Білген Шайыр айтады

Адам әлейһес-саламның денесіне жан кіргені

Тоғызыншы фасыл

Сол уақта жари қылып Хақ пәрменін,

Адамның әзір етті сонда жанын.

«Ішіне бұл дененің кіргіл» деді,

Ол жанға изһар етіп илһамләрін[1].

Алланың пәрменімен жан һәм келді,

Дененің атырабынан жүріп көрді.

Бір жаман көп қараңғы жай екен деп,

Алладан үзір тілеп кірмей тұрды.

 

Үш мәрте нида қылды Һайиу дана:

«Күшпенен пәрмен еттім, кір деп саңа.

Кірген соң шықпағыңда азарланып[2],

Күшпенен шығасың, – деп, – қайтып және».

 

 

Және де иба қылып кірмей тұрды,

Расулдың нұр шарифын[3] әзір қылды.

Ол нұрға ышқы кетіп көргеннен соң,

«Аузынан кірейін» деп майыл қылды.

 

Бір жүз жыл тамағында тұрды-лар жан,

Онан соң жүрмектікке қылды жәулан.

Дененің қай жеріне дақыл[4] болса,

Еттері бітер еді тамыр мен қан.

 

Әуелі назар етіп аршыны көрді,

Адамның рухи шарифі көзге келді.

Үмбетін музнибатун орәббун ғапур,

Тауһиттың калимасы жазулы ер-ді.

 

Аллаға адам айтты: «Я, бір уә бар,

Атыңмен бір есімдер бірге тұрар.

Үмбетің күнә қылса жарылқаймын»

Деген сөз ақырында болған изһар.

 

Алла айтты: «Бұл Мұхаммед достым менің,

Ақырғы, әуеліңнен болғай сенің.

Я, өзің, я несібіңнен күнәһ қылып,

Келтірсе маған шапағатын оның.

 

Аттарын хабибімнің құрмет етіп,

Кешемін күнәсінің бәрін өтіп».

Адамға бір ғажайып пікір түсті,

Кеуіліне мына түрлі қиял жетіп.

 

Баладан өтсе егер әрбір күнә,

Шапағат етсе керек ата мұңа.

Атасы асы болып күнә қылса,

Не үшін жалынады баласына?

 

Алладан Жебірейілге болды пәрмен:

«Адамнан бұл қиялды тез алғын сен.

Болмаса, һәлак[5] болып өлер» деді,

Жәбірейіл жетіп барды қылып жәулан.

 

Астынан жүрегінің оның жарды,

Жүректің ол жартысын сыртқары алды.

Жәбірейіл алып барып көмген жерден

Бидайдың ағаштары пайдаланды.

 

Жартысы көкірегінде қалды және,

Білсеңіз адамдық нәпсі әммәра.

Адамнан әулетіне мирас болып,

Бұл күнде мүптәла[6]-дүр әркім аңа.

 

Құлаққа жан шарифы қылды фәруаз[7],

Аузына онан кейін барды-лар баз.

Мұрнына жан барғанда түшкірді-ләр,

«Әлһамду лиллаһ» деп айатты-лар раз.

 

Құданың құдіретінен нида келді:

«Ярһаму халлаһу» деп жауап берді.

Сол үшін түшкіргенде һамду айтқан,

Жауабы қарыз кифая[8] болған ер-ді.

 

Онан соң көкірегіне барды жаны,

Ойланды хазірет адам қозғалғалы.

Адамның әулетінде мирас болды,

Пенденің асығыста болды бәрі.

 

Қарнына жан шәрипы және жетті,

Тағамды жемектікке көңілі кетті.

Жәннаттың іштерінен үш миуаны[9]

Адамға алып келіп әзір етті.

 

Алланың ізіні бірлән хазірет Адам,

Жәннаттың миуасынан жерді тағам.

Қол-аяқ, денесінің барлығына

Онан соң жан жайылып кетті тамам.

 

Денеге кіргеннен соң адам жаны,

Жаптылар қымбат баға бір хулланы[10].

Жәннаттың хулласымен жабылды-лар,

Қол-аяқ денесінің тамам бәрі,

 

Бидайды жегеннен соң адам барып,

Хуллані денесінен қойды алып.

Аспаннан асы болып, жерге түсті,

Қол-аяқ денесінде нышан қалып.

 

Көтерді хазірет басын және,

Мәлекқа нида қылды һайиу дана.

Жаралған әуел, ақыр – күллі шәйінің

Аттарын айтқыз деп бәрін һәмма.

 

Мәлектар Аллаға айтты арзу қылып,

Әр нәрсе тәлім бердің сен білдіріп.

Құдіреттің көрсетпеген біз істерін

Қаяқтан білдіреміз біздер біліп.

 

Адамға Жаппар Құда қылды пәрмен:

«Жараттым көп мақлұқат әр нешік жан.

Олардың барлығының есімі затын,

Зікір етіп осы жайда білдіргін сен».

 

Адамның көңіліндегі пердені алды,

Барлығы іліми ғайыптың раушанланды.

Әр түрлі мақлұқаттың есімі затын,

Білмекке Хақ әміріменен зейіні барды.

 

Сол үшін хазірет Адам тілге келіп,

Аттарының бәрін айтты хабар беріп.

Адамның әзиздігін көңіліне алды,

Періште, мәләйіктер мұны көріп.

 

Онан соң пәрмен етті Хақ тағала,

Келтірді отырмаққа бір тақ аңа.

Жеті жүз ол тағының аяғы бар,

Арасы неше жылдық жолдар және.

 

Ол тақта хазірет Адам қарар алды,

Мойнына дүри гауһар алқа салды.

Жәннаттан саусағына жүзік салып,

Жүздері тіптен көркем сұлуланды.

 

Қойды-лар кәрәматтың тәжін және,

Үстіне киіндірді неше жама.

Бұл дүние дүниесіне ұқсасы жоқ,

Бейіштің һуллесі еді бәрі һамма.

 

Тұрар-ды Расул нұры жылда беріп,

Мәләйіктер таңланар-ды мұны көріп.

Мұқарраб періштеге инам етті,

Құданың құдіретінен илһам еніп.

 

Деп айтты: «Бұл адамды көтеріпсіз,

Аспанның тамашасын көтеріпсіз.

Барлығын өз көзімен анық көріп,

Кеулінде артсын деді ақыл, мінез».

 

Алланың періштелер әмірін білді,

Көтеріп жоғарыға алып жүрді.

Аспанның тамашасын хазірет Адам,

Мүддатта[11] екі жүз жыл сәйір қылды.

 

Мүшкіден ажыратып һайиу Икрам,

Пазылымен лақап берді «Маймуна» нам.

Ол аттың екі жүз бір қанаты бар,

Маржан мен меруеттен тағасы һәм.

 

Ол атқа Ақ әмірімен Адам мінді,

Жәбірейіл шылауларын ұстап жүрді.

Маккайыл оң жағында бірге жүріп,

Исырапыл сол жағында һәм жүрер-ді.

 

Барлығын адам көріп періштенің,

Аралап жеті аспанның жүрді бәрін.

Ассалаума әлейкум деп сәлем берді,

Қайтарды періштелер жауаптарын.

 

Адамға нида қылды Һаийу дана:

«Бұл сөзді тәлім қылып берді саңа.

Кейінгі әулетіңнің мөміндері

Мұны айтсын жолыққанда бәрі һәмма».

 

Әлқисса, болғаннан соң сәйір тамам,

Ол тақта Хақ әмірімен отырды Адам.

«Адамға бәрің бірдей сәжде[12] қыл» деп,

Алладан періштеге болды кәлам[13].

 

Әуелі Жәбірейіл кеп сәждеге енді,

«Екінші Маккайыл» деп хабар берді.

Үшінші Исырапыл-дүр сәжде қылған,

Төртінші Әзірейіл нам періште еді.

 

Төртеуі әуел сәжде қылғаны үшін,

Әр іске дайындады әр бірісін.

Уахиға Жәбірейілді дайын етіп,

Маккайыл бере-дүрлар халық ырызғысын.

 

Қолына Исырапылдың сүрді жазған,

Жан алмақ нәсіп болды Әзірейілден.

Періште, мәләйіктің баршалары

Сәжде етті бір Алланың әмірі бірлан.

 

Әзәзіл сәжде қылмай тұрып қалды,

Мойнына таухи нәлет Алла салды.

Алланың азабына душарланып,

Бұрынғы суреттері һәм өзгерді.

 

Сәждеге періштелер жатты жүз жыл,

Базылар «бес жүз жыл» деп айтты-лар тіл.

Сәждеден бас көтеріп Әзәзілдің

Өзгерген суреттерін көрді-ләр біл.

 

Бұл қылған тағатына ризаланып,

Екінші сәжде қылды басын салып.

Намазда бір рәкатта екі мәрте,

Бұл күнде сәжде етеміз, сонан қалған.

 

Шайтанға нида қылды Қадір Мәулан:

«Адамға сәжде етпедің не үшін сен?»

Аллаға шайтан айтты: «Жаралғанда,

Адамнан нәсілімде артық-дүрмін.

 

Әуелі жараттыңыз оттан мені,

Топырақтан бина қылып қойдың әні.

Топырақтан оттың әсілі тіптен артық,

Сондықтан иба қылдым сәжде еткелі».

 

Сәждеден жүз қайтарды шайтан лағын[14],

Керемет лыпасының[15] алды бәрін.

«Малғұнды таспен ұрып шығар» деді,

Кидіріп лағынеттің лыпаларын.

 

Әуелі Жәбірейіл кеп таспен ұрды,

Екінші Маккайыл кеп хәмла[16] қылды.

Исырапыл, Әзірейіл мен періштелер,

Ұрумен ол малғұнды қуып жүрді.

 

Жетінші аспанда еді ұрылғаны,

Алтыншы көк жүзіне түсірді әні.

Жеті аспан аумағынан шығарды-ләр,

Періште, мәләйіктің ұрып бәрі.

 

Мәләйіктер жержүзіне қуып келді,

Ақыры қашып келіп дарияға енді.

Онан һәм пәдаргі қып ол малғұнды

Аспале сафлиынан орын берді.

 

Шығарды ол дариядан қуып және,

Көзі көк, болып еді реңі қара.

Әгарда жүзін көрсе мақлұқтар

Қалар ед естен танып бәрі һәмма.

 

Аллаға арыз қылып айтты шайтан:

«Өзіңе қызмет қылдым қанша жыл мен.

Сол қылған қызметімнің ақысы үшін

Ақырғы уақытқа ше өмір бер сен».

 

Тілегін Жаппар Құда қабыл көрді,

Өлмейтін ақырға ше өмір берді.

Ол малғұн мұны естіп құрсандалып[17],

Аллаға үшбу сөзді айтар еді.

 

Деп айтты: «Өлтірмесең уақыт беріп,

Пенденің қайламенен кеуіліне еніп,

Барлығын кеуілін бұзып азғырамын,

Ақыры менен болғай соған серік».

 

Алла айтты: «Дым білместі қайла етіп,

Хақ жолдан аздырарсың оларды ертіп.

Һеш уақта өзімнің дос құлдарыма,

Өтпегей сен турадан тәсір[18] жетіп.

 

Сол күннен бізге дұшпан шайтан лағын,

Меһирінен[19] халас[20] етсін Алла аның.

Ібілісті жержүзіне қоя тұрып,

Адамның білдірейін хал-ахуалын.

 

Адамды Алла қылып Икрам иғраз,

Жәннатқа кәрам етіп кіргізді баз.

Адамға жетпі һуллә киіндіріп,

Басына қымбат баға қойды-ләр тәж.

 

Мүбәрак белдерінде кемері бар,

Тауһиттың кәлимасын жазған-дүрлар.

Жетпіс мың оң жағында мәлек тұрып,

Жетпіс мың сол жағында мәлек тұрар.

 

Артында жетпіс мыңы тұрды және,

Жауһардан шашу шашты бәрі һәмма.

Жәннатты Хақ әмірімен көркем етіп,

Аштылар есігінің бәрін аңа.

 

Жәулан ғып арықтар мен бұлақтары,

Жасанып хоры менен ғұлмандары.

Бұлбұлдар түрлі ән салып сайрайды-лар,

Мәлектар таңғалады көріп әні.

 

Адамға Алла айтты айлап нида:

«Өзімнің құдіретіммен қылдым бина.

Һәм және қас[21] рухымнан жан кіргізіп,

Жеткіздім илмул әсма-и тәліміне.

 

Жәннатқа өз пазылыммен кіргіздім мен,

Жүрсін деп іштерінде қылып сайран.

Бұл берген нығыметіме шүкірлік қыл,

Әмірімді менің айтқан бұзбағын сен!»

 

Аллаға адам айтты: «Я, бір уә бар,

Әміріңді пәрмен еткен әйла изһар?»

Алла айтты: «Бұл дараққа жақындасып,

Дұшпанның тіліменен жеме зинһар[22]

 

Жемеске уәде етті хазірет Адам,

Сәйір етті сегіз бейіш бәрін тамам.

Үзім мен және құрма, інжір еді,

Әуелі жәннаттағы жеген тағам.

 

Онан соң неше түрлі тағамдарын,

Кеуілінің қалауынша жеді бәрін.

Тағамның қайбіріне кеуілі кетсе,

Тұрады даяр болып алдына оның.

 

Мұқарраб періштелер әр дем келіп,

Расулдың арқасынан тұрды көріп.

Жәннаттан басқа жайға сайран қылса,

Артынан бірге ілесіп жүрді еріп.

 

Артықша қылар еді икрам иғраз,

Алладан хазірет адам сұрады-лар баз:

«Не үшін періштелер арттан жүріп,

Салауат, тасбихтарын қылар ағаз.

 

Алла айтты: «Хабибімнің нұрлары бар,

Арқаңда қарар алып сенің тұрар.

Ол нұрға періштелер тағызым етіп,

Баршасы соның үшін артта жүрер».

 

Аллаға хазірет Адам өтінді көп:

«Маған да сол нұрды көрсеткін деп?»

Мұхаммед Мұстапаның нұр шарифы,

Шаһауат бармағына тұрды-лар кеп.

 

Атамыз қол көтерді болды баншат[23],

Оқыды калимасын һам шаһауат.

Бұл қолға соның үшін кітаптарда,

«Шаһадат бармағы» деп қойды-лар ат.

 

Арыз етті хазірет Адам бір Аллаға,

Арқамда бұл нұрлардан бар ма және.

«Төрт жарының нұры бар» деп айтқаннан соң,

Оны һәм «көрсеткін» деп айтты аңа.

 

Бәкірдің ортаң қолға нұры келді,

Аты жоқ қолға Омар нұрын берді.

Бармаққа Осман нұры уакіл болып,

Әлінің шынатайға нұры енді.

 

Бұларға хазірет Адам көзін салып,

Артар ед Мұхаммедті әнша ғалып.

Бидайды жегеннен соң нұрдың бәрі

Қайтадан жайларына тұрды барып.

 

[1] Илһам /а/ – діни сенімге ие болу; шабыттану; жігер беру, рухтандыру.

[2] Азар /п/ – азап, қорлық.

[3] Шариф /а/ – құрметті, ұлы, қадірлі, ақсүйек, текті; Пайғамбардың ұрпақтарына берілген атақ.

[4] Дақыл, Дахил /а/ – ішке кіру.

[5] Һәлак  /а/ –  жан тапсыру; қирау;  әлек болу.

[6] Мүптала – пәлеге жолығу, кіріптар болу.

[7] Фәруаз, Пәруаз /п/ – жарқыл; сәуле; шұғыла.

[8] Кифая (Кифаят) /а/ – жеткілікті, мол; керекті, қажетті; мөлшер, сан; сыбаға, үлес; бақыт, тағдыр; шама.

[9] Миуа /а/ – мәуе, жеміс.

[10] Хулла /а/ – киім; көйлек-көншек.

 

[11] Мүддат /а/ – уақыт, кезең.

[12] Сәжде /а/ – тәжім, бас ию; иілу, сәжде қылу.

[13] Кәлам /а/ – сөз, әңгіме.

 

[14] Лағын, Лағин /а/ – қарғыс атқан; шайтан.

[15] Лыпа – киім.

[16] Хамла /а/ – шабуыл, жорық.

[17] Құрсан, құрсант /п/ – шат-шадыман, қуанышты.

[18] Тәсір /а/ – әсер.

[19] Меһир, Мекер – қу, айлакер, залым.

[20] Халас  /а/ – құтылу, арылу, азат болу.

[21] Қас – таза, нағыз, тым, аса.

[22] Зинһар /п/ – ашық, жасырмай айту.

[23] Баншат (Ба-нешат) /п/ – қуанышты, көңілді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button