Ясауи мұрасы

«Дордойдың» Түркістанға тартуы

Түркістан қаласы – Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жариялануына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде көріктендіру көгалдандыру дайындық жұмыстары басталып та кетті. Соның бір жарқын көрінісі — жуырда Орталық Азиядағы ең ірі базарлардың бірі болып саналатын  «Дордой» базарының иелері «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне 100 түп қылқанжапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып табылатын көгілдір шырша көшеттерін сыйға берді.

Атап айтсақ «Дордой» ассоциациясының президенті Асқар Салымбеков, вице-президент Гульмира Мамбеталиева және Түркістан қаласында орналасқан «Алтын бұлақ – Дордой» қырғыз базарының директоры Клара Надиркова.

Биіктігі 4-5 метрге дейін өсетін жас шырша көшеттері, «Алматы алаңы» бойына, «Мүсәллә» қақпасынан құрбандық шалатын орынға дейінгі аралыққа, «Қазақ-Түрік достық саябағы» айналасына және «Түркістан тарихы» музейі алдындағы алаңшаға егілді.

Айта кетсек былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласынан келген зияратшылар жеміс жидек ағаш түптерін, Башқұртстан Республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан келген мүгедектер қауымы сирень ағаш түптерін сыйға тартқан болатын.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымы «Дордой» ассоциациясына зор алғысын білдіріп, кәсіптеріне табыс тіледі. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табатынына сенімдіміз.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі

Дәулет Қожамұратов

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз

Жабу