«Қылует» жер асты мешіті
«Қылует» – жалғыз, оңашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді.
Түркістан қаласындағы «Қылует» жер асты мешіті ерекше рухани тәрбиелік мәнге ие, терең тарихы бар ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің бірі.
Кезінде он сегіз бөлмеден тұрған бұл жартылай жер асты құрылысы жан-жақты діни, рухани , мәдени қызмет атқарған кешен болуымен назар аудартады.
Құрылыста адам өмір сүруіне, құлшылық – ғибадатын атқаруға қолайлы жағдай жан-жақты қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа Ахмет Ясауи салдырған бір адамдық» Ғар» бөлмесіне қоса «Мешіт» бөлмесі, «Жамағатхана» залы, шәкірттерге арналған «Құжыры» бөлмелері, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлмелер де ескерілген.
«Қылует» сөзі арабша «Халуәтун» – жалғыз, онашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді.Қалыпты(жүректі)бұрыс, сенімдерден, жаман әдеттерден арылтуды, құтқарады- «Қылует» дейді. Қылует кезінде нәпсіге, шайтанға тиесілі ләззаттар , қалаулар, ниеттер жанып жоқ болады. Адамзатқа тән қараңғылық және басқа да қайғы-мұң жойылады, ішкі рухани дүниесі нұрланып тазарады және тағы да осы сияқты көп нәрселерге қол жеткізеді дейді түрік зерттеушісі М.Ф.Көпрүлу.
1929 жылы ғалым В.А.Гордлевскийдің дерегіне сүйенсек, Ахмет Ясауи пайғамбар жасына жеткен соң»жер бетінде қанша өмір сүрсем, жер астында да сонша жасаймын»деп «Ғарға» түскен. «Жер астына Мұстафаға аза тұтып кірген» Әулиелердің Сұлтаны Пайғамбарға(с.ғ.с)құрмет пен Оның сүннетіне адалдықтың үлгісін көрсетеді.Бұл туралы Ясауи өз хикметтінде тайға таңба басқандай көрсетеді, » Алпыс үште (нида )хабар келді»Құлым, жерге кір,-деген,»-Жаныңменен жананыңмен шыбын жанды бер, -«Һу»( зікірін)семсерін қолға алып нәпсіні қыр ,-деген.
Бір және Барым дидарыңды көрермін бе?!» дейтін хикмет жолдары Хақ дидарына ғашық болған сопының бұл әрекетке ерекше хабар ілһам алған себепті барғанын ескертеді.Ол тұп мақсаты дидар талапқа осылай жеттім дейді.»Алпыс үш жаста мені Алла жерге тартты, Бастан- аяқ надандықтан азат етті» деуі арқылы Қылуетке хақиқат ілімді иеленген, рухани- интеллектуалдық кемелдікке жеткен, жоғары рухани мақамға ие болған шағында барғанын