????????????????????????????????????

ТАМСАНДЫРҒАН МҰРАЛАР

30 сәуір, 2016. Алматы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  сопылық поэзияның негізін қалаушы, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерейтойы аясында еліміздегі іргелі  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен  «Ясауи мұрасы – мәңгілік мұра»  көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Көрме үш бөлімге топтастырылды.

Бірінші бөлімге Қ.А.Ясауи нәр алған Құран, хадис, тәфсирлер кітабы орналастырылды. Екінші бөлімде Қазан, Ташкент, Бұқара, Самарқанд баспаларынан шыққан Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен іліміне қатысты «Диуани хикмет» кітабының көне қолжазба нұсқалары, «Мират-ул Кулуб», «Фақырнама» еңбектері қойылды.

Көрменің үшінші бөлімінде  Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің «Диуан» кітабы, Шейх Худайдад Таш-Мұхаммед әл-Бухаридің «Бустан уль-Мухиббин» қолжазбасы, Имам Мағруди, Хожа Хафиз, Құл Азим шығармалары, Сопы Аллаярдың араб, түркі тілдерінде жарық көрген еңбектері,  ХІХ ғасырдан жеткен киелі кесене мен  Түркістан қаласының көріністері жайлы сыр шертер фотосуреттер экспозициядан орын алды.

Көрменің ашылуына отандық ясауитанушы, ақын мұраларын жинақ етіп шығарушы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және қала қонақтары қатысты. Көрмені Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана директоры Ә. Асқаров ашып: қорық-мұражаймен бірлескен шара Ясауи мұрасына қосылған үлкен үлес деп, алдағы уақытта да қорық-мұражаймен шығармашылық байланысты нығайтып, талай шараларды бірлесе өткізетіндіктерін атап өтті. Келесі сөз алған «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір биыл еліміз үшін айтулы мереке екендігін, Ясауи мұрасына қатысты шараны да осы киелі шаңырақта өткізудің өзіндік мәніне тоқталып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына арнайы сый-сияпат жасады.

Көрме экскурсиясы аяқталған соң келген қонақтар дөңгелек стол басына жайғасып, Ясауи мұраларына қатысты ой-толғамдары мен ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек стол модераторы елімізге белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі жүргізіп, соңғы зерттеулерге тоқталып, ясауитануға сүбелі үлес қосқан, «Диуани хикмет» кітабын елімізде алғаш рет қазақ тіліне аударған М.Шафиғи, С.Дәуітұлы, Ясауидің әдеби мұрасын зерттеген А.Смақова, Ғ.Қамбарбекова, Ұлттық кітапхананың сирек қолжазбалар бөлімін ұзақ жыл басқарған Г.Кәрілер сөз сөйлеп, тұшымды пікірлермен бөлісті. Дөңгелек стол жұмысы аяқталған соң, қазақы дәстүрмен жайылған дастарханнан дәм тартқан қонақтар, рухани басқосудан әсерленіп тарқасты.

Көрме ай бойы келушілерге қызмет көрсетеді.

ҚР МСМ Баспасөз қызметі

 

Выставка к 850-летию суфийского философа: «Наследие Ясави – великое наследие»

30 апреля, 2016. Алматы. В Национальной библиотеке Республики Казахстан в рамках празднования 850-летия основателя поэзии суфизма, поэта, философа Ходжи Ахмеда Ясави состоялось торжественное открытие выставки «Наследие Ясави – великое наследие». Организатором выставки выступил государственный историко-культурный музей-заповедник «Азрет Султан».

В церемонии открытия выставки приняли участие выдающиеся деятели культуры и искусства, ученые, преподаватели и учащиеся высших учебных заведений, гости города и представители средств массовой информации.

Выставку приветственным словом открыл директор Национальной библиотеки Республики Казахстан Алибек Аскаров: «Данное мероприятие, проводимое совместно с музеем-заповедником «Азрет Султан», это наш общий вклад в дальнейшее изучение и популяризацию наследия Ходжи Ахмеда Ясави. Мы надеемся, что в дальнейшем будем только укреплять творческие связи с музеем-заповедником и проведем немало совместных мероприятий».

В свою очередь директор Государственного музея-заповедника «Азрет Султан» Ж. Аубакир остановился на особой значимости открытия выставки наследия Ясави под крышей Национальной библиотеки Республики Казахстан, куда приходят за знаниями об истории, культуре и литературе своего народа все жители и гости города.

После экскурсии по экспозиции гости за круглым столом обсудили и сделали предложения по дальнейшему продвижению богатого наследияХоджа Ахмеда Ясави в казахстанском обществе. По завершению работы круглого стола всех гостей и участников мероприятия ожидали угощения из казахских национальных блюд.

Выставка наследия великого суфийского мыслителя и поэта будет проходить в течение месяца.

 

Пресс-служба МКС РК

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Ясауи және Түркі жұрты

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ АХМЕД ЯССАУИДІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ОРНЫ Дүние жүзінің мәдениетіне …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған