Сыр-сұхбат

Өзің жесең артыңнан шығады, кісіге берсең алдыңнан шығады

«Кісіге жақсылық жасап көрдіңдер ме?»- деп сұрады бір кісі жанында отырғандарға қарап. «Жасап жүрген шығармыз»,- деген дауыс əр-əр жерден шықты. Бірақ ешкім де нақты, сеніммен айтқан жоқ. Шынын айтқанда тосыннан қойылған сұраққа нақты жауап бере алмай тосырқап қалдық. Отырғандардың бəрі де іштей кімге қашан не жақсылық жасағанын ойлап кеткені рас. Бізден дені дұрыс жауап болмағасын ол кісі: «Жарайды. Жақсылық жасау дегенді қалай түсінеміз? Не ол?»- деп сұрағын нақтылады. «Қиналған адамға көмектесу»- дедім бəрінен бұрын жауап бергеніме мəз болып. «Көмектесу басқа нəрсе. Екеуін шатастырма! Қиналғанға қол ұшын беру ол сенің міндетің!» дегенде екілік алған оқушыдай көңілім пəсейіп қалды. Ана кісінің отты жанары өңменімнен өтіп барады. Құдай-ау жақсылық жасамақ тұрмақ оның не екенін де білмейді екенбіз ғой деп ойланғаным сол екен, бүкіл өмірім зая кеткендей көңілім құлазып сала берді. Бəріміз үндемей қалдық.

Əлгі кісі: «Мəселен, мен көзім көрмейтін ғаріп жанмын делік, – деп үнсіздікті бұзды. – Жол жиегінде өте алмай тұрмын. Не істейсіңдер?» Біздің өткізіп жібереміз деген жауабымызға ол: «Өткізіп жіберуге міндеттісіңдер. Оны жақсылық жасадық деп ойламаңдар», -деді. Сонда жақсылық деген не?

«Жарайды енді қиналып кеттіңдер ғой. Сұрақты басқаша қояйыншы. Мамандықтарың не?» «Дəрігер»,- деп қалды арамыздағы біреу. «Дəрігер, алдыңа ауырып келген адамға не істейсің?» «Емдеймін». «Ол сенің міндетің емес пе?» «Иə». «Емдеу дəрігерлік міндетің, қиналғанға көмектесу адамдық борышың. Яғни ол да міндетің. Сонда жақсылық деген не болды? Тағы да тосылдық. Үп-үлкен адамдар болсақ та ұсақ-түйек көрінетін сұраққа жауап таба алмай қиналып кеткенімізді көрмейсіз бе? Тіпті ойлана алмайтын да болып қалғанымыз ба? Осы кезде дəрігер: «Кісіге жылы сөйлеп, көңілін көтеру»,- деп еді, ана кісі: «Əкелші қолды», – деді жас балаша мəз болып. Уһһһ! Сұрақтың жауабы табылды-ау əйтеуір! Үстімізден он тонна жүк түскендей бəріміз де бір пəсте жеңілдеп сала бердік.

Ағамыз əңгімесін əрі жалғады: «Кісінің көңілін тауып сөйлеу соншалықты қиын емес. Бірақ соның өзін жасамаймыз ғой біз. Реті келсе бетін қайтарып, екінші рет сөйлемейтіндей етіп тастауға тырысамыз». Сөзінің жаны бар деп ойладым. Өзгелерді былай қойғанда еркелей, мойнымызға асылған балаларымызды да итеріп тастаймыз ғой кейде. Бір ауыз жылы сөзімізді қимай, қанша жақындарымыздың көңілін жараладық екен? Өзімізден басқаны көрмейтін, естімейтін болып барамыз ба қалай?

«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы сөз жан семіртеді» деген қазақтың ұрпағы емеспіз бе? Ендеше, бір-бірімізге жақсы сөздерімізді арнап жүрейік. Бəріңізге атқан күнмен мол табыс, зор қуаныш тіледім!

Жарылқасын қажы АМАНОВ

***

Дүйсенбай атамның жас кезі екен. Ол кезде екі ортаға атпен қатынайды адамдар. Дүйсекең Қызылорда төңірегінде жүріп ортада ел әңгімелерін, аңыздарын айтып біраз ағайынның разылығын алған екен.  Сол жақтан бір ақсақал Дүйсекеңнің әңгімесіне риза болып бір бұзаулы сиыр беріпті. Содан атам бұзаулы сиырды айдап ауылға жол алады. Жолда сиыр бұзауына қарайлап өте шаршатады екен. Содан бір шәйләда жүрген келіншекті көріп жақындап келіп, сусын сұрайды. Келіншек: «Аға аттан түсіңіз шәй қайнап тұр, үйден шәй ішіп кетіңіз» -дейді.

Дүйсекең аттан түсіп шәйлаға жайғасады. Келіншек атама шәй-суын беріп отырғанда, жөн сұрасып, неге айдалады елден бөлектеніп жүргенін сұрапты. Келіншектің күйеуі армиядан қашып, қызылға екі баласымен бұқпалап жүргенін айтыпты. Күйеуі аңшылық қылып күн көріп отырғанын айтады Шәй-суына риза болып отырған Дүйсекең: «Ана сиырды сауып балдарға ағарған бер» дейді. Келіншек шелегін ала салып сиырды сауып жатса, екі баласы кеселерін алып сауылып жатқан сүтті мәз-майрам боліп ішіп тұрғанын көрген атамыз келіншекке былай депті

-Балам, мына сиырды ағайындар «міну» етіп маған сыйлаған еді.  Тамды қайда, мен қайда. Осыны аман-есен елге жеткізу бұиыруы бір Аллаға мәлім. Мына екі балаңа асқатық болсын. Мен разымын. Осыны сендерге атадым деп кетіп бара жатса, ана келіншек көзіне жас алып: «Аға! Алладан кімнің тілеуін тілеп жүрерімді білейін, кім болдыңыз?» деп көзіне жас алыпты. Мені ауылда «Жұбанның Дүйсенбайы» көпшілік «кішкене Бозғұл» деп атайды деп жолға түсіп елге кеткен екен.

Арадан жылдар өтіп кішкене Бозғұл қартайған кезі.Тамдыда Ақберді Исаевтің бірінші хатшы болып тұрған кезі екен. Бір күні Ақберді ақсақал Дүйсекеңе барып сәлем беріп отырып: «Дүйсеке, биыл мына қаракөл планын аудан орындай алмай қалды. Сіздің тамыр-танысыңыз көп. Оның үстіне уақытында агент болыпта жүргеніңіз бар. Сізден өтініш мен қаржы мәселесін шешейін, сіз соған Қазақстаннан тері жүн жиып жәрдем беріңіз. Ақыңызды бергіземін» депті.

Дүйсекең машинаны мініп Қармақшыға жол алыпты. Ол кісіні бәрі таниды. Барған жері думан-әңгіме болары рас. Сондай кештің арты картаға айналып атамыз біраз ұтылады. Бір айтыста атамда казрнои болып ортаға ақша салып отырып «а, кішкене Бозғұл» өлген жерің осы болар депті. Айтысып отырған жас жігіт: «Аға, не дедіңіз?» деп сұрапты. «Кішкене Бозғұл өлдің» дедім десін. Аға, менде үш тұз. Бірақ мен жаптым, сіз ұттыңыз. Бір шартым осы жерден қимылдамаңыз» деп сыртқа ытқып кетеді. Біраз уақыт өте сол үйге күңіреніп бір кемпір кіріп. «Аға жан сізді де көрер күн бар екен шүкір.Тәуба» деп атамды құшақтап жылапты.

Дүйсекең таң қалып: «ау, қарағым, жөн айтсай? Кім болдың?» деп сұраса, баяғы келіншек екен.

-Аға, сіз кеткесін көп ұзамай күйеуім қайтыс болды. Сосын мен екі баламмен сіз берген бұзаулы сиырды алып елге келдім. Содан жұмысқа кіріп балдарды өсірдім. Жылдан жылға ауысып балдарым азамат болды. Солармен бірге сіз берген сиырларда көбейді. Сол сіз берген сиырдың тұқымымен екі балада жоғарғы білім алды. Қазір біреуі совхоз директоры. Сізбен карта ойнаған кішісі – ауданда селхозтехниканы басқарады» депті. Енді ат-тон сарпайыңызды алмай, екі-үш күн қонақ қылмай жібермймін деп үйіне алып кетіпті.

Барғасын олар да атамнан неғып жүргенін сұрапты.  Елден қаракөл жүн теру үшін келгенін айтыпты. Сонда үлкен ұлы ат салысып айтқан тері-жүнін жиып беріп отырса. Дүйсекең ай сені селхозда істесең білсең керек менде бір жәмән дебітім бар. Анда-мында мінейін десем балдар давление көрсетіп тұр деп айдамайды. Адамның давлениесін білсем де темірдің давлениесін білмейді екенмін депті. Оны есіткен кіші ұлы жаңа газ 69 дың кузовын шешіп, қалғанын бөлшектеп мәшініне салып беріп отырғанда атамыз кішкене Бозғұл:

ӨЗІҢ ЖЕСЕҢ АРТЫҢНАН ШЫҒАДЫ, КІСІГЕ БЕРСЕҢ АЛДЫҢНАН ШЫҒАДЫ -деп риза болып елге қайтқан екен.

Фейсвук парақшасынан алынды.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button