Ғалымның хаты

20-бап. Жылап дауыс шығарғанды тыю баяны

Рауаят қылдылар әр үйде өлім болса, ол үйде тағам жемек мәкрух170 дүр. 1) ол үйден бірінші күні тағам жесе пайғамбарлар безер, 2) күні тағам жесе періштелер безер, 3) күні тағам жесе

168 Ғаплат /а/ – қапы қалу

169 Әғлам /а/ – бәрін білуші

170 Мәкрух /а/ – адал емес

және өлік үстінде күлмек сөзін сөйлемек, ұйықтамақ дұрыс емес һәм ылайық емес одан ғибрат алмақ керек. Біз де осындай өлеміз деп жан беру ащылығын тартамыз деп, өлімді ойда сақтау керек. Бір күні хазіреті Расул саллалаһу әлейһесалам бір көрістаннан өтіп баратыр еді, біреудің қатты ауазбен жылағанын естіді. Пайғамбар айтты: «Әркім қатты ауазбен жыласа Алла тағаланың лағнеті оған болар, өлікке айбатпен қарар уа қатты азапта болғай. Хазіреті Мұса әлейһесалам Хақ тағалаға мінажат қылды: «Неше кісінің күнәсін кешпейсің?» деп Хақ субхәнә тағала айтты: «Бірі намаз оқымаған, арақ, боза ішкен уа зина қылған, бірін екіге беріп, пайда қылғандар, ғайбат сөйлеген, ата анасын азап қылғандар, Құдайды жоқ дегендер» деді. «Күнәсін еш кешпеймін» деді. «Ия, Мұса мұндай іс істегендермен жолдас болма, қоңсы болма» деді. Мұндайлардың сұмдық кесапаты жұртқа, халыққа тиер. Халықтың малдарынан берекет кетер». Расул саллалаһу айтты: «Бір кісі жан берейін деп қысылып жатқанда қатты ауазбен бір жақындары жыласа, әзіреті Әзірейіл айтар неге жылайсың мен Алланың әмірімен келдім» дегей. «Әркім әмір бұйрыққа бағыну керек» деді және хазіреті Расул айтты: «Егер бір кісі бетін жыртса бетпақтық қылып және қара кисе ол кісі азапқа кіріптар болар уа опат болған кісі де және әруақтар да қатты жылаған кісіге ренжір, разы болмас. Барлық істеген қайыр садақасын Алла тағала қабыл қылмас. Егер өлімге сабыр қылса, Алла тағала разы болғай, күнәләрін афу қылғай және Аюб пайғамбардың сауабын бергей. Өлікті көрге қойғаннан кейін неше күннен соң құрттар ет терілерін жерлер, сүйектен басқа еш нәрсе қоймас. Онан соң сүйектері шіріп, топырақ болар. «Ей, адамдар, ойсыз ғапыл болмаңдар. Адам түгіл қай зат болса да он сегіз мың ғаламдағы мақлұқат бәрібір шіріп, топырақ болар. Бұдан ғибрат әр пенденің басына келер» деді. Ойланыңдар қараңғы көрде жалғыз қалмақты, Мүңкір-нәнкір сұрағанда жауап беруді, қабыр азап қылмақты. Онан соң тіріліп, қабырдан шығып, есеп қылмақты, біреулер пейішке, біреулер тозаққа кететінін ойлауың керек. Әртүрлі қылам десе Құдайдың құдіреті келетінін біліңдер. Он сегіз мың ғаламға Алла тағаланың қаһары келетінін біліңдер және қаһарынан қорқыңдар. Біріңе-бірің үлкендік қылмай, сіз-біз деп сөйлесіңіздер. Ата-ана және қоңсыға азап бермеңіздер. «Ей, мұсылмандар, ашу орнына зікір тәсбих айтуға, пайғамбарға салауат, дұғалар оқуға әдет етіңіз. Ойын күлкі, пасық істерден қашып тұрыңдар. Пенде менен еш ұялмайды, мен бәрін құдіретіммен көріп тұрамын. Олар мені көрмегенсіп ұят қылмайды». Алла тағала айтар: «Пенделерді сынға жібердім, сұрауын ахырда сұрармын» дер. «Он сегіз мың ғаламға ырызғы, несібе құдіретіммен беріп тұрмын. Не істесе бәрін біліп тұрмын. Бірақ пенде менен ұялмайды» дер.

Хикаят

Сүлеймен ибн Сапа деген еркек бар еді. Өзіне өзі уәде қылды. Қабырғамды жерге қойып жатпаймын деп күні-түні жатпастан тағат ғибадатқа машғұл болды. Өмірі ауру болды. Ақыры қатты ауырды. Қатыны айтты: «халің нашар болды, төсек үстінде жатып жан берсеңіз жақсы болар еді» деді. Бұл айтты: «мен Аллаға уәде қылып едім қабырғаммен жерге жатпаймын, сол уәдем орнына келсін» деп бір тамға сүйеніп жан берді. «Иннә биллаһи уәиннә иләйһи рәжиғун171» сол заман денесі ғайып болды. Әр жерден іздеді, таппады. Ғайыптан ауаз келді. «Ей, ғапыл ойсыздар, неге іздейсіздер, ол маған уәде қылды тірі кезімде қабырғамды жерге тигізбеймін деп, ол уәдесіне опа қылды, мен оны өлген соң жерге қоймаймын. Хор қыздарымен садрәтіл-мунтаһаға172 жеткіземіз» деді. Енді әр кісі сөзінде тұрып, ақирет ісіне бел байласа осындай кереметтер табар иншаллаһу тағала.

Хикаят

Басра шаһарында бір кісі бар еді. Әбиб әжмәт дер еді. 171 Иннә биллаһи уәиннә иләйһи рәжиғун – Біз Аллаға тәнбіз және өлген соң оған оараламыз 172 Садрәтіл-мунтаһа /а/ – ғарыштағы Алланың киелі ағашы Ол рахматулләһи әләйһи173 40 жыл аспанға қарап жылады. Бір сағат тоқтамастан жылады. Барлық денесі тітіреп селкілдер еді. Отырып, кейде тұрып жылайтын еді. «Барлық уақытта менің күнәмді кешір» дер еді. Өмірінің барлығын тағат ғибадаттан басқаға пайдаланбады. Өзіне өзі айтар еді: «Ей, тән, ояу бол, өлім жақын дүр, қиямет күні Құдай тағала өзі қазы болғанда не сөз айтарсыз, онда қашарға жер таба алмассың». Азаннан кешке дейін, кештен азанға дейін өзіне өзі насихат қылар еді. Өмірі тамам болды. Құдай тағаланың рақымына душар болды. Оны бір кісілер түсінде көрді, халін сұрады. Ол айтты: «Мен дүниеде көп жақсылық қылдым, пайда қылмадым. Тозақтан қорқып жылағаным пайда қылды» деді. «Ей, бірәдарлар, бұл дүние ісін қойып, ақирет ісін істеңіздер. Әр істі Құдай тағала ырзалығы үшін істеңіздер. Хақ субһана тағала пазлы кәрәт рәһмәтімен тозақтан құтқарып, пейішке кіргізер. Алланың пазлы кәрәт бәрімізге тәубе таупиқ хидаят беріп, пейіш кісілерінен қылғайсыз, тозаққа кірушілерден қылмағайсыз аумин рәббіл аламин. Би урмәтіл Мұхаммед Мұстафа саллалаһу тағала әлейһесалам аумин.

Тамам.

24/XII-707 түн мос, 8, 20

Карамат.

Мукіматіл муслимин кітабы. Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button