Жарық нұрдың сәулесі

Жалаңаяқ әздер: Кесене үстіндегі Арқар мүйізі

Әз Тәуке үш жүзге хан болып тұрған кезінде қожалардың және төрелердің қазақ құрамындағы орнын айқындап берген еді. Енді халық арасында қожа мен төренің қайсысының жолы үлкен деген сұрақ туындайды. Ойлана келіп, мынандай тұжырымға келеді. Бір үлкен аста жүздің үстінде үй тігіліп әркімнің жолына қарай ғұламалардың, билердің, батырлардың, ақындардың, рубасылардың әрқайсысына арналған үйлердің күтуші адамдары болады. Солардың біріне сен қожаларды, екіншісіне сен төрелерді ертіп арнайы тігілген бір үйге бастап келесің деп тапсырма береді. Сол үйге төрелер омыраулап бұрын кіріп кеткісі келеді. Қожаның үлкені тоқтатып “Сен неге қожадан бұрын кірмекшісің?” дегенде төрелер “Мен хан тұқымымын” деп жауап беріпті. “Онда сен ұраныңды айтшы”, – дейді. “Менің ұраным Арқар”, – десе, қожа “Мен пайғамбар ұрпағымын, ұраным Алла. Сенің арқарыңның мүйізін ұрайын, ал сен менің ұранымды боқтап көрші”, – дегенде, төрелер қожаларға жол беріпті. Содан барлық сый-сияпатты қожаларға көрсетіпті.

Мұны айтып отырғаным, жақында “Дуана Қожалар шежіресі”, артынша “Жалаңаяқ әздер Абылайханның пірі” деген кітаптар жарық көрді. Сол шежіреде Дуана ( Қажы Мәді ) қожаның немересі Жалаңаяқ әздер ( Ер Қалмұхаммед ) Созақтағы кесенесінің үстіне Арқар мүйізі қойылған. Ойлауларың мүмкін, Арқардың қожаға қандай қатысы бар деп. Абылай ( Әбілмансұр ) дүниеге келгенде бабамыз Жалаңаяқ әздерге түсінде аян берген екен. Халыққа қызмет ететін, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады. Даналығымен тарихта аты қалатын бір азамат келеді. Сол азаматтың атымен сенің де атың кейінгі ұрпаққа танылады. Сол мезгілден бастап Әбілмансұрды қамқорлығына алып, тәрбиелеуші болған. Өмір бойы жол көрсетуші пірі, қиналғанда ақылшысы, үзеңгілес досы, достығы өле өлгенше ажырамаған. Сол үшін төрелер Жалаңаяқ әздерді ( Ер Қалмұхаммед ) өмір бойы пір тұтып, сыйлап келген. Кесененің басына арқардың мүйізін қоюының басты мақсаты төрелердің пірі екендігін дәлелдеу болуы керек. Шоқатаев Райымбек Нұғманұлы. Тел: 8 777 456 99 66 2021 жыл.

Жалаңаяқ Әздер Әулие

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button