Ғалымның хаты

«Сенің дінің өзіңе, менім дінім өзіме»

Тәңіршілдік тұрғысындағы қос пікір

«СЕНІҢ ДІНІҢ ӨЗІҢЕ, МЕНІҢ ДІНІМ ӨЗІМЕ»

…Телефонмен сөйлесіп жатқанымда «Иншалла», «Алла қаласа» деген сөздерді көп қолдансам керек, тұтқаның арғы жағындағы Р.Безертинов бірден «Сен исламшылсың ба? Аллаға сенесің бе?» деген мазмұндағы бірнеше сұрақты қойып үлгерді. Ол сұрақтарға жауап беріп, «ақталып» отыратын уақыт жоқ. Роумингтің ақшасы ұрып барады. Содан «Аға, бұйыртса, жақында барамыз. Сол кезде сөйлесейік», дедім. Қасымда отырған белгілі саясатшы Рашид (Рашид Нутушев) ағаға айтып едім, «əлі баяғы ұстанымында екен-ғой», деп күлді.

…Ұзақ түндерді таңға жалғап саяси сараптама жасайтын Рахаң 90-шы жылдардың бас кезіндегі іргесі шытынай бастаған одақтас елдердегі «Халық майдандары» туралы сөз қозғағанда Рафаел Безертинов туралы да айтатын. Сондықтан да ол кісінің саяси ұстанымы, діни көзқарасы туралы біраз ақпаратқа қанық едік.

…Белгілі сыншы-ғалым Құлекеңмен (Құлбек Ергөбек) Чебоксардан шығып, Қазан шаһарына да жеттік. Келіскеніміздей Рафаел мырза күтіп алды. «Қонақүй сіздерге жайсыз болады, одан да үйге жүріңіздер» деп, Қазанның сыртындағы үйіне алып кетті. Қонақ етті. Сол төңіректе салынып жатқан аспан астындағы ашық этно-музейді аралатты. Содан бізді бір үлкен төбенің басына алып барды. Сол төбеге өз қаражатына үлкен тас орнатыпты. Айтуынша, бұл үлкен тас – тәңіршілдіктің ұстыны. Осында келіп, өзі діни жөн-жоралғысын жасайды екен. Біздің көзімізше тасты айналып, діни ритуалын қалай жасайтынын көрсетті. Құлшылық дейтін құлшылық та емес, менің көз алдыма шаманның бейнесі елестеді.
…Сөз арасында ол кісі бұл жерде жылда жазда лагерь ұйымдастырлатынын, оған түркі халықтарынан біраз «белсенділер» келіп қатысатынын айтты (Қазақстаннан да біз білетін 2-3 екі адамның аты-жөнін айтты).

…Содан күнде қызу пікір талас. Түркілер тарихы, түркішілдік негіздері, өркениеттер қақтығысы, мәдениеттер тоғысы, бүгінгі түркітану мәселелері т.с.с. Әңгіме ауаны түркілердің сеніміне қарай ойысатын кезде Құлекең әңгімеден «түсіп» қалады. Тәңіршіл мен исламшылдың тартысы қызық болмаса керек. Біз «қырқысып» жатқанда Құлекеңнің көзі ілініп кетеді. Оянып кетіп: «Ей, сендер әлі отырсыңдар-ғой» дейді. Былай шыға бере ағам маған «Қоя салсайшы» дейді. Қайдағы қойған?! «Дешті қыпшақ даласында ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысымызды қайта қорғап жатқандай, қызыл кеңірдек боламыз-ғой.
…Содан бесінші күні қонақүйге шықтық. Тәңіршіл мен исламшылдың пікір таласы саябырсығандай болды. Обалы не керек, Р.Безертинов мырза бізді өз үйінде құдайындай күтті. Екі апта бойына жасаған қызметіне алғысымызды айттық. Соңында Рафаел мырзамен «Пікі таластарда артық кетсем, кешірім сұраймын. Сіз өз сеніміңізде, біз өз дінімізде қалайық», деп қоштастық.

ТҮРКІШІЛДІКТЕН ТӘҢІРШІЛДІККЕ

Тәңіршілдікті уағыздап жүрген Рафаел Безертинов мырзаны түсінуге болады. Оған екі негіз бар: өскен ортасы мен өз ұлтына деген жанашырлығы. Кеңес одағы тарардың алдында оянған кейбір түркі халықтарында «Халық майдандары» құрылып, азаттық, егемендік ұрандарымен қатар, ұлтшылдық, түркішілдік мәселелері қайта көтерілген уақытта ол кісі Әзербайжанда болған. Себебі сонда туылған. «Халық майданы» жеңіске жетіп, марқұм Елчібей билікке қол жеткізенде Татарстанға қоныс аударған. Қай түркішілдікті ұстанамыз? Тәңіршілдіктегі ме, әлде ислами сенімдегі ме? Бұл сұрақ түркішілдерді қашанда мазалаған белгілі (Мен білетін саясаттағы түркішіл рухтағы екі ағайындыны да айырған осы ұстанымдар болатын).
Рафаел мырза өскен Әзербайжанда мұсылмандар екі үлкен тармаққа бөлінеді: сүннидтер мен шейіттер (шиғалар). Сырт көзге бәрі мұсылман болып көрінгенімен де, діни танымы мен көзқарастарында айырмашылық бар. Ал, Рафаел мырзаның өз ұлтының, яғни татар бауырларымыздың жайы тіптен бөлек. Мұсылмандар және христиандар. Түркішілдік – түркілердің рухани тұтастығы емес пе? Онда сүннид және шейіт болып екіге бөлінген әзербайжандар мен мұсылман һәм христиан болып екіге айырылған татарларды қандай сеніммен біріктіруге болады? Содан ислам да емес, христиан да емес, осы екі дінге дейінгі тәңіршілдік келіп шыққан. Сондықтан да Р.Безертиновтің тәңіршілдіктегі түркішілдікке қарай бет бұруының астары осында деп пайымдауға болады.
Р.Безертинов – өз консепциясын тәңіршілдік платформасымен толықтай байлаған адам. Өзі айтқанына өзі сенеді. Тәңіршілдікті біздегі кейбір тәңіршілдікті бетперде қылған дінсіздерге ұқсап, ерекшелену үшін, яғни «поза» ұстау үшін айтпайды. Өзі тұрғызған үлкен тасқа өзінше тәуап етеді, білгенінше шамандық ритуалдарын жасайды. Түркітанушы-миссионерлердің еңбектері негізінде кітаптар жазады. Оқулықтар құрастырады. Сондықтан да пайғамбары жоқ тәңіршілдіктің бүгінде ол кісі «ялауашы» (парсыша пайғамбары, арабша расулы) рөлін атқаруда десек те болады.

Осыдан оншақты жыл бұрынғы оқиғаны еске алып, Р.Безертиновтің сенімін сөз қылуыма себеп, кейінгі кездері осы кісінің кітаптарындағы идеялармен қаруланған бауырларымның көбейе түсуі болатын.

ТӘҢІРШІЛДІКТІҢ АРТЫНА ЖАСЫРЫНҒАН ДІНСІЗДЕР

Ал, біздегі бүгінгі тәңіршілдердің жөні тіптен бөлек. Тәңіршілдікті кеңінен насихаттап жүрген біздің «оқығандардың» басым бөлігі өз айтқандарына өздері толық сенбейді. Сенімдерін шыңдап отыру үшін, өз иланымдарындағы құлшылықтың жөн-жоралғысын да жасамайды. Тек қана жазады. Онда да өз сенімдерін негіздеп, ғылыми еңбек жазбайды, тек қана айтады. Айтқанда да, көпшілігі, ғылыми ортада емес, әлеуметтік желілерде жасырын, бүркеншік атпен «сүйкейді». Біразы аты-жөндерін ашып жазбайды. Ашып жазса, «пәленшенің баласы кәпір» екен деген сөзден аяқ тартады. Ертең өлсем жаназам шығарылмай, ислами жөн-жоралғысыз жерленуім мүмкін деп шошиды. Себебі ұстанған бағыттарының түбі шикі екенін өздері де біледі. Содан әлеуметтік желіде бірнеше парақша ашып алып, дін туралы жазғандарды «аңдиды». Басқа дінді ұстанатын өзге ұлттарды емес, өзінің мұсылман қазақ бауырларының намысына тиіп, имани сенімін аяқасты еткісі келеді. «Бас тәңіршінің» Исламды қаралап жазғанына өз сенімін қорғаштап бір мұсылман жауап жазса, бірнеше парақшаларды «ойнатып» отырған фейк авторлар шиебөрідей жабылып, табалайды. Дәлел-дәйексіз, көбінесе сөзді ойнатады. Өкінішке орай, біздегі тәңіршілдердің кейпі осындай бүгінде.
Тәңіршілміз дегені бер жағы, шын мәнісінде көпшілігі сол сенімнің артына жасырынған дінсіздер, ғылыми тілде айтсақ, атеистер, мұсылманша атасақ, кәпірлер. Олай деуімізге себеп, сол «жазғыштардың» өзі тәңірлік сенім бойынша да құлшылық қылып жарытпайды. Немесе жүрегінде Жаратушыға деген титімдей иманы бар адамның басқа дінді ұстанушының сеніміне, оның ар-ұжданына тиісудің күнә екендігін білсе керек-ті.

«ӨЗГЕШЕ» ТАҚЫРЫП

Исламға дейінгі сенімді «армандау» бізде ғана емес. Бұл үрдіс, тіпті, діні мен дәстүрі сабақтасқан елдердің өздерінде де кейде бой көрсетіп жатады. Бірақ оларда көпшілік ұстанатын ресми дінге қатты шүйлікпейді, төзімділік танытады. Бізде анайылық басым. Анайылық емес, жабайылық. Миллиондар ұстанатын Исламға тіл тигізгені соншалық, бір кездері Алланың дініне қарсы кітап жазып, әлемді шулатқан ағылшын шпионы Салман Рушди далада қалды. Исламға шүйліккендердің әдісі белгілі, қашанда. Қасиетті Құраннан кемшілік іздеу, пайғамбардың тұла бойынан пендешіліктің іздерін табу және т.б. Бұл Исламның алғашқы жылынан жалғасып келе жатқан айла. Біздегі «сыншылар» да осы әдіске жүгінуде. Ондағы мақсат не? Осы уақытқа дейін қазақ даналарының бәрі қастерлеген Құранды мансұқтап, ардақтаған пайғамбарына тіл тигізіп, аяқастынан «ақылды болудың» астарында не пиғыл жатыр? Мұсылман бауырыңның шамына тию ме? Әлде жұрттың бәрі Исламды айтып жатқан соң, жұрттан өзгешеленіп «өзгеше» тақырыпты қаузау ма? Ғылым-білімнің тұралап қалуына Ислам кінәлі болса, онда тәңіршілдікті ұстанып, бүгінде өркениеттің шыңына жетіп отырған бір елді көрсеткені абзал болар еді. Біз білетін шамандық немесе тәңірлік дінді ұстанатын бүгінгі түркі халықтарының басым бөлігі өркениет тұрмақ, ұлт ретінде жойылып кету қаупінің алдында тұрғаны ақиқат. Кейбір түркі халықтары секілді (Әзербайжандар секілді екі үлкен ағымға, татарлар сияқты екі дінге) бірнеше діндерге бөлінбестен, осы уақытқа дейін бір имани сенімде болып келген қазақтың арасында тәңіршілдікті немесе дінсіздікті насихаттағанда кім ұтады?

ЖАЛАҢ ПІКІР

Жалпы, бізде Исламға дейін түркілердің бәрі тәңірлік дінін ұстанып, тұтастай бір сенімде болған деген жалаң пікір қалыптасқан. Егер түркілердің бәрі өз сенімдеріне берік болса, онда Исламға дейін-ақ христиандық, буддалық, манихейлік діндердің киелі мәтіндерін көне түркіге аударуда не қажеттілік туындады екен? Манихейлік дінін насихаттайтын «Хуастуанифт», Христианның неостариан ағымын үгіттейтін «Абыздардың құлшылығы», Буддалық мәндегі «Алтын Жарық», «Майтри симит ном бітік» жазба жәдігерлері түркітануда көп зерделенген. Зерттеушілер кейбір түркі тайпаларының осы діндердің иланушысы болғанын алға тартқан. Яғни, киелі кітабы һәм пайғамбары жоқ тәңіршілдік сол замандағы діндермен бәскеге түсе алмаған. Сондықтан да Исламға дейін-ақ түркі тайпаларының кейбірі тәңіршілдікке «қиянат» жасаған еді. Түркілердің басым бөлігі бертін келе шынайы имани сенімді Исламнан тапты. Ислам өркениетін жасаушылардың бірі болды. Ортағасырлық Ислам тарихы, шын мəнісінде, мұсылман түркілер тарихы екені белгілі.

Исламды қабылдаған түркі халықтары үшін, тәңіршілдік – өтіп кеткен кезең. Яғни, тәңіршілдік түркілердің балаң кезеңі болса, Ислам кемелдену кезеңі. Сондықтан да бүгінгі қоғамда тәңіршілдікті дін ретінде насихаттаудың қажеттілігі де шамалы.

ДІНСІЗДЕРДІҢ ШЫҒУЫНА КІМ КІНӘЛІ?

«Маңдайларына мұсылман болу бақыты бұйырмаған» деп қысқа жауап беруге де болады. Анығы сіз бен біз кінәліміз. Мың жылдан артық ата-бабамыз ұстанып келген дінді дұрыс насихаттай алмадық. Өзіміз шынайы иланушының үлгісі бола алмадық. Қазақтың даласына мұсылманшылықтың келгеніне мың жылдан асса да, таза Ислам кешегі тәуелсіздіктен кейін келгендей, қазақы танымға, салт-дәстүрге тиісуден бастадық. Қоғамды ширк пен бидғат «жайлады». Мың жылдық дін мен дәстүрдің сабақтастығын жоққа шығардық. Басқасын былай қойғанда, отбасылық ғұрыптарды реформалай бастадық. Содан келіннің салған сәлемі алғыс емес, қарғыс болды. Тіпті тілді реформалап, Алланы – Аллаһ, адалды – хәләл деп «түзедік». Иманды жүректен емес, сыртқы бейнеден іздедік. Жүзіміздегі артық түкті қырмастан, қараға бүркендік. Хақ діннің ақиқатын емес, арабтың дәстүрін үйреніп келген ділмарлар «ширк пен бидғат» хақында уағыз айтқанда, жергілікті мешіт имамдары далада қалды. Хақтың сырларын айтады-ау деген бауырларымыз ижазасы болмағандықтан да сопылық тариқаттарды мидай араластырды. Сырттан қадири болып келіп, қоғамда яссауи болып көрінуге тырыстық. Содан қазақ даласындағы дәстүрлі тариқаттардың арасына сына қағумен болдық. Дәстүрлі ишандық һәм ахундық мектептері әдірем қалды. Кейбіріміз шеттен дұрыс дінді үйреніп келгенімізбен де, өзімізді либерал ретінде көрсетуге тырысып бақтық. Ең сорақысы, алғашында Исламды насихаттап кітап жазғанымызбен де, бертін келе Батыс өркениетінің алдында ислами құндылықтарды құбыжық ретінде көрсете бастадық. Қажылыққа барып, иманын күшейтіп келген зиялылардың имани қуаты екі-үш-ақ жылға жетті. Қасиетті жердегі қара тасты сүйіп, имамның артында сапқа тұрғанымызбен де, қайтып келіп мұнапықтың рөлін сомдадық. Соңғы жиырма жылдағы бет-пердеміз осы болды. Содан сырт көзге арабқұлдар болып көріндік. Жұрттың басы қатты. Екі топтың айырмашылығын саралаймын деп жүріп, діни білімі болмағандықтан да, діннің «кемшіліктерін» көре бастады. Жалаң ұлтшылдыққа ұрынды. Содан Абай ұстанған дінге сыни көзқарас қалыптасты. Кейбірі тәңіршілдікті насихаттайтын еңбектерден іздегенін тапса, көпшілігі солардың айтқанын жөн көріп, арттарынан ерді.

ИСЛАМ – ПЕССИМИСТЕРДІҢ ЕМЕС, ОПТИМИСТЕРДІҢ ДІНІ

Оның үстіне соңғы кездері тым қияметшіл болып барамыз. Ақыр заманның үлкен һәм кіші белгілерін жиі санамалап жүрміз. Хазірет Мәдінің әскері болғымыз келеді, Тажалдың қалай шығатынын, Йәжүж-Мәжүж қауымын көрсек дейміз. Осындай үреймен сенімімізді күшейткіміз келеді. Сын сағатының таяп қалғанын қайта-қайта еске салуды өзімізге міндет қылып алғандаймыз. Дұрыс. Қияметке иланамыз, оның үлкен һәм кіші белгілеріне де сеніміміз кәміл. Ол ауамның (яғни, көпшіліктің) емес, хастардың (шынайы ғалымдардың) тақырыбы. Әрісі Жаратқанның құзырындағы дүние. Оның үстіне жүрекке иман үреймен емес, махаббатпен кіргені абзал. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, Ол Алланы жаннан тәтті» деп Абай босқа айтпаса керекті. Діннің негізі, азап пен үрейде емес, махаббат пен ғашықтықта. Ортағасырлық жарандардың айтпағы да осы болған. Содан «Жүрегің – Аллада, қолың – еңбекте» болсын деген түсінік қалыптасқан. Немесе «Мәңгі өлмейтіндей еңбек қыл, ертең өлетіндей құлшылық қыл!».

-Ислам надандықтың емес, ғылым-білімнің діні. Санада тозақтың азабы емес, жүректе Алланың махаббаты орын тепкені абзал. Дінді арабтың дәстүрімен емес, қазақтың бай рухани мұрасымен байланыстыра отырып насихаттау жағы жетіспейді бізге. Елімізде соңғы он-он бес жылда пайда болған уахаббист-сәләфилер тарапынан туындаған мәселелерге қарап, мың жылдық дәстүрлі дінімізден бас тарта алмаймыз. Терроризммен күрес – Исламмен күрес емес. Біз – діні мен дәстүрі сабақтасқан мұсылманбыз.

ҚОРЫТЫНДЫ ОРНЫНА

Атеистердің заманы кешегі Қызыл империямен кетті деп ойлайтын едік. Кеңестер Одағында дінсіздік қоғамды орнатқан орыстар деп түсінетін едік. Егеменді елімізде енді тұтас иманды қоғам орнайды деп сеніппіз. Жоқ. Олай емес екен. Дәстүрлі дініңен жеріну үшін біреуге бодан болуың шарт емес екен. Жалаң ұлтшылдықты жалау етіп, арандатуға бейім болсаң жеткілікті екен. Сырттан һәм іштен қолдайтындар табылады екен.
Демократиялық қоғамда толеранттылық деген ұғым бар. Яғни, біреудің дінін ұстанбасаң да, оның имани сеніміне түсіністікпен қарау. Өзің құлшылықтан рухани азық алалмасаң, ғибадаттан ләззат алатындарға бөгет жасама. Жат ағым болса бір сәрі, дәстүрлі дінді ұстанып жүрген өз бауырыңның сенімін мансұқтау – адамшылыққа да жат. Демократиялық қоғамдамыз деп, мұсылман бауырыңының имани сеніміне тіл тигізіп, аузыңа келгенді айта беру мәдениеттен емес. Оның сенімі еліміздің заңымен қорғалатынын да ұмытпаған жөн.

 

Ғалым, дінтанушы  Төрәлі Қыдырдың фб парақшасынан алынды

 

В последнее время наблюдается чрезвычайная активность «тенгрианцев».

И к сожалению, вместо того, чтобы предлагать населению хоть какой-то внятный мыслительный продукт эти люди выстраивают своё учение исключительно через критику ислама! Тенгрианство в условиях нашей страны это не самодостаточное учение, а некая «блоха», которая живет и питается на теле ислама. Развивай своё учение, но не надо выстраивать его через критику, презрение, ненависть и мат в адрес другого учения. Несогласен с чем-то веди нормальную дискуссию.

Они ругают религию большинства населения республики, матерят Пророка, святыни ислама и при этом ни одного уголовного дела по статье разжигания религиозной розни!?

Даже официальные субъекты религии, при всех их адм ресурсах и связях не предпринимают конкретных мер для того, чтобы остановить эту откровенную желчь.

Что это? Согласованный проект с целью остудить «горячую» религиозность верующих-мусульман, количество которых пугает некоторых функционеров?!

Безусловно одно, работать с такими «накалёнными» новыми для нашего общества формами религиозности надо. Но не так же грубо. И этому есть несколько причин:

  1. Авраамические религиозные традиции, в том числе ислам за несколько тысячелетий пережили столько гонений, геноцидов, пленений, репрессий, расстрелов, “походов” и т.п., что проект по дискредитации ислама через тенгрианство – это просто какой-то пшик. 🤦‍♂️.
  2. Тенгрианцы постоянно мусолят тему: арапқұл и создают стереотипы типа ислам это арабы, а арабы это ислам и вы казахи-тюрки тут не при чем. Ну во-первых, такие неудачные попытки сделать синонимами ислам и арабов предпринимались намного продвинутыми философами, ну например Гюстав Лебон с его «Арабской цивилизацией» и т.п.

Во-вторых, нужно различать мусульманство и пробудившийся в последнее время «бедуинский дух», который как эти критики, так и сами последователи этого бедуинского духа преподносят, как «чистый» ислам. Хотя Коран говорит: “Бедуины – упорнейшие в неверии и лицемерии и наиболее склонные не принимать предписаний, ниспосланных Аллахом Своему Посланнику» (сура ат-Тауба, 97 аят). Да мусульмане признают, что эта бедуинская натура принесла множество бед исламу. Это и лжепророки Мусайлима, аль-Асуад, Саджах и т.п., это и вероотступники времён Абу Бакра, это и террористы хариджиты, убивавшие сподвижников Пророка и «рога шайтана», пропагандирующие арабский шовинизм под прикрытием «очищения» веры.

Некоторые люди наблюдая за печальными последствиями этой бедуинской натуры начинают без разбора обобщать его на всех мусульман, хотя Коран объявляет эту натуру неверной и лицемерной.

Если почитать жизнеописание Пророка Мухаммада, то первые главы как правило посвящены обществу, в котором жил Пророк. Это общество дикарей, занятых междоусобными войнами, заживо хоронивших своих дочерей, имеющих самые примитивные суеверия. Вероятно, Всевышний послал его к таким дикарям, чтобы более цивилизованные общества не имели оправданий перед Ним в день Возврата. Поэтому уже через век знамя ислама понесли другие народы. И наверное тюрки несли это знамя дольше всех (+-10 веков, начиная с 10-го века). Караханиды (мавзолей Карахан баба в Таразе), газнавиты, мамлюки (тоже не чужие для нашей страны личности), сельджуки (предположительно ушли с территории Кызылординской обл.), Золотая орда, тимуриды, империя Великих моголов, Османская империя и ещё более 20 ханств и государств. Поэтому глупо отрицать связь большинства тюрков с исламом.

  1. Свидетельством интернационального духа ислама, в отличии от шовинистического бедуинского духа является тот факт, что большинство ученых мусульман были не арабами. 5 из 6 самых авторитетных авторов сунны- не арабы. Самые известные философы, врачи, математики – аль-Фараби, Ибн Сина, аль-Киндус, Ибн Рушд (Аверроэс), аль-Хорезми, Ибн Фирнас, Ибн Хальдун и др. были не арабами. Великий богослов -Имам Абу Ханифы не был арабом. Ибн Салах в Мукаддиме приводит диалог халифа и ученого, где говориться о том, что за исключением одного ученого, все ученые мусульманских городов были не арабами.
  2. В случае если проект по очернению ислама согласован, тогда что изволят делать с аль-Фараби, который все свои книги начинает именем Аллаха и приветствием Пророку Мухаммаду? Что делать с ходжа Ахмедом Яссауи, его учителем Арыстанбабом, Хикметы, которого посвящены Аллаху, Мухаммаду и исламу? Что делать с ас-Сығнаки и аль-Итқани, богословов которые являются передатчиками ханафитского мазхаба? Что делать с Бекет ата и его подземными мечетями? Что делать с Абаем, с его

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,..

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,..

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл.

Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы,.

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,..

Құран рас, Алланың сөзідүр ол,

Тәуилін білерлік ғылымың шақ.

Алланың, пайғамбардың жолындамыз,

Ынтамызды бұзбастық иманымыз.

Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?

Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол,..???

Что делать с Шакаримом? С Машхур Жусіп Көпеевым? Науан Хазретом? С Досжан Хазретом? Әубәкір Кердері? С Садуакас Ғылмани? Ғабдылуахит Хазретом? И сотнями других выдающихся личностей, которыми мы гордимся? Мы понимаем, что архаичный «бедуинский дух» выступает здесь союзником исламофобии и объявляет все наше религиозное, рациональное и духовное наследие ересью и неверием! С этим вредоносным духом мы работаем и несём ответственность за его нейтрализацию в степи!

Что предлагают делать с архитектурой? Что делать с полумесяцами на могилах? Что делать с фамилиями Ахметов, Омаров, Алиев, Иманов, Аубакиров, Исламов, Мухаметжанов, Дин-Мухамедов, Абдрахманов и сотни др.?

Что делать с казахским языком с его тысячами – кітап, қалам, әдеп, саламат, шарапат, салауат, тарих….?

Если кому-то угодна деконструкция ислама в Кз, через проект тенгрианства и другие проекты, тогда вот это все вышеперечисленное наследие связанное с исламом также нужно будет деконструировать! Мощный “научный” атеизм не смог перекрасить.

Почему-то тенгрианство и шаманизм вызывает у меня ассоциации с судьбами ассимилированных малочисленных северных тюркских народов! Функционеры спустившие этих токсичных «лаек» на ислам в условиях глобализации экспансионных идеологических проектов должны понимать что они не являются конечными выгодоприобретателями этого проекта!

Проявления проекта исламофобия!

Асқар Сабдиннің фейзбук парақшасынан алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button