Басқы бет / Бір суреттің сыры

Бір суреттің сыры

Тарихи құжат

ДІН МЕН ЖЕР Баспасөз тарихын зерттеумен айналыса жүріп басқа да еліміздің тарихы үшін маңызды құжаттарға кезігеміз. Соның бірі – 1905 жылы Орал және Торғай облысының Петербургқа депутат болып барған ізгі ишандарының Һәм билерінің дін тұрғысындағы Һәм жер тұрғысындағы әр министрлерге жазған хаты. Біз кездейсоқ  дегенмен, бәрін  реттеуші  күш Алматы қаласына …

Толығырақ оқу »

Шортанбай Қанайұлының суреті

«Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман» деп жырлаған Шортанбай Қанайұлының жыр-толғаулары мен айтыстарынан басқа, зерттеуші-ғалымдардың жырау мұрасына арналған сын-зерттеулері жинақталған «Қай заман?» кітабы 2011жылы Астана қаласында  Фолиант баспасынан жарық көріпті. Бізді елең еткізген нәрсе Шортанбай жыраудың отбасымен бірге түскен суреті еді. Сұрастыра келе суреттің ізі Омбыдағы …

Толығырақ оқу »

Диуани Хикмет

Сайттың «Ғақлиат» айдарында Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметін» Әбибулла Мұхамеджанұлының 1902 жылы Ташкент баспасында басылып шыққан нұсқадан аударылған хикметтерін жариялап болдық. Марқұм ағамыз:  «Ұлы ғұлама бабаның бұл баға жетпес өте сирек кездесетін гауһар сипатты шығармасы менің қолыма күтпеген жерден кездейсоқ түскен болатын. Ол 1991 жылдың тамыз айының аяғы еді. Құдайы көршім Қазанбай …

Толығырақ оқу »

Әке мен баланың майдан жолы

Естеріңізде болса, Ұлы Отан соғысы кезінде әкесі мен баласы бір майданда шайқасқаны туралы  фильм болды. Бірінде грузин шаруасы Георгий Махарашвили баласын госпитальға іздеп келеді. Алайда баласы сауығып, қайтадан майданға аттанғанын  біледі. Содан кері қайтпай, қолына мылтық алып қан майданға түседі. Әскермен бірге Германияға да жетеді. Жау шебінде бірге соғысып, бір …

Толығырақ оқу »

Мүсірәлі сопы әзіздің әулетінен шыққан Жарылқасынқожа атты ақын болған

    Бұл жерде Жарылқасынқожаның Бақсайыс екені, Керейтке қатысы бар екені тегіс айтылады. Яғни Керейттің ішінде туылып, өскен бұған ешкімнің дауы жоқ.   Осы бабамыз Қоңыраттан шыққан Айым Торы қызбен айтысқан. Айтыс кітап болып Қазаннан шыққан. Бұл жерде Ақын бабамыз өзінің Мүсірәлінің баласы Сүгірәліден тарайтынын, ал Мүсірәлі Хазреті Әли-ұрпағы Бақшайыштан …

Толығырақ оқу »

ОЛ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҒАШЫҚ ЕДІ

Мәулен Балақаев жайлы сыр  Ұстаз туралы сөз айтудың тіпті де оңай шаруа емес екенін осы жолы тереңірек түсінгендеймін. Адамның көзі тірі кезінде пендешілік пе, әлде алаңсыздық па, әйтеуір көп нәрсеге көңіл аудара бермейсің. Жалған дүниенің күндердің күні болғанда кілт үзілерін де ойлап жатпайсың. Сөйтіп жүріп қасыңда күнде бірге болып, өмір сүріп …

Толығырақ оқу »

«Дінге қарсы аттаныс» газеті

Жақында Екібастұз қаласының тұрғыны, Совет қажы Жанкелдіұлы ағамыз бен  жеңгеміз Гүлжиян қажы Ханафияқызынан үлкен сәлемдеме келді. Ұзақ жылдар бойы  жылт еткен ізгіліктің ұшқынын  дәріптеген деректерді көзінің  қарашығындай сақтап жинаған екен. Солардың бір бөлігі газет қиындылары мен қолжазбалар. Онда  түрлі қоғам қайраткерлері мен  сол өңірдің азаматтары туралы көптеген деректер бар екен. …

Толығырақ оқу »

Қылыш Бабаев – қырқында қиылған тағдыр

Қылыш Бабаев – агроном-ғалым, агрошаруа ғылыми кандидаты, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943ж.). Бұқар жырау ауданнын түлегі. Қазақ агрошаруашылық институтын бітірген (1937 ж.). 1937-42 ж. осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі. 1942-48 ж. В.Р.Вильямс атыңдағы қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының директоры. Республика агро шаруашылығын дамытуға, агрономиялық ғылым міндеттерін шешу мәселесіне арналған …

Толығырақ оқу »

Нева жағалауындағы күмбезді мешіт

Өткен жылы Санкт-Петербургке барудың сәті түскен еді. Әуежайдан түсе сала автобусқа,  одан  метроға ауысып мініп,  қаланың қақ ортасына жетіп, жер астынан шыға келгенімізде, көгілдір күмбезді мешіттің дәл іргесінде тұрғанымызды көрдік. Ескі  қаланың тарихын жете білмегенімнен  де  болар, Нева жағалауында көне мешітті кездестіремін деп ойламаппын. Сұрастыра келсем, бұл мешіттің ғасырдан астам …

Толығырақ оқу »

Бейбіт тірліктің тірегі

Астанадағы Шейх Кунта қажы атындағы мешіттің бас имамы,Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, тәжік ұлтының өкілі Яхия қажы Исмаилов елді бірлікке бастайтын ассамблея қызметін исламның негізгі қағидаттарымен байланыстырады. «Ізетінен айнымай, жақынына мейірімді болып, ізгілікке ұмтылса, ісіне адал болып, ағайынның ауызбірлігін ойласа, адам баласы қор болмайды» дейді имам. Қажының пікірінше, адамзаттың татулығы көршісінен …

Толығырақ оқу »