Асыл мұра

Бесінші бап. Ата-ана қоңсы баяны дүр

Қаулуһу тағала: «Фәлә тәқуллаһумә уффиу уәлә тәнһәрһумә уәқул лаһумә қаулән кәриимә[2]» (Екеуіне «түһ» деме, сондай ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле) деп Жәбір ансари рази аллаһу әнһу рауаят қылды.

Хазіреті Расул Мұстафа саллаһу әлейһи уә сәллам айтты: «Ата-ананың ақыны жақсы сақта уә тағы да қоңсыңды хошуақ қылыңдар» деп бұйырды. Ғалымдар айтыпты Тәуратта Құдай тағала айтыпты: «Е, балалар, ата-анаңызды разы қылыңыз, сіздерді қаза-бәледен сақтаймын» деді. «Әркім ата-анасын ренжітсе намаз оқып, ораза тұтса һәм және қажыға барса, түрлі жақсылықты қылса, қабыл қылмаймын» деді. Енді мәлім болды, ұстаз ақы ата-ана ақы секілді мүмкін бәлки артығырақ дүр. Ол үшін ата-ана дүниеге келуіңе себеп дүр. Ұстаз Алла тағаланы тануыңа себеп дүр. Әнәс ибн Мәлік рази аллаһу әнһу айтты: «Бір кісі Расул салаллаһу әлейһи уә сәлламның қасына келді. Ия, расул Алла, ата-анам нашарлады, ауқат нанды шайнап жегізем. Олардың ақысы ада болды ма?» деді. Хазіреті Расул салаллаһу әлейһи уә сәллам айтты: «Жүз жыл шайнап жегізсең де, мыңнан бірін ада қылмассың» деді. «Енді барлық уақытта жақсылық қыл, разы болсын» деді. «Ата-ана разы болса, мен разы» деді. Әркім ата-анасының бетін көрсе, менің 100 рет бетімді көргендей болар. Тағы да бір ғалымдар айтты: «Ата-ананың балада 10 ақысы бар. Аш болса балалары тойдырсын, жалаңаш болса киіндірсін, қандай қызметке бұйырса қылсын, шақырса жауап берсін, даусын ата-анадан зор жуандатып шығармасын және мен ата-анамнан артық болдым демесін. «Аллаһума ағфирли уә лиуәлиди уә лилмуминиин уәл муминаат уәл муслимиина уәл муслимаат әл әһиа минһум уәл әмуәт иннәкә самиғун қариб мужибу дәғуәт аллаһума инни заламту нафси залман касиран фағфир ли мағфиратан мин ъиндикаллаһума ағуззулислам уәлмуслимиин» (Ия, Алла, мені, ата анамды, сенушілерді, мұсылмандарды, о дүниедегілерді де кешіре гөр) дұға қылсын және балалардың ата-анасының үстінен де ақылары бар. Бірінші балаларының атын жақсы қойсын. Екінші әдеп үйретсін, мектепке берсін, сүндетке отырғызсын және де өнер үйретсін. 7 жасқа келгенде намаз үйретсін, 10 жасқа келгенде білдіріп оқытсын, егер бәлиғатқа жетсе үйлендірсін.

Хикаят

Әннәс ибн Мәлік рази аллаһу әнһу айтты: «Әзіреті саллаһу әлейһи уә сәллам заманында бір жігіт бар еді. Аты – Алқама еді. Оның өзі сопы, ғалым, жақсы, ақылды еді. Құдай тағаланың тағдырымен ол жігіт ауырды, жан берерге таянды. Қатыны Расул әләйһиссаламға барды. Алқама жан берерге жетті. Расул Құдай хазіреті Әліні жіберді. Хазіреті Әлі келіп көрді. Жан берер үстінде жатқан екен. Оған бұйырды шаһадат калимасын[3] айт деді. Ал Алқама айта алмады. Хазіреті Әлі Расул әләйһиссаламға келіп айтады: «Айтқызайын деп неше түрлі іс істедім, ақыры айта алмаған соң сізге хабар бергенім» деді. Расул әләйһиссалам қайғырып: «анасын мұнда келтіріңіз» деді. Анасын келтірді. Анасына айтты: «Балаң Алқаманың пейілі қалай?» деді. Анасы айтты: «Намаз оқыр еді, ораза тұтар еді, Құдайдың бұйырған ісін тұтар еді. Бірақ мені разы қылмас еді. Пәрменімді тұтпас еді». Расул әләйһиссалам қайғырып айтты: «Балаңның тілі иман айтуға келмеді, разы бол, әркімнің ата анасы разы болмаса тілі иман айтуға келмес» деді. Қанша айтты, баласына разы болмады. Расул әләйһиссалам хазіреті Әлі, Біләлға бұйырды. «Отын келтіріп, жағып, Алқаманы отқа жағыңдар. Анасы баласының жаңғанын көрсін» деді. Анасы айтты: «Менің алдымда күйдірме, мен сабыр қылып тұра алмаспын» деді. Расул әләйһиссалам айтты: «Е, Алқаманың анасы, тозақтың оты бұл оттан да қатты тұрар» деді. «Егер разы болмасаң күйдірмеуге еш шара жоқ» деді. Сонда анасы айтты: «Ия, расул Алла, мен балама разымын» деді. Онан соң Расул әләйһиссалам Біләлға айтты: «Алқаманы қазір барып көр» деді. Хазіреті Біләл барып көрді. Алқама бәләнт ауазбенен: «лә илләһә иллә Аллаһ Мухаммад расул Аллаһ» деп айтып жан берді. Хазіреті Біләл Расул әләйһиссаламның қасына барып, болған оқиғаны айтты. Хазіреті расул Алла барлық сахабаларымен келіп, жаназасын оқып, жерге көмді. Онан соң Расул әләйһиссалам: «Сахабалар, біліңдер, әркім ата анасын разы қылмаса, намаз оқыса, ораза тұтса, қажыға барса, зекет берсе Құдай тағала қабыл қылмас. Назән билләһи минназзалик әлбетте әркімге міндет дүр. Тәубе қылып ата анасын разы қылсын. «Әл жаннат тахта ақдами уммәһәт»[4] және ан хазіреті Расул саллаһу әлейһи уә сәллам айтты: «Барлығынан да қоңсы ақысы артық дүр. Егер қоңсы қарыз сұраса бергейсіз, хабарда «хурматул иари кә хурмәтил үмми» «қоңсы құрметі ата ана құрметі сияқты». Қоңсы кеулін қалдырмасын, қоңсыдан дәме қылмасын. Егер қоңсыдан жәбір келсе, сабыр қылсын. Қоңсы аш болып, өзі тоқ болмасын. Қоңсысын қолмен ұрып, тілмен ащы сөйлеп ренжітпесін. Жақсы ауқаты болса қоңсысына берсін. Жеміс сатып алса, қоңсысына берсін. Мейрам айттарда зияпат[5] қылсын. Қоңсы итіне тас лақтырмасын. Айуан малдарын ұрып соқпасын. Егер баласы қоңсысының баласымен ұрысса өз баласына ұрыссын. Қоңсы баласын ұрыспасын. Қоңсысының сырын айтпасын. Жолда жолыққанда алдымен сәлем берсін. Қоңсысына су, ат, тұз, секілді нәрселерді беруге аямасын. Егер қоңсысы сұраған нәрсесін аз берсе де айып етпесін. Егер там сататын болса қоңсыдан рұқсатсыз сатпасын. Бір жерден қайтса келгенінде қоңсысының үйіне келіп, халін, жағдайын сұрасын. Қоңсысына жақсы хабар келсе, құтты болсын айтсын. Егер қайғы келсе жұбатсын. Қоңсы шақырса барсын. Ауырса халін сұрасын. Егер өлсе жаназасына даяр болсын. Қоңсысына жылы-жылы күліп сөйлесін. Қабағын түйіп, ренжімесін. Егер қоңсысы зиян келтірсе, сабыр қылып көтерсін. Қоңсы үш түрлі болар. Біреуі бір әкбар[6], біреуі екі әкбәр, біреуі үш әкбәр. Бір әкбәр болған қоңсы кәпір, екі әкбәр болғаны мұсылман, үш әкбәр болғаны туысқан қоңсы. Ей, мұсылмандар Хақ тағаланың бұйрығын тұтыңдар. Ақыретте шерменде болып сандалмаңдар. Иләһи барлық пендеге тауфиқ[7] бергейсің аумин рабил аламин.

 Алтыншы бап

Суткар бірін екіге бергеннің баяны дүр

 Қаулуһу тағала: «Әлләзиинә йә кулуунәр рибә лә йәқумуунә иллә кәмә йәқуумул ләзии иәтәхаббәтуһуш шәйтәну минәл мәсс»[8] (Сондай өсім жегендер, (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады) деп Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу айтып дүр: хазіреті Расул саллаһу әлейһи уә сәллам айтты миғраж түнінде бір топ халықты көрдім. Жылан, шаян, жәндіктер жабысып талар, еш ауа болмас. Әр жыланның үлкендігі түйедей. Жәбірейілден сұрадым: «Бұлар қайсы қауым?» деп. Жәбірейіл әлейһиссалам айтады: «Сенің үмметіңнен малды қарызға беріп, артығымен алған дүрлар» деді. Әркім қарыз беріп, артық алса, ол пендеге Алла тағала періштелер, пайғамбарлар лағынет айтар. Пайда алғанды, өтірік сөйлегенді, өтірік куәлік бергенді Алла тағала лағынет қылар. Пайда қылу күнәнің үлкені. Ондайлар анасымен зина қылғанмен парапар. Хазіреті Расул айтты: «Пайда қылушы көрінен шерменде болып тұрғайлар. Ол кісілердің орны тозақ болар. Егер үйінде яки айналасында пайда қылушылар болса, барлық сол шаһар ойран болар. Тозақта ауқатына ірің, қан, сары суларды жеп ішер. Егер бір кісі пайда қылушының үйінен ауқат жесе, оған дұға қылса, аумин десе, одан Құдай тағала безер, періштелер лағынет айтар, дұғасы қабыл болмас. Өлер уақытында жан беруі қатты болар. Ол көрде Мүңкір-Нәнкір сауалына жауап бере алмас. Көр азабы күннен күнге артық болар. Пайда қылушының ауқатын жегені үшін мұндай азап болса, пайда қылушыларға қандай азап болғай. Е, момындар, біліңдер, пайда қылушының ауқатын жемеңдер, онымен бірге мәжілістес болмаңдар, оған қыз һәм бермеңдер, оны дұшпан көріңдер. Қиямет күні оның сұмдығынан шерменде болмаңдар. Иләһи, бізді уә барша момындарды бұл істен жырақ қыл аумин раббил аламин.

Әбділда ибн Аббас рази аллаһу әнһу рауаят қылды. Пайғамбар салаллаһу әлейһи уә сәллам әркім намаз оқыса, зекет бермесе намазы қабыл болмас. Ол үшін Алла тағала намаз бен зекетті Құранда бірге жад қылды[9]. Қаулуһу тағала: «Қумуу лиссалаат уә әту зәкәту» (Намазға тұрыңдар, зекет беріңдер) деп «мән тәғбуду саллаллаһу әлейһисалам салата хамсә уа йати закәт мәл уа йәсуму уа һажжу бәйтә рәббикум йәдхулуунәл жәннәтә биғайри хисаб». Расул саллаһу әлейһи уә сәллам айтады: «5 уақыт намазыңды оқыңдар, ораза тұтыңдар, малдан зекет беріңдер, күштерің келсе хаж қылыңдар, пейішке кіресіздер» және айтты Расул саллаһу әлейһи уә сәллам «Ли кулли шәйин аламул иман салауат» деп. Әр нәрсенің бір нышанасы бар дүр. Әр кісі намаз оқымаса, иман дегеннен еш нәрсе жоқ дүр және Расул саллаһу әлейһи уә сәллам айтты «төрт нәрсені 4 нәрсеге байлаған. Дене салауаттылығы садақамен ден сау болады, ілімді жазбақ пен малынан зекет берсе малы опаттан аман болар. Намаз оқыса иманы саламат болар және пайғамбар айтты «мантарәкәс сәләтә мутәәмидән фәқәд кәфәрә» деп «бір кісі дені сау бола тұрып намаз оқымаса кәпір болар» нәбиу әлейһесалам айтады: «Әссәдәқату тәдфәъул бәлә-у тазидул умрә» деп пайғамбар айтты «садақа бәлені қайтарар, өмірін ұзақ қылар» нәбиу әлейһиссалам «Әссәдәқату уәтәсудду сабъинә бәбән минас суя» деп садақа берсе 70 түрлі бәле-жаладан жамандықтан аман болар жәнеде расулуллаһи айтты менің үмметтерім 5 жаман істерді қылады, оның сұмдығынан бәлеге душар болады. Құдайдан қорықпайды, күнә қылар, бірін екіге беріп пайда қылар, тәубе қылмайды, тәубе қылса тәубесін бұзар, төртінші байлар зекет, садақа, ұшырды бермес, бесінші намаз оқымас. Егер Құдай тағаладан қорықпаса Алла тағала залым патшаларды, төрелерді жіберер һәм душар етеді. 2) Бірін екіге беріп пайда көрсе малдарында береке болмас. 3) Тәубе қылмаса кеселдер көп болар. 4) Зекет ұшырды бермесе жаңбыр жаумас, жаусада аз болар. 5) Намаз оқымаса өлім көбейер және расул әлейһиссалам айтты әркім намаз оқып, ораза тұтып жүрсе, малынан ұшырын берсе ол кісіні: 1) аспанда сақи дер, 2) аспанда карим[10] дер, 3) аспанда жауан[11] мәрт дер, 4) аспанда мұтиғ[12] дер, 5) аспанда зәки[13] дер, 6) аспанда мағфир дер және расуллилаһ айтты: «әркім намаз оқымаса уә зекет бермесе әуелгі көкте бақыл дер, 2) көкте лағин дер, 3) көкте асы дер, 4) көкте бәдбахт[14] дер, 5) көкте аясыз дер, 6) көкте тозақ дер, 7) көкте қара жүз дер. Хазіреті саллалаһу әлейһиссалам айтты «Әркім малынан зекет бермесе уә егіннен ұшыр[15] бермесе ол кісінің малы жылан-шаян болып, азап қылар» және де ол малдар айтар, «бізді дүниеде жақсы көрдің, пақыр-міскіндер ақын бермедің, енді оның жазасын береміз» деп айтқай және пақыр-міскін айтқай «Иләһи бұл кісі ақымызды бермеді, датымызды[16] бер» дегей. Е, бірәдар һәм жақсы әзизлер, ғапыл кісілер бұл дүниеде Алла тағала берген малды жиып, перзент-қатын деп өзіңізге азаптарды дұрыс көрмеңіздер және расул әлейһиссалам айтты «бір мұсылманға бір жақсы киімін берсе, ол пенденің амал намасына мың жақсылық жазғай, әркім садақа берсе, ол кісіні 70 бәледен сақтар, әрі тозақтан құтылар». Пайғамбар Құдай айтар әркім садақа берсе, берген садақасы айтар «мен жоқ едім, бар қылдың, қор едім әзиз қылдың, дұшпан едім дос қылдың, бұл уақытқа шейін сақтап едің, енді мен сені сақтайын» дейді. «Құдай тағала саған рахмат қылсын» дер және садақа бергенде жасырын берсін, берген садақаны халал малдан берсін, 2) хошуақ болып берсін, 3) тез берсін, 4) міндет қылмасын, мен саған осындай нәрсе бердім демесін, 5) маған раялықпен бермесін, ол садақаны Құдайға ғибадат қылатын кісіге берсін, ол тағам, киім, күшімен алған адам амал қылса, сонша сауап табар және де расул Алла айтады «амалдың жақсырағы ілім үйренбек және мұсылманның кеулін күш қылмақ дүр және сақы[17] болмақ дүр. Сакының орны пейіш дүр. Бақылдың[18] орны тозақ дүр.

Хикаят

Бір күні Хазіреті Әзірейіл Дәуід әлейһиссаламның қасына отырды. Бір кісі кіріп келді. Дүние туралы біраз сөз сөйледі де шығып кетті. Хазіреті Әзірейіл хазіреті Дәуід әлейһиссаламға айтты: «Ей, адам, бұл келген ердің 7 күн өмірі қалған еді. Оның өзі дүние ісімен жүр» деді. Құдай тағала айтты: «Бұл кісінің жанын жеті күннен кейін ал» деді. Ол кісі көп күндерден соң және келді. Хазіреті Дәуід қайран қалды. Сол уақытта Әзірейіл тағы келді. Дәуід айтты: «Әй, Әзірейіл бұл кісінің өмірі 7 күн қалған дедіңіз, ол кісі әлі тірі жүр» деді. Хазіреті Әзірейіл айтты: «Құдай тағала қадыр патша дүр, нені қаласа соны қылады. Ол кісінің үйіне бір дәруіш кісі келді. Ол дәруішке бір нәрсе садақа берді. Дәруіш оған: «Өмірің ұзын болсын» деп дұға қылды. Сол себептен оның өмірі 7 жылға созылып ұзын болды. «Әссәдәқату тәдфәъул бәлә тәзидул умрә қаулуһу таъала» кітап иллаһи барлық мұсылмандардың ораза, намазын, садақасын қабыл қылып, ізгі мұрат-мақсатына жеткізсін, аумин.

 

[1] Қоңсы – көрші

[2] «әл Исра» сүресі, 23-аят

[3] Шаһадат калима – Әшһәду әлләиләһә илалла уә әшһәду әнна Мұхаммадун ъабдуһу уа расулуһу

[4] Жәннат аналардың аяғының астында

[5] Зияпат – сыйлық

[6] Әкбар – ең үлкен

[7] Тауфиқ /а/ – шарапат

[8] «әл Бақара» сүресі, 275-аят

[9] Жад қылу – еске алу

[10] Карим /а/ – жомарт, мәрт

[11] Жауан – жас

[12] Мұтиғ /а/ – мойынсыну

[13] Зәки – алғыр, зерек

[14] Бәдбахт /п/ – бақытсыз

[15] Ұшыр – салық

[16] Дат – тілек, өтініш

[17] Сақы /а/ – жомарт, қолы ашық

[18] Бақыл – сараң

Карамат.

Мукіматіл муслимин кітабы

Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button