Ғақлиат

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар

ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ БӘРІ ТІРІ

«Көк пен жердің  жаратылуында, түн мен күннің алмасуында әлбетте ақыл иелері үшін (жаратушының бірден-бір екенін дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар» Бақара с164а. «Кейін сол (қиамет) күні өздеріңе берілген нығметтер үшін сұраласындар» Тәкәсур с.8а. Алла Тағала, жоғарыдағы аяттары мен ақыл иесі адамға, басқа жаратылысты, мұқиат, залал келтірмей пайдалануды оның құбылыстарына мән берумен өзін тануға міндет-теді. Осы өмірдегі жаратқандарының барлығын адамға қызмет ететуге және қажетіне жарату үшін жаратып, пенденің бейнесіне ең қарапайым жаратылыс құмнан бастап басқада жаратқандарының қасиеттерін дарытқан. Әлемге танымал атақты ғалымдар «Массачусетс тегналоги» институтынан Хайман, Калифорния университетінен Лейл М Койн, Бельгияның университетері: «Liege»-дан Пъер Лазио және «Glasgow»-дан Грохман К Смиттер балшықты зерттеумен айналысқан. Ғалымдардың саздың қасиетін зерттеуіне доктор Лейл М Койнның айтуынша «зертханадағы кепкен саздың бір ай бойы ультро-күлгін сәуле шығарып тұрғаны себеп болған». Зерттей келе ол кристалдық әлементтерден тұратынын, олар бір-біріне байланысқан жапырақ тәріздес қатардан құралып, иондық байланыс тізбегін түзетінін анықтаған. Саздың әр бөлігінде орналасқан иондардың бекітілген бағдарлама бойынша қозғалуы, тірі жасушаның қасиетіне ие деген сөз. Сыртқы әсерден кристалдық иондық тізбек бұзылса да, бір шама уақыт өткенде жапырақ тәріздес қатар қайта қалпына келетінін анықтаған (адам денесіндегі жарақаттың өздігінен жазылуына ұқсайды). Иондық байланыстың қозғалуынан пайда болған әлектр қуаты, сыртқа сәуле шығарған. Қуаттан күш алған ол өмірдің қарапайым қозғалысын еске салады. (жер ядросындағы жылу 6000 градусқа жетуі, жер жыныстарының өз ішіндегі қозғалыстан пайда бол-ған қуаттың әсері болар). Бұл адамның топырақтан жараты-лғанына дәлел»-деді доктор Лейл М Койн. Ал Хайман. «Біз саздың құрамын кешенді зерттеп, оның барлық артықшылық-тарын білгенмен, адамның өмірін жасай алмаймыз. Бұған Ұлы жаратушының ғана құдреті жетеді»-деді. Пендесін ғылым же-тістігіне жеткізіп, Алла өзін және адамның денесі топырақтан жаратылғанын мойындатты. Ғалымдар С.В.Зенин, Масару Эмотолар судың  есту, есте сақтау, сөзге, жазуға түсіну, дұға оқығанда, жағымды сөзден сапасы жақсаратын, нашар сөзбен жазуға, қатты затқа соғылғанда бұзылып, тыныштықтан сапасы өздігінен жақсаратын қасиеттерін анықтады. Пайғамбар (с.ғ.с) әрдәйім үш реттен Ықылас, Фәлаһ, Нас сүрелерін оқып, алақанына үшкіріп, денесін сипауы, халқымыздың «Жақсы сөз жарым ырыс»-деп жақсы сөзге мән беруі, судың қасиеттерін білгендіктен бастау алған амал мен мақал. Дұға мен жақсы сөзден, денедегі судың құрамының жақсаруы, деннің сауығуына себеп.

Жер беті мен адам денесінінің 70 пайызға жуығы су мен табиғаттағы басқа элементтерден құралады. Әлде бір себептен адам ағзасындағы элементтердің бірі, Алла белгілеген мөлшерден артық не кем болса, ағза дертке ұшырайды. (Мысалы: ағза иод аздығынан зовпен ауырса, оттегінің жетіспеуінен тұншығады) Бұл Алла бейнемізді (дене) басқа жаратылғандармен байланыста жаратып, олардың кейбір қасиеттерін адамға да тән қылып, оның қажетін өтейтіндігіне меңзейді. «Оның (Құранның) бұлтартпас ақиқат екендігі көкіректеріңе жеткенше әлемдегі және өздеріңдегі белгілерімізді таяуда көрсетеміз» Фуссила с.53.а деген. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Мен Меккеде бір тасты білемін. Мен елші болып жіберілместен бұрын маған сәлем беретін. Мен оны әлі де жақсы білемін»-десе, хазреті Али (р.а.) «Мен Аллаһ Расулымен бірге Меккені аралайтынмын. Бір күні екеуміз Меккенің сыртына шықтық. Алдымыздан кездескен тас пен ағаштың барлығы оған «Саған салауат пен сәлем болсын, уа, Расулаллаһ»-деп сәлем бере бастады. Міне Алланың қалауымен Пайғамбар (с.ғ.с.) мен хазреті Али (р.а.) өсімдіктің, тастың тілдеріне түсінді. Өсімдіктердің ерекшелігіне ой жүгіртсек, оларда, жер жынысы мен судың қасиеттерінен басқа нәфсі бар, ауырады, жазылады. (тұқымда, өскіннің болмысы мен ол тамырланып, жапырақ жайып, қоректі тамырмен жерден, жапырағы мен ауадан, күннен алғанша жетерлік қорегін бірге жаратқан. Құстар мен бауырымен жорғалаушылардың да, ұрпағының өсуінде, өсімдіктердің өсіп, өнуіне ұқсастық бар. Жұмыртқада, тұқымы мен оның жұмыртқаны жарып шығып, өзбетімен тамақтанғанша жететін қорегі сары уызды, судың қызметін атқаратын ақ уызбен ораған). Піспеген қазанақты, бұршақ ұрып, қабығы жыртылмай ішкі еті қарайып жарақаттанды (адам денесінің соқыдан қанталағанындай). Азотпен үстемелеп қоректендіргеннен жарақаты жазылып, жеміс береді. Ыстықта, қызанақты пісіп жетілер кезінде, суық сумен суарса, қабығы жарылып, тыртық болып бітеді. Қиар суыққа ауырады, дәрімен емдесе жазылады. Гүлін ашқан өскін, күннің қозғалған бағытына гүлін қаратып бұрылса, түнде суықтан сақтанып күлтелерін жабады, дем алады (көміртегін сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады), аталық аналық арқылы көбейеді, Ал, кейбірі аталық, аналықсыз өздігінен көбейеді. (Бұл құбылыс миллионнан бір әйелде де кездесіп, өмірге тек әйел жынысты ұрпақ келеді. Ал Иса (а.с.) әкесіз еркек болып тууы, Алланың құдыреті). Сөзге түсінеді, қорқады. Бұған Хашыр с.21а. «Егер біз осы Құранды бір тауға түсірген бол-сақ, сол таудың Алладан қорыққанынан быт-шыты шыққанын көрер едің. Осы мысалды адам баласы ой жүгіртсін деп баяндаймыз», Исра с.44а. «Жеті қабат аспан мен жер, сондай-ақ жаратылыс атаулы Алланы пәктейді. Оны мадақтап, пәктемей-тін еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тәсбихтарын (пәктеуіне) түсіне алмайсындар»-аяттарымен, Пайғамбар (с.ғ.с.) «Қабірге өскен көк өскіндерді жұлу, шабудың қажеті жоқ олар Аллаһтан жарылқау тілеп, тәспих айтады»-деген, хадистері негіз. Ішкі бөлшектері қозғалып жылу, сәуле бөлетін, сөйлейтін, сөзге түсініп, өсіп, өнетін, ауыратын, жазылатын, сыртқы әлемнің әсерін сезініп, қорғанатын жаратылыстарды неге өлі дейміз. Оларда біздің түсінігіміздегі тіршіліктің белгілері жеткілікті. Жаратушымыз жалғыздың алдында бәрі тірі. Осыны ескеріп, жаратылыстың бәрі тірі, тек «жанды» не «жансыз» деп ажырату ақылға қонымды сияқты. Анығын Алла біледі.

Жанды жаратылыстардың қасиеттеріне ой жүгіртсек, төменгі  бір жасушалыларда өсімдіктерге ұқсастық болса, жоғарғы сатыдағы хайуандарда, (сыртқы бейнесінен басқасы) адамға ұқсастық басым. Еркек пен ұрғашыдан көбейуі, ұрпағын мейіріммен, ана сүтімен асырауы, қорғауы, бірімен-бірі дыбыстап хабарласуы, қатерден бірігіп қорғануы, сөзге түсініп берілген бұйрықты орындауы, қорқу, қуану, иіс, дәм сезу, көргеніне реакция жасауы, ұйқысы, шаршауы, дем алуы, нәпсісі, тануы секілді. Бірге тұрып үйренген малдардың бірін-бірін іздеуі және бір біріне болысуы. Адамнан басты айырмашылығы ақылсыздығы, Атқаратын амалдарын саналы түрде емес соқыр сезіммен (инстникт) іске асырып, нәфсісі Алла берген қасиетпен, өздігінен реттелуі.

Алла Тағала: «Әрине мен жерде бір Халифа (орынбасар) жаратамын!» Бақара с.30 а  «Содан соң оны толық бейнеге келтірді, оған өзінің  рухынан үрледі (жан кіргізді).». Сәжде с.9 а. Бір сәт адам ойша, ақаусыз машина десек, оны қозғалтатын тетіктерін адам іске қоспайынша ол жүрмейді. Машинаның жүруіне себепші адам болғаны сияқты, бейне-саз нұсқаға, Алла үрлеген Рухтан тіріліп, рух (жан-діл) пен нәфсі бітті, бірінші пенде, Пайғамбар Адам (ғ.с) өмірге келді. Жанды жаратылыстардың ішінде періштелерде ақыл бар, негізі нұрда да, өздерінде де, нәфсі болмағандықтан, күнәдан пәк, тек Алланың тапсырмаларын ғана орындап, үнемі Оған, құлшылық етеді. Жынның негізі оттың жалынында да, өзінде де, нәфсі бар. Бұған, Ағраф с.12.а.«Біз періштелерге, Адамға (а.с.) сәжде етіуді әмір еткенімізде, олар сәжде етті. Тек Ібіліс қана бас тартты, тәкаппарланды және кәпірлерден болды», Кәһф с.50а. «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер»-деген едік. Ібілістен басқасы түгел сәжде етті. Ібіліс жыннан болғандықтан, Раббыңның әміріне бойұсынбады»-аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) «Сол қолдарыңмен тамақ ішпеңдер, шайтанға ұқсамаңдар, шайтан тамақты сол қолымен ішеді» хадистері дәлел. Жаратушымыздың аяттарынан білгеніміз дене-бейне топырақ, ал рух (жан-діл), әлемнің Раббасынан. Қас-иетті Құранның Исра с.85а. «(Ей, Мұхаммед) Олар сенен Рухтың не екенін сұрайды. (Сен оларға:) «Рух Раббыңның құзырындағы іс»-деп айт. Сендерге ол жөнінде өте аз мәлімет берілген»-деген. Аллаһ тағалаға белгілі мекен телуге болмайтынындай, жанға да бейнеде орын тағайындау мүмкін емес. Осыны білген бабаларымыз «жан ауырған жерде»-деп жанға тұрақты мекен тағайындамаған да, іздемеген. Жанның бұл қасиеті, Алланың мекенсіз болу құдыретінің көрінісі шығар. Анығын Алла біледі. Хайуандардың денесінде рух барма десек? Біздің рух асылы дейтініміз-Құдай тағаланың бізге сыйлаған білім орны. Хайуан да бұл рух жоқ. (Имам Ғазали) Жалпы рух туралы тереңдетіп сөз қозғап пікір айту күпірлікке әкелуі мүмкін. Анығын Алла біледі.

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАННЫҢ АРАСЫ

Оксфорд университетінің ғалымдары, еркімен келіскен 25 адамның миын томография мен зерттеп, әркімнің қасының тұсындағы мидың маңдай жағында екі полюс барлығын, Олар, әдиі бөлгендей оң және сол бөлікке бөлінгендігін. Осы бөліктер адамға жақсы мен жаманның арасын айыратын қажеттілік туған барлық жағдайда елеңдейді екен (адамгершілік түсінігі тек пендеде бар мидың осы бөлігіне байланысты болар). Мидың бұл бөлігінің бірі, ақша ұрлайық десе, екіншісі бұл жаман деп қарсылық танытқан. Ғалымдар бұларды, шартты түрде: «періште, шайтан»-деп атаған. Ғалым Рашвортаның айтуынша адам миына   ұқсас, 25 маймыл-макакидің және малдың миларына томографиялық зерттеу жасағанда олардың, миларында жақсы мен жаманды ажырататын моральдық, жағдайда елеңдейтін бөлік болмаған. Бұл ғылыми жаңалық, дін ғалымдарының нәфсі мидың маңдай жағында, екі көздің арасында дегенін болжамын бекітеді. Ғалым, саңлақ саһаба Әли (р.а.) «ақылдың орны жүректе, нұры мида»-дегеніннен ақылмен жүрек байланысында, жоққашығаруға болмас. Нәфсінің, бейненің тіршілігін сақтаудағы атқаратын қызметінің аса маңыздылығынан болар, Аллаһ Құранның 295 жерінде нәфсіге назарымызды аударған. Жансыз дене бейнеленген сазда нәпсі болмаса да Алла руқынан үрлегеннен кейін нәфсі пайда болып, рух (жан-діл) бір денеде орналасты да, адам болды. Жан мен нәпсіні ғалымдар адамның өзі деп те түсіндіреді. нәфсі, сөзі адам мағынасында айтыла береді. Оның анық мағынасы сөйлемнің мағынасына қарай түсініледі. Мысалы: Ғимран с.185а. «Нәфсиң»-жан, Әнғам с.12а «нәфсиһ»-өзіне, жанына,70а. «нәфсум»-әрбіржан, 98а. «нәфсу»-адамға, Юсуф с.53а. «Нәфси»-өзімді, жан, 68 а. «Нәфси» көңліңдегі. Сәжде с.13а. «нәфсин»-жан, Ясин с.54а. «нәфсун»-ешкімге, Тариқ с.4 а. «нәфсил»-әркімнің үстінде, мағнасында қолданған. Адам бейнесі өмір сүруге, қажетті қуатты, Алла, адам игілігі үшін жаратқан нығыметтерін пайдаланудан алады. Осы құбылыс-тың жиынтық ұғымы нәфсі. Әрбір мұрат-мақсат, нәфсінің қалауы болар (имам Ғазали). Алла тағала «Адам баласын ардақтадық және оларды басқа жаратқандарымыздан әлде-қайда артық жараттық».Исра с.70а. «Рас, біз аманатты (парыздарды, шариғат міндеттерін) көк пен жерге, тауларға ұсындық. Олар оны үддесіне алудан бас тартты, одан қорықты. Оны адам баласы үддесіне алды». Ахзап с.72а «Расында біз оған не шүкірлік, не күпірлік ететін тура жол көрсеттік» Инсан с.3а. «Әрі оған (жақсы-жаман) екі жол көрсеттік (емес пе?). Бәләд с.10а. Жоғарыдағы аяттардан түсінетініміз Алла, Адамды бүкіл жаратылыстан артық жаратты да оған осы өмірді, мәңгілікке өтетін өткел-сынақ алаңы етіп, зор жауапкершлік міндеттеді. Алдында, бірі рақатқа бөлейтін жаннатқа, екіншісі азап тарттыратын жаһаннамға апаратын екі жол барын білгізіп, қай жолмен жүруді таңдаудын өз еркіне қалдырды. Періште мен жыннан басқа жанды мақұлықтардан, пенденің артықшылығы – ақылы. Алла адамға ақыл беруімен, білімге, достыққа, харамнан қашып, адал жолмен жүріуді, арлы-ұятты, намысты, Аллаға ғибадатынан жаңылмау, ізетілік пен жақсылыққа жақын болу қасиеттері мен періште сипатын берді. Құранда, ақыл мен ілім иелерін ардақтап, оларды жол басшы және жақсылыққа нұсқаушы ретінде көрсеткен. Бақара с.164-269а. «Ақыл иелері үшін (жаратушының жалғыздығын дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар», «Тек ақыл иелері ғана мұны түсінеді». Рағыд с.19а. «Тек ақыл иелері ғана одан насихат ала біледі»-деген.  Пенденің, мәртебесін биіктеткен ақылды сараласақ. Ақыл – адамды ерекшелейтін аса маңызды қасиеті. Ақыл жол көрсетуші, насихатшы сыяқты. Ойшылдардың пайымдауынша ақылдың, пайым және парасат деңгейі болады. Пайым ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік ерекшеліктерін қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат-ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғарғы жасампаздық, тек білім иелеріне тән қаблет-қасиет. Ақылдың ойдың дамуының ең жоғарғы дәрежесі – даналық. Пайым дәрежесіндегілер өмірдің қызықты да, қиын жолында кездесетін келеңсіздіктен өтудің амалын, ақылы парасат дәрежесіндегілерден сұрап, ұғынады. Бұл туралы Құранның Нахл с.43а. «Білмесеңдер, ғылым иелерінен сұраңдар»-деген. Осы дүниені сынақ үшін жаратып, адамда ақыл және тәрбиелеп пайдаланылуы қажет нәфсіні жаратты.Тәрбиленбеген нәфсі бұзық, ерке бала іспеттес, әрқашан бұзықтыққа бой ұрады. Бұл туралы Құран кәрімнің Юсуф сүресі. 53а. «Нәфсімді ақтамаймын, расында жамандыққа бұйырады», Әнғам с.12а. «Алайда, өзіне-өзі зиан келтіргендер иман етпейді»-десе. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Нәфсісін жамандықтардан арылтқан адам жарылқанады, ал жамандыққа салып жіберген адам зиянға ұшырайды» деген. Нәфсіні еркіне босатпай тұрақты түрде шариғат аясынан шығармай тәрбиелеу аса қажеттілік.

Нәфсі және оған қатысы бар кейбір сезімдерден мағлұмат алған соң, негізі тақырыбымыз нәпсі тәрбиесін келейік. -Құран Кәрімде нәфсіні негізінен үш түрге бөліп сипаттаған:1.Жамандыққа бұйырушы нәпсі.«Нәпсімді ақтамаймын, расында жамандыққа бұйырады» Юсуф с.53а, «Дінді ойыншық, күлкі қылғандарды, дүние тірлігіне алданғандарды ырқына қоя тұрып, Құран арқалы ескерту бер» Әнғам с.70а. Бұл ақылы, тұтқында, нәфсісі әміршілердің нәфсісі. Үстемдікке дағдыланған нәфсі тек қана рахатты аңсайды, құлшылыққа мойынұсынбайды, тоңмойын, жалқау, құмарлығын қанағаттандыруды ғана ұнатады. Құранда «Рас, тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар оны-мен түсінбейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер», Ағраф с.179а. 2.Сыншыл нәфсі. Құранда:«Өзін жазғыршы нәфсіге серт етемін. (күнәдан тыйылуға шақырушы)». Қиямет с.2а. Бұлшынайы мұсылманның нәфсісі. Тақуа мүмін, амалына әрдайым, шариғат талабына қайшы келмейме деп сынайы қарап, Құран мен хадиске сай келмесе оны орындаудан бас тартады. Ғұламалар «сыншыл нәфсі» туралы: «Ол жамандық істеп қойса, неге істедің деп жазғыратын, ал жақсылық жасаса, неге көбірек істемейсін деп сөгетін нәфсі» деген түсінік берген.3 Жаны жай тапқан нәпсі. Құран кәримде «Әй жай тапқан нәпсі! Сен Раббыңнан разы болған, Раббың саған разы болған жағдайда оның алдына қайт. Менің (абзал) құлдарымның қа-тарына қосыл. Жұмағыма кір» Фәжір с. 27-30 а. Аллаһ елшісі, Алладан: «Аллам, мен Сенен жәй тапқан, Сенімен кездесетін күнге иман еткен, тағдырға риза болған, бергеніңе қанағат еткен нәпсі сұраймын»-дұғасы мен тілек тілеңдер деп үйреткен.

РАЗЫ БОЛҒАН НӘФСІ

Екі жүзділерден басқа құдайдан шын жүрегі мен қорыққан, иманның бес парызын орындайтындар, ниетінің, амалының харамға, күнәға апармайтынын ой елегінен өткізіп, сауапты амал болса ғана іске асырады да, іске асқаны шариғатқа қайшы келмеді ме, деген ойда, болады. Бұны Құранда «разы болған нәфсі» деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Үмметімнің екі жаман мінезге тап болуларынан қорқамын: «Олар нәпсіге бағыну және өлімді ұмытып, дүниелік нәрсенің артынан жүгіру» хадисі, нәфсідегі сезімдер, мінез түсінігінде де топтасқанын білдіреді. «Мінез Нәфсіге мықтап орналасқан қалып. Демек, мінез нәфсінің ішкі қалып (күйі) мен бейнесі» (Имам Ғазали). Осыдан мінезді танып, тәрбелеу, нәфсі тәрбиесі мен бір түсінікке саяды. Мінездің мағнасын түсіну үшін мына төрт жайтқа көңіл аудару керек. 1-жақсы не жаман әрекет жасауға ниеттену; 2-жақсы не жаман әрекетті іске асыру шамасы;  3-жақсы не жаман мінезден хабардар болу яғни білуі; 4-нәфсінің үнемі жақсылыққа не жамандыққа жақын болуы; немесе жақсылықты не жаманыдықты жеңіл орындауы. Мінездің негізі: білім, ашу және шауһат-құмарлық күштері мен, үшеуінің арсында тұратын әділдік күші. Әділдік күші, ашу шауһат-құмарлық, білім күштерін ақыл мен шариғат шеңбері аясында ұстауды білдіреді. Әділдік, ақылдың шешімін орындататын тұлға деп таныса болады. Білім күшінің қасиеті ақ пен қараны, хадал мен харамды, жақсы мен жаманды ажырата білуімен өлшенеді. Ашу күшінің игілігі, ашу-ызаны ақыл мен тежеу және баса білуінеде. Ашу күшінің әділ болуынан батырлақ қасиеті туады. Мөлшерінен асуы, ашушаңдыққа әкеліп, ашу қысқан сәтте, естен айрып, қалмысқа: жазықсыз адам өлтіруге, қинауға, зорлауға себепкер.Төмендеуі қорқақтыққа әкеледі.  Шауһат-құмарлық күштерінің көркемдігі ақыл мен шариғат шеңберінің аясынан асып кетпеуі мен танылады. Ол тежелмесе тойымсыздық, ашкөздік, харам жолмен табыс табуға жетелейді. Барлық жаратылыстың екі шеті болатыны сыяқты, ақылдың да, мінездің де, әділдіктен басқасында жоғарғы төменгі дәңгейлері бар. Әділдікке қарама-қарсылық-зұлымдық. (25б) (Егер әділдік қасиеті орта деңгейден жоғары не төмендеп кетсе, онда іштарлық, ашкөздік, немқұрайдылық, әзілқойлық, жағымпаздық қызғаншақтық мінездері қалыптасады 27б.) Жоғарғы дәңгейлі сезім жақсылықтан гөрі жаманшылыққа, ал төменгісі немқұрайдылық тудырады. Сондықтан әрқашан орта деңгейде ұстау ләзім. Ақыл орта шегінен асса, айлакерлікке, алдау мен арбауға көшеді. Ал оған немқұрайды қарау ақылсыдыққа әкеледі. Бұдан сақтанудың жолы тек, ақылды тәрбиелі біліммен тұрақты толықтыру. Білімнің, халыққа пайдалы болуы, алдымен тәрбиелігінде: кішіпейіл, жақсылыққа да, жаманшылыққа да жақсылықпен жауап беретіндей сабырлы, білгенін бауырына көркем мінезбен жеткізетіндей дәрежеде болуы. Асқан ойшыл Әл Фараби: «Тәрбиесіз білім у мен тең» деген. Тәрбиесіз білім иесі, өзінің пайдасы жолында адамгершілікті жоғалтып, басқаға зиянын тигізеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Ізгілік деген көркем мінез-құлық. Ал күнә-дүниеңді мазалаған әрі ел-жұрт білмесін деген ісің», Мінездің орта дәрежесі «Көркем мінез»-деген. Пайғамбар (с.ғ.с.) мінезі жөнінде Құранның Қалам с.4. а. «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»-деген. Пайғамбар (с.ғ.с.) көркем мінез жайында сұраған адамға, «Кешірім жолын ұстан, жақсылықты әмір ет»,-де-ген Ағраф с.199а. оқығаннан кейін: «Көркем мінез, қатынасты үзген адам мен байланысты орнату, сенен қызғанып бермеген адамға, сенің беруің және саған зұлымдық қылған адамға кешірімді болу» деп. Екінші біреудің: «Ей Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Дін дегеніміз не?»деп, екі рет сұраған сұрағына, екі ретінде де «Көркем мінез»-деп жауап берген. Әлгі, артына өтіп: үшінші рет «Ей Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Дін дегеніміз не?»-деп сұрағанда, «Сен түсінбейсін бе? Сенің ашуға берілмеуің» деген. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Мен көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін келдім», «Адамды жаннатқа жетелейтін, оның көркем мінезі, ал тілі, тозаққа апарады» деп, көркем мінездің адам өміріндегі ерекше орнын, жұмаққа жол, көркем мінез арқалы екенін білдірген. «Айша анамыз (р.а) «Алла елшісінің (с.ғ.с.) мінезі-Құран еді»-дегенінен, қасиетті Құран Кәрімнің аяттары және Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистері ең көркем тәрбиеші екенін білеміз. Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) «Көркем мінез үш қасиетпен келеді: харамнан аулақ болу, халалды талап қылу және отбасына кең пейілді болу» деп түсіндірген. Нәфсіде: ішіп-жеу, ұйқтау, қызғану-көреалмаушылық, қызығушылық, паңдық және зина сезімдері бар Осы амалдарды тәрбілеу жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Алланың елшісі (с.ғ.с.) хадистері не дегенін саралайық. Құранда: «Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығынды Алла тағала ысырап қылушыларды сүймейді», «Жама-ндықтардың ашық, жасырын болғанына да жақындамаңдар» Әнғам с.151.а. Пайғамбары (с.ғ.с.): «Ешбір адам үш нәрседен: жорамалдау мен күдікті ойдан, қызғаныштан құтыла алмайды», «Үмметімнің екі жаман мінезге тап болуларынан қорқамын. Олар: нәфсіге бағыну және өлімді ұмытып, дүниелік нәрсенің артынан жүгіру», «Нәпсісіне бағынған адам адасады. Оның жатсада, тұрсада жолдасы шайтан болады». Санада, тәкәппарлық-паңдық, қызығушылық, және қызғаныш, көреалмаушылық, зына сезімдері болса, бұлардың қатысуымен іске асатын амалдан өте сақ болған абзал. Бақара с. 34а. «Біз періштелерге, Адамға (а.с.) сәжде етіуді әмір еткенімізде, олар сәжде етті. Тек Ібіліс қана бас тартты, тәкаппарланды және кәпірлерден болды», Ағраф с.12.а. Аллаһ Ібілістен: «мен әмір еткенде, сені сәжде етуден не тыйды?» деп сұрағанда. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деп, паңданғандықтан лағынетке ұшырады. Лұқман с.18а. «Адамдарға паңданып қырын қарама және тәкаппарланып жүрме. Шынында Алла дандайсыған мақтаншақтарды сүймейді» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Даңқ Аллаһтың киімі.Тәккәпарлық-шапаны. Аллаһ айтады: «Кімде-кім Менімен осы нәрседе таласса оны азаптаймын». Тағы да Аллаһ айтады: «Менмендік шапаным, Ұлылық киімім. Кімде-кім осы екеуінің біріне байланысты Менімен таласса, оны тозаққа лақтырамын», «Сендерге отта болатындардан хабар берейін бе? Олар:«барлық дөрекі, сараң, және өркөкірек, тәккәпарлар» деген хадистері мен Құдси хадисте: «Байлықты қанағатқа жасырдым, оны малдың көптігінен іздейді, оны қайдан тапсын», «Рақатты жұмаққа жасырдым, адамдар оны дүниеден іздейді, оны қайдан тапсын» деп, барға, атаққа мастанбай, «Алланың берген нығыметі» деп шүкіршілік пен қанағаттанып, ырзалық қылу. Өзіңнен байлығы артықтарға санаңда қызғаныш пен қызығушылық туындап, Алланың бергеніне азсынсаң, сенен де, ден саулығымен мал-мүлкі төмен талайлар барлығына, назар аударып тәкәппрлық пен қызғанышты жадыңнан аластат. «Адам баласының мыналардан басқа еш нәрсеге қақысы жоқ: тұрғын үй, денесін жабатын киім және қара нан мен су», «Нағыз байлық дүниенің ағыл тегіл көптігі емес. Нағыз байлық жан сарайының байлығы» хадистерін естен шығармау. Мына оқиға бұған мысал; Бай, бала-шағалы би, қарсы жақтың кедей, баласыз бимен дау алаңында, кездесіп, өзінің малы мен басының баршылығын қарсыласының есіне салып: «Жалғызбын деп жалтақтамай, жарлымын деп жалпақтамай қарпып, қарпып сөйлеп отыр»-деп сөз кезегін қарсыласына бергенде, екіші би: «Ей не дейсің. Маған берем десе, Алланаң баласы мен байлығы жоқ па? Балаң көп болса, шошқа сегіз табады, сол шығарсын, малың кеп болса Қарымбайдай шығарсың. Сенің балаң мен малыңды аламын десе Құдайдың пәлесі жоқпа?» дегенде, Бай, балалы би жеңілгенін мойындап, жақтастарына «айтқанын орындаңдар» депті. Пенденің тәкаппарлықтан құтылатын бірден бір жолы, өзінің Алланың шарасыз құлы, екенін мойындап, жеткен жетістіктерінің барлығы Алланың сынақ үшін бергені екенін, Алла тағала, ертең ақырет күні нығметтерін қалай пайдаланғанын сұрайтынын әр уақытта естен шығамау. Дүниенің көптігіне, лауазымның жоғарылығына дандайсу, өзін басқадан артық санау жаһаннамға, ал, Алланың бергеніне, шүкірлік қылу, Одан нәфсісін жамандықтан сақтауды үнемі дұғамен шын жүректен тілек тілеу, жаннатқа апаратын жол екенін есте сақтау. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Я Аллаһ! Үрейі жоқ жүректен, қабыл болмайтын тілектен, тойым білмейтін нәфсіден, пайдасы жоқ ғылымнан сақта», «Мені көзді ашып жұмғанша нәфсім мен оңаша қалдырма, жетегіне ергізбе», «Үмметімнің екі жаман мінезге тап болуларынан қорқамын. Олар нәпсіге бағыну және өлімді ұмытып, дүниелік нәрсенің артынан жүгіру», «Бұлдүниеге қызықпа, сонда сені Алла жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерге қызықпа, сонда сені адамдар жақсы көретін болады» және «Нәфсісіне бағынған адам адасады. Оның жатсада, тұрсада жолдасы шайтан болады», «Нәфсісін жамандықтан арылтқан адам жарылқанады, ал жамандыққа салып жіберген адам зиянға ұшырайды» деп, қызығушылық күнәға әкелетінін білдірген. Адам а.с, Алланың жеме деген жемісін шайтан лағнаттың азғыруымен, бір сәттік қызығушылыққа беріліп, жеп, жаза басудан Хауа анамызбен жаннаттан қуылды. Үш ғасыр бірін-бірі көрмей, дұғамен жаратушыдан кешірім тілеп, Алланың кешіріміне бөленді. Біз әр қадамымыз күнәлі іс болған пенде осыдан ғибрат алып, дұамен Алладан, нәфсінің қызығушылығынан сақтауды тілейік. Пенде бойындағы қызғаныш сезімін дер кезінде тұншықтырмаса, зор күнәға апарады. Адам (а.с.) балалары: Әбіл, Аллаға, мүлкінің ең тәуірін құрбандыққа атады да, құрбаны қабыл болды. Мүлқінің ең нашарын атаған Қабылдың, құрбанын қабылданбады. Құрбанының қабылданбауы, өзінің ашкөздігі екенін ескермей Қабыл, бауыры Әбілдің құрбаны қабыл болғанын қызғанды, Батыр Баян, жанындай жақсы көретін жалғыз інісі Нояннан қалмақ қызын қызғанып, өлтіріп олар күнәға батты. Ізгі амалдың ойдағыдай орындалмауына, өзгені кіналамай, себепті өзіміздің амалымыздан іздеп, кемшілікті түзететін іс атқарсақ кәні. Жаратылыстың бәрі, оның ішінде адамзат бірін-бірі, сүйіспеншілікпен қадірлесе, нәфсіде ашу-ызаға, қастандыққа орын қалмайды.

ҚАНАҒАТСЫЗ ЖАЛҒЫЗ АТЫН СОЙҒЫЗАР

«Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла тағала ысырап қылушыларды сүймейді» Ағрап с. 31. а. Құдси хадисте: -Абыройды бағыну мен тақуалыққа жасырдым, адамдар оны басшылықтың табалдырығынан іздейді, оны қайдан тапсын. -Мен ілімді аштыққа жасырдым, адамдар қарны тоқтықтан іздейді оны қайдан тапсын», «Адам баласының мыналардан ба-сқа еш нәрсеге хақысы жоқ: тұрғын үй, денесін жабатын киім және қара нан мен су»-хадисі мен Айша анамыз (р.а.) :«Мұхаммед (с.ғ.с.) о дүниелік болғанға дейін оның от басы екі күн бойы арпа нанына да жарыған жоқ-ты»-десе, Нұғыман ибн Бәшір (р.а.): «Мен пайғамбарларыңның (с.ғ.с.) кей кездері жүрек жалғау үшін бір түйір нашар құрманы да таба алма-ғанына куә болдым»-деген. Бабаларымыз «Ас адамның арқауы»-деп, бейне, жанды сақтаушысы ретінде өмір сүруіне ас-пен ұйқы қажеттігін ескертумен, қатар оның асқа қажеттілігін дұрыс өтеуге үлкен мағына берген. Асты мөлшерден тым аз ішу, бейнені жүдетіп әлсідікке, сырқатты тез қабылдауына әкелсе, көп ішу мен ұйқы немқұрайлыққа, енжарлыққа, бойкүйездікке, тойымсыздыққа (көп ішкен астан, ұлтабар созылып, кеңейіп, өзін толтыруға күннен-күнге тамақты көп тілейді) және семіздікке (семіздік көптеген ауруға себеп), әкеледі. Кәзіргі медицинаның проблемасының бірі семіздіктің алдын алу. Ас ішудің әдебі туралы Пайғамбар (с.ғ.с.): «Адам баласы еш уақытта асқазаннан өткен жаман ыдысты лықа толтырған емес. Негізінде, адам баласына белін түзеп, әлденуі үшін аз ғана дәм тұз (азық) жеткілікті. Егер міндетті түрде ішіп, жеу керек болса, (асқазанның) үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға және үштен бірін ауаға арнасын»-десе, Халқымыз: «Тарта жесең тай қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең нең қалар», «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар», «Ауру астан»-деп қомағайлықтан, дүниеқұмарлықтан сақтандырған. Бұнымен қатар артық ішілген ас ысырап. Ысырап харам. «Өздеріңе өздерің өлім тілемеңдер»    Құмарлық, (дүниеге, ұтыс ойындарына, некесіз-төсек қатынасы, зинаға) «Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек сән ғана. Өзара мақтану, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейту жарысы. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе емес». Халид с.20 а. «Дүние күйбеңі сендерді алдап қоймасын» Фатыр с.5.а, «Үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігі мен байытқанға дейін (күнәлі істерден) өздерін таза ұстасын». Нұр с.33.а. Құдси хадис: -Мен ілімді аштыққа жасырдым, адамдар қарын тоқтықтан іздейді оны қайдан тапсын». «Расында әр үмбеттің бүлігі бар, менің үмбетімнің бүлігі байлық болады» хадистері байлық, дұрыс жолға жұмсамаса, күнәға себепкерлігін ескерткен.Дүниеқұмар, қанағатсыздар, Алланың бергеніне шүкіршілік қылмаушылар, харам табыс: ұрлыққа, пара алап, пара беруге, ұтамын үмітімен ақша салып ұтыс ойынын ойнауға әуестенеді. Аса мейрімді Алла, кісі ақысын жегеннің күнәсін, жәбірленуші кешірмейінше кешірмейді. Таңдамахшар күні, жәбірленушіге ұрының сауабынан сауап алып береді, егер сауабы болмаса, жәбірленушінің күнәсін азайтып ұрының күнәсіна қосады. Ұтыс ойнын ұйымдастырушы, біраз күн ойыншы, ойнынға құмартқанша ұтылып, кейін ұта бастайды.Ақшасы таусылғанға «мейрімділік» танытып қарыз беріп, берешекке белшесінен батырады. Бұдан кейін ойыншы еркінен айрылып, мақсаты қандай жолмен болса да ақша тауып, ойын ойнап, ұтылғанын қайтару болады да, күнәдан бас тартпайтын жағдайға жетеді. Әйелінің айтуынша, мал-мүлкіннен тегіс құмар ойынға ұтылған ері, қарыз алудың соңғы мүмкіндігі әйелін кепілге беріп, одан алған ақшаны да ұтқызған.

ПАРАҚОРЛЫҚ – ӘДІЛДІК, ИМАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ АР-ҰЯТТЫҢ ЖАУЫ

Пайда табудың тараған түрі пара. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Пара алған адамды, пара бергенді, және ортадағы делдалды Алланың қарғысы атсын»-деген. Парақорлық жайлаған елде әділдік, имандылық және ар-ұят, жоғалады. «Параны берген де, алған да отқа күйеді». Параның жан түршіктірер қасіреті, пара жайлаған елде байлар мен билік басындағылардан басқа көпшіліктің санасына билікке, заңға сенімсіздік ұялаттырады. Алла Тағала биік дәрежелі Расулының бірі – Исаға (ғ.с.): «Ей, Иса! Әуелі өзіңнің нәпсіңе насихат ет! Егер нәпсің тура жолға келсе, басқаларға айт! Болмаса өз нәпсіңе ие болмай тұрып басқаға насихат етуден ұял!»-деп ескерту жіберген.  Ұлық имам Әбу Ханифадан құл: «Ұстаз келес жұмада құл азат етудің пайдасы жайлы уағыз айтсаңыз»-деп сұрады. Абу Ханифа «Мақұл сенің дегенің болсын»-деп келіседі.Тек үшінші жұмада ғана имам Ағзам құлды азат ету және оның маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да әсерлі уағыз айтады. Жұма хұфтасынан соң әлгі құлдың қожайыны келіп «Ұстаз куә болыңыз Аллаһ разылығы үшін құлымды азат еттім» дейді. Бостандық алған құл имам Ағзамға келіп рахмет айтып, таңғалыспен: «Ұстаз, екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз» деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Ол күні құл, сатып алып, азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп ақша жинадым. Базардан құл сатып алып оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып басқаға айтсам, ешқендай әсері болмас еді»-депті. Бұдан алатын ғибадат, биліктегілер, заңның орындалуын қадағалайтындар алдымен өздері нәфсісін тазартып, параға жоламай, оның зияны жөнінде уағыз айтса оның әсері анағұрлым тиімді болар еді.

«ЗИНАҒА ЖАҚЫНДАМАҢДАР»

Ауыр күнәлардың бірі – зина. «Зинаға жақындамаңдар» Исра с.132а. «Үйлене алмағандар, Алла Өз кеңшілігмен байытқана дейін, өздерін таза ұстасын» Нұр с.33а. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Алла тағала үшін серік қосудан кейін, зинадан асқан ауыр күнә жоқ»-десе әйгілі төрт халифаның бірі Әли ибн Әбу Тәлиб (р.а.) «Ең қорқынышты жәйт – нәфсіге ие болмау. Нәфсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан алыстатып, ақыретті ұмыттырады»-деген. Зина, тек жеке адамның ғана бақытына балта шауып, отбасының керегесін шайқалтып, шаңырағын ортасына түсіретін кесапат емес. Отанын ойрандайтын қасірет. Толық отбасы болмаған үйде жанжақты тәрбиеленген ұрпақ өсіп, жетілуі екіталай. Жас жеткіншек үшін әкенің де ананың да тәрбиесі ауадай қажет. Екеуінің бірі болмаған үйдің балаларының тәрбиесі біржақты: еркек тәрбиелеген қыздар, еркек шора, биязылықтан хабарсыз болса, тек әйелдердің тәрбиесінде болған еркек балардың бойынан ер азаматқа лайық қасиеттер табылуы қиын. Бұндай тәрбемен өскен ұрпақ өмір бойы опық жеп, отбасын, отанын ардақтайтын азамат пен азаматшалар өсуінің мүмкіндігі аз. Қиямет күні жаратушсының жүзін көруді, жаннатқа кіруден үміттілер зинаның кесапатын үнемі есінен шығармай, зинадан жырақ жүреді.

«Күпірліктерін жалғастыру себебімен Аллаһ олардың жүрек терін мөрлеген». (Ниса с.155а.) «Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, сол адамның жүреген исламға айқара ашады». Әнғам с. 125а, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Абай болыңдар! Адамдардың денесінде бір кесекет бар. Егер ол жақсарса, бүкіл дене жақса-рады, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Сақ болыңдар! Ол Жүрек»-дейді. (Бухари, иман, 39) «Жүрегінде зәредей иманы болған адам тозақтан шығады.(Тирмизи Сыфату жәһаннам, 10) «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппрлық болған кісі жәннатқа кірмейді».(Муслим). Расулуллаһ (с.ғ.с):«Хақ тағала: «Аллаһ тағаладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі»,-деп шын жүректен куәлік еткен адамды тозақ үшін харам етеді»-деді. Дененің әрбір мүшесі арнайы бір іс атқару үшін жаратылғандықтан, жүрек; білім алып, Алланы сүйіп, Оның әмір-лерін орындап, оны зікір етіп ләззат алу үшін жаратылған. Адамның Алланы танып оған қалтқысыз тағат ғибадат етуде жүректің орны өте жоғары. Осы міндеттерін мүлтіксіз орындауға тек сау жүрек ғана қауқарлы. Оның сырқатының негізгілері:-дүниені сүю, ғибадатты сырт көз үшін рия амалдар жасау, қызығушылық-қүмарлыққа әуестену, нәфсінің жетегіне еру. Сау жүрек, тән құмарлығын әруақытта орта дәрежеде ұстап, жағымсыз іске күйініп, ізгілікке қуанады, басқаға жасаған жақсылығына ләззаттанады. Сауданы кәсіп қылған, Ұлық имам Абу Ханифаға бір адам келіп, «керуеніңді қарақшылар тонапты»-дегенде, аздан соң, «Әлхамдулиллаһ»-депті. Ол қайта келіп, «жаңағы жаңсақ хабар болды. Керуенің аман, жолда келеді» дегенге де, сәл кідіріп  қайтадан «Әлхамдулиллаһ»-депі. «Керуен тоналды дегенге де, «Әлхамдулиллаһ», керуен аман, жолда деген жақсы хабарға да «Әлхамдулиллаһ»-дедіңіз, осының себебі не»-деген хабаршының сұрағына, Әбу Ханифа, бірінші нашар хабар естігенде, аз отырып, жүрегімді тыңдадым. Жүрегім, реніш білдірмеді, сол үшін «Әлхамдулиллаһ»-дедім. Ол жағымды хабарға да, қуанбаған соң, дүниеге байланбағанына қуанып «Әлхамдулиллаһ»-деп, Аллаға шүкішілік қылдым. Әрбір күнә, жүрекке қара дақ салса, жақсы амал, дақты өшіреді. Мінезі нашарлар мен, күнәға жақындарды халық «Қара жүрк» атаған. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.):«(Жалған дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе алыңдар»  Хадисімен, тіріге, Аллаһтың алдына қайтатындығын, дүние қызығының уақытша алдамшылығын санаға сіңіретін, мәңгі өмірге дайындықтың керектігін ойға салатын, ажалдың, нәфсі тәрбиесінде атқарар орны өте зор екендігін ескерткен.  Нәфсіні тәрбелеуге бет бұрғандар үшін: білімді ұстаздан дәріс алу, адал, шыншыл әрі діндармен дос болу, нәфсі  кемшілгін көзіңе айтатын дұшпанның сынын ақылға салып саралау, адамдармен араласып, олардан байқалған нашар ісәрекетті санаға тоқып, мұндай әрекетке бармау. Нәфсіні қадағалап, теріс мінездерден арылуға әдеттену, нәфсі тәрбиесінің бұлағы десе болар. Жоғарыдаға аяттар мен хадистерден, халық даналығынан түсінетініміз, жүректі кірлейтпей, нәфсіні ақылға тұтқын қылып, орта деңгейде ұстауға дағдыланып, Алланың жарылқауынан үмітімізді үзбеу. Аллаһ бәрімізге көркем мінезбен, тәрбиелі нәфсіні нәсіп етсін. Әмин.

Ауданбай қажы АХМЕТЖАНҰЛЫ, Астана

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button