Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Ғалымдар қаперінде ұстаса

Сәбит Мұқанов.  «Тарихи-этнографиялық шолу» еңбегінде қазақ шежіресіне қатысты ойларын айта келе Шортанбай мен Серәлі қожаның айтысы ретінде бұрындары  Асанбұғымен айтысына қатысты  деректерді келтіреді.

«Орта Азияда, әсіресе қазақ арасында «әулие» саналатын қожалар бертінде қожырап, қайыр-садақа жинау, үшкіру, дом салу, баланы сүндетке отырғызу сияқты ұсақ кәсіптермен айналысты. Өздерінің мұндай халін кейінгі қожалар да түсінді. Оған Шортанбай қожа мен Серәлі қожаның айтысындағы Шортанбайдың Серәліге:

Сенің атан, сарт еді,
Менің атам қызылбас,
Екеуімізді «пір» тұтқан,
Сірә, мына ел оңбас! – деуі куә.

«Сарт» дегені Иран мен тұранның, қаны араласудан пайда болған ұрпақтар, «қызылбас» дегені – парсылар… XVIII және XIX ғасырларда қожалар арасынан дарынды ақындар да шыққан. Мысалы, Арқада – Шортанбай, Торғайда – Серәлі, Жетісуда – Жарылғасын мен Жүсіпбек, Сырдария бойында Мәделі мен Майлы. Бұлар да негізінде ислам дінін үгіттеушілер болғанымен, қазақтың халықтық өмірінен талай шындықты ақтарып, арттарына толып жатқан елеулі мұралар қалдырған. »

Серәлі қожа атақты баспагер Мұхамеджан Сералиннің әкесі. Ол  туралы  Уикипедия — ашық энциклопедиясында: Серәлі Еруәліұлы (1835, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы — 1876, сонда) — айтыс ақыны. Суырыпсалма өнерімен елге танылып, өз заманының белді ақындары Орынбаймен, Ұлбикемен айтысқан. Серәлінің “Уа, дүние, мұнша қатты еттің мені”, “Біреуге жүз салмақты қиын білдім”, “Дос емес, дос сыртынан жамандаса”, “Дүние жарға ойнаған лақтайсың”, “Сұлушаш”, т.б. өлең, толғаулары заман ағымын, достық, адамгершілік, имандылық секілді қасиеттерді жырлауға арналған. Серәлінің Орынбаймен айтысының екі нұсқасы сақталған. Алғаш бұл айтыс 1914 ж. Қазан қаласында жарық көрген “Қазақтың айтысқан өлеңдері” жинағында, екінші нұсқасы 1931 ж. Сәкен Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинақта жарияланды. “Айтыс” (1965, 1-т.), “Қазақ халық әдебиеті” (1988, 2-т.), “Бес ғасыр жырлайды” (1984, 2-т.) жинақтарында сөз қағысулары мен өлеңдері жарық көрген. Серәлінің ақындық талантын Сәбит МұқановМұхтар Мағауин, т.б. жоғары бағалады. Шығармалары ҚР ҰҒА ОҒҚ қорында сақтаулы.» деп жазылған екен.

Өзге ақындарды былай қойғанда Шортанбай Қанайұлы мұрасы әлі толық зерттелді дей алмаймыз. Сәби Мұқановтың жазуына қарағанда  бұл айтыс  болуы мүмкін. Осы күнге дейін айқындарға теліп жүрген «сарт» қызылбас» анықтауды қажет етеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button