүре соқтырған. Жәңгір біздің ортада бірінші қылтамақ (рак) ауруына шалынып, тамақ өтпей жатқанда, Бақсыны алғызып, кешірім сұрап, ат-шапан айыбын төлеген. Көп  асқанға бір тосқан бар деген, «бармын» деп аспа, «жоқпын» деп саспа. Бардың жоқ, жоқтың бар болуы кірпік қаққанша, бәрі бір Алладан.

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button