Асыл мұра

Төртінші бап. Ұжмақ сипаты баяны дүр

 

Каулуһу тағала: «Уәбәшширил ләзиина әмәнуу уәъамилуус салихәти әннә ләһум жәннәтин тәжрии мин тәхтиһәл әнһәру  кулләмә рузиқуу минһә мин сәмәрәтир ризқан мин қаблу уәутуу биһи мутәшәбиһән уәләһум фииһә әзуәжум мутаһһәрәтун уәһум халидуун»[1] (Мұхаммед ғ.с.) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады). Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу хазіреті Расул әләйһис саламнан нақыл қылар. Пейіштің бір кірпіші алтын, бір кірпіші күміс, бір кірпіші меруерт-маржан, бір кірпіші ләйлі жауһардан, зүбаржат жақұттан тұрар. Топырағы жұпардан, шөптері запыран-дүр. Ешбір көркемдігінде шек жоқ. Оны айтып баяндап есебіне жетіп болмас. Хазіреті саллаһу әлейһи уә сәллам айтты: «Пейіште өлмек жоқ дүр. Нығмет азайып кетпек жоқ-дүр. Рахаты бар, қайғы жоқ-дүр, нығметтің саны жоқ дүр.

«Мә лә ъәйнун раат уә лә узунун самиъәт уә лә хатәрә әлә қалби бәшәрин» (Көз көрмейтін, құлақ естімейтін, адам баласының жүрегіне қауіп келтірмейтін). Қаулуһу тағала: «Уәтилкәл жәннәтул ләтии уә ууристумууһә бимә кунтум тәъмәлуун[2]» (Міне осы сендердің амалдарыңменен мұрагер болған жаннат). Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу расул Алла саллаһу әлейһи уә сәллам рауаят қылар:

Пейіш ішінде бір ағаш бар дүр. Жүйрік ат шапса бір жапырағының көлеңкесінен шыға алмас. Уә және де жемісте бар дүр. Тағамы бірінен бірі артық дүр. Әр жемісінің 70 түрлі дәмі бар. Құдай тағала Құранда хабар берді: «Уәзуллиләт қутууфуһә тәзлиилә[3]» (Жемістері еріктерінде болады) деп. Егер пейіштегі хорлардың бір тырнағы бұл дүниеге түссе барлық дүниені нұр алар еді. Пейіште 70 һүллә киерлер, әрқайсысының рендері әр түрлі басқа көрінер және пейіште зәредей сатпақ жоқ дүр. Адам денелерінде жүн, түктен еш болмағай. Бастарында шаш болғай һәм кірпік, қас (миық болғай). Барлығы 30 жаста болғай. Қартаймайды, түстері өзгермес, тағамнан нені қаласа сол даяр болар. Егер құс етін жегісі келсе, құстар ұшып келеді де айтар: «Алла тағала досы, біздің етімізді же» дер. Олар жейді. Тойған соң өз орнына барғай. Құранда хабар берген: «қаулуһу тағала уәлә һәмә» деп. Хабарда осылай депті: «Қашан момындар пейішке барса алдынан періштелер шығып сәлем қылғай». «Ей, әбдилер[4], сәләмун әләйкуму дхулуул жәннәтә бимә кунтум тәъмәлуун»[5] (Сендерге есендік болсынғ амалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер дейді) деп олар ол пенделерге муәккил[6] періштелер дүр. Амалдарын жасап барар. Ол пендені пейішке алып кіргей, пыраққа мінгізгей. Ол пендені дәрежеге шығарғай. Ол дәрежеде 70 сарай болғай. Әр сарайдың ішінде 70 шатыр болғай. Әр шатырда бір хор отырғай. Ол хордың сұлулығынан әр кісі тағат тұта алмас. Әр кісінің істеген амалдарына қарай қызметкері болғай. Періштелер айтқай: «Ей, момын пенде, мұнда кел, сенің орның мұнда дүр» дегей. Ол пенде пырақтан түсіп, бір үйге кіргей. Ол үйден екінші үйге кіргей. Ешбір кісіні көрмеген дүр. Әр үйде тақтар болғай. Әрбір тақта жақұттан орындық күрсілер[7] болғай. Қаулуһу тағала: «фииһә сурурум мәрфууъа[8]» (Онда биік тақтар бар) деп тақтарға мінгісі келсе, ол жоқ оған иіліп табанында тұрар. Егер таққа мінсе көтеріліп кетер. Хорлар ғұламалар қатар-қатар қызметінде тұрғай. Ондағы момындар айтар: «әлхәмду лилләһил ләзии садақанә уәъдәһу» (Бізге берген уәдесін шынға шығарған Аллаға мадақ) деп, уә әгәһ болыңдар. Бұл тұрақсыз фәни дүниеде «қатын, бала» деп һәм «жақсы киім» деп «жақсы тағам ішем ба» деп «жақсы үй саламын» деп ақыреттегі пейіш нығметтерінен құры қалмаңыздар. Өмірлеріңді босқа заяда өткізбеңіздер. Бұл дүниеге ғибрат көзімен қараңыз. Бұл дүние ешкімге опа қылғаны жоқ, неше байлар, неше патшалар бұл дүниеде өтті. Ақыры опатпен ғаріп болды. Ей, бәрадарлар, Алла тағаланың азабынан қорқыңдар, жақсы істер қылыңдар. Құдайдың уә расулының бұйырғанын шын көңілмен ізет қылыңдар. Пайғамбар Мұстафа салаллаһу әлейһи уә сәллам айтты: «Әрбір момын ақирет пейішті талап қылса» пейіш айтар: «Ия, раббым, ол пендеңді маған кіргіз» деп. Әр пенде тозақтан сақтанса, тозақ айтар: «Ол пендеңді менен сақта» деп. Хақ сүбһәнә тағала барлық бәледен сақтап, тағатты ғибадатқа айналыстырып, жаман істерден жырақ қылып, өз панасында қылғай, әмин иа раббил аламин.

[1] «Бақара» сүресі, 25-аят

[2] «әз-Зухруф» сүресі, 72-аят.

[3] «әл-Инсан» сүресі, 14-аят

[4] Әбди /а/ – құл

[5] «ән-Нахл» сүресі, 32-аят

[6] Муәккил – өкіл

[7] Күрсі /а/ – орындық

[8] «әл-Ғашия» сүресі,  13-аят

Карамат.

Мукіматіл муслимин кітабы

Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button