Рабғұзи

Қисса Закария және Мариям, Ғайса, уа имраты ғимран

Ғимранның әйелінің есімі Хана еді. Хана қартайып, бала көтермейтін болған. Күндерде бір күн Хана бір ағаш көлеңкесінде отырғанда, бір құстың балапанына жем әкеліп бергенін көрді. Хана бала тілеп зар жылады. Құрсағында бала білінді. «Иә, Раббым! Егер балам болса, ол бала Байтүл-мақдисте қызмет қылсын», – деді. Ол заманда баланы азат қылып, …

Толығырақ оқу »

Қисса Мариям уа Ғайса ғалайһи-уәссәләм

Мәриям елінен айырылып, күн шығыс тарапына барып, ғұсыл құйынбақ үшін өзіне перде тұтты. Сонда Алла тағала Мәриямға Жебірейіл ғ.с.-ді жіберді. Жебірейіл ғ.с. Мәриямға жас жігіт бейнесінде көрінді. Сол кезде Мәриям құрсағына бала түсті. Сегіз ай толғанда Ғайса туды. Мәриям ол кезде он үш жаста еді. Құрсақта болғаннан кейін Мәриям елінен …

Толығырақ оқу »

Қисса Ғұзайыр Ғалайһи-Уәссәләм

Ғұзайыр ғ.с.-нің атасы Шархиса Шам жерінде Хаснұры атты елде тұрды. Бұнда Бәни Ісраил қауымы өздерінің пайғамбарларын өлтірген еді. Хақтағала оларға Бахытнасыр атты залым патшаны жіберді. Ол Бәни Ісраилдан көп кісі өлтірді. Екіқабат әйелдердің қарнын жарып, баласын да, өзін де өлтірген болатын. Ғұзайыр ғ.с. жеуіне азық, ішуіне су алып, есегіне мініп, …

Толығырақ оқу »

Қисса Лұқман-Хакім

Лұқман атасы Бағұр. Оның атасы Әзір. Бұл Әзір Әйуп ғ.с.-нің қарындасының ұлы еді. Ол мың жыл өмір сүріп, Дәуіт ғ.с. заманында тірі болды. Ғалымдық алды. Дәуіт ғ.с. темір киім жасады. Лұқман ғ.с. киіп қарады. Соғыс киімдері еді. Бұл не нәрсе деп сұрамады. Лұқман ғ.с. бір күні түс көрді. Алла тағала: …

Толығырақ оқу »

Жиржис ғалайһи-уәссәләм

Шам уәлаятында Дадиана атты бір патша бар еді. Ол пұтқа табынатын. Пұтының аты Афлон еді. Ол пұтты гауһармен безендіртіп, ерекше көркемдеген болатын. Палестин уәлаятында Жиржис есімді сатушы пенде бар еді. Жиржис үнемі адал кәсіппен ғибадатта күн өткізген. Күндерде бір күн Шам уәлаятының патшасына дүние-мүлік алып барсам деп Палестиннен Шамға сапарға …

Толығырақ оқу »

Қисса Дәуіт ғалайһи-уәссәләм

Бәни Ісраилде бір патша һәм пайғамбар болу заңы жоқ еді. Хақтағала Дәуіт ғ.с.-ді әрі патша, әрі пайғамбар етті. Дәуіт ғ.с. патша болған соң, оның маңайына көп халық жиналды. Дәуіт ғ.с. жұпыны киім киіп алып, халық арасын аралап жүріп: «Патшаңыз қандай кісі?» деп сұраушы еді. Олар: «Патшамыз қадірлі адам», – деп …

Толығырақ оқу »

Жүніс ғалайһи-уәссәләм

Байтүл-мақдисте Миқа есімді бір кісі бар еді. Әр күн төрт жүз рәкәғат намаз оқитын. Бір періште оған тағам келтіріп тұратын. Миқа бір ұлды болып, оған Жүніс деп есім қойды. Атасы Жүністі сахараға апарып, қойшылардан қой сүтін сұраған. Сонда қойшылар сүт шықпайтын бір қойды әкеліп береді. Жаңағы қойдан сүт ағыл-тегіл аға …

Толығырақ оқу »

Қисса Ілияс ғалайһи-уәссәләм

Бәни Ісраилде Әжеб есімді бір патша бар еді. Оның атасы Жабар. Осы Әжебтің қатыны патшалық етті. Әжеб өзі науқас болғандықтан Шам аймағы, Бағалбек шаһарын өзінің қатыны Әрмиләға тапсырған. Дүниеде Әрмиләдай залым қатын жоқ еді. Әрмилә бүкіл қауымымен пұтқа табынатын. Пұттарының аты Бағил еді. Әрмиләнің Мүздәк атты мұсылман көршісі бар еді. …

Толығырақ оқу »

Қисса Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғалайһи-уәссәләм мен Харун екеуі бірге туған қарындастар еді. Атасы Ғимран еді. Ғимран атасы Иасһар. Оның атасы Риан, оның атасы Лауиа, оның атасы Жақып ғ.с. Мұса ғ.с. һәм Харун ғ.с. Мысыр шаһарында дүниеге келген. Олар, Перғауын лағнет заманында өмір сүрген. Перғауынның шын есімі Уәлит еді. Уәлит Масғаб ұлы, Масғаб Риан …

Толығырақ оқу »

Қисса Қызыр мен Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғ.с.-ға Тәурат келгеннен кейін Тәуратты оқып бітіріп, көңілі толып: «Әй, Раббым! Бұл ұлы кітаппен бірге маған ғалымдық бердің. Бұл күнде менен артық ғалым құлың бар ма?» – дейді. Сонда Хақтағала: «Әй, Мұса! Мәшқұр тарапында бір құлым бар. Сенімен салыстырғанда оның білімі дариядай да сенікі тамшыдай ғана», – деді. Мұса …

Толығырақ оқу »