Ясауи мұрасы

Сүлеймен Бақырғани

Ақырзаман

Қараһандықтар билігі тұсында өмір сүрген ақындардың бірі — Сүлеймен Бақырғани. Заманында «Хакім ата» лақабымен танымал болган ол  (1091-1186 жж.) бүгінгі Қарақалпақ жеріндегі Бақырған кентінде дүниге келген. Бар ғұмырын Хақ жолына арнаган ақын түркі сөз өнерінің дамуы на өз үлесін қосты. Оның қаламынан жүзден аса даналық сөз, сондай-ақ «Ақырзаман», «Миғражнама», «Исмайыл қиссасы», «Бибі Мәриям», «Жарты алма» секілді дастандар дүниеге келген.

Бақырғани мұрасын әр жылдары Ф.Көпрүлү, Н.Маллаев, К.Ераслан, И.Хаққұлов, С.Рафиддинов, Х.Сүйінішәлиев, Б.Кенжебаев, Н.Келімбетов, Т.Қыдыр секілдіғгалымдар зерттеп, ақын шығармаларының көркемдік  ерекшелігі мен оның түркі халықтары тарихындагы мәдени құндылығы  туралы өз пікірлерін білдірген.

Ақын шығармалары кезінде көп тарағандықтан да, ақын мұрасын бү гінде әлемнің көптеген кітапханаларынан кездестіруге болады. Бақырғани шығармаларын толық қамтитын ең үлкен қолжазбалардың бірі ҚРҰлттық  кітапханасының қолжазбалар бөлімінде сақталғанын ерекше атап өткен жөн.

Біздің заманымызга дейін кәтіптердің көшірген қолжазбалары арқылы жеткен ақын мұрасын жариялау XIX ғасырдың орта тұсынан бастап мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінде қа- дим әліппесімен басылған Бақырғани шығармалары жалпы көлемі он алты рет жарық көрді. Кешегі Кеңес заманында түркі халықтарының әдебиет тарихына  қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзін ділер жарияланды. ХІХ-ХХ ғасырларда басылған литографиялық ескі кі- таптар негізінде Ташкент (1991 ж.) пен Қазанда (2000 ж.) қайта басылды. Сондай-ақ, Бақырғанидың бірнеше хикметтері Б.Сағындықов, Р.Ахметов,

Н.Мәтбек және Т.Қыдыр тарапынан қазақшага тәржімаланып, жарық көрді.

Бақырғани «Миғражнама», «Исмайыл қиссасы» секілді дастандары арқылы Ислам дінінің асыл қасиеттерін жырласа, «Ақырзаман» даста нында қиямет қайымның соңғы белгілері мен ондагы азаптарды өлең сөзбен өрнектеді. «Жарты алма» қиссасы арқылы Имам Ағзам Әбу Ханифа ның өнегелі өмірінен сыр шертеді.

СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ

Ақырзаман

Жерді қалай жаратса, айды да солай,

Айды қалай жаратса, күнді де солай,

Әнбие-мүрсәлдардың бәрі де солай,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Заман ақыр болса, нелер болар,

Ғалымдар шағыр ішіп, зина қылар,

Дүниеге түрлі-түрлі пәле толар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Хақ жадын айтпағандар «Алла» демей,

Ғалымдар ғылымын есітіп жалған дегей,

Басына ажал оғын келмес дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Ер мен әйел харабат1та шағыр2 ішкей,

Білер екен, білмес секілді істер істей,

Кекірейер аспаннан жерге түспей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мешіт, михраб, медреселер бос қалады,

Діндар жандар керексіз боп аш қалады,

Залымдар мазлұмдарға бас салады,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Сараңдар қанағатсыздықтан ашкөз болар,

Құран үнін есітісе құлақ жабар,

Кәпірлік нышанасы үшбу болар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Заман ақыр болғанда пейіл азғай,

Мүміндердің үл-қызы тұтқын болғай,

Залымдар ұялмастан «пендем» дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Дажжал малғұн шығып-ап Румға келер,

Сексен мың жөйт, тарса3 да жиналып жүрер,

Мәді шықты деп Дажжал хабар берер,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Дажжал малғұн Хорасанға сапар қылар,

Ислам білмес надандар қуанышты болар,

Мұсылмандар Мәді үшін сүйеніш болар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мәді барып Бағдад жаққа ұрыс қылар,

Күн тұтылып, шаң көтеріліп, айқай шығар,

Мұхаммед үмбеттерін нала қылар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мәді қашып Мекке жаққа сапар қылар,

Мұхаммед раузасына жүзін салар,

Раузадан дауыс шығып Иса дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар….

 

…Исрафил пәрменімен сүргін болар

Жер-көктегі барша тірі жан жойылар,

Мәңгілік Жаратқанның өзі қалар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Қырық жылдан соң Исрафилді тірілтеді,

Екінші сүргінді сап жүтінтеді,

Пенделерін жер жүзіне қаптатады,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Жаратушым қазы болып һәм отырар,

Мұхаммед шапағатқа келіп тұрар,

Періштелер мен пайғамбарлардың зәресі ұшар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Жебірейіл періштелерді бастап келгей,

Сүйенішіміз, йә, Мұхаммед, сенсің дегей,

Хақ қасында сенен өзге жоқ-дүр дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Ол атамыз Адам өзі жылап келгей,

Мұса Кәлім мүрсәлдарды алып келгей,

Мұхаммедтің мойнын құшып бауырым дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед ілімін тігіп тұрар,

Махшардың барлық жұрты келіп жылар,

Ол Мұхаммедке жүгініп арыз қылар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Періште, пайғамбарлар тына қалар,

Батылы жетіп сөз айта алмай тұрады олар,

Мұхаммед «Алла» деп Жаратқанды атар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Жаратқаннан үн келер «досым» деген,

Бейнамаз, шарапқорлар қасым деген,

Дәл сондай дұшпандардан шошын деген,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Шарап ішіп, шайтан бірлән үлпәт қылған,

Бес уакыт намаз пәрменіне құжат қылған,

Менмендікте мың бірлән дау қылған,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Дауыс есітіп Мұхаммед қарап баққай,

Өтінуден жүздерінен терлер аққай,

«Үмбеттерім ғафу қылғын, Жаратқан!» дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Жаратушы айбатымен үкім етті,

Барша ол сираттан өткін деді,

Барша ол махшар халқын көргін деді,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед махшар халқын бастап барар,

Сиратты көріп одан ғибрат алар,

Үмбеттерім халі мүшкіл болды дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Зәбәния халайықты көріп тұрар,

Қолдарында оттан күрзі ұстап бұлар,

Мұхаммед деп махшар халқы айқай салар,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед айқай үнін есітіп демде,

Үмбеттерім халі мүшкіл болды дегей,

Қолына аса алып жүгіріп келгей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Зәбәнияға Расул сол мезет айбат қылар,

Тамұқ отын көріп жұрт шошып тұрар,

Үмбеттерім күйдірмегін жалын дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұса Кәлім қойып оны онда барар,

Мұхаммедке келіп ап насихат айтар,

Үшбу айбат күні бүгін сақтан дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед сәна айтып әуре болар,

Мұса Кәлім: «Раббым» деп дұға қылар,

Шәдиярлар баршасы «әмин» дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Жаратқаннан үн келер «досым» деген,

Он сегіз мың әлем мақтанышы сенсің ерен,

Үкімің сенің енді болсын деген,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Үмбетіне тамұқты харам еттім дейді,

Райхан атты бостандарды бердім дейді,

Азат қылғын көңіліңді досым дейді,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед құзыретінен сүйініп шығар,

Мұса Кәлім қолдас болып бірге түрар,

Хақ қасында сенен өзге жоқ-дүр дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұса Кәлім отырып үндеу айтар,

Қамұқ ол махшар халқы келіп байқар,

Мұхаммедке ілтипаттар болды дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Махшар халқы қуанышты болар,

Атамыз Адам өзі жылап алар,

Мұхаммедтің мойнын құшып ұлым дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Әбу Жәһіл оттан тондар киіп келер,

Мұхаммедтің құзыретіне келіп енер,

Шапағатты аяма қылма туысым дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Білместіктен саған қарсы болдым дейді,

Тамұқ ішінде азаптарды көрдім дейді,

Сенен ілтипат бүгін мені қойғын дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Әбу Тәліп, Абдулла жетіп келер,

Әмина Мұхаммедтің жүзін өбер,

Тоғыз ай он күн көтердім ұлым дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед анасына тағзым қылар,

Анасын кұшып ап һәм жылар,

Кішкентайымда сенен жетім қалдым дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед Абдуллаға әкем деп жақын барды

Мұхиб жандар көрісіп ап мауқын басты,

Періште, пайғамбарлар қуанышты болғай,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед махшар халқын бастап келер,

Хордағы барша ғилман4 қарсы келер,

Жаратқанымнан кеңшілік болды дегей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Мұхаммед атам-анам келгін дейді,

Барша ол үмбеттерім жүргін дейді,

Райхан атты бостандарды бердім дейді,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

 

Құл Сүлеймен тағат етіп, өтініш қылар,

Жаратқан рахмет саған нәсіп қылар,

Ахырет аспабын  құра бергей,

Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.

1-Құлшылық жасайтын жер.

2-ішімдік

3-Басқа діндегілер

4-Жұмақтағы қызметшілер

Дәстүрлі ислам жауһарлары жинағынан. Орта ғасырларда (Х-ХҮІ ғ.ғ) жазылған діни еңбектер мен шығармалардан үзінділер жинағы. –Астана, «Таңбалы» баспасы, 2016 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Түркі жазба ескерткіштерін түпнұсқадан аударған және ғылыми  түсініктерін жазып, баспаға дайындаған Төрәлі Қыдыр. филология ғылымдарының кандидаты

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button