Жас отбасы 1976 жылдан Зарафшан қаласына орналастық.Ағайын туыс жақын жерде жасайды. Кейде анам, кейде отбасымен әпкелерім хабар алып тұратын. Балалы, шағалы болдық. Өмір өз кезегімен өтіп жатыр.Бірде ауылға барсам, апам «Ләтіп ағаң ауырып жатыр.Үсінжамал апаңның үйіне күйеуіңмен бірге барып, көңілін сұрап қайтыңдар»,-деді. Көпшілік жиналып отыр екен. Барғасын жездем басын көтеріп:
– Гүлжамила, келгенің жақсы болды. Ойда жүрген аманатты саған тапсырайын. Сенің әкең Өтебай ақсақалдың айтқан әңгімесін тыңда. Ойланып, өзің қорытынды шығарарсын. «Тұрымтай тұсына кетіп, тоз-тоз болған заманда отбасымен Ауғанстан өтеміз деп Өзбекстанның Қашқадария деген жеріне дейін бардық. Қызыл әскерлер шекараны жауып, әрі қарай өткізбей қойды. Ауыл болып, иріліп көп жаттық. Жаратқан иенің бұйрығы ма, әлде үмітсіздік пе әкем Бекмырза науқастанып, соңғы өсиетін айтты. «Балам, менің демімнің жеткен жері екен..Осы жерге әулиенің қасына жерлеп, қалғандарың елге қайтыңдар.Тыныштық заман болар. Балалар бөтен жерде қалмасын. Туған топыраққа барып, жайласыңдар. Аманшылық болып тұрса, келіп, белгі қойып кетерсін»,-деп көз жұмды. Айтқанындай Нышан деген жерде әулиенің қасына көміп, бас жағына үлкен тастарды үйіп, әкені қалдырып, қалғандарды алып кері қайттық. Елге келгенмен байыздап, жасауға мүмкіндік бермеді. Бірталай жыл өтті. Әкемнің өтінішін орындай алмадым. Сен сол жерге барып белгі қойып қайт» деді. Мен 1959 жылы Қашқадарияға барып, айтылған жерді тауып, Бекмырза бабаңның басына цементтен құлпытас қойып: «Бекмырза Арыстанбай ұлы, руы жолай. Ескерткіш Немересі Үсінжамалдан» деп жаздырып кеттім. Одан кейін зияратқа бармадым. Қырық жылдың бедері болыпты.Атаңның басына барып, құлпытас қойып, бейітке қоршау орнатып, құран оқытып, хабар алып келуді саған тапсырғалы отырмын»,-деді.
-Ләтіп-аға, мен Қорым іздеп жүруге жоқпын.Өзім шала қазақпын. Ондай нәрселерді бітіре алмаймын. Ағаларым бар. Мұндай жүкті соларға жүктеңіз,- дедім.
-Ағайыныңның барлығын білмей отырған жоқпын. Сенің баратыныңа сеніп айтып отырмын. Ертелі-кеш осы жұмысты сен атқарасын,- деді. Отырғандар біздің тартысымызды тыңдап, күліп алды. Шындығында, мен жат жұрттықпын. Оның үстіне «Мой адрес Советский Союз» деп анау-мынау әңгімені елемейтін кезіміз. Менен басқа немерелері бар, Солардың реті деп өзімше шешіп қойдым. Сонымен қалаға қайттық. Ұзамай Латиф жездем қайтыс болды. Айтқан әңгімесі де естен шықты.
Келесі жылдарда көшушілік басталды. 2005 жылы «көппен көрген –ұлы той» деп. Алматыға қоныс аударатын болдық.Тамдыға барып Ракима апаммен қоштасайық деп жиналдық. Сол түні түсіме әкем кіріп, маған кітаптарын тапсырды. Есімде, сумкада кітаптары ілініп тұратын еді,
Тамдыға келіп Ракима апаммен сөйлесіп отырып, есімізге Латиф ағамды алдық, Ракима апам ұшып, тұрдыда төр жақта ілулі тұрған сумкасын ашып, кітап пен әкемнің тақиясын беріп. «Мынау саған тапсырылған аманат, Саған бер деп Ләтекең берген еді. .Атасынан хабар алсын»,- деді. Мен таңырқағаннан көзімнен жас шығып кетті.
Ой, Аллаай, түнде ғана көрген түсім емес пе еді. Ракима апама айтып бердім. Екеуміз қосылып отырып, өткендерді еске алып қамықтық. Сонымен,Алматыға көшіп кеттік. Бір елден басқа жаққа көшудің қиындығын бастан кешкендер біледі. Барлығы естен шықты.Бірақ түсіме бір әулиенің кесенесі кіреді. Мен сол жерге бара беремін. Ойыма Ләтіп ағаның аманаты түсті. Барып қайтайын деп Шымкентке, Мейирша әпкемен телефонда сөйлестім.
«Қашқадарияны, Нышанды қалай тауып барамын? Сіздің әкеңіз, менің бабама зиярат етуді тапсырып кеткен еді»,-деп.
-Әр нәрсені білуші Алла. Түсіңе кірген болса, тірлігің оңалар. Әбдімәлік мақсымның қызы Іләл сіңілімнің » Нышанда ағайындарым бар»-дегенін есітіп едім.Хабарласып, телефон номерін алып берейін « Жауда да үйің болсын» деген. Амандық болса, солар жол көрсетер,-деді.Көп ұзамай телефон номерін жіберді. Нышаннан Таразға көшіп келген Асқар деген жігітті Жаратқан ие жолықтырды. Анасы Айткүл, бауыры Жүсіп әлі Қашқадарияда екен. Бірге кеттік. Танымасақта ағайындай жылы қарсы алды.
Ләтекеңнің Үш бидің айтқаны деген әңгімесі есіме түсті: «Үш жүздің ұрпақтары енші алысқан кезде әр жүздің биі өз өсиетін айтқан екен.
Ұлы жүздің биі: Алладан айрылмайын десең азаның болсын,
Халқыңнан айрылмайын десең қазаның болсын.
Орта жүздің биі; Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Кіші жүздің биі: Ата-анаң беймаза болса, тілің тиеді.
Тілің тисе иманың күйеді. Тағы бір айтарым-айлық жолға азық іздемейік, Күндік жолға көлік
Іздемейік.,-депті
Халық арасындағы ат майы, дастарханы еншіміз айрылған жоқ деген содан қалған»,- деп. Шындығында да, дастархан, дәм ортақ, еншіміз ажырамағанының айғағы есебінде Айткүл апа бала-шағаларымен аса бір жақын туысындай күтті. Жүсіп-аудандық Халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі екен, Шет елде жауапты қызметте істеп, өзін сыйлата білген ағайынды мақтаныш еттім.
Таңертең батыс жақта орналасқан әулиеге келдік. Мәссаған, менің түсімде көрген жер ғой, бірақ сәл өзгешелеу. Жүсіп қасымда жүр, ұзамай шыйқышыда келді. Жағдайды айттық. Атамды іздеп келдім деп,мен бул жерді түсімде талай көрген едім. Мына кесененің төбесі домалақ болатын, алдында ештеңе жоқ , ішінде гүлді алаша төселген, шетте көрпешелер жинаулы тұрған дедім. Шыйқышы: «Астафруаллах! Недеген керемет, рас бұрын солай еді. Мына бастырманы жақында салдық, төбесін де қайта жаптық»,- деді. Нышан деген жер Алланың назары түскен мекен екен,үш жағында үш әулие бар. Шыгыста, Оңтустігінде, Батыс жағында, Батыстағы ИмамОли Муйин деген әулие екен. Жаббар иенің құдыреті мазаратының басында кішкентай ғана қасық сиатын тесік бар. Сол тесікте су жиналып тұр. Ия көбеймейді, ия азаймайды. Шипалы су екен. Қажет еткендер қасықтап құйып алып кетеді екен.
Атаның жатқан жерін іздедік. Шөп басып кеткен. Әр жерде арабша жазылған құлпытастар бар. Береке тапқыр Жүсіптің көмегімен қабір басындағы жазуларды оқуға Нышан Мешітінің имамы Рустем қажы келді. Әрбір құлпытастағы жазуда басқалардың аты шыққан сайын жылап, өз-өзіме ыза боламын. Ләтіп аға айтқан кезде неге зер салып тыңдамадым екен. Ол кісінің тылсымнан хабары бар ғой, түбі менің келетінімді білді. Енді қайтемін, таппасам не істеймін деп анықтап сұрап та алмаппын.
Нышан еліне бас иемін. Менімен қосылып іздеп, бірге қайғырып, жамағаты бір шешімге келді. Осы қорымның ішінде екені анық. 1930 жылдарда жерленген болса, биыл сексен бес-тоқсан жыл болыпты. Жер бөліп берейік, сол жерге белгі қойып кетіңіз, біз дұға бағыштап отырамыз,-деп. Аты өшіп кеткен ескі бейітті меншіктеп, Қара мәрмәрдан қашап жазғызып, құлпытас қойып, темірмен қоршаттық. Сол ауылдағы көпшілікке, бірге еріп жүріп іздескен жанашырларды шақырып, қой сойып, садақа бердік.Рүстем қажы: «Топырақ көшеді дейді. Осы Мазардың қайсы бір шетін белгілесеңіз де болады. Айналып келгенде Құран аяттарын бағыштаса, Рабби аьламин қай жерде болса да қабыл етеді, Ар Рахман, Әр Раууф, қайтқандардың жанын жәннаттық етсін. Қалғандарыңызға риза болып, қадамдарыңызды сәтті етсін» деп берілген садақада қыраағатпен Арыстанбай ұлы Бекмырза атамның рухына құран бағыштады.
Аса ықыласпен қоштасып, сол күндерде менімен бірге жоғымды жоқтасып, мұңымды бөліскендерге шексіз алғысымды айтамын. Әкем Өтебайдың әкесіне белгі орнатып «Жаның жәннатта болсын, әкетай, қол аяғың босады, қарызыңнан құтылдың. Жаббар ие жәннаттан жай берсін»,-десем . Осы сапарға шығуда маған сенім артқан, Алланың тура жолына түсуіме себепші болған Ләтіп ағаға рухың шат болсын,-деймін.
. БЕКНАЗАРОВА ГҮЛЖАМИЛА ӨТЕБАЙқызы
Алматы қаласы 2018 жыл.
Мейірша Ләтіпқызының Фб парақшасынан алынды