Жарық нұрдың сәулесі

Смат (Сматолла) ата ұрпақтары

Қызылорда облысы Сырдария ауданы  Шаған ауылындағы Хорасан Ата ұрпақтары

Мұхаммед  Пайғамбардың  (с.ғ.с)  немере  інісі, әрі  күйеу  баласы  Әзіреті  Әлінің әйелі  Ханафия  (Әнипа)  анамыздан  туылған  Мұхаммад-Ханафия  бабамыздың  7-ші  ұрпағы  Әбді  Жәлел  баб  Абдрахман  ұлының (Хорасан ата)  екі  баласы  болған  – Хусейн  ата (Үсейін), Ибрахим  сопы  Хусейн  қожадан  тарағандар  (Хорасан  қожалар  әулеті)

Хусейн  қожаның  22-ұрпағы  Сейт  Құдайқұл  Сейт  Сүлейменқожаұлы  (Пірқұдайқұлқожа).

Пірқұдайқұлқожадан –  Усман  қожа-  Сабырхан  – Сайырхан – Зикри – Яхия-  Увайда – Шаһидтемір (Сәтемір) – Ұлқожа, Есмұхаммед  (Естем), Оспан.

Оспан– Мәмбет.

Мәмбет- Ахметқожа, Жолдықожа, Бәйтен, Бахрам, Сейтқожа.

Ахметқожа–Хадша, Айша, Смат (Сматолла).

Жолдықожа  – Жансейіт, Қасымсейіт, Омарсейіт, Бексейіт, Нұрбибі.

Бәйтен – Өткелбай, Өтеген. Маржанкүл, Шәрігүл.

Өткелбай – Айтқожа (Айтан)

Өтеген – Рүстем, Татьяна (Қызылорда қаласында тұрады).

Бахрам  ата ұрпағын Алматы облысынан

іздестіру  қажет.

Сейтқожа  ата  – жалған дүниеге  сыймай, мекен тұрағына  тұрақтай алмай, қысы- жазы жалаң аяқ, баратын жеріне  арақашықтығының  алыс- жақынына  қарамай, қас қағым уақытта  жетіп баратын кісі  болған, көзімен  көрген  кісілердің  айтуынша,  Мен бұл  жағдайларды  нағашы әжем (Анар) мен  нағашы көкемнен (Шенімов Айтбай) естігенмін. Атамызды  Қылыш қожа әулетінің қызына үйлендірген екен.  Бірақ  ол кісіні  жақындары  “бұл  үй  болып  жарытпас” деп  алып  кеткен. Ұрпағы  нағашыларында  өсіп, өніп  қылыш қожа болып кеткен. Қызылорда  қаласында, жаңа базар  маңында  тұрулары  мүмкін.

Ахметқожа бабамыздың қыздары  Хадша,  Айша апаларымыз  Қоғалыкөл  ауылында  тұрмыста  болған. Хадша ападан  Патыма, ол кісіден Сақыпжамал. Дәмегүл, Зейнегүл, Әбдіғаппар (Мықан Әміргалиевтер Қызылорда қаласында тұрады)- Нұрлан.

Айша (Сара) ападан  Тапалов  Қараман  аға. Ол кісінің  ұрпақтары  Қоғалыкөл  ауылында  тұрады.  Жеңгеміз Айткүл  апа өсіп- өнген ұрпағының арасында  немере, шөбере сүйген бақытты әже (дүниеден өтті).

АхметқожаСмат (Сматолла)

Смат – Дәулетназар (Қынтай), Үсен, Сейдалы. Байдалы, Дінислам, Алтынкүл.

1.Дәулетназар – Шағанбай , Серікбай, Ботакөз, Бейсенбай, Сәрсенкүл.

Шағанбай  – Бауыржан, Ақмарал, Жұлдыз, Лаура, Раушан.

Бауыржан – Аңсар

2.Үсен – Тынысхан, Күміскүл, Сералы, Ералы, Нұртай, Серіккүл, Нұрғиса, Нұрипа, Оразкүл, Орынкүл, Нұрқожа.

Тынысхан – Күнту , Айгүл.

Күнту- Дидар, Кәусар.

Сералы – 1. Қуаныш, Қызғалдақ

2.Нұрлан, Нұржан, Нұрхан

Нұрлан – Ерасыл

Нұрхан – Нұрқадыр ,Нұрасыл

Ералы – Найымкүл , Нұрдәулет

Нұрғиса – Нұрсұлтан, Әлиқожа, Нұрымжан.

Нұрқожа – Әлішер, Әлібек, Жанқожа , Айшат.

3.Сейдалы – Ажаркүл, Нұралы,Нұрлан,  Нұржан, Алмагүл, Замзагүл, Жанат, Ғалымжан,Ақжарқын ,  Алмас, Еркін.

(Ажаркүл – Гүлрайхан, Аружан)

Нұралы – Гүлдана, Нұрахат, Тоғжан.

Нұржан  – Рүстем, Айдана , Гүлфариза, Нұржігіт.

Рүстем – Нұрислам, Жәния, Дилназ, Жанкелді.

(Айдана – Мәди, Нәби),

(Алмагүл – Бағдат, Гүлдерай, Гүлраушан, Ғайнижамал).

(Зәмзагүл – Дастан, Әлихан).

(Жанат – Мақсат, Асхат).

Ғалымжан – Нұрай, Нұрдана, Дінмұхаммед.

Алмас – Айжан, Нариман, Нұраддин, Сұңғат.

4.Байдалы – Гүлзибаш, Сейітбек, Болат, Ғани, Гүлайым, Ғазиза, Марат, Бақыткүл, Мэлс, Қарашаш.

5.Дінислам – Шолпан, Айман, Жайран, Қайыржан, Айнұр.

6.(Алтын – Мырзабек,  Ляззат, Аманжол, Бауыржан, Рүстем, Ардақ, Абзал, Азиз, Айгүл).

 

1.ЖолдықожаЖансейіт – Шахар , Қантай , Базар , Мәдина , Жұмабек.

Шахар – Міңкәш , Төребек , Жорабек , Гүлжан , Жәмила.

Төребек – Гүлнәр, Шорабек, Оразбек, Бердібек, Жәнібек, Қуанышбек, Әлібек, Қайрат, Мейрамбек, Абзал.

Жорабек – Гүлнәз, Данабек, Бақыт, Гүлжихаз, Қанат, Гүлфарида, Ғалымбек, Нұрлыбек.

Қантай – Тәжібай , Кеңескүл , Бейбіткүл.

Тәжібай – Серік , Әсем, Орынбасар, Сәрсенкүл, Орынтай, Жеңісбек, Гүлнұр.

Серік – Гүлсім, Динара, Айдос.

Айдос – Әлинұр.

(Әсем – Ерлан, Нұржан).

Орынбасар – Майра, Лаура, Ұлбосын, Айнұр, Диляра.

Орынтай – Жандос, Жанерке, Әмирлан.

Жеңісбек – Руслан.

Базар – Мырзабек , Мұратбек, Жарқынбек, Жақыпбек, Жақсыбек, Серіккүл.

Мырзабек – Жанар, Ляззат, Ақылбек, Асқанбек  (жігіт кезінде қайтыс болған), Гүлзат.

Ақылбек – Назерке, Нұртөре.

(Мәдина – Асылбек, Әлібек).

Жұмабек – Шаштыгүл, Дүйсенкүл, Бейсенкүл, Айтқожа, Жұмақожа, Жұмакүл.

2.Жолдықожа Бексейіт – Сейітислам – Фатима, Мұханбет, Маханбет, Жауқазын, Жұлдызай, Қаршыға, Асқар.

ЖолдықожаНұрбибі (қызы) – Абытқожа ата ұрпақтарының Бекқожа деген кісінің жұбайы.

Бекқожа – Әбсемет, Әбсадық, Әбділла (Әнтай).

Әбсеметқызы Гаухар менің Дінислам ағамның жұбайы (дүниеден өткен).

3.Жолдықожа – Омарсейіт – Сейтжан.

Сейтжан – Гүлмира.

4.Жолдықожа – Қасымсейіт – Гүлшат, Сейітқазы (1,5 – 2 жаста бала кезде қайтыс болған), Гүлшира, Сейітжаппар, Сейітмұрат.

Сейітжаппар – Лаура, Жандос, Жасұлан.

Сейітмұрат – Айдос, Мурас, Нұртас.

 

Атам Ахметбаласы  Смат  1895  жылы  дүниеге келіп, 1961  жылы  15  қаңтард   дүниеден  өткен.

Атам  менің  әкеме (Сейдалы) «Біз  хан тұқымынанбыз, бабалар  Иран  жақтан  келуі  мүмкін » деген екен. Құранның  соңында  бабалар  рухына  бағыштағанда  Шөмішті  баб  деген  кісіге, Сәтемір  бабаға, Естем, Оспан, Құлахан, Мәмбет, т.б. бағыштайтын.

Пірқұдайқұлдан  тараймыз, екі  Оспан бар дейтін. Біріншісі Пірқұдайқұлдың  баласы, екіншісі Сәтемірдің (Шаһитемір) баласы Оспаннан Мәмбет. Мәмбеттен жоғарыда шежіреде  келтірілген бабаларым. Бұл кісілердің  Шаған  ауылына  қай уақытта, қай бабасынан  бастап келгендерін анық білмейміз.Бұл бабалардың қайдан білім алғаны, қай жерлерде  оқығандары туралы мәлімет жоқ. Үсенбай  әкем «Айдабол» қорымының  арғы жағында мешіт болған, ертіп апарып көрсетем деп жүргенінде 2008 жылы тамыз айында  87 жасында дүние салды.

Смат атам Шаған ауылының  Алаша  руының  Бөрші аталығының  пірі  болған,  солардың ортасында өсіп-өніп  туыс болып кеткен. Қиын замандарда  қожа-молдалар, имамдар қудаланып  жүрген  шақтарда  бір кісі  «ишан» айтып қалып ұсталып кете  жаздадым – деп айтады екен. Бөршінің  үлкендері  Аяпберген, Қайыпберген, Есір, Баймахан, Мекебай, Әлмахан деген кісілер: «Ол кісінің есімі Ишан деп куәлік етіп аман алып қалыпты». Жоғалардың  айтылған аталардың ұрпақтары Шаған ауылында әліде өсіп өнуде.

Смат атам сұңғақ  бойлы, тік жүретін, ашаң жүзді, көзі күлімдеп тұратын, жанары өткір, адамға тура қарамайтын кісі еді.

Атамды «мақтағанды, қошеметтегенді  жақтырмайтын, басынан кешкен зәбір-зұлымдықтарға сабырлы болған. Ешкімге салмақ салмайтын, ешкімнің көңілін қалдырмайтын, аспай-тасымай, үлкенге ізетпен, кішіге қамқор, жағымды дауыспен жәй ғана «балам» деп сөйлейтін кісі еді » деп есіне алады ол кісінің көзін көрген кісілердің бірі  атамның нағашы келіні  Қатша Әлиқожа Тереңөзек кентінде тұрады.

Атам адамдардың  ауруын тамырын ұстап болжайтын болған. Келген кісілер тек ем қонып ауруынан айығып қайтатын болған.

«Шөптерді, гүлдерді, кей шөптердің тамырларын жинап кептіріп әр түрлі дәрі жасайтын. Қан қысымы көтеріліп  келгендердің  басынан қан алған, ол ауруды «қан тасу ғой» дейтін.Адыраспанның түтінімен, құяң ауруын адыраспанның буымен емдейтін.Сүлік салатын. Сары ауруды қамыстың үпелегінен қайнатпа жасап, соны 10 күн ішкізіп емдейтін. Бұл менің көзімнің қиығымен көргендерім.

Алыс-жақын ауылдарға, аудандарға барып 1-1,5 ай жүріп бала сүндеттейтін. Атамның бір қасиеті еш мал жинамағанғ халықтан келген малын, т.б. нәрселерді  жетім-жесірге, тұрмысы нашар ағайындарға, таратып беретін. Үйде күндіз-түні  қазан асылып, емделуге келгендер, ауыл-аймақ  ішіп-жеп кенеліп жататын» деп есіне алады келіні Ұлпаш 82 жаста, ардақты әже, он бір баланың анасы, Смат атамның шаңырағының түтінін түтетіп отырған асыл ана.

Менің Смат (Сматолла) атамнан тараған ұрпақтарының өзі ұл-қыздарымен 100-ден аса жан. Олар Қызылорда облысы  Сырдария ауданы  Шаған ауылында, Тереңөзек кентінде, Қызылорда қаласында, Алматы – Талғар қалаларында тұрады.

Атам қайтқаннан кейін  ол кісінің екінші баласы  Үсенбай әкем тығылып намаз оқып жүрді (жастар намаз оқымайтын кез).Шөптерді жинап, кептіріп, дәрі жасайтын. Жақпа майлар жасап емдеп жүргенін көрдім. Шаған ауылының көршілес 5-6 ауылдың балаларын сүндеттейтін. Қазіргі ұрпақтарынан ұлдардан атамның жолын ұстағандар болмады.

Атамның үлкен баласы Дәулетназар  әкеміздің баласы Шағанбай ағам Қызылорда медициналық училищесін бітіріп, Шаған ауылдық  ауруханасында  фельдшер қызметін атқарды. «Әкемнің жолына зейнетке шыққан соң түсемін » деп жүруші еді, 50 жастан енді асқанда дүниеден өтті.

Смат баласы Байдалы  40 жасқа толған шағында  1980 жылы 19 қаңтарда  дүние салған.

Смат баласы Дінислам  Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы аграном, 75 жаста Шаған ауылында тұрады.Бұл кісіде шөптерден дәрі жасап, жақпа май жасап, көршілерін емдеп жүрген. Бірақ 50 жастан асқан шағында  көз жанарынан айырылып үйде отырып қалды.

Смат қызы Алтын апам Тереңөзек кентінде тұрады,  ол кісіде 45 жастан асқын шағында екі көзден айырылып, үйде отырып қалды.

Ауылдың  көнекөз қариялары  мен ағайындар, Тереңөзек кентінде ұзақ жылдар көз дәрігері болып қызмет еткен Нұрипа  Оралбайқызы (есімін Смат атам қойған), т.б. кісілер: «Әке жолын ұстамағаны үшін осылай болды ма?»деп болжайды.Оны бір Алла біледі!

Мен Сейдалықызы  Ажаркүл  атамның Сейдалы баласынан өрбіген немересімін. Атамның шаңырағында болғасын ол кісінің бауырында, етегіне оранып өскен жанмын. Сондықтанда осы естелікті, шежірені жазуға міндеттімін деп қолға алып едім. Өзім Алматы медицина институтының фармацевтика факультетін бітіріп, осы салада  36 жыл қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққанмын (Қызылорда қаласы).

Оқуға түсу емтиханы басталатын шақтарда Смат атам (мен ол кісіні әке дейтінмін) аян беріп, мені түсімде биік, шөбі жайқалып, гүлдері жайнап тұрған таудың басына демеп шығарды. «Әке, қорқып тұрмын деп едім, «Қорықпа!» деп еді».

Ертең диплом аламыз  деген күні түсімде (аян) үлкен қоңыр мұқабалы кітапты әкеліп тұр екен, өзі оны жеңіл ұстап тұрды, «мынаны ал» деді, мен қолыма алғанда қолым сынатындай болғасын, «әке, сосын алайын, ауыр екен» деп өзіне қайтарып беріп жатып оянып кеттім.

Тұрмыс құрғаннан соң  біраз жылдар қиналып жүрдім, бес жылдай балалы бола алмадық, сол сәттерде «Әкемді ренжітіп алдым-ау» деген ой әркез мазалайтында тұратын. «Әй, сен мені мазалап қоймадың ғой, қолыңды жай» деп айтты, Аллаға мың қата шүкір, екі қызымыз бар. 18 жыл бұрын кішкентай қызыммен жұқпалы ауру ауруханасында 5 ай жаттық. Болмағасын үйге шығарды. Анам айтты: «Өзің осындай сап-сары болғаныңда әкем қамыстың үпелегін қайнатып берген» дейді. Соны 10 күн беріп анализ тапсырғанымызда дәрігерлер таң қалды. Мен «үйге шыққан соң шығар» дей салдым.

Тереңөзек кентінде тұратын  сіңілім Сейдалықызы Замзагүл Ақтөбе медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 20 жылдай Тереңөзек аудандық ауруханасында терапевт, невропатолог қызметтерін  атқарды. Қазір Талсуаттағы  оңалту орталығында қызмет атқарады, жоғары дәрежелі  невропатолог, жолдасы Сабырда дәрігер, екеуі де денсаулық сақтау саласының үздігі белгісімен марапатталған.

Сматова Айнұр Дінисламқызы мед.колледж бітірген. Обл. мед. орталығында  дәріханада фармацевт болып қызмет жасайды.

Атам Шаған ауылының  батыс жағында орналасқан «Айдабол» қорымында жерленген. Алғашқы қам кесектен соғылған  мұнара кесенесі құлап қалған. Сол кездегі Шаған ауылының  мешітінің имамы Икрам Мұстафаұлы ағамыз менің әкеме келіп: «Кесенені қайта тұрғызу керек шығар, зиярат етушілер құлап қалыпты деп жатыр» деген соң қайта тұрғызылған.

«Көктемгі егіс уақытында «Айдабол »қорымының жанында 120 гектар егістікке күріш себейін деп жатқанбыз. Арамыздағы үлкеніміз Мәліков Өмірзақ деген механизатор  аға айтты: «Балам, барып аталарыңа құран бағыштап, рұқсат сұрап кел»деді. Мен ол кісінің сөзіне мән бермедім. Екі күн бойы үш тракторымыз бірінен соң бірі бұзыла берді. Өмірзақ аға: «Осы сен кеше құран бағыштап, рұқсат сұрадың ба?»деп сұрады. «Бармасаң осылай бұзыла бередің жұмысымыз жүрмейді» деді.Сосын атамның басына барып білетін сүрелерімді оқып рұқсат сұрап едім,техникалардың бәрі шуылдап жүріп кетті» дейді атамның шөбересі Рүстем Нұржанұлы Сматов, Шаған ауылында аграном болып қызмет жасайтын інім.

«Тектіден текті туады» деген бар ғой, арада қаншама уақыт өтседе қасиетті бабадан тараған үрім бұтағы дінге бет бұрып, әке жолын ұстанып, әкемнің жасағанын халқына жасайтын күнде туар деп сенемін.Өзіңнің өткеніңді білмей, қазіргіні бағалау мүмкін емес қой. Өзіңнің шыққан тегін біліп, атасын біліп, оны зерделеу келешек өсіп келе жатқан ұрпаққа қажет деп ойлап осы шежірені жазып шықтым. Тек шындықты жазуға тырыстым. Пендеміз ғой, кеткен қателіктер болса, әуелі Алладан, сосын  бабаларымнан кешірім өтінемін.

Қадірлі бауырларым, шежіреге ілінбей қалыппыз деп ренжімеңдер, бұл әліде толықтырылады. 2015 жылы зейнеткерлікке  шыққаннан бастап едім, жұмысымның нәтижесінде бабаларымның, әкемнің аманатын ұрпақтарына жеткіздім деп үлкен міндетімнен сәлде болса жеңілдедім деп ойлаймын. Мені іздеген адам Қызылорда қаласынан табады. Ә.Қайнарбаев көшесі  4 үй 12 пәтер

Телефон: 8-702-570-02-61          8-708-870-89-90

Сейдалықызы  Ажаркүл

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button