Ғалымның хаты

Тоқтамыс хан

Мырза Ұлықбек. Төрт Ұлыс тарихы

Жиырма үшінші хан — Тоқтамыс хан

Тарихшылар қауымы және оқиғаларды жеткізушілердің барлығы бір пікірде, Темір Тілек ханның дәулетінің уқыты өткен соң, Ұлы Сақыпқыран Әмір Темір гураган Муззафардың жәрдемімен Тоқтамыс хан ата-бабаларының мансабына жетіп хандық тағына отырды. Алғашында Сақыпқыран Әмір Темір гураган Музаффардың тілегі, — қалауы Тоқтамыс хан үшін еселсіз ұлық болса да, соңында өсек тасушылардың сөздері арқылы араға салқындық түсіп ұлы Сақыпқыран Әмір Темір гураган Музаффардың мейірімі Тоқтамыс хан бірнеше рет соғыста болды.

Айтуылынша, соғыс болған сайын жеңіліс Тоқтамыс хан жағында болар еді. Осы жолы, ақырғы соғыста ұрыс біраз созылып, қан майдан бірнеше күнге созылды. Айтылуынша, уақиға былай еді, Ұлы Сақыпқыран Әмір Темір гураган Музаффардың шабуылшы әскері әр күні Тоқтамыс ханның қорғаныс әскеріне шабуыл жасайды. Әмір Темірдің сол қанат әскері Тоқтамыс ханның, оң қанат әскерінен көп болып көрінер еді. Осылайша бірнеше рет соғыс болды. Тоқтамыс хан өз дәулеті басшыларымен ақылдасып, әскер қатарын өзгертіп және алмастыру ережесін түзді. Сол қаната тұрған әскер тәртібі нашар болғандықтан оң қанаттағы Бақрын ұлысының сардары Майлыбай Бахадурды Өгіз хан дәуірінен бері оң қанат әскері болып келген қауымымен бірге ертең қан майданға сол қанатқа баруға әмір етті.

Әлемді нұрландырған күн шығып нұр шашқанда хан әміріне лайық Майлыбай Бахадур Бағырлық өзінің ел-ұлысымен сол қанатқа өтіп, ұрысқа дайындалды. Әдеттегідей Тоқтамыс ханның сол қанат әскері әр күндегідей Ұлы Сақыпқыран әмір Темірдің оң қанат әскерінің қахарынан жүректері шойылып қалған еді. Бірінші шабуылыстан қашуға жүз берді.

Әмір Темірдің бес атамен нәсілі Қарашар ноянға барып қосылатын Осман есімді оң қанат сардары майданға ат салып кірді. Тоқтамыс ханның оң қанатында Майлыбай бахадүр және оның ұлысынан өзге ешкім қалмаған еді.

Айтылуынша сол күні Майлыбай бахадүр және қарындас ұрықтарымен қоштасып шыққан еді. Қолына найза алып, атқа мініп ту астында тұрып, атының аяғын шынжырмен байлап қоюды бұйырған еді. Тосаттан өмір Осман Майлыбай бахадүр үстіне қарай шақырылып, алапат соғыс басталды, екі жақтанда келіп екі ортада жекпе-жек басталды. Майлыбай бахадүр атының аяғына шынжыр байланғандықтан қаша алмай, екі балуан бір-бірінің жағасына жармасты. Екі батыр ат үстінен жерге құлап түсті. Бақ бергенде Әмір Осман Майлыбай бахадырдың үстіне жығылды және мұрсатты пайдаланып Майлыбай бахадырдың басын денесінен бөліп алды. Сол сәтте әскер арасында алау көтеріліп екі жақта осы Сардардың басына ие болуға ұмтылды.

Айтылуынша сол күні өліктер төбе болып үй еді. Бірақ Әмір Темір кісілері кем өлген еді. Тоқтамыс хан адамдарының өлгендерінің санын Алладан басқа ешкім білмес еді. Майлыбай Бахадүрдің сүйегін Бағрын ұлысынан шыққан үстіне қара киім киген, атқа және ақ қодастарға мінген жеті жүз адам алып шығып кетті. Бұл сөздің анығын және шындығын ешкім болжап айта алмайды. Алла тағала бәрін білуші.

Сенімді тарих кітаптарында жазыуына қарағанда, сол күні кіші қиямет болған еді. Сол күннен бастап Бағрын ұлысы Өзбек Сұлтандарының әскерінде Моғол тілінде Жавонғор (жауынгер) және Түркі тілінде Сыйүлғүл (Сыйлығүл) деп аталған сол қанаттан орын алды. Болайын ұлысының жалғыз болғандығы себебі Болайындар қоңырат және наймандардан екі есе көп еді.

Сенімді Шағатай тарих кітаптарының жазуынша Майлыбай бахадүр өлімінен кейін Әмір Темірмен тіл біріктіріп қосылды.

Жиырма төртінші хан — Темір Құтлұғ ибн Темірбек оғлан

Барлық тарихшылардың пікірінше, Тоқтамыс хан хандығы соңына толык жеткен соң, Ұлы Сақыпқыран Әмір Темірдің алдында болған Құтлық хан ибн Темірбек хандық мансабын алып үкімдер тағына отырды. Ол да салтанат мүлкімен жүгін тонағанда Шадыбек 25-ші хан болды.

Шадыбек хан

Темір Құтлық хан ибн Темірбек хандық тағын босатқан соң, Шадыбек хан салтанат көгіне көтерілді, халайықты әділет және қайырымдылық жолымен шат етті. Жақсы атымен дәуір майданына көтерілді. Бақилық бағының есігі ол үшін ашылған соң Болат ибн Шадыбек 26-шы хан болды.

Болат хан ибн Шадыбек хан

Шадыбек хан дәулетінің дәурені соңына жеткен соң орнына Әзіз перзенті Болат хан тағымен үкімдарлық мансабына көтерілді. Өз дәулетінің барысында, құрметке лайық болған адамдардың барлығына жағымды мәміле шалады, Ақыры әлем күші оның да жанын аман қалдырмады.

Темір ибн Темір Құтлы хан 27-ші хан болды

Болат хан ибн Шадыбек хан дәулеті соңына жеткен соң, дешті Қыпшақ мемлекетінің тағына сәулет беруші Темір хан ибн Темір Құтлығ хан болды. Ол салауат жүзді патша еді. Оның дәуірінде жаман адамдардың зұлымдығы адамдарға кем жетті. Ол да өзінің әуелгі туысқандарының арқасынан жолға түскен соң,

Жалалуддин ибн Тоқтамыс хан 28 -ші хан болды

Темір хан ибн Темір Құтлығ хан салтанатының мерзімі таусылған соң, екінші Апросиаф аталған Тоқтамыс ханның әзіз перзенті Жалалуддин Дешті Қыпшақ салтанаттығына аяқ қойды. Халықты әділдікпен шат етіп, ол да атасы жөне қарындастарының соңынан кеткен де,

Кәрімберді ибн Тоқтамыс хан 29-шы хан болды

Сенімді Түркі тарих кітаптарының жазуынша Жалаллуддин ибн Тоқтамыс хан өмірі таусылған соң туысқаны Кәрімберді ибн Тоқтамыс хан хандық тағымен үкімдарлық мансабына орналасты. Патшалық рәсімдері және салтанат заңдылықтарының орындалуына кірісті. Дәуірінің мерзімі таусылған соң ол да тақты тастады.

Отызыншы — Киік хан ибн Тоқтамыс хан

Кәрімберді дәулетінің мерзімі соңына жеткен соң оның туысқаны Киік хан ибн Тоқтамыс хан оның орнына отырып, хандық тағына сәулет беруші және Тоқтамыс хан үкімдарлық мансабын безендіруші болды. Бірнеше, көптеген адамдар арасында әділдік пен қайырымдылықты өз дәрежесіне көтерген соң, замана басқаларға қандай мәміле еткен болса оған да соны жөн санады.

Отыз бірінші хан — Шығыр хан ибн Тоқтамыс хан

Киік хан ибн тоқтамыс хан салтанатының уақыты біткен соң туысқаны Шығыр хан ибн Тоқтамыс хан оның орнына салтанат тағына шықты. Заман халқымен олар қандай келісім жасаса ол да солай жасады. Соңынан салтанат шылауын өмір оның қолынан алды.

Отыз екінші — Жаббарберді ибн Тоқтамыс хан

Шығыр хан ибн Тоқтамыс хан дәулеті де өткен соң, туысқаны Жаббарберді ибн Тоқтамыс хан салтанат тағына отырды және хандық кернейін үрлеуге түсті. Халайыққа лайық істерді амалға асырды, оның да уақыты таусылған соң, өз қадамын салтанат мансабынан түсер жайға қойды.

Отыз үшінші хан — Саиид Ахмед хан

Жаббарберді ибн Тоқтамыс хан патшалығы уақыты өткен соң Саиид Ахмед хан салтанат тағына және үкімдарлық мансабынан тұрақ тапты. Өмір оны да өткен хандар санына қосты.

Отыз төртінші хан — Дәрбіш ибн Илохий Оғлан

Тұрақсыз өмір Саиид Ахмед хан салтанатын соңына жеткізіп Дәрбіш хан ибн Илохий Оғланды хандық тағына өткізді. Ол халықты жақсылыққа жетеледі. Сол өтпей оны да елім тақтан түсу дәрежесіне жеткізді.

Отыз бесінші хан — Мұхаммад хан

Дәрбіш хан ибн Илохий Оғлан салтанатының уақыты соңына жеткен соң Мұхаммад хан таққа отырды. Түрікше мешін жылына қараған 621 хижра жылынан басталған Жошы әулеттері дәулетінің басынан түрікше жылқы жылына тура келетін 831 хижра жылы Мұхаммад хан таққа отырған уақыт аралығы екі жүз он жылға жетті. Ол да ата-бабаларының жолын жалғастырып келген еді, заман оны да тұрақсыздық жолына қарай жіберді.

Отыз алтыншы хан — Дәулетберді ибн Тастемір

Мұхаммад хан дәулетінің таусылуымен хандық тағына Дәулетберді ибн Тастемір хан келді және оны да өмір диірмен тасы алып кетпегенше үкімдарлық рәсімі мен әдептерін жүргізіп тұрды.

 Отыз жетінші хан — Барақ ибн Қаршық

Дәулетбердінің патшалық дәуірі өткен соң, орнына Барақ хан ибн Қаршық отырды және хандық үкімділікті жалғастырды. Өмір оны да өз жайында қалдырмады салтанат тағынан тез ғана қозғады.

Отыз сегізінші хан — Ғиясуддин ибн Шадыбек хан

Тарих ғалымдарының дәлелді пікірлерінше Барақ хан ибн Қаршық салтанатының дәуірі таусылған соң, Ғиясуддин ибн Шадыбек хан хандық тағына сәулет беруші және үкімдарлық мансабын егеленушісіне айналды. Халық істерінің тәртібіне кіріскенінен біраз өткен де, оның да пәниді айналуы ең соңына жетті.

Отыз тоғызыншы хан — Мұхаммад хан ибн Темір хан

Ғиясуддин дәулетінің өмірі тыйылып біткен де, Мұхаммад хан ибн Темір хан ибн Темір Құтты хан ибн Темірбек Оғлан хандық дәулетінің күні салтанатының шапағынан жүз көрсетіп, ізет тағынын, шоқысына жарқырап шықты. Айтылуынша Жошы хан ибн Шыңғыс хан әулеттері дәулетінің басталуынан нақ Мұхаммад хан ибн Темір ханның таққа отыру уақытына дейін тура бір дәуір (Кирон) яғни, 240 жыл өтті. «Білім Аллаға лайық, әрістің ақиқатын алладан басқа ешкім білмейді».

 

Мырза Ұлықбек. Төрт Ұлыс тарихы. Ташкент «Шолпан » баспасы 1994 жыл.

Қазақ тіліне аударып дайындаған: Сеитомар Саттарұлы

Соңы:

Мөңке Темір хан Тоған ибн Ботур хан ибн Жошы хан ибн Шыңғыс хан патшалығы баяны

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button