Жарылқасын Аманов – астаналық ағайындардың алдында жүрген азамат
Астаналық Жарылқасын Аманов Тауелібай елінен көшіп келген ағайындардың басшысы болып, ізгілік істерімен ұйытып оытрған азамат. Хабарласып білмек үшін, мына телефонмен: 87071878981 байланысуға болады.
Тауелібай туралы мәлімет білгіңіз келсе,Сатанов Манай жазған ымна дерекпен таныса отырыңыздар:
Өзбекстанның солтүстік батысын алып жатқан үлкен құм массивы «Қызылқұм шөлі» деп аталады. Ол атақты Қарақұмнан кейінгі, үлкен шөл . Сол алып шөлді Аму мен Сырдария ортасында Тауелібай аталатын елді мекен бар. (Бұрын Тамды ауданы, Қызылқұм өңірі) деп аталатын.
«Неге Тауелібай?»-ол несімен елге, қала берсе әлемге танымал?
Тауелібай халқы негізінен кіші жүз Шөмекей руларынан тұрады, Ақтөбе, Қызылорда жерінен келіп орналасқан. Тауелібай атануының басты себебі Сырдың жағалауынан бастау алатын Қызылқұм шөлі мен Тамды таумен қиылысқан өңірде өмір сүрген елге Сыр елінен ағайындары қыдырып, ұлы Қызылдан өтіп келсе, алдарынан тау сілемдері, Ақтау (922м), Ерлер (620)сияқты баурайында бұлағы бар таулар, әрі барса Хорезм, Бұқара,Нұр ата сынды базарлы елдермен сауда жасап отырған қолда бар жүн тері және сексеуіл көмірі мен тұзды даярлап, базарда сауда саттық етіп отырған өздеріне өздері тоқ ағайынға қызыға қарап, «бұл шөл емес тау елі бай екен» деп «Тауелібай» атанған.
1950ж 2 жартысына дейін солтүстігіне Сыр бойына дейін , шығысында Түркістан, оңтүстігінде Бұқара, батысында Хорезм, Қарақалпақ елі, мне осы алып алқапта Тамды бұлақ аулынынан басқа үлкен елді мекен болмаған. Сол Тамды ауданы Үшқұдыққа енші жібермей отырғанда, жалпы аудан көлемі 14700кв.км. Европаның Бельгия сияқты мемлекетінен 5 есе үлкен, Францияның 5,1не тең деген теңеулер болатын. Кейін Үшқұдық пен Тамды ауданын қосып есептегенде 17,5мың кв.км.
Ал сол- Тауелібай өлкесі несімен елге, қала берсе әлемге танымал. Тамды жанындағы Мұрынтау-Зарафшан, Үшқұдық төңірегіндегі алтын, Уран өндіріс орындары мен әлемге танымал.
Біздің әңгіме етпегіміз әлі өзіміз жарытып,зерттей алмаған екі тақырып бар;
1.Қызылқұмды қақ жарып Солтүстігі мен Оңтүстігін, Шығысы мен Батысын қосып жатқан «жау жолы» .
2. Дүниеге «Бұхара сұры» деген атпен танымал Қаракөл елтірісі, оның Тамды өңіріне тиісті тұстары, “Тамды антикасы”?
Хош «жау жолы» деген не, болса оның қай жерлерде ізі қалды.
«Жау жолы» ол- жаугершілік заманда пайдаланылатын, жауынгерлер жолы деген сөз. Оны жалпы жұртқа білдірмеген, тек жергілікті халық, өз елді мекенінен, келесі елге алып барған, барынша құпия ұстаған. Сол әрекеттер арқылы өз елінің қауіпсіздігін сақтауға тырысқан. Мен өз көзіммен 1990ж Өтемұрат ауылының шығысындағы Оңтүстік Қазақстанға қарайтын Орынбай елді мекенінің батысындағы өздері «аэропорт» деп атап кеткен, нұра үстінде көрдім. Нұра дегенміз алып құмдар ішінде сақталған биік далалық. Міне сол биік нұраның үсті айналасы бірер км жазық. Сол биік жазықтың үстінде ені кемі 15 метр, тереңдігі 2 метрге жуық, ұзындығы 1кмге жуық ескі «жау жолының» жұрнағын көрдім . 8-10 ғасыр бұрын қаншама керуен жүгімен және де Хорезм еліне шабуылдаған Жошы ханның бірнеше 10-мыңдаған атты жаяулы әскері жүріп өткен. Осынша жыл өткеніне қарамастан әлі жау жолы жұрнағы сол биік нұрада сақталған.
Тамды бұлақтың шығысында жоғары тау бөктерінде ертеде салынған қорған-қамал бар, сол қорған батысқа қарай бірнеше ондаған шақырым жерден келе жатқан керуенді көреді және түнде жарық береді. Дәл осы қорғанның кіші формасы, Қарақата ауылының шығысында жайласқан Таңсарай қорғаны бар.
Нұр ата, Қарақ ата, Азанұр ата,Қала ата,Дарған ата бұлар үлкен қорған бекеттер болса, Дәутөбе,Кәпіршың,Ақтасты, Қыз емшек тағы басқалар аралық елді мекендер болып керуен жолға қызмет еткен.
1240 жылдан кейін Рим папасы елшісі Плано Карпини Европадан Шыңғысхан ордасына келіп,алты ай бірге болып,өмір салтымен танысып қайтады.
Карпининің жазған «Путешествие в восточные страны» деген кітабында Қара теңіз арқылы Каспийдің жоғарысындағы Сарайшыққа дейін келгенін, одан төмен Хорезм жеріне жеткенін жазады. Осы «Жау жолында» жоғарыда аты аталған жол бекеттері арқылы жүріп өткен, сол кітапта жолдағы Азанұр ата жеріндегі «Қой тас» суреттер сұлбасы келтірілген. Аңыз бойынша өз келінінің сатқындығына өкпелеп “тас бол” деген екен. Сол қой тастары сұлбасы кітапта көрсетілген . Демек , П.Карпини Хорезм-Үргеніштен (Хива) Сырға дейін «Жау жолымен» жүріп өткен деп толық айтуға болады.
«Жау жолымен» Сырдан Бұқараға талай керуен ағылған, оны сол уақыттағы орыс оффицерлерінің естеліктерінде көптеп көруге болады.
Ал, Абылай мен Бұқар жырау да сол төңіректе мекендеген, сол « Жау жолы» арқылы Хорезмнен тіке батысқа киелі Түркістанға барды делік, оған дәлел бар ма?
Әрине: 1680 жылы атақты Жәңгір хан Қаңлы бәйбішесінің ұлы Уәли бақыны емес, қалмақ тоқалының ұлы Тәукені хан тағайындайды. Уәлибақы әкесіне өкпелеп Хива ханы Ғайып хан нағашысына кетіп қалады. Уәлибақыдан – Абылайхан – (ол жепке-жекте жеңілгенді аяусыз өлтіргендігі үшін «Абылайхан қанішер» аталған)- одан Уәли-көркем, одан Әбілмансұр (болашақ Абылайхан) тарайды.
Ал, Бұқар жырау Қалқаманұлы 1685 жылы ел аңызында айтыла беретін Жиделібайсынға жақын жерде, Бұқара маңындағы Елібай ауылында дүниеге келіп, 92 жасында,1777 жылы Баянауылдағы Далба тауының баурайында дүниеден қайтқан. Бұл деректі Қайым Мұхаметхан ұлының « Қазақ әдебиеті» газетасында (9 көкек 1993 жылы) жарияланған, Самарқанд, Андижан, Бұқара медреселерінде ілім алған деп жазады.
Сырдария суынан көлденең кесіп өтіңіз,
Үш жыл малды ту сақтап,
Жиделі-Байсынға жетіңіз,
Кісісі 100ге келмей өлмеген,
Қойлары екі қабат төлдеген»
Деп …. жері жылы, сулы, нулы, табиғаты әсем, малға жайлы жыл он екі ай жаз болатын Жиделі-Байсынға көшуді армандаған.
«Қарсы менен Құзарда»
Жалаңаяқ, жар кешіп,
Бөз тоқыған сарт едің ,….
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен елді соңыңнан…»
(«Таң»журналы- 1925 жыл 2саны) Міне хан Абылайға айтып жатқан Бұқар жырау Тауелібайда туылмаса, өспесе, Бұқара шахарында білім алмаса Қаршы қаласымен. Ғұзарды білер ме еді.Қаршы қазіргі Өзбекстандағы облыс орталығы, Ғұзар – Сұрхандария облысындағы аудан орталығы. Міне, қазақ елі тарихында өшпелі із қалдырған екі алып Тауелелібайда өмір сүріп, атақты «Жау жолымен»Түркістанға – Елордаға баруы анық дәлел бола алады.Ел тарихын зерттеген, өмірден ерте озған этонограф ғалым- Іскендір Матжүсіпов ақсақал:
«Қақ жарып қызылқұмды кесе тартқан.
Қашаннан балам қазақ кіре тартқан,
«Жау жолы», «Саурамбай жол» – арба қалған.
Шығыстан Сырға құлап, кетеді әрман»(әрі қарай).
Бір кезде Шыңғысханның қанды қолы,
Шұбырып «Жау жолымен» Бұхарды алған.
Тақ үшін, талай жортқан Шайбани да,
Тамдыға қашып келіп, бір демалған
Кезінде Бұхар ханы, Абдулла шах,
Там салып тұрғызыпты ескі қорған.
Тауелібай… «Антика» қаракөлі туралы.Дүниедегі ең байырғы қойлардың бір түрі-ол қаракөл қойы,оның ішінде атақты «Бұхара сұры»қаракөлі. Міне,сол қаракөл сұрыптау нәтижесінде алынған,сапасы,бояуы,гүлі жағынан ең әдемісі.Ол-«антика» (ғажайып)деп атап кеткен ресми селлекция «Өрік гүлі» қаракөл елтірісі.Сол елтірі сұрыптауды қолға алған Тамдының Алдаберген,Құлымбет елді мекендер маңында қаракөл малын кәсіп етіп,байлық артқан шопандардың ұрпақтары.Ботабаев,Таңбаев байлардың үш мыңнан аса малын 1928 жылы көп қатары конфискацияға алып,Қарақалпақстанның сол кездегі астанасы Төрткүл маңына, «Победа», кейін «Ғалаба» болған колхозына алып келеді.25 жылдан да көп сол колхозды басқарған ,кейін баласына өткерген Сұлтан бастық деген кісі,мен сол баласымен істеп жүргенінде кездескенмін.«Антика»-Қарақалпақта шаббаз сұр деп те аталған.Бұл терінің қымбаттығын дәлелдейтін бір мысал:Кеңес дәуірінен бұрын елде бір атақты бай той бергенде жанындағылар-бұл жақын маңда мұндай аста-төк,молшылық тойды көрмегенбіз,дегенде,-«Ауғанға 250 дана «антика»сатып едім,соның 200-нің қаражаты жетті»,-деген екен. Базарда жәй қаракөл бағасынан 20-30 есе қымбат бағаланады.Тамды өңірінде Кеңес дәуірінде неге қолға алынбады деген заңды сауал туындайды.Әрине,әрекет болды.Сол қалған малды кейін Қарақалпақтан қайта сатып алып,жасырын көбейтуге тырысқан.Себебі,ол қошқарларды жәй қаракөл қойларымен шағылыстырса,одан түскен терілер сортқа келмейді, «брак» болады.Сол үшін әдейі бұйрық шығарылып,ондай меншікті қошқарларды піштіріп отырған.Менің есітуім бойынша,Тауелібайлық атақты шаруагер Жұбаныш Донасов ағамыз сол қойлардан «антика»тері алуға тырысқан. Одан шыққан нәтиже еш жерде жария етілмеген,себеп-оның бағасында,құндылығында. «Антика»дан тігілген папаха, кубанка бас киімдері тойларда,салтанатты жиындарда құрметті кісілерге тарту етілген.Міне,қазір кавказдықтар таңдандырып,әлемге танылып жүрген бас киімнің шығу тегі Таулібайда десек,артық айтпаған болар едік.Бұл антиканы Кавказға жеткізумен шұғылданған адамдар күзде келіп,сол Төрткүлдегі дайындаушыларға валютамен алдын ала төлем(предоплата) жасап отырған.Көктемде, мал туымынан кейін сұрыпталып жиналған терілерді арнайы самолет жалдап алып кетіп отырған.Тәуелсіздік алған жылдары, жергілікті билік сол сауда жолын өз қолына алу үшін әрекет еткен,бірақ,істі жүргізе алмады.Соған қарағанда,айналымдағы валюта құны өте үлкен болса керек.Ал,атақты Страбонның «Золотое руно»(Алтын елтірі)шығармасындағы гректердің Кавказға келіп сол елтіріні іздеуі нені білдіреді? Алтын елтірінің шығу тегін,отанын ешкім де нақты көрсетпеген .Шоқан Уәлихановтың досы Потанинның жазбаларында, «Қыз Жібек»дастанында да, «Алтын терілі»қозы туралы деректер қатар кездеседі. «Алтын тері» тарихын терең қазса,оған дәлел таба алса,сол Кавказды терімен тәміндеген Тауелібай өңірінің шаруагерлері болып шығуы ғажап емес.Кавказда бұрын да,қазіргі күні де қаракөл қойын баққан емес,бірақта, казвказдықтар сол антикадан тігілген папаханы қоқитып киіп жарнамалап жүргенін бәріміз білеміз.Атақты Шәмші Қалдаяқов ағамызда Таулібай антикасын насихаттап өтті деуге болады.Себебі,ол кісі бізге жеткен суреттер мен киноларда,Алматы төріндегі ескерткіштеде антика шапкасымен түскен.
Асан қайғы бабамыз қазаққа түпкілікті отан болатын,жылы, мал шаруашылығына жайлы қолайлы жер іздеп,бармаған жері,баспаған тауы жоқ.Тауелібайды, «Қызылқұм»өңірін басынан аяғына дейін кезіп өткен.Ол кезде шөлде ел аз,жерінің шөбі шүйгін,мал азықтық шөптер жыртылып айырылады,жабайы аң мен құс көп. «-Әттең,алдыма өңгеріп кетер едім,атыма сыймайсың,тастап кетуге көзім қимай тұр..»-«Табан еті төрт елі нарлар жүрер жер екен, түн ұйқысын төрт 2бөлген ерлер жүрер жер екен»,-деп баға берген екен Тауелібайға Асан қайғы.