Тәзкире-и Бұғра хан

“Зафар-наме” Әбу зар жемһұр

Бисмиллаһ-иррахман-иррахим!

Шексіз мадақ, сансыз мақтау сән-салтанаттың, кемел, хикметтің иесі, барлық қуатты қамтыған Құдіретке. Ол төрттік элементтердің жиынтығының күш-қуатын жаратқан. Әсіресе, жаратылыстың ең мәртебелісі – көріктібейне, үйлесімді тұлғалы адамды жаратқан. Ол бар нәрсегеқұдіретті әрі қуатты-дүр. Ол бар лықз аттардан оқшау, теңдессіз және серігі жоқ.

Бұл кітапты дайындап, оның атын «Зафарнаме» деп ат қойды. Қысқа бірақ көп мағыналы болсын әрі оқуға һәм жадта сақтауға оңай болсын деді. Әлемде барша істерге керек болар және бізден жәдігер қалсын деп хожа Әбузәр Жәмһүр хаким бір жыл бойы күш жұмсап, осы кітапты дайындады. Наушәруан Әділге алып барды. Наушәруан Әділхожа Әбузәр Жәмһүр хакимге бір шаһар берді.

Хожа Әбузәр Жәмһүр хаким әңгімелейді.

Пір ұстазымнан: «Құдай Тағаладан ең жақсы нәрсе деп не тілесем екен?», – дедім

Ол: «Денсаулық, тәуекелшілдік, көпшілікпен бірге  болу», – деді.

Тағы да мен: «Не нәрсе құт болмақ?» – деп сұрадым.

Ол: «Жамандық тілемейтін достық», – деп жауап берді.

Тағы да: «Қай нәрсе қорқылады?» депсұрадым.

Ол: «Өзін жемек», – деді.

Тағы: «Достықтан жаман іс болып жатса, не істеу керек?», – деп сұрадым.

Ол: «Барып хал-жағдайын сұрау керек», – деді.

Одан «Ылажсыз іске күшті бар ма?» – дедім.

Ол: «Қазаға күш берер сабыр» – деді.

Тағы да: «Жігіттікке не нәрсе ұнамды?» депсұрадым.

Ол: «Ұят, ар, батырлық», – деп жауап қайырды.

Тағы да: «Жомарттық қандай?» – дедім.

Ол: «Ылғи игілік жасау, қуандыра білу және өкіндірмеу», – деді.

Тағы да: «Бәрінен әзиз не нәрсе?», – дедім.

Ол: «Ислам діні», –  деп жауап берді.

Тағы да: «Халықтың арман етіп іздегені не?» – депсұрадым.

Ол: «Денсаулық, адал достық», – деді.

Тағы да: «Жақсылық тәуір ме? Не жаманнан қашу тәуірме?» – дедім.

Ол: «Жаманнан қашқақтап жүру бәрінен де тәуір», – деді.

Тағы да: «Айыпсыз кім?» – дедім.

Ол: «Ақыреттің қамын жеген, дүниеге көңіл бермеген», – деді.

Тағы да: «Тірлікте не нәрсе зая-дүр?», – дедім.

Ол: «Жақсылық қылмай дүниеден өту», – деді.

Тағы да: «Тірліктен жақсырақ, өлімнен ащырақ не нәрсе?» деп сұрадым.

Ол: «Тірліктен жақсырақ – жақсы ат, өлімнен ащырақ – қорқыныш пен мұң» – деді.

Тағы да: «Істердің ең жақсысы не?» – дедім.

Ол: «Құдай Тағаланың ризалығы», – деді.

«Не іс жасасам, дұрыс болар?» – дедім.

«Аз ұйықта, аз же,  аз сөйле, аз жақындас, – деді.

Тағы да: «Ақылды кім?» – дедім.

Айтты: «Көп сөйлемеген, көп жемеген кісі», – деді.

Тағы: «Кішіпейілдік не?» – дедім».

Ол: «Жанашырлықпен іс жасау», – деді.

Тағы: «Дүниеде кім жақсы?» – дедім.

Ол: «Пайдасын тигізетін, жақсылық көрсететін кісі», – деді.

Тағы да: «Ғибадаттың неше түрі бар?» – дедім.

Ол: «Үш түрі – тіл ғибадаты, көңіл ғибадаты, мүше ғибадаты бар.

Тіл ғибадаты – дұға қылмақ, көңіл ғибадаты – Құдай Тағаланың пікірінде болмақ, мүше ғибадаты – Құдай Тағалаға құлшылық қылмақ», – деді.

Тағы да: «Жақсы дос қандай?» – дедім.

«Зияныңа риза болмағай, айыбыңды жапқай, жақсы кеңес бергей», – деді.

Тағы да: «Қай істе тура болармын?» – дедім.

Ол: «Төрт жамағатты қоркөрмегейсің – әуелі пайғамбарларды, екіншісі патшаларды, үшіншісі ғалымдарды, төртіншісі адал досты», – деді.

Тағы да: «Қай жамағатқа жақсылық жасау керек?» – деп сұрадым.

Олайтты: «Әуелі тектілерге, екінші ғалымдарға, үшінші ақылдыларға» – деді.

Тағы да: «Қажетімді кімнен сұрайын?» – дедім.

Ол: «Жігер  иесінен», – деді.

Тағы: «Кісі менің аулыма түссе, маған қандай міндет бар? – дедім.

Айтты: «Үш міндетің бар – бірінші өз орныңа отырғыз, екіншісөзінбөлме, үшінші тамағын әзір қыл, – деді.

Тағы да: «Мұңды не нәрсе жояр екен?» – дедім.

Ол: «Достың ықыласын көрмек, жолдастың бірге болуын көрмек», – деді.

Тағы да: «Сенуге жарамас не екен?» – депсұрадым.

Айтты: «Тәннің сұлулығы, патшаның достығы» – деді.

Тағы да: «Дүниеде қай жамағат жақсы екен?» – дедім.

Ол: «Ғалым болып амал қылса, бай болыпжомарт болса», – деді.

Тағыда:«Не істесем, халық дос тұтар екен?» – дедім.

Ол: «Шын сөз айтсаң, жамандыққа жақсылық қылсаң, уәдеңді орындасаң?» – деді.

Тағы да: «ҚұдайТағаланың құлшылығынан бас тартсам, қандай жаза көрермін?» – дедім. Айтты:«Ақыретте тозаққа кірерсің, бұ дүниеде пәлекетке ұшырарсың, өлімді армандап таба алмассың», – деді.

Тағы: «Ғалым болсам не нәрсеге қолым жетер?» – дедім.

Ол: «Кедей болсаң, байлыққа кенелесің, бай болсаң, кемелдіккежетерсің», – деді.

Тағы да: «Дана кім?» – деп сұрадым.

Ол: «Тағдырына разы болып, шүкіршілік жасаған», – деді.

Тағы да: «Баршаға жақсылық не?» – дедім.

Айтты: «Туралық пен достық», – деді.

Аристотель [Арэсто] хаким: «Төрт нәрсені төрт нәрсесіз қылып болмас – патшалық әділсіз болмас; дұшпанға жалғыз, кеңессіз /тойтарыс беруге болмас, шара қолданбай мемлекет баянды болмас, ілтипат қылмай көңіл аулауға болмас», – депті.

Фазиаус хакім: «Екі нәрсе патшалықты жоқ қылар: әуелі – әділетсіз патша, екіншісі – қайырсыз уәзір», – депті.

Әзіреті Иса (ғ.с.): «Төрт нәрсе адамдың денсаулығын түзейді – аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу, аз жақындасу»,  дейді. Тағы да: «Төрт нәрсе Құдайға жеткізеді: «Оңашада ғибадат қылмақ, екінші – қанағат қылмақ, үшінші – мұқтаждардың қажетін өтеу, төртінші – дүниенің мейірін көңілден шығармақ», – депті.

Үнді [һинди] хаким: «Төрт кісіге ымыраласуға болады. Біріншісі – залым сұлтанға, екіншісі – парасатты ұстазға, үшіншісі – жеңімпаз дұшпанға, төртіншісі – әлсіз міскінге», – депті. Тағы да:«Төрт нәрсе мұратқа жеткізеді. Біріншісі – ғалымдармен сұхбаттас болмақ, екіншісі – ақылдылармен кеңес жасамақ, үшіншісі – пасықтардан аулақ жүрмек, төртіншісі – дәруіштерден дұға алмақ», – деген екен.

Әзіреті Жағыфар Садық [р.а.ғ.] «Төрт нәрсе төрт нәрседен сақтар деген: ауылағасы – азғындықтан; аманат – қиянаттан; сахауат[1] – апаттан; намаз – иманды сақтар».

Әзіреті Имам ӘлиМұса [Риза]: «Төрт нәрсе адамды кемелдікке жеткізер – әуелі достармен кеңес құру; екінші – сөздің ашығын айту, үшінші – өз нәпсісі мен әуестікті шектеу, төртінші – бетбақтардан жырақ болмақ».

Сұлтан Байәзид Бәстами: «Екі нәрсе екі нәрсеге жеткізеді: сабыр қылса, мұратқа жетер, қанағат қылса, байлыққа жетер», – депті.

[ … ] Рази: «Төрт нәрсе бейбақтықтың белгісі: біріншісі – адамның қажетін өтемеу, екіншісі – надандармен сұхбаттас болу, үшіншісі – дүниеге тойымсыз болу, төртіншісі – тәкәппар болу», – депті.

Әзіреті имам Мұхаммед Бақыр: «Төрт нәрседен аулақ болу керек: біріншісі – ашу, екіншісі – өзімшілдік, үшіншісі – озбырлық жасау, төртіншісі – жалқаулық», – депті.

Әзіреті имам Мұхаммед Тәғи: «Төрт нәрсе аз көрінер, бірақ көп болар: біріншісі – дұшпан, екіншісі – ашу, үшіншісі – білім, төртіншісі – қарыз», – депті.

Әзіреті имам Мұхаммед Ғазали: «Төрт нәрсе төрт нәрсеге жеткізеді: жақсылық – саулыққа, игілік – туралыққа, жомарттық – ұлылыққа, шүкір – нығметке», – депті.

Әзіреті шейх Жөнейд Бағдади:«Төрт нәрсе төрт нәрсені жояды – шүкірсіздік – нығметті жояды, парасат – ғапылдықты жояды, жалқаулық дәулетті жояды, өркөкіректік – ізетті жояды» – депті.

Әзіреті шейх Мансұр: «Үш нәрсе барып қайтпас: бірі – атқан оқ, бірі – айтқан сөз, бірі – өткен өмір», – депті.

Сөзіміз [наме] тәмам болды. Дұрысы бір Аллағамәлім!

 

Ортағасырлық түркі мәдениеті тарихының аса құнды жәдігері
“Тәзкире-и Бұғра хан” шығармасының түпнұсқадан тікелей тәржімесін жасаған шығыстанушы Серікбай ҚОСАН.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button