Бір суреттің сыры

Әке көрген оқ жонар

Суретші, ғалым-ұстаз, график Ералы Оспанұлының 60 жылдығына

Осыдан  бірнеше жыл бұрын Қызылордада «Мәді (Маһди)-Диуана қожа қоғамдық қорының басшысы» Жұман Жәнібекұлының ұйымдастыруымен болған Кеңес-кездесуде Ералы ініммен таныстым. Ол  әкесі ұстаз-ғалым, әдебиеттанушы Әселхан Оспанұлы жайлы кітапты (Мұрагер Әселхан Оспанұлы деген атпен 2008 жылы жарық көрген). Маған сыйлай отырып Қазақстанның Халық Жазушысы драматург Қалтай Мұхамеджановтың 70 жасқа толуына байланысты Манап Өтебаевтың арнайы шақыруымен  Шымкентке келген сапарында айтылған (17 маусым 1999 ж.) мына сөздері оқып берді.  –Сол жолы оқырмандармен  өткен кездесудің беташарында төрде отырған Қалекең жарықтық , залда отырған Әсекеңді байқап қалып, Сіз онда отырсаңыз, менің мұнда отыруыма жол болсын -деп інілік ізет көрсетіп, қоярда-қоймай шақырып алып, төрден өзімен қатар отырғызғаны бүкіл жиылған жұртты тан-тамша қалдырса бола ма.

70жылдығын туған топырағы Қызылордада атап өтуге келген Қалтай ағаның інісі маған: – Шымкентте ұстаз-ғалым, жорналшы, аудармашы Әсілхан Оспанұлы есімді ағаң бар. Ол саналы ғұмырын зар заман ақындарының мұраларын қазіргі жастарымызға жеткізген үлкен тұлға, турашыл, қазіргі заманның «әттегенайларын» елден бұрын сезінген, ойын ашық айтқан, дегенінен қайтпайтын, әм еңбекшіл, пендешілігінен азаматтығы мол, сол ағаңмен етене танысуды есіңде сақта, деген-ді. Кейінірек оның ұлы – суретші, жазушы, этнограф, зерттеуші  Ералы Әсілханұлы Оспановты білгеннен кейін, Қалтай ағамыздың тапсырмасы жадымызда қайта жаңғырып, Әсілхан ағаның қиын да қызғылықты, тартысқа толы, нәтижелері көбіне табыспен аяқталатын істеріне ағамыздың өмір тарихына ұқсайтын көптеген жәйттерді зерделей бастадым. Екеуінің де өмірнамасы қазіргі жастарымыз тамсана, тұщына, таңырқап оқитын дүниелер екен. Нәтижесінде нақты деректерге негізделген Еңкеймеген екеу (Әселхан Оспанұлымен Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджановтың өмірлерінің кейбір ұқсас сәттері атты ғылыми зерттеу мақалам республикалық «Ақиқат» журналында жарық көрді.  (2017 №4 -71-77 бб.)

Ералы Оспанұлы биыл алты ондықты артқа тастап, қасиетті жеті санының жетегіне жармасқалы отыр. Уақыт деңгейінен алғанда, алпыс қазақитілменайтқанда – тал түс. Ал Ералы інімнің осы уақытта жасаған шығармашылық дүниелерін атасақ, оның қомақтылығы соншалықты, бүгінгі жасынан бірнеше есе асып кететіндей. Шымкенттің Әбілхан Қастеев атындағы көркем сурет училищесінің «Көркемдеуші-Суретші» бөлімін, Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтының «Кітап графикасы»бөлімін ойдағыдай бітірген ол, тек осы мамандықтармен шектеліп қалмай, өзінің тынымсыз ізденісі арқасында ғылыми зерттеушілік дәрежесіне дейін жетті. Сөзіміздің дәлелі ретінде Ералы інімнің тікелей ізденімпаздығы нәтижесінде, Әкесі Әсілхан Оспанұлына арналған «Мұрагер» атты ғылыми зерттеулер, мақалалар, естеліктер, хаттар, өлеңдер, құжаттар, өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалар, арнаулар, сын мақалалар, сирек мағлұматтар жинағы жарық көрді.(Алматы, 2008ж)   Бұл еңбек ұлының әкесіне деген шынайы сүйіспеншілігінен туған өшпес ескеркіш. Ақын, Батыр, Мәделіқожа Жүсіпқожа ұлының туғанына 200 жыл толуына байланысты Ералы Әсілханұлы Оспановтың құрастыруымен «Мәделіқожа» атты өлеңдер, толғаулар, айтыстар, дастан, зерттеулер жинағы жарық көрді. (Шымкент, 2016ж) Бұл жинақтың ерекшелігі Мәделіқожа бабамыздың бұрын көпшілікке беймәлім бірнеше ой толғаулары аталмыш жинаққа енгізілді. Бұл да Ералы інімнің ізденісінің нәтижесі. Бұның алдында зар-заман ақындарының көрнекті қайраткері-Майлықожа бабамыздың шығармаларын саф алтындай еліне жеткізген де Ералы болатын.

ҚР Білім және ғылым министірлігі, Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен Туркология ғылыми зерттеу институты ұйымдастырған, Жалынды ақын, батыр Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Батырлығын ақындықпен қайраған» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясының ұйымдастырылып өткізілуіндеде Ералы Оспанұлы ініміздің белсене араласқандығының куәгері болдық.Оған Қызылордадан Құдайбергенұлы Қазбай,Нұрмаханұлы Алмас, Жәнібекұлы Жұман, Нұрпейіс Мәжитұлы, Нұрлан Көбеген және т.б. ғалым-ұстаздар шақырылып, ғылыми тартымды баяндамалар жасады.

Суретші, ғалым, ұстаз, этнограф Ералы Оспанұлы ініміздің шығармашылық географиясы кең. Ол әкесінің ізін қуып, тек зар-заман ақындарының шығармашылығымен, оларды зерттеумен айналысып қоймай, биыл 200жылдығын тойлағалы отырған Күдеріқожа Көшекұлының шығармашылығынада мол ғылыми зерттеу-ізденістерін қосты. Ол туралы жақында жарық көретін Күдеріқожа Көшекұлының шығармашылығына арналған зерттеу жинақтары мысал болады. Бұл еңбекке қыз бенжігіттің жұмбақ айтысының негізін қадаган Күдеріқожа Көшекұлының оқырмандарына белгісіз шығармалары енген. Жаңақорғандық айтыскер, ақын, драматург, актер, режиссер, әнші Әмір Мәжитовтың (1937-1993ж)2007жылы шыққан «Аманат» кітабының жалғасы ретінде,2017жылы Алматыда жарық көрген «Әмір Мәжитов, шығармалары мен естеліктері» кітабының сапалы, тартымды, мазмұнды болып жарық көруіне зор үлес қосқандардың бірі Ералы Оспанов ініміз. Өткен жылы тарихи-танымдық Дуана қожа – Мәді қажы әулетінің шежіресі жарық көрді. Содан байқағанымыздай, бұл әулеттің ұрпақтары тек Қазақстанның түкпір-түкпірлерінде емес, алыс-жақын шетелдерде де баршылық екен. Шежірені шығарудағы негізгі мақсат Қожалар туралы әртүрлі алып-қашты кертартпа пікірлерге жауап бере отырып, олардың қоғамдағы тарихи ағартушылық, саяси-әлеуметтік, діни бағыттағы шынайы рөлін көрсетіп, тәуелсіз Қазақстан халқын ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, достыққа, түсіністікке шақыру. Шежіренің жарыққа шығуындағы суретші-график Ералы Оспановтың алатын орнынын шежіреде жарық көрген ғылыми дәлелді он жеті мақаласын айтсақта жеткілікті ғой деймін.

Енді суретші, график Ералы Оспановтың осы бағыттағы кейбір еңбектерінің негізгілеріне назар аударайық. «СОРОС Қазақстан» фондының (1998ж)«Қазақстанның бүгінгі кунгі он пьесасы» айдары аясында өткізген конкурсында «Таңатар» пьесасымен Ералы жеңімпаздар қатарында аталды. Кейін осы конкурс нәтижелері бойынша «Таңатар» атты жинақ жарыққа шықты. Бір жылдан кейін аталмыш фонд аясында «Камерамен Қазақстанды шарлау» конкурсына қатысып, қаржылай грант утып, «Қымыз» атты деректі фильм түсірді.Астана қаласындағы «Шежіре» бүгінгі заман өнері галереясында «Абылай» атты кино-романының тұсау кесер рәсімі Ералы Оспановтың тарихи сауаттылығы мен даналығының тағы бір көрсеткіші. Алматы мен Астана қалаларында «Төрт мүшел» атты графикалық альбомының жарыққа шығуы, Тұңғыш Президент мұражайында «Қазақ халқының салт-дәстүрі» атты кітабының тұсау кесер рәсімінің өтуі, т.б. іс-шаралар Ералы ініміздің маман ретіндегі кәсіби суретші-график екендігін асқақтата түседі.

2017жылы, 16 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай Ресей Федерациясындағы ҚР елшісі Иманғали Тасмағанбетовтың ұйымдастыруымен Москва қаласының төрінде орналасқан Антикварлық орталықтың үлкен залында тоқсан суреттен тұратын «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» топтамасы қойылған көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрме 2018 жылдың10 қаңтарында жабылды. Көрмені ашар кезде, Ресейдегі елші И.Тасмағанбетов бұл шараны Қазақстан мәдениетінің негізгі философиясын көрсетуінің көрінісі, көшпенді өркениеттің тарихи жалғасы деп атап өтті. Көрме өтіп жатқан антикварлық орталықтың директоры Карина Король Ералы Оспановтың еңбектеріндегі кәсибілігі мен шеберлігін ерекше атап, былай деді:   – Я к сожелению, впервые увидела творчество этого великого Казахстанского художника, глубоко поражена и восхищена тем мастерством, уникальной вертуозностью, ювелирного рисунка. Здесь я вижу великолепный рисунок. Сразу понятно, человек учился, что человек-большой профессионал, что у него были очень хорошие учителя и все это он сумел показать. Мнекак историку и искусствоведу приятно, что он выбрал такую интересную тему. – деп жоғары бағалады. Көрме авторы-Ералы Оспанов, бұл шараға 5 жылдан аса дайындалғанын айта келіп, 90 суреттерін қойғанын айтты. Ол жазушы Максим Горькийдың Қазақстанда болғанда, жергілікті халыққа: – Вы, казахи, сидите на золотом сундуке, который еще не открыли –деген сөзін келтіріп, халқымыздың көшпелі мәдениетінің талай қыр-сырларының барлығын, оларды елге жеткізетін елеулі таланттардың да барлығын сеніммен айтты. Бір айға жақын созылған бұл көрме тек орыс халқы үшін ғана емес, басқа көптеген ұлт өкілдерінің саналарына сансыз сұрақтар қойған шара болды. Демек, суретші Ералы ініміз қазақ даласының сан-қырлы мәдениетін әлемге паш етті десек  қателеспейміз.

Әкесі Әсілхан Оспанұлының аманатын ақтаған ұлы, өзінің ұлықты істері арқылы тағы да дәлелдеді. Ұлағатты ұл, ардақты әке, өнегелі ата болған Ералы ініміз, өзінің алты қадамдық өмірінде мұратты, үлкен із қалдырғаны белгілі. Сөзімді, інім – Ералы Оспанұлы туралы қазақтың қарапайым-жалпақ:

 

«Атадан туған жаман бала, елінің малын жейді,

Атадан туған жақсы бала, елінің қамын жейді»,-деген сөзімен  аяқтасақ, «Әке көрген оқ жонар» деген осыда.

 

Қазыбай Құдайбергенұлы, ҚМУ-дің профессоры

Ералы інімнің 60 жылдық тойына құрметті қонақ  ретінде шақырылдым.  Баруға дайындалдым. Бірақ денсаулығыма байланысты дүбірлі тойына қатыса алмадым. Ініме деген  шын жүректен шыққан шыңайы тілегімді жорнал бетіне жарияладым. Ал мына өлеңді өзіне арнайы жолдадым.

                        Ералы ініме

Еселенген еңбегімен ерлеген,

Ер намысын ешкімгеде бермеген.

Табыстары келген ащы терменен,

Шабытыңды шабандатпа селдеген.

 

Әке көріп оқты жонған тұлғасың,

Бар қазақтың намысы ғой бір басың.

Сал-дәстүрдің алып тынық тұнбасын,

Бар ұлттарға тақтың қазақ сырғасын.

 

Зар заманның ақындарын тірілткен,

Еңбегімен Кеңес мұзын жібіткен.

Әселхандай қайсар ғалым  біліппең?

Ералының әкесі ол -шыққан ұлы Түріктен.

 

Жалғастырған әке жолын азамат,

Елі оны жатыр бүгін бағалап.

Әруақтардың рухтарын жағалап

Жүргендіктен, ғұмыры іні саябақ.

 

Қызылорда, 21.06.2020. ж.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button