Майлықожа

Майлықожа ақынның қолжазбасы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы - 185 жыл

Майлықожаның өз қолынан шыққан төл қолжазба мұрасынан әзірше бізге жеткені Әсілхан Оспанұлының: «Отырар руханияты мұражайына Әбу нәсір әл-Фараби, Арыстанбаб, Құл қожа Ахмет Ясауи бабаларының ұлы ұрпағы Майлықожаның парсы қарпі емлесі бойынша өз қолжазбасы деп танылған осы кітапты зор құрметпен сыйлаймын.Ә.Оспанұлы.2001-ші жылғы 3-ші көкек.Шымкент қаласы».деген қолтаңбамен тапсырған «Зарқұм» қиссасының қолжазба нұсқасы. Қиссаны кезінде Майлықожа ақын өз қолымен көшіріп алып, қазақша жырлаған. Қолжазба кітаптың мұқабасы ағаштан сүргіленіп көнмен қапталған, түптелген. Мұқабаның сыртқы бетіне арап қарпімен «Зарқұм» деп ойып жазылып, оймыш сызықпен өрнектелген. Қиссада Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың  Зангибар қаласының (Ирак атымен аталатын қала да соған қарасты болған) әкімі Сұлтан Зарқұммен болған күрестегі жеңісі, Гавриил (Жебрейл) әңгімелері, Хазреті Әлінің шайқастары мен басқа да тарихи оқиғалар туралы айтылады. Қисса шығыстық қағазға жазылған. Қолжазбадағы қолтаңбаға қарап, ол ХІХ ғасырда қайта көшіріліп жазылған деген тоқтамға келуге болады. Қолжазбаның көлемі 128 бет. Жәдігер Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің алтын қорында сақтаулы.

Майлықожа мұралары 

Заманында Балтабай ақын Майлықожаның «Майлықожаның Түркістан жақсыларына айтқаны», «Майлықожаның Иманберді датқаға айтқаны», «Майлықожа мен Құлыншақтың сөз қағысуы» атты өлең, айтыстарын, Құлыншақ , Молда Мұса, Ергөбек, Өтебике, Күдері, Жанкел, Ұлбике, Бұдабай, Исабек, Қызыл жырау, Айтбай, Әбдібек сынды ақындардың бірнеше шығармаларын ел ішінен жазып алып… қолжазба қорында сақтап қалдырған. Қаратау, Қазығұрт атырабы ақындарының аталған өлең, айтыстары, терме, толғаулары Балтабайдың тұңғыш шығармалар жинағына (Балтабай шығармалары. Жинап, зерттеп, құрастырып шығарған Жұмашев Абдулла. Шымкент, 2010) «Ақындардан қалған қазына» деген атпен еңгізілді. Ал, Абдулла Жұмашевтің «Отырар алқабының ақындары» (2019) деп аталатын кітабында  Майлықожа мұралары туралы деген тақырыпта монографиялық тұрғыдан зерттелген. Бұл рухани мұралар Шәуілдірдегі Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің алтын қорында сақтаулы.

Абдулла Жұмашев

 

Майлы ақынның Шаһмарденнің қабіріне барып айтқан өлеңі:

 Қасыңда Шаһмарден қазған жердің,

Адам қайран қалғандай жайды көрдім.

Арқама қара тауды көтергендей

Қайыстырып саясаты бастау шердің.

 

Тауапқып шердің қабірін көрді көзім

Асығыс боп қайтпаққа тұрдым тезін.

Шаһмарден қабірін көрген жерде,

Ішімнен айтып тұрған мынау сөзім

 

М і н а ж а т

Адам ата, НуҺ Нәби,

Үшінші Халил Ибрахим,

Төртіншіде Мұхаммед

Достым деді құдайым.

Сол достыңның ақында

Алла кешкей күнайым.

Құлшылықты қылайын

Құдая саған жылайын.

Төрт тағанда өткен ер Мұса

Төртінші көкте бар Иса,

Әсіл кесер жаныса,

Аруақтар қолдар жалынса

Әзірет Қызыр, ол Ілияс

Еске алғайсыз жалынса

Әбубәкір шаһрияр,

Әзірет Омар шаһрияр,

Әзірет Ұсман, Әлішер

Жаһанда ерлік намы бар.

Аузы кәусар иелер

Жан біткен келіп жалынар

Халайықтың ажаты

Сіздерге түсіп қалынар.

Қажы қыла алмай жүріппін

Азырақ дүние малым бар

Қабіріңе келіп тұрыппын

Мүсәпір, мұңлық халім бар

Сіз ашқан жұртты жау алды

Қабіріңе айтар зарым бар.

Мұжық басып жерімді

Әуре қып жатыр елімді

Тындырмас орыс көріңді

Қыспақта қалған жаным бар

 

 Әсілбек ұлы Асан молданың қолжазбасы

Әуелі Алла жаратты 

Адам ата

Әуелі Алла жаратты

Топырақтан жасад денені.

Жоқ нәрседен бінә қып

Құдіреттің күшті өнері

Ылайдан сурет бітірді

Бұл емес пе шебері

Не қаласа еркі бар

Алланың болар дегені.

Бізден парық қып айырды.

Һауа мен Адам Атаны

Бұлар да бопты қаталы

Ләпсі дұшпан шайтан қас

Әр бәлеге шатады.

Ақыры сөзім тамамы

Кешіргін Алла қатаны.

 

Атамыз адам пайғамбар-Майлықожа Ермекбай Әбдіқадыров қолжазбасы

Сөздің басы Бисмилла,Бисмилла демей іс қылма.

Мүлк егесі бір Алла, Дүниенің бенде ышқында

Осы  елдің ескі уақтын айтты Майлы

Бул толғау Сырдың Шардарадан жоғарғы жағында,Мырза шөл аймағында айтылған болуы керек. Бул маңды ежелден кешегі кеңес заманына дейін негізінен Қоңырат рулары жайлап келген. Аты аталған азаматтардың көбшілігі сол маңдағы ағайынның аталары болып келеді.

Марқабай би , хан Жабай, Татыбайды

Осы  елдің ескі уақтын айтты Майлы

Елдіктің айтты дерсің ертегісін

Ендігілер ескі сөзді жақтырмайды

Қоңыраттан байлар өткен Құлан, Сары

Сапаққа сол Сарының келген бағы

Байларда Серғазы би, Қалжан батыр

Өңгесі өз әлінше онан  ары

Торғауытта түптен озған Елеместі

Елемес айтып өткен не кеңесті

Атағазы, Шынқазы, Күлжан, Қалжан батыр

Қара аламан халықпен тең араласты

Көбек, Көшік, көңілі басылмаған

Ақыры орыспен де төбелесті

Майрықты Көктің ұлы аға етті

Онан соң Асқар, Сапақ Санай өтті

 Керімбек ата қолжазбасы;Майлықожа-Құдияр ханның баласы Мәдіәмин төреге айтқаны

Жүсіпқожаның  қолжазбасы

 Әуелі сөзім бисмилла,

Бисмилла демей іс қылма.

Мүлк егесі бір Алла,

Дүниенің бенде ышқында.

Жалғаншы мынау дүниеде,

Жаныңа зыян іс қылма.

Алланың жазба әмірінен,

Рахат жазын қыс қылма.

Пейішті көңлің сағынса,

Рахатқа жаның бағынса,

Тағадаттың болғын ышқында.

Тәубе қылсаң сап қылар,

Таудай күнәң мүшкілда.

Қыл көпірден өткенше,

Уақтыңды күліп хуш қылма.

Қоғамды болғын қоңсыңа,

Жыландай шағып ысқырма.

Дүниеде күна арттырып,

Ақыретке ауыр іс қылма.

Бау шарбағың дүниеде,

Қатын менен балаңды,

Қатын балаң ижат қылар,

Інің менен ағаңды.

Парыздай білгін айтқанын,

Атаң менен анаңды. Кирилицаға түсірген Н.Жетекбай

Тұрсынәлі Айнабековтың қолжазбасы

Мұхаммет пайғамбардың Ғарға кірген қиссасы

Дүниеде жақсы адамда болмас арман,

Дүние опасыз атадан бізге қалған.

Риза боп шүкір қылу бір Аллаға.

Әр  түрлі пәндесіне келсе пәрмен

Дүниеден жақсы адам болмас қапа.

Көрсе де неше түрлі жәбір жапа

Құданың құлшылығын тәрік қылма.

Бұл дүние еш адамға қылмас опа

Дүниеде жақсы да өтті, жаман да өтті

Ақыры дүние кеп бізге жетті.

Намаз бен оразаңыз тәрік болмасын

Өлмесе көп адамдар қайда кетті.

Жалғанда біреулер аз, біреулер көп

Біреу батыр болғанда, біреулер бек.

Жақсылар ақылменен қайғырмайды

Құданың қылғанына мың шүкір деп.

Майлықожаның ел арасындағы мұраларын кеңінен және қадағалап іздеп іске қостық

Сирек қолжазбалар қоры 337-папка. Тоқсан үш жастағы қарт шайыр мен Майлықожаның Жызақта кездесуі

Жүсіпқожа қолжазбасы :  Мәделі мен Майлының сөз қағысуы

Майлы мен Құлыншақтың айтысы

Кейкіұлы Сұлтанбек қолжазбасы-337-папка

ӘӨИ. 879. 56-дәптер-Майлықожа термелер

Темірханның қолжазбасы

 

Кириллицаға түсірген С.Саттарұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button