Үлкен жүректі алып тұлға
Мен Ержан Үбайдаұлы Уәйіс (Уайсов) Отрар ауданы Маяқұм елді мекенінде (Оқсыз аймағы) туып өстім. Шоқан Уәлиханов орта мектебін (алтын медаль) бітірдім. Сол мектепте Өзбекәлі Жәнібеков менің әкем Үбайда (Үбайдулла) және әкемнің туған інісі Нұртаза Уайсовтар бір сыныпта оқиды. Алматыға оқуға кеттік, бір ауылдан 67 түлек, туған ағам Нұржан Уайсов Алматы медицина институтына түсті. Кейін Түркістан қаласында қалалық- аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, бас дәрігері болды. медицина ғылымының кандидаты. Мен Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірдім. Алматыда Қазақ телевизиясында 24 жыл қызмет еттім тілші, редактор комментатор, саяси шолушы.
Ол кезде Қазақстанда жалғыз ғана телевидение еді. Күн сайын кешке тікелей тірідей экранға шығамын, халық таныды Барлық 19 облысты араладым. Сол кезде Қазақстанның бірінші басшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты түсіру тобы – жеке тілшісі болу Алланың маған берген сыйы. Д. Қонаев облыстарды аралағанда бірінші Түркістандағы Қожа Ахметт Яссауи және Отрардағы Арыстан баб кесенесінен бастайтын еді. Әкесі Қажы-Меңліахмет Жұмабайұлы Қонаев ақсақал жанында бір сәт болатын еді. Сол сапарларында кесенелерді аралау сәтінде Өзбекәлі Жәнібеков (Қазақ ССР мәдениет министрінің орынбасары) бірге болатын, мына тарихи сүретті мен түсірген еді. Д. Қонаевтың Түркістан кесенесінде Өзбекәлі Жәнібеков түсіндірме жасап келеді, қасында обком бірінші хатшысы Асанбай Асқаров.
Алматыдағы 1 май, 7 ноябрь мерекелік шерулерінің репортажын жүргіздім 10 жыл бойы сценариын жаздым. Қазақстан жыл сайын Отанға бір миллиард пұт тапсыратын еді. Қазақ телевизиясында «Алтын дән» бағдарламасынан кешке эфирден бірақ шығатынмын, тағыда Д. Қонаевтың астықты облыстарда болуы арнайы репортаждар, Қазақстан үкіметі мен Парламенті сессияларынан арнайы тілшісі ретінде репортаж жүргізетін едім. Парламенттегі сессиялар кезінде елдің үлкен тұлғаларымен сұхбат алдым.
Туған ауылдағы Маяқұм елді мекеніндегі орта мектептің 8 классына көштік. Ленин комсомол қатарына өтуге бір топ оқушыларды аудан орталығы Шәуілдірге алып келді. Қызылқұм аудандық комсомол комитетінде Бюро мүшелері болу керек ылғи әдеми киінген, жалындап тұрған жас жігіттердің үлкен тобы отырды. Мені бірінші кіргізді. Ол кезде комсомолдың уставын, ережелерін партия, комсомол басшыларының есімдерін жаттау міндеттелетін. Төрде отырған бұйра шашты «Ғани Мұратбаевқа ұқсайды» 30 дар шамасындағы өткір сөзді ағай сұрақты бастады.
– Кімсің, аты-жөнің, оқуын беспе? Қандай қоғамдық жұмыстарға араласасын – деген сауалдарды қойды. Жауап бердім. Бюро деген басқосуды бірінші көруім, жүрексініп тұрмын. Бір кезде әлгі ағай Мәскеудегі ол кезде СССР алып держава ғой, партияның, комсомолдың бірінші басшылары кім – деді. Мен партияның бас хатшысы Леонид Брежнев, комсомолдын-ВЛКСМ бірінші хатшысы Евгений Тяжельников деп жауап қаттым.
– Ал енді Қазақстанның бірінші басшылары кім? – Партияның басшысы Дінмұхамед Қонаев, комсомолдың бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков деп жауап бердім.
– Сен Өзбекәлі Жәнібековты білесін ба? деді – Ия біздің ауылдан, менің әкеммен бірге оқыған. Мен сол Өзбекәлі ағай оқыған мектептен келдім, – дедім.
Біздер партияның, Өзбекәлі Жәнібековтің сөздерін басшылыққа алуымыз керек. Өйткені болашақ жастардікі. Ол Отырардан түлеп ұшқан тұлға деді. Бұл бюроны басқарып отырған Қызылқұм аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Арысбек Тәжиев екен. Орталық Комитеттің тапсырмасымен, Өзекеннің тікелей бұйрығыммен осы ауданға бірініші хатшы болып сайланған. Ауданда комсомол жастар бригадасы көптеп құрылды. Механизаторлар, қыз келіншектер трактордың рөліне отырды. Шопандар бригадасыда ұйымдасты. Көп теген жастар ауылдық жерлердегі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы істердің қасында осы Арысбек Тәжиев ағайдың есімі жақсы аталады. Өйткені ол бірінші хатшы Өзбекәлі Жәнібековтың тікелей тапсырмасы деп әнгімені әріден бастайды. Арысбек ағай кейін партия ұйымдарында басшылық қызметте болды, облыстың құрметті азаматы атанды. Бұл да Өзекеннің тікелей шарапаты болса керек.
Өзбекәлі Жәнібеков – Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Сессияның үзілісі кезінде мені қасына шақырып алып, жеке әнгімелесетін. «Сенің әкеңмен бірге оқыдым, сенің атаң Уәйіс атадан бата алдым – деп еске алушы еді. Менің үлкен аталарым – Уәйіс қожаның әкелері Төрежан ахуын есімі Сыр бойы белгілі дін ғұламаасы болған. Арғы аталары Хорасан атаның ұрпақтары (Қазақстанда-Орта Азияда Исламды таратушы) Жаңақорған ауданы Хорасан ата кесенесі алып күмбезді ғибадат тарихи орын мен сол Хорасан ата қорының республикалық президентімін, жыл сайы 3 мыңнан астам адам қатысатын үлкен жиын халықаралық конференция өткіземіз. Көгалдандыру, ағаш егеміз кәзір 2000 түп ағаш бар. Айдала Қызылқұм қойнауында Төрежан ахун имандылықты, исламды дәріптеу мақсатында Арқа жеріне Сырымбет даласына 30 күн оразаның кезінде барады екен. Уәли төре мен оның жұбайы Баянауылдық Сарғалтай қожаның қызы Айғаным апамен өте жақсы сыйластық дәрежеде араласқан бір сапарында Уәлиханның ұлы Шыңғыс төре ұлды болып оның атын Төрежан ахунға қойдырып, ол бөбекті қолына алып сәбидың аты – «Мұхамед-Ханафия» болсын деп үш рет айға азан шақырып қояды. Айғаным әже кішкентай сәбиді еркелетіп «Шоханым, Шоханым, Шоқаным» деп атап кеткен екен. Тарихта Шоқан Уәлиханов есімі осылай келген. Осының Өзбекәлі ағаға айтып бергенде, оны әлі зерттеу керек, жүрген жерінде айтып жүр деп еді. Озіде көп жерлерде – ұрпағы Шотаман Уәлихановқа айтыпты.
Бірде Өзекең сол ғұлама – тұлғалардың ұстаздары тобын білесін бе? – деп сұрақ қойды. Мен Сыр бойында Айқожа ишан, Құлболды ишан, Марал ишан, Қосым ишан, Тұрмағанбет шайыр, Садридин Айни бәрі де Бұхарада- Көкіліташ, Мір Араб медреседе білім алған. Айқожа ишан Жаңақорғандағы Ақтас мешітін салдырған. Кейін сол мешітте халық жазушы Қалтай Мұхамеджановтың әкесі (халық жауы деген жаламен атылып кеткен) Мұхамеджан Нүрекеев медресе ашып, бала оқытты. Ол мешіт кеңес заманында мал қораға айналған еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков кеңестін солайқай саясатын іштей қолдамады. Сол кезде Қазақ ССР министрлер кеңесі Дін басқармасы Қызылорда облысының өкілі – жазушы Бегімбай Ұзақбаевқа телефон шалып «Ақтас мешітін мал қорадан тазала, айналасына ағаш ек, имандылық жолы, қазақтың оюлаған киіз-темекеті қойылсын» деп тапсырма берген екен. Сол істі үш күнде бітірдім. Партиядан қорықсақта Өзбекәлі Жәнібековтің ұлтшыл, қайсарлығына тәнті қалдым.
Мұндай жайттер Мұхат Әуезовтың Оңтүстік сапарында кездескен екен. Ұлы Мұхан Шаян, Созақ ауданда аралаған сапарында Созақтағы Баба Атаға Ысқақ баб кесенесінде ол да мал қора айналған. Қасында аудандық партком бірінші хатшысы Төлепбек Назарбековке және Әділ Сасбұқаевқа тапсырма берген. Қайран Мұханның имандылық ісіндегі көрегендігін халыққа өнеге ретінде айтып беретінін осыны Өзбекәлінің аузынан естідім. Телевизияда Республика көлемінде көп іс-шараларға қатысамын. Сонда Өзбекәлі аға қатнасады, әр жерде жерлердегі әсіресе мәдени-тарихи мұралары Арыстан баб,Қожа Ахмет Яссауи, Ұлытаудағы Жошы хан, Бекет ата, Сарайшық тағы кесенелердін жайын сұрайды Қызылорда облысындағы Марал ишанның кесенелері қайта тұрғызылған. Өзаға мәдениет министрі орынбасары кезінде жоспарда болған дүниелер екен. Марал ишан Аблай ханның ұлы Қасымның бөлесі, Қасым ханнан Кенесары туады, Аблай ханның үзеңгілес кеңесшісі Керей ата ұрпағы Құрманның ұлы Марал – Тұрмағанбетпен бірге Бұхарада білім алады. Әр өңірдің бір-бір Абайы бар деген осы емеспе?
Тұрекең ірі шайыр – Кенестік Қазақстанның бас идеологі атанған Темірбек Жүргеновтің қамқорлығында болды. Шығыс жұлдызы Фердоусидің «Шахнамасын» қазақша сөйлеткен ірі тұлға. Сол ауылдан 100 шайыр, 100 ахун шыққан өсіп өнген аймақ, бұрынғы Ленин совхозы кәзір Тұрмағанбет ауылы деп аталады, Қазақстанның иделогиясында үш кісі есімдері –Темірбек Жүргенов, екінші Илияс Омаров, үшінші Өзбекәлі Жәнібековтер аталады.
Жоғарыда атап өткендегі үлкен атамыз Төрежан ахун бабамыз ұлдарын әр аймаққа исламды, имандылыққа бет бұру шарасын іске асыру үшін жіберіп отырған, бір ұлы Арқа жеріне, Мұхтар Әуезовтің аталары (Қарнақ медресесін ұстаған) Шыңғыстауға, екінші ұлы Түкістанға Қожа Ахмет кесенесіне ал, Уәйіс қожа баласын Қызылқұм ауданы Шәуілдірге, Арыстан баб әулие кесенесіне жібереді. Сол жерде бала оқытады. Арыстанбабтің шырақшысы атанады халықтың құрметіне бөленеді. «Қоғам» ауылында имандылық мектебі қалыптасады. Қоңырат ағайындар пір етіп абройын асқақтады. Шәуілдір ауданын құрған (канал құрылысын жүргізген) революционер, аудан басшы Дүйсенбек Алтынбек сырттай қамқорлыққа алады. Кейін баба ұрпақтары Қожа молдаларға қудалаудың құрбандары атанады. Уәйіс атамыз ауылда имандылық мектебін қалыптастырады, емшілікпен айналысады. Көріпкел әулие атанады, адамдардың жоғалған малдарын құран кітабын ашып отырып тауып береді екен, ең бастысы – халықты имандылыққа үйрету. Сол шағын колхозда – колхоз төрағасы Оспан Шораев бастаған тоғыз Социалистік Еңбек Ері шықты.
О. Шораев өте беделді кісі болды. Сол кездегі Қазақстан үкіметінің басшысы (халық комиссарлар төрағасы) Нұртас Дәндібайұлы Ондасыновпен тікелей қарым-қатынаста болды. Кешегі дүрілдеген Д.А.Қонаевтың өзі Н.Ондасыновтың 9 жыл орынбасары үкіметте болған. (Риддердегі комбинат директоры).
Өзекеңе Алланың берген сый болса керек, Қазақстанның басшы қызметтерінің барлығынан өтті. Қазақстан Комсомолы ОК бірінші хатшысы, ВЛКСМ ОК бюро мүшесі, обком хатшысы, ОК бөлім басшысы, мәдениет министрі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеттін хатшысы – міне осы қайраткерлердін бас қосуы ол кезде Мәскеусіз жиын өтпейді. Мәскеуге келген сайын Нұртас Ондасыновқа үйіне барып сәлем береді, елдің жаңалығын айтады. Кешегі Алаш арыстарын ақтауды, Наурыз мерекесі, тіл туралы заңын қайта жаңғыруы, Түркістандағы тайқазанның елге әкелу жайында Нұртас Ондасыновтың көп ақылын алдым дейтін қайран Өзекең.
Кейін Нұртас Ондасынов қайтыс болғанда (Мәскеуде) мүрдесін туған жерге Түркістанға әкелуге Н.Ондасыновтың шәкірті Сағидолла Кұбашев, Өзбекәлі Жәнібеков тікелей атсалысады. Мәскеуге өздері барып алып келді, Түркістанға жерленді. Маяқұм елді мекененіне кіре берісте Өзбекәлі Жәнібековтің үлкен портреті және бас көшеге есімі берілді. Аудан орталығы Шәуілдірде өзі оқыған мектепке аты берілді, аудандағы мұражайға үлкен бұрыш берілді. Сондай ақ өзі 1-7 классқа дейін оқыған Маяқұмдағы Ш. Уәлиханов мектебінде үлкен мұражай ашылған, бюсті қойылған, ауылда класстас достары тарихи суреті сол бұрышта меніңде суреттерім бар. Өзекеңмен бірге түскен Д.А. Қонаевпен сұхбат, Н.Назарбаев президент болып сайлау күні (1991 жыл 1 желтоқсан) арнайы сұхбат үлкен портреттегі суреттерді 50 жылдық кездесу шарасында сыйға тарттым.
Ауылда іс-шара имандылық-құдажолы ас тағы басқа біздің атамыз Уәйіс Қожасыз өтпейді. Өзбекәлінің екінші әкесі Сейтеков Серім атай болды. Елдің ауызбірлікке, ынтымаққа шақырып жүретін сыйлы азамат еді. Ауыл ақсақалдары ол кісіні «Серім датқа» дейді. Халықтың арасында дау-дамай істерді би есебінде өз шешеді. Не біздің Атамызға келіп ақылдасқан. Сонда жиындарға Серім датқа жас Өзбекәліні ертіп алады екен қасына. Көпшіл, халықшыл болсын дей ме екен.
Мен үлкен бабаларымыз және туған жер туралы «Төрежан ахун» деген кітап шығардым. Онда тарихи суреттерге орын берілген Хорасан ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекәлі Жәнібеков т.б. түрік президенті Тұрғыт Озал, Ережеп Тайп Эрдоған тұлғалармен бірге жүрген кезде бейнеролик көріністер және сұхбаттарым бар. Сол кітапта «Уәйіс атаның Өзбекәлге батасы» деген тарауда оны Өзбекәлінің туған бауыры Серім атаның ұлы Абан қария жазған кәзір 93 жаста.
«Уәйіс ата деген елдің қадірлі қариясы болған, ұлағатты ұстаз болған, талай өзінің қасиеттерін айналасына таратқан, жақсы адам болды. Менің әкем Серім мен Уәйіс ата екеуі ағалы-інілі болды. Біз сол кісінің өкіл баласы болдық.
Бір аулыда жүріп Уәйда, Нұртаза бәріміз бір мектепте оқып, бір мектепте өстік. Өзбекәлі бәрімізден озықтау оқыды, біз біреуміз бірініші, біреуміз екінші, біріміз үшінші сыныпта оқыдық. Ол кезде сыныпта класс бірге оқитын болдық. Соғыстың қайнап тұрған уақыты, сол уақытта Өзбекәлілер осы жерде тары қорыды. Жалаң аяқ су кешіп егін суарады. Тамыздың басында Өзбекәлі 7 сыныпты бітіріп Жамбыл мектебі дейтін Шәуілдір ауданында мектеп бар соған барып 8-ші сыныпта окитын болды. Уәйіс атамды шақырып Өзбекәліге атамның батасын әперді әкем. Сондағы берген батасы шырағым Өзіңбек әлі құдай қаласа жорытқанда жолың болсын, көргенің жақсылық болсын, арғы бабаларын тегі бар, тектіден текті туар деген. Сен әлі халықтың азаматы боларсын, сенің атыңды әкең Өзібек Әлі деп қойған сол тілегі қабыл болсын мына Серімнің, сен құдай қаласа талай шыңнан асырасын. Сонда сен мына елдің бәрін бірдей көр, еш уақытта ұмытпа, құдай қаласа жолың болады, деп бата берген. Сол Уәйіс атамның батасы қабыл болған шығар, Өзбекәлі Қазақстанның азаматы болды. Осы халықтың мақтанышы болды. Ешкім алып келе алмай жатқан Ленинград-Эрмитаждан тайқазанды алдырады. Ешкім тойлай алмай жатқан Наурызды тойлатты. Тарихи орындар Айша бибіні, Әзірет Сұлтанды, Бекет атаны, Арыстан бабты бәрін қол қойып, тәуекел етіп жөндетті. Өзбекәлі сонау биікке көтерілгені әуелі Алла, сонсын Қожекеңнің батасы қабыл болған шығар. Артында ұлдары Үбайда, Нұртаза елдің сыйлы азаматтары, немерелері Нұржан, Ержан есімдері Қазақстанға белгілі, ел құрметтілері.
Бұны жазған Абан Серім Өзбекәлі Жәнібектің бауыры.
Өзбекәлі Жәнібекұлының туып өскен ортасы әйгілі Отрар ауданы. Сонау ХІІ ғасырда Отрар қаласы -Орта Азиядағы ірі қалашықтардың бірі. Отрар төбеге жыл сайын экспедициялық топ архиологияның қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл кезінде басшылық қызметте болған Өзекеннің тікелей тапсырмасы болатын.Сырдарияның арғы бетінде Оқсыз төбе қалашығында тарихи орын осыдан 7-8 жыл бұрын дарияның суы тасып Маяқұм елді мекенін су алып кетті. Үкіметтен үлкен көмек болды. 100 жаңа (5 бөлмелі) үйлерді тегін салып берді. Қоңыс тойына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тікұшақпен, келіп халықпен кездесті. Тұңғыш Президентке тұрғындар алғысын айтты. Бұл елде Өзбекәлі Жәнібеков туып өскені сөз болды. Сонда Елбасы «Халқымыз құрметтейтін ұлтжанды азамат, менің ұстазым болған» деп Өзекең деп туралы жылы лебіз білдірді. Өзбекәлі Жәнібеков Қазақстан комсомол орталық комитетінің бірінші хатшысы болған кезде Теміртауға Қазақстан магниткасында аға горновой болып жұмыс істейтін Нұрсұлтан Назарбаевты Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындауға қол қояды. Кейін Қазақстан жерінен Байқоңырға космосқа ұшқан Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринді қарсы алу сәтінде Өзбекәлі Жәнібековпен Нұрсұлтан Назарбаев болған еді. Біздің атамыздың Уәйіс атаның Сыр өңірі Түркістан, Отрар аймағы пір тұтты. Еңбек ардагерлерді, Социалистік Еңбек Ері Куатбеков Қайқыбай, Құлымбетов Нұсқабай ағалы інілі болып араласты Нұсқабай атаның үлкен ұлы Әтібай Өзбекәлімен Шәуілдірде бірге оқыған, екінші ұлы Жарылқасын Қазақ телевизиясындағы Бас редактор (мені телевизиядағы жұмысқа қабылдаған осы Жақан ағай болатын).
Бірнеше баспалардың Бас директоры болды. Ғалым-жазушы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, академик атағына ие болды. Алматыда Өзбекәлі ағаймен отбасымен ең жақсы туысқандық қатынаста болаған осы Жарылқасын ағай. Үшінші ұлы Әбілқасым Қызылқұм, Отрар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қоғам қайраткері Өзбекәлі аға 1991 жылы 29 тамызда 60 жылдық мерекелік тойына Әбілқасым аға туған жерден арнайы келіп ақбоз атты мінгізген еді. Айтайын дегенім Арыстан баб әулиенің мазарлығында менің Уәйіс атаның жанында Еңбек Ері Нұсқабай Құлымбетовтің мәнгілік белгісі қойылған. Ортада адам жок, одан төмен қарай Өзбекәлі Жәнібеков өзінің аманатымен мәңгілік тыныстаған жерінде көркем күмбез бар. Осында жер жерден Арыстан бабқа зиярат ете келгендер Уәйіс атамызға, Нұсқабай атаға, Өзекең ағаға арнайы құран бағыштайды.
Жарылқасын Нұсқабаев ағай, Бас мұфті Әбсаттар Дербесәлі, Әлімжан Кұртаев, Сирия еліне сапармен барып, Әл-Фарабидің мәнгілік жатқан жерінен бір уыс топырақты осы Арыстан баб кесенесінде стеллоға қойған ғалым. Өзбекәлінің курстас досы Ауданбек Көбесов Әл-Фарабиді көп зерттеген еді. Енді Арыстан баб Әл-Фараби мен Өзбекәлі топырағы бір жерде мәңгілікте.
Өзбекәлі аға үйіне Қалихан апаның шайын ішеміз деп Алматыда оқып жүрген кезімізде інілері Тұран Ізтаев, Көпен Әмірбек, Ақбол Серімова-ағаның қарындасы және мен Ержан ара-сырада барып тұратын едік. Өте қонақжай аға сұсты көрінгенмен шешіле сөйлегеннен кейін өзіне баурап алатын еді. Қалихан апа сендерге Өзбектің жолын берсін деп бата беретін.
Өз аға Отрарда туған ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнеріне жол ашты. Қазақстанның бірінші Ленин комсомол сыйлығын Өзекең қолымен тапсырған еді. Туған ауданында Түркістан облысында Өзағаныда осылай көтеру керек деп пікір айтамын.
Мен еліміз Тәуелсіздік алған соң шетелде аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисі болып, Түркияда Қазақ телевизиясы мен радиосының арнайы тілшісі, Германиядағы Азаттық радиосының (Хасен Оралтай) тұрақты тілшісі, онан соң Түркияда Қазақ елшілігі ашылып, Стамбул қаласында Бас консул қызметтерін атқардым. Кейін елде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, жұмыстарында болдым. Түркиядағы тарихи кездесу: Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз қасында белгілі қаламгер-этнограф Ақселеу Сейдімбеков, Қойшығара Салғарин Стамбулда болды. Осман империясы-сұлтанаты (700 жыл) кезінде салынған мешіт-мұражайларда, тарихи орындарда болды. Осман сұлтанаты сұлтандарының әр қайсына тоқталып, терең білімдарлығын көрсетті. Түрік ағайындар тәнті болды. 60-70 жыл бұрын Мұстафа Кемал Ататүріктің түркі дүниесі туралы қанатты сөздерін тілге тиек етті.
Өзекең түркі әлеміне кеңінен құлаш ұрған білімдар, саясаткер, тарихшы, нағыз мемлекет қайраткері еді. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихын оның келешегінің үлкен болатын айтты.
Өз аға Қазақ тарихын қалыптастыруда академик Манаш Қозыбаев пен бірлесіп көп дүние жасады. Мына сурет Ө.Жәнібеков, Б.Қыдырбекұлы, М.Қозыбаев, Ер.Уәйіс.
Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков республиканың барлық облыстарында, аймақтарында болып көп теген кездесулер өткізді. Қоғамдағы жастардың рөлін көтеруге айрықша үлес қосты. Ол кезде бүкіл одақтық, республикалық екпінді құрылыстар көп болатын. Қазақстан Магниткасы атанған Теміртаудағы құрылыста жастардың ортасында жүрді. Екібастұз ГРЭСінің, Маңғыстаудағы Қаламқас, Қара -жамбас, Бозашы мұнай кеніштерінде, Жамбылдағы фосфор заводында, Қостанайдағы екпінді нысандар, Торғай боксит рудасы, Семей Жаңа Шульба ГЭСі, Ақтөбедегі Дон кен рудасы, Шиелі сай кен орны, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Ақтау, Рудный, Текелі, Қапшағай қалаларының дүниеге келуі, бой көтеруі жастардың еңбегінің арқасында болды. Бұл істе Дінмұхамед Қонаевтың, Өзбекәлі Жәнібековтің, Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей өзіндік қолтанбасы бар.
Қазақстандағы қой шаруашылығын дамыту жастар бригадасын құрып үндеу көтерді. Шұбартаулық жастардың бастамасы осының айғағы. Мойынқұмдағы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың шопан таяғын жастарға берудегі өнегелі істері, егіншілік, диханшылықта екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбрай Жахаевтың қасиетті қара кетпенін із басарларына тапсыру рәсімінде Өзбекәлі Жәнібековтің арнайы болғаның бүгінде Сыр бойының халқы жыр қылып айтады. Қазақ топырағынан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көкке самғады. Сол рәсімге Өзбекәлі Жәнібеков, Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан еді. Бұл тарихи сүреттер сол істердің куәсі болғандай. Одан кейін екінші ғарышкер Герман Титовты Өзекен, Мәскеудегі қалашықтан арнайы шақырып, Қызылорда облысына Байқоңырға ертіп келді. Сыр жастарымен жүздесті. Дихан баба Шиелідегі Ыбырай атамен және жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Ол кезде Өзекеннің жанында облыстың бірінші басшысы Хасен Бектұрғанов, облыстың комсомолының бірінші хатшысы Аблай Айдосов бірге болған еді.
Бір жылдары коммунистік партияның түкірігі жерге түспей тұрған заманында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретариатының кезекті бас қосуы өтті. Оны Орталық комитетінің хатшысы Мельник жүргізіп отырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы министірі Рогинец, «Казсельхозтехника» республикалық бірлестігінің басшысы Батраков сөз сөйлеп қыз-жігіттерді қой бағуға, механизатор-трактор руліне отыруына, сауыншылық салаға баруға шақырды. Батраков жолдас жаңа К-700 алып тракторлары мен комбайындарды тек қыздарға беремін деп көкіді.
Бір кезде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков сөз алды. – «Жолдастар, әлгі сөйлеген министрлер Қазақстанға жаңа техникаларды алдырғаны құптарлық іс. Оларды 30-40 жылдан бері ескі техникаларды жүргізген тәжіребелі жүргізушы мамандарға беру керек. Ал жастар негізінен білім алғаны жоғары оқу орындарына барғаның қалар едім. Ал қыз-балалардың техникаға рульге отыруына мен қарсымын. Олар ертеңгі ана емеспе?» – деп кесіп айтты және бұл ұсыныспен келіспейтінің тілге тиек кетті. Жиын Жәнібековтің сөзімен аяқталды. Алайда партияның сөзі ұрып тұрған заманда бастамалар кейіннен қолдау тауып жатты. Сол кездері қазақ қыздары жаңа трактор руліне отырды. Қостанайлық Қамшат Дөненбаева, Ақмолалық неміс қызы, қазақ келіні Наталья Геллерт К-700 «Кировец» алып тракторларын жүргізді. Кейін екеуіде Социалистік Еңбек Ері, СССР Жоғары кеңесінің депутаты болып сайланды. Міне партияның саясаты.
Өзбекәлі Жәнібеков сол кезді былай деп еске алады. Қазақстан үкіметін бір неше жыл басқарғаннан соң Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы «ол кезде Маңғыстау облысымен бірге» Нұртас Дәндібайұлы Ондасыновтың мына бір тәжіребесі ойыма келді. 1958 жылы Маңғыстау ауданынан мектепті бітірген 30 қыз-жігіттер екі жыл қой бағуға баруға тілек білдіріп үндеу көтеірп Обкомның бюросына келеді. Н. Ондасынов жолдас олардың әр қайсымен жеке-жеке сөйлесіп пікірін тындайды. Сол Маңғыстау ауданыннан келген бүйра шашты жас жігіт Әбіш Кекілбаевта бар еді. – Н. Ондасынов – «Қарақтарым, қой бағуды қазақтын маңдайына жазып қойған жоқ қой. Сендер бұл райдан қайтындар. Екі жыл қой баққаннан соң бастарында не қалады. Жоғары жаққа оқуға барындар. Мен сендерге Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Алматыға баруға арнайы жолдама беремін» деп әнг іменін тоқетерін айтты. Мемлекет қайраткері Н. Ондасынов Әбіш Кекілбаевқа КазГУ-ге жолдама берді. Ұлқ тұлғаның қамқорлығының арқасында Әбіш ағамыз көрнекті жазушы атанды. Бұл оқиғаны Әбіш ағада жүрген жерінде айтып жүрді.
Түркияда Қазақ телевизиясы мен радиосының арнаулы, тұрақты тілшісі әрі тәуелсіздіктен соң шетелдегі аккредитацияланған тұнғыш қазақ тілшісі ретінде 1992 жылы наурыз айында бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен батасын алып Анадолы жеріне жол тарттым. Ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың батасын алуды ұмытпадым. Жазушы Қалтай ағамен үйіне бардым. Наурыздың 25 күні Алматы-Ыстамбұл бірінші әуе рейсімен көкке көтерілдік. Аз ғана құрамдағы делегацияны сол кездегі үкіметтің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков басқарып барды. Түркия президенті Тұрғыт Озал қабылдады. Елбасының ыстық сәлемі қазақы түйе шапанды иығына жапты. Құндыз бөрікті табыс етті. М. Жолдасбеков мені Түрік елінің басшысына осы елге тілші болып келгенімді айтты. Ол кісі маған жапон фотоаппаратын сыйға тарты. Сол Тұрғыт Озал сыйлаған фото дүниемен көп жылдар бойы сүреттер түсірдім. Кәзір қызмет бөлмемде «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өзім түсірген сүреттердің көрмесін ұйымдастырдым. Д. Қонаев, Н. Назарбаев, Ө. Жәнібеков, Қ. Тоқаев тобы басқа фотолар қойылған.
Сол 1992 жылдардың басында қазақ елшілігі ашылған жоқты. Қазақстаннан көптеген делегация, жеке белгілі тұлғалар келеді Түркияға. Сол кісілерді күтіп алу, ресми жерлерге, тарихи орындарға апару маған жүктелетін. Өйткені менде жеке қызметтік көлік болды. Бір күні мемлекет қайраткері Михаил Иванович Исеналиев келді. Қасында Советқазы Ақатаев ағай бар. Түркі дүниесінің көшбасшыларының бірі болған Алпарслан Түркешке алып бардым, кездесу өте сәтті өтті. Сонда М. Исеналиев маған қарап енді мені Михаил Иванович деп атама тек «Мәке» деп атасан болды. Кеткенше Мәке аға деп отырдым. Айтайын дегенім Мәке аға өзінің ең жақын досы Өзбекәлі Жәнібеков туралы күнде бір жақсы әнгіме айтады. М. Есеналиев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековпен бірге Орталық Комсомол Комитетінің хатшысы болды. Кейіннен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, алғашы сыртқы істер министірі қызметін атқарды. Отбасылық жақсы достар еді. Камал Смайловты, Гайнекен Бибатырова Өзекеннің ең сенімді серіктестері болағаның тілге тиек кетті.
– Мәкен бір сөзінде Өзбекәлі Жәнібековтің қайсарлығы, бір беткейлігі, өте білімді екенің, елдің мәдениеті мен өнеріне айрықша үлес қосқан үлкен тұлға әрі ғалым. Кеңес заманында СССР деген алып – СССР мемлекеттін Ресейдегі Челябі, Қорған облыстарында бүкіл одақтық жиынға қатынасып елге қайтам деп тұрғанда қоңақ үйге телефон соғылды. Көтерсем Өзбек әлі досым Торғай обкомының хатшысы екен.
– Мәке Торғай өңірі тарихи шежіре аймақ осында келгелі жер жерлерден, ауылдардан әр түрлі жәдігерлер экспонаттарын жинастырып облыстық өлкетану музейін, театр және мәдениет үйлерін ашамын, «Шертер» ансамбілін құрдық, өнерін тамашалайсын. Осы іс шараға қатысып лентасын кесесін, өзін ашып бересін деді.
– Ойбай Өзеке Орталық Комиетінен рұқсат алу керек, әрі Торғайға бару бұл өңірге кия жер ғой деп едім, қысқасы келесін ба, келмейсін ба деп келмесен, сенімен достығымды шорт кесемін деп телефонды тастай салды.
Өзекеннің мінезін өті жақсы білемін ғой. Дереу телефонды қайта қостырып келетінімді айттым. Жаңа құрылған Торғайдың мәдени өміріне қан жүріпті. Мәдениет, өнер нысандары ашылды. Музейде ауылдардан жинаған жәдігерлермен таныстырды. Мынау 18 ғасырдың басында жасалған жеті қазынаның бірі итке арналған «итаяқ-астау», өте шебер жасалған оюлап. Аманкелді ауданында бір малшының үйінде үлкен төбеттін алдынан көрдім. Тамақ беріп жатыр екен иесі. Дереу тапсырма беріп тазалап жуып өз машинаммен Арқалыққа музейге алып келдім дейді қайран Өзекен.
Осыдан кейін Торғай өңірінде итаяқ туралы жақсы әнгімелер көбейді. Бұл Өзекеннің талантына, ізденіштігіне, ұлт жандылығының бір көрінісі болды. Менде Мәкен Есеналиев ағадан естіген әнгімемді көпшілікке айтып жүремін. Міне нағыз өнердің, ұлттын жан ашары.
Өзбекәлі ағаның есімі ел есінде ұзақ уақыт сақталады. Сөз соныңда Қазақтын қайсар ұлдарының бірі – 1938 жылдан 1953 жылға дейін Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы, 15 жыл Қазақстан үкіметін басқарған кейіннен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болған Нұртас Дәндібайұлы Ондасыновтың «Д. Қонаев оған 9 жыл орынбасар болған» мына ақиқи ойларын айтқым келеді. «Біріншіден, менің қолым таза, ешкімнен бір нәрсе алып арымды былғағаным жоқ, екіншіден жан-дүнием таза. Үштіктін айтақтауына еріп біреуді жамандап сыртынан қол қойғаным жоқ. Үшіншіден, жүзім таза ешкімді алаламадым, руға, жүзге бөлмедім. Тек бір қазақ халқына, оның болашағына адал қызмет еттім» деген ұлағатты да асыл сөдерін мен тура Өзбекәлі Жәнібековке арнар едім. Өйткені, Өзбекәлі Жәнібекұлының қолы таза, жүзі ашық қашанда адамдарға тіке қарайтын үлкен жүректі адалда парасатты жан.
1991 жылы 28 тамызда коммунистык партия құлады, өз жұмысын тоқтатты. Сол күні Өзбекәлі Женібековтің туған күні еді. Шағын топпен тойланды. Қайта қызмет ұсынылмады. Кәзір тәуелсіздік алған соң шетелдерде қазақ елшіліктері ашылып жатыр. Кез келген елге әсіресе түркі тілдес мемлекеттерге Өзекен сияқты тұлғаларды елші қызметке жібермеске. Одан көп нәрсе ұтар едік. Нағыз елші, нағыз диломат, нағыз қайраткер осы Өзекен емеспе. Бұл Мәкең Есеналиев ағаның Өзекеңе берген ақиқат сөзінің көрінісі. Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов, режиссер Төлеміш Өкеевте, Олжас Сүлейменовтер де, Мұхтар Шахановта шетелдерде елші қызметтерін атқарды ғой.
Ия, өмірдің көш керуені тоқтаусыз етіп жатыр. Бар қазақтың Өзбекәлісі 90 жасқа келіп отыр. Қазақ халқы үшін, оның егемендік алуына айырықша үлес қосты. Тарихты ешкім жоққа шығара алмайды. Халқы өте жақсы көрді, аса құрмет тұтты, еңбегін жоғары бағалады. Ендіше мерейлі мерекесін жоғары дәрежеде өткізу барша көзі ашық, көкірегі ояу мен қазақпын деген азаматтардың борышы деп білеміз. Өзбекәлі Жәнібеков есімі мәңгі жасайды.