Жоғарғы имам уағыз айтты
Елорданың Республикалық бас мешітінде әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имамы шейх Ахмед Тайып жұма намазына жиналған жамағатқа уағызын айтты. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне келген құрметті қонақ шейх Ахмед Тайып – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұрпағы. Әлемдегі ең көне ислам мешіттерінің бірі саналатын Фатима анамыздың бір есімі «Заһра» есімімен аталған «Әл-Азһар» мешітін 970-971 жылдары Фатими халифалары тұрғызған болатын. Әл-Азһар мешіті ашылған күнінен бастап рухани және ағартушы ордаға айналып, әсіресе мәмлүктер тұсында мешіт қайта гүлденді. Атап айтқанда, қыпшақ даласынан шыққан Бейбарыс, Қалауын, Қайтпай бабаларымыздың тұсында Әл-Азһар білім-ғылымның негізгі ошағына айналды. 1679-2022 жылдар аралығында 50 дін қайраткері әл-Азһардың Жоғарғы имамы болған екен.
– Әлемде орны бар үлкен көздің жауын алатын керемет мешітке жиналып намаз оқуға бірге жиналғанымызға және де бұл мешіт Алланы зікір етумен, Құран оқумен әсемделген осы мешітке бірге жиналып намаз оқуға нәсіп еткеніне шын жүреткен рахмет айтамын деп сөзін бастады шейх.
Қазақ жұртына ықыласы ерекше, жоғарғы имамның биік мінберлерде айтқан: «Қазақстан – нағыз ислам ойшылдары мен араб тілі ғұламалары шыққан ел» деген сөзінің жаны бар. Ол үнемі Ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан осы Орта Азиядан шыққан дін ғұламаларын үлгі тұтып, олардың есімдері мен еңбектерін мысал ретінде айтып отырады екен. Бұл уағыздада Мауренахрдан шыққан білімдарлар мұрасына тоқталды.
«Бейбарыс ислам әлемі бір панаға, бір қамқорға мұқтаж болғанда қорғап қалды. Ислам әлемін батыр бабамыз қорғап қалды» деді шейх.
«Уа, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер және бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың» деген Құран сөзін келтіреген Жоғарғы имам адамзаттың, қоғамның тыныш болуы үшін діннің атқаартын орнын а тоқталды. «Осы кезеңде осы уақытта батыс болсын, шығыс болсын, тартыстар тоқтамай тұрған кезде бұл әлемдегі барлық соғыстардың болуына себеп болған дін деген сөз бұл жалған ұғым, жалған түсінік. Бұл дінді қалдырып, дінсіздік пен тыныштықпен амандыққа жетеміз деген де бекер сөз. Бұлардың бәрі діннен бір нәрсені іліп алып жамандықтың бәрін осы дінге жапқысы келеді. Дінді желеулетіп өздерінің мақсаттарын, армандарына жету үшін осы дінді өздеріне себеп қылады. Дін мұндай нәрсенің бәрін мойындамайды. Ислам – терроризм діні емес. Екеуі от пен су секілді екі бөлек ұғым. Асыл дініміз әлем халқын бейбіт өмір сүруге және ауызбіршілікке үндейді. Діннің діннен, ұлттың ұлттан, адамның адамнан артықшылығы жоқ. Барлығы да – Алланың құлдары. Сондықтан айналаңыздағы адамдарды жақсылыққа, ынтымаққа, бірлікке шақырыңыздар».
Құрметті бауырларым, Алла сұбахан Тағаланың, пайғамбардың «оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырғанымен жүріңіздер. Қайтарған, тиған нәрселеріне тиылыңыздар. Қай жерде болсын, ұрыс-керіске, жеккөріске апаратын нәрседен сақ болыңыздар. Таласқа-тартысқа алып баратын нәрселерден алыс болыңдар. Әрқашан туыстықтың дәрежесін жоғары қойыңыздар!» деп ойын тәмамдады. Жұма намазынан кейін елімізге тыныштық пен береке тілеп, дұға қайырды.
Айгүл УАЙС