Білген Шайыр айтады

Бес уақыт намаз жайында айтылған сөз

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Расулдың Хақтың досы айтқан сөзі,
«Дақоиқул ахбардан» көрді көзім.
Жазбаққа түркі қылып ниет қылдым.
Ғаріпке жәрдем берсең Алла өзің.
Әр пенде жан ділімен ықылас қылып,
Қылсалар жаратқанға көп құлшылық.
Хусусан бес намазды оқымаққа,
Айласа уақытымен дайымшылық.
Пенделер ықыласымен әр субх, шам.
Мешітке барып тұрса қойып қадам.
Жан, ділімен әммесінің келгенінше,
Рукуғы менен сужудын қылса тамам.
Бұл іске әдет қылса ертелі-кеш,
Мехнаты иншалла болмағай еш.
Дайыма әдет қылып тұрса бенде,
Қасиет Пәруардігәр берер он бес.
Үшеуі бұл дүниеде тірілігінде,
Үшеуін кез келтірер жан бергенде.
Құдайым құдіретімен кез қылады,
Үшеуін көрге барған мезгілінде.

Үшеуін қияметке барғанында,
Хисапқа періштелер алғанында.
Үшеуін жолықтырар рахметімен,
Һәм және дидар уақыт болғанында.
Үйлі дүниеде үш нышаны,
Жақсылар бұл тариқа айтсам аны.
Өміріне һәм рызқына берекет көп,
Айлағай шад һарам Жаппар Ғани.
Һәм өзі әулі ішімен балаларын,
Сақтағай панасында Жаппар Кәрім
Құдайым ғажап емес халас қылса,
Шайтанның уасуасынан Бир у Барым
Әзәзіл алған уақытта аның жанын,
Айтайын болатұғын нышандарын.
Алладан бір мархамат ауаз болар,
Еш зарар қылмайды деп шайтан лағын.

Екінші болғай анға бір башарат,
Мүбәрәк болсын деген бір мархамат.
Сіздерді қашан бізге келтірер деп,
Алдыңда мухайя дүр хүр жәннат.
Қолында әрқайсысының нұрдан табақ,
Таусифын келтіре алмас тіл менен жақ.
Алдынан ол пенденің қарсы шығып,
Деп айтар бізді сізге Жаппар Хақ.
Алладан періште айтар бұл башарат,
Жамиғ қапы ғамнан болдың азат.
Мархамат мұның бәрі құлдарына,
Кетсін деп утадау қад харам шад.
Мархамат құлдарына бұл нида екен,
Қыла көр өзің нәсіп Жаппар Егем.
Болады сондай құлдың қатарынан,
Ойланып бұл дүниеде қамын жеген.
Қабірде болатұғын үш нышана,
Бұл істі айтмақлыққа келді және.
Періште Мункур Накир Хақ әмірімен,
Бір сұлу жігіт болып келер аңа.
Деп айтар мархаматпен қорықпа менен,
Құп разы Пәруардігәр болды сенен.
Болыпсың бұл қызметке баста лайық,
Құданың келіп тұрмын әміріменен.
Қылған соң өзі Рахым Жаппар Құда,
Жауабын ғаріп пенде берер оңай.
Жүзіне жақсы көріп қарай берер,
Бұрында таныс болған адамындай.
Болсақта асы жапы көп күнәһар,
Нәсіп қыл бұл дәулеттен Пәруардігәр.
Кітаптан бұл сөздерді білдіргенің,
Бір жақсы нышан ба деп үмітім бар.

Екінші мархамат бұл қабірдегі,
Қабірдің бұл жаһандай болар кеңі.
Ондағы нығметтерді салыстырсақ,
Мүлкінде бұл дүниенің жоқ дүр теңі.
Қолына неше хурлер табақ алып,
Ішіне қанша түрлі нығмет салып.
Ізетпен икрамменен құрмет қылып,
Отырар қарсысында қайран қалып.
Қабірде бір тараптай қоймай кісің,
Жәннаттан алып келіп салар төсек.
Деп айтар қуанғаннан бұл дәулетке,
Құдайым жолықтырды қорқып жүрсең.
Үшінші қабірдің нышаны бұл,
Жәннаттан Хақ әмірімен ашылғай жол.
Мүмкін жоқ неге мұндай қылдың деуге,
Құданың әрне қылса Құдіреті мол.
Жәннатта әр тариқа барды тағам,
Миуаның пісіп тұрған бәрі тамам.
Қабірде жатқанменен бұл нығметтен,
Қолына өзі сүйген қылар инғам.
Мархамат қылғаннан соң Жаппар Құдам,
Жігіттей жаңа үйленген болып жатқай.
Ысырапыл сүрін тартқан мезгілінде,
Ұйқысы тұрса керек қанбағандай.
Құдая үмітім бар Рахметіңнен,
Хуныңдай болам ба деп қолдарыңнан.
Жеткізсең бұл дәулетке ғаріпті біз,
Көңілде қалмас еді ешбір арман.
Үш нышан қияметте болатұғын,
Қабірден мезгілінде тұратұғын.
Жүздерін он төртінші айдай қылар,
Мархамат әуел кісі қылатұғын.

Жүздерін раушан қылар шыққан күннен,
Болмайды жанның бәрі онымен тең.
Жарығы алдын алып артын алып,
Құданың құп тамаша Құдіретімен.
Мархамат ушал уақытта болып Хақтан,
Намазы келіп тұрар оң тараптан.
Жүрегі қуанғаннан жарылғандай,
Намазын бас көтермес оқымақтан.
Деп айтар оқып көріп ай халайық!
Келіп дер ушбу намаз маған лайық.
Мынаны оқып көр деп әркімдерге,
Алдына қуанғаннан қояр жайып.
Қуанар ғаріп пенде сол уақытта,
Қылған соң Тәңірі лайық қуанбаққа.
Оялып жерге қарап тұрмақлықтан,
Құдая пазылыңмен өзің сақта.
Пазылымен кирам етіп Жаппар Құда,
Жамиғ есептерін берер оңай.
Маһшарда болатұғын үш нышаның,
Нышаны ушуланшы болды мұндай.
Ақырғы үш мархамат бұл дүр және,
Бұл үш пен он бес тамам болар әмме.
Шақырар мархаматпен Хаий Дана,
Әзіреті Хақ субханакә уа Тағала.
Деп айтар Құдіретімен Жаппар Кәрім,
Мен сенен разы дүрмен пенделерім.
Және дер мархаматпен Пәруардігәр,
Саламуң қаулан мин Раббир Рахим.
Нығметтің бұл айтылған баршалары,
Емес дүр Рахметінен мыңнан бірі.
Таусифын жеткізе алмас ешкім айтып,
Болғанмен айтушының жүз мың тілі.

Әр пенде ықыласымен таһарат алып,
Қауымға намаз үшін тұрса барып.
Анадан жаңа туған қалыпымен,
Кінәдан қалар депті тазаланып.
Уақытымен бес намазды айлап ада,
Ықыласпен қылып жүрсе жанды пида.
Жамиғ ұлығ кішік кінәларын,
Ғапу етсе ғажап емес Қадір Құда.
Әр пенде намаз үшін қылып талап,
Кағбаға ықыласымен тұрса қарап.
Кінәсін бір тарапқа алып қой деп,
Әмір айтар бір мәләкка Али жәнаб.
Алланың ол періште әмірін алып,
Кінәсін ол адамның алар барып.
Кінәсін намаздан соң қайтамын деп,
Отырған ол періште қайран қалып.
Деп зарлық қылып, ия, Раббана,
Кінәсін әмір еттің ал деп маңа.
Алынған мойындағы ол кінәсін,
Орнынан қоямын ба қайтып және.
Жауабын мархаматпен дегейлер Хақ,
Хақында бұл жұмыстың болмағыл дақ.
Шаніне Рахметімнің лайық емес,
Кінәсін бір алған соң қайта салмақ.
Ықыласымен бұл тариқа оқысаңдар,
Намазда осы түрлі қасиет бар.
Бір себеп оқымаққа бола ма деп,
Сауабын биқадир хал қылдым изһар.
Намазды оқымаққа хәлі келіп,
Шайтанның қаза қылса тіліне еріп.
Емес пе жүз мың айып ол адамға,
Жіберсе бұл дәулетті қолдан беріп.

Деп айтқан Расул Құда әрбір намаз,
Хақында үмбетімнің ерур миғраж.
Намазға салақ болған адамдардың,
Азырақ ахуалынан айтайын баз.
Намазға салақ болса әрбір кісі,
Уақытымен оқымаққа болмай қошы.
Айтып дүр болмайды деп ал адамның,
Өмірінің һәм рызқының берекесі.
Бір басқа мұсылманнан болып түрі,
Тасаууф кітабының бір ұлығы.
…………………………………………………,
«Дақайқул ахбар» да айтқан мұны.
Кетер уақытта дүниеден ажал жетіп,
Ташна боп рахаттары қалғай кетіп.
Алдырғай қаттылықпен аның жанын,
Құдайым Әзәзілге әмір етіп.
Тар болып қабірі һәм болмай жарық,
Қатты қып ағзаларын қысар анық.
Тесіктің мысалында бір тарапы,
Тозақтың от жалына тұрар барып.
Тұрғанда бармақ үшін маһшар ара,
Жүздері тұрар депті болып қара.
Ішінде халайықтың Расул болып,
Намазы арқасынан келер және.
Құданың Құдіретімен маңдайына,
Бітілгей анық болып бір хат және.
Құданы Құдіретінен нәсіп жоқ деп,
Бітілген хаттағы сөз бұлайына.
Жүзіне қарағандар көргей аны,
Қайран болып хатты оқып тұрғай бәрі.
Егемнен Пәруардігәр пана тілер,
Қылма деп бұл тариқа расул мені.

Құдайым рахметімен қылмай назар,
Білге һәм азабымен айлап қаһар.
Алдым деп бұл пендені ғазабыма,
Тараптан Пәруардігәр болғай хабар.
Кітаптың әр бірінен көріп қарап,
Ғалымның әр бірінен жауап сұрап.
Намаздан ұлық сауап көрінбейді,
Жан ділімен оқымаққа қылсаң талап.
Тұрсада айтмақлыққа аузым бармай,
Көрген соң айтмаслыққа лаж қандай?
Азаптың ешбіреуі болмайды дер,
Намазды тәрк қылғанның азабындай.
Алланың әмірімен қияметте,
Жәннатқа нәсіп болып кірсе пенде.
Жамиғ мақсаттары хасыл болып,
Болмағай қайғы қамнан ешбір анда.
Шаттықпен әр тарапқа айлап назар,
Тозақта жатқандарды көріп олар.
Тозаққа не себептен түстіңдер деп,
Олардың әр қайсысынан сауал сұрар.
Бұлардың бұл сауалын есітіп баз,
Жылаумен әр қайсысы тұрғай біраз.
Тозаққа түспектікке бәрімізге,
Себебі жылап айтар бұл дүниеге.
Дүниеде жүрген уақытта Хақтан қорқып,
Жүрмедің әдет қылып намаз оқып.
Оқыдық оқуы қойсақ бұл тариқа,
Дән жеген тауықтай ақ жерді шұқып.
Тозақта жатқанменен көріп аны,
Жауабын бұл тариқа айтқан бәрі.
Құдая Карамыңмен тауфиқ беріп,
Таһаратқа жалқау қылма әр пендені.

Тасаууф кітабының әрбірлерін,
Қарасам назар салып қайсы бірін.
Көбірек басқа сөзден кез келеді,
Намаздың жайын айтып ашқан жерім.
Періште Хақ әмірімен айтқан заман,
Намазын есеп берсе есен – аман.
Басқасы ғажап емес оңай болса,
Пазылымен Карам етсе Қадірменен.
Намаздың ажыз келсе жауабына,
Қарамас басқа түрлі сауабына.
Құдайым Карамымен ғапу етпесе,
Болмайды хад қияс азабына.
Қазақтың өз тілінше қылдым дастан,
Жақсылар керек болса әркімге жан.
Дүниенің айуанында тірі жүрсе,
Жүрмесін бес намазды оқымастан.
Қарасам назар салып олай-бұлай,
Тыңдайды көп адамдар көңіл қоймай.
Көңілмен тыңдамаған себебінен,
Дейсіңдер түсінбейтін қылдым оңай.
Шайтанның көп адамдар тіліне еріп,
Намазын отырады қоя беріп.
Көңілін қараңғылық басқаннан соң,
Қалар деп ойламайды ажал келіп.
Бір адам сауал сұрады бір ғалымнан,
Кеселдің баян қыл деп жаманынан.
Жауабында кеселдің жаманы деп,
Кімде кім айтқан екен болса надан.
Жазылар басқа кесел я жазылмас,
Дүниеге қанша болса зарар қылмас.
Кеселді денедегі салыстырсақ,
Иманға надандықтай бала болмас.

Сауалын ол адамнан сұрады және,
Көңілінде данамын деп айтар әмме.
Нышаны надандардың қандай болар,
Мағлумын білдірсеңіз айтып маған.
Ол адам жауап айтқан тағы қарап,
Ықыласымен тыңдап тұрған салып құлақ.
Үлгі надандардың нышанасы,
Намазға рузаменен болар салақ.
Басқа һәм неше түрлі белгісі бар,
Баршасын мүмкін емес қылсам изһар.
Есітсе бір нышаны кітап сөзін,
Көңілінде сөз екен деп қылмас бауар.
Жанының бір нышаны қылмай қамын,
Халалмен парық қылмайды һәм харамын.
Алланың әміріменен ісі болмай,
Өзінің мұсылман деп қойған намын.
Сөйлесе бір нышаны ерегісіп,
Келестей құмда жүрген кетер есіп.
Бір адам айтқан сөзін аяқтамай,
Тұрған уақытта ортаға кітап түсіп.
Басқадан ақылдырақ біліп өзін,
Тамсанып ашып жұмып екі көзін.
Сөз бермей өз бетімен кете берер,
Ортадан бөліп кетіп айтқан сөзін.
Әркімде бұл нышандар болса егер,
Надан деп ол адамды айта дүрлар.
Ғажап жоқ надандыққа дауа болса,
Айтқанын ғалымдар деп тұтса макар.
Рахым қып құлдарына Рахим Рахман
Қылдырғай жанның қамын қылмай надан.
Өзін бір, пайғамбарды хақ дегізіп,
Шығарғай иманменен бұ ғаламнан.

Сауалын ол адамнан сұрады және,
Көңілінде данамын деп айтар әмме.
Нышаны надандардың қандай болар,
Мағлумын білдірсеңіз айтып маған.
Ол адам жауап айтқан тағы қарап,
Ықыласымен тыңдап тұрған салып құлақ.
Үлгі надандардың нышанасы,
Намазға рузаменен болар салақ.
Басқа һәм неше түрлі белгісі бар,
Баршасын мүмкін емес қылсам изһар.
Есітсе бір нышаны кітап сөзін,
Көңілінде сөз екен деп қылмас бауар.
Жанының бір нышаны қылмай қамын,
Халалмен парық қылмайды һәм харамын.
Алланың әміріменен ісі болмай,
Өзінің мұсылман деп қойған намын.
Сөйлесе бір нышаны ерегісіп,
Келестей құмда жүрген кетер есіп.
Бір адам айтқан сөзін аяқтамай,
Тұрған уақытта ортаға кітап түсіп.
Басқадан ақылдырақ біліп өзін,
Тамсанып ашып жұмып екі көзін.
Сөз бермей өз бетімен кете берер,
Ортадан бөліп кетіп айтқан сөзін.
Әркімде бұл нышандар болса егер,
Надан деп ол адамды айта дүрлар.
Ғажап жоқ надандыққа дауа болса,
Айтқанын ғалымдар деп тұтса макар.
Рахым қып құлдарына Рахим Рахман
Қылдырғай жанның қамын қылмай надан.
Өзін бір, пайғамбарды хақ дегізіп,
Шығарғай иманменен бұ ғаламнан.

Жүргіл деп періштелер кезекпенен,
Тез жүр деп ол пендеге айтқан екен.
Құдайым Құдіретімен біліп тұрып,
Қарайды не себептен сұра деген.
Алланың ол періште әмірін алып,
Себебін ол адамнан сұрар барып.
Артыңа анда – санда мойын бұрып,
Қарайсың не себептен қайран қалып.
Деп айтар ғаріп пенде жыламаң зар,
Артымда қарамақта себебім бар.
Үмітің Рахметімнен үзбеңдер деп,
Мархамат қылып еді Пәруардігәр.
Нәүміт қылмағай деп Тәңірім шаийд,
Үмітім Рахметінен бейнихаят.
Мүбәрак айтылған дүр каламінде,
Дәлелі «Ла тақнату» деген аят.
Кітаптың әр бірінің бар ішінде,
Мағлум дүр ілімі бар әр кісіге.
Үмітің Рахметімнен үзбе деген,
Барғанша жаһаннамның есігіне.
Тұрсада кінәмнан көңілім сеніп,
Қараймын сол себептен үміт қылып.
Болмаса Жаратқаннан бір мархамат,
Тұрған жоқ еш нәрседен көңілім тынып.
Есітіп айтқандарын ол адамның,
Жауабын Жаратқанға айтар аның.
Құданың ушал уақытта рақымы келіп,
Куә бол жарылқадым дегей бәрің.
Құдая бұл тариқа Рахметің көп,
Көптігін Рахметіңнің ойлаймын бек.

Машһур дүр бұл тариқа сипат атың,
«Ситарул ғаюб, ғаффарул зунуб» деп.
Әзіреті Аллаяр кітабында,
Машһур қып бұл сөздерді айтқан анда.
Жәннатқа қалғанынша бір қарыс жол,
Ғапыл боп жүрмесін деп ешбір пенде.
Наъузу биллаһ қайтарып жолдарынан,
Пенденің не келеді қолдарынан.
Жәннатқа анық барып кірмейінше,
Жарамас ғапыл болмақ құлдарынан.
Бай болсын, патша болсын қайбір адам,
Мейлі қожа, я қара болғанмен һәм.
Қамым жоқ еш нәрседен дегенменен,
Болмайды жәннат кірмей қатері жам.
Ән Әзірет екі жаһан әбүйірі,
Жамиғ калимакуйдің дұға күйі.
Мүбәрәк хадисінде айтқан екен,
Емес деп бұл дүниені шаттық үйі.
Келген жан дүниеге ақыр кетер,
Ақырет ұзын білген қамын айтар.
Әр қандай бұл дүниеде болғанменен,
Бір де шат, бір де қамкүн болып өтер.
Жәннатқа Құдай оңдап барсақ анық,
Құт кісі боп ән Әзіретке тұрсақ барып.
Жеткізсе бұл дәулетке Пәруардігәр,
Кемі жоқ инша Алла болар шаттық.
Жерлерде онан бергі әрне бәрі,
Хусусан бұл дүниенің кірдік ары.
Қылмайды ешбіреуді қатері жам,
Назар сап тәжірибемен көрсек аны.

Қылмаса рахметімен Тәңірім асан,
Жан бермек асан емес абайласаң.
Құданың Пазылымен қабірстанға,
Үмітім иманыммен аман барсам.
Әзірейіл келген уақытта алмаққа жан,
Иманға һәм харакат қылса шайтан.
Құдая бірлігің құрметінде,
Сақтай көр ол малғұннан есен – аман.
Дүниеде жүрген уақытта бай адамдар,
Көп малмен бір шаһарға қылса сапар.
Алдырмай ұрыларға аман барса,
Ойлаған жұмысының бәрі болар.
Кез болып ұрыларға кетсе малы,
Байлардың аң – таң болып кетер хәлі.
Бұл сөздің тымсалынан ғибрат алып,
Жан қамын қылатұғын адам қәні?
Бар болып ол адамның жау жарағы,
Сақтаса Пәруардігәр және тағы.
Жүргені ықтиятпен себеп болып,
Алуға ұрылардың келмес хәлі.
Кітаптың әр бірінде қылған мәлім,
Иманның ұрысы дүр шайтан лағын.
Құдая түсірме деп тұзағына,
Лажын лазым ерур қылмақ аның.

Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button