Білген Шайыр айтады

Кеңесің болса кең толға

duet-pokoleniy.2014-g.-110КЕНЖЕҚОЖА ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Кенжеқожа ақын шамамен 1946 жылдары Ташкент облысының Шыназ ауданында дүниеден өтіпті. Ол кісіні жерлеп отырғанда НКВД-нің адамдары келіпті.  Оларға іздеп жүрген адамы Кенжеқожа ақынның бүгін қайтыс болғанын, соны жерлеп келіп отырғандарын айтыпты. Келген кісілер қабірді суретке түсіріп алып, сол жерде акт жасап, куәларға қол қойдырыпты да, оны қолға тірідей түсіре алмаған күйі кері қайтып кетіпті.

Арманда кеткен арыстың бірі – Кенжеқожа ақын туралы әзірше бар тарихи деректер осыны айтады. Кенжеқожа ақын Шаянға талай рет келген екен. Шаяндағы Әбдуат би, Әбсамат дамылла мен Кенжеқожа ақын арасындағы достық одан әрі осы Шуда Көкірек-Көпсекте жалғасыпты. Онда 1-2 жылдай бірге, бірқатар елдеболыппыз. Тағдыр бізді Кенжеқожамен кейін де кездестіріпті. Одан соң біз де Өзбекстанның оңтүстік Жызақ,Самарқанд, Бұхара жаққа ауып босқын болып барыппыз. Әбсамат 31 жаста Өзбекстанда аурудан қайтыс болыпты. Сол жақта Әбдуат бимен Кенжеқожа ақын тағы да табысыпты. Осы хат сол кездерде жазылған екен.

Кенже қожа ақынның Әбдуат биге жазған хаты

Кенжеден кеңес жазылды, Әбдуат аға,
Назарына сал аға-еке!
Айлағың назым намаға!
Аман ба және Жағрабай
Ағайын туған жамаға
Артыңыздан барам деп
Қылып едім уағада.
Діттеген жерге жеткізбей
Шаршатты үшбу дард замана.
Өзіңізден қалған соң
Қанша күн қалдым налаға.
Көз салып па едіңіз, абайлап.
Аяғымдағы жараға?
Насырға шауып сол кесел
Шыға алмай қалдым далаға.
Зембілге салып апарды.
Камаший*кеселханға
Күндіз-түні көз ілмей,
Он бес күн өтіп арада
Ылаж қылыпхәкімдер
Келтірді жаңажобаға.
Тәсірім кетіптәсрейе
Бір келді аузым тәубаға
Серпініп жаман сескендім
Қусырып қолды жағаға.
Ажалым жетсе мәбағда.
Жазым қылсам жан тәсілім
Қылатын кім баржаназа?
Осындай ойды көпойлап,
Сарғайды сарсаң сана да.
Естіген келіпбірадам
«Қалайсың-десе,қарағым»?
Ұқсады ата-бабаға.
Келмесе де өкпе жоқ
Атасы бөлек қараға.
Наз айтпаймын нарық білмес
Қара да түгіл қожаға!
Наданға наз қып айтқан сөз
Қадірін оның білмесе,
Орынсыз айтқан омырау сөз
Ойласаң орын қаба ма?
Шамалы көңілім шамданды
Мәуия, Таһир балаға.
Қалыңқалай, Жәкедеп
Келмеді жақын жаныма!
Кесірі тиер Кенженің
Деп кетіп пе едіңіз: Жолама!
Жақсы көрген адамнан
Жабырқанса бір көңіл
Өмірі естен қала ма?
Сағынғанда ағайын
Көрінбесе бір көзге
Шөлдеген сусын қана ма?
Кешегі жүрген Әбсәмат
Болғандатірі мабада
Отырса жақын осындай
«Жағдайың қалай, Кенже?»-деп
Келер еді-ау қасыма!
Өкінгеннен не пайда
Дерексіз арызы, Самада.
Берер ме дауыс олай деп
Шақырсам барып молаға?
Оным да болды асылық
Кешіргің Аллатағала!
Жақын деп жағдай айтамын
Нәсілі сейіт тазаға.
Ескі көзден кім қалды?
Бір Сізден басқа шамада?
Не қылайын қапа боп
Парық білмес бала-шағаға.
Өткен жұмыс – өкініш
Көтердім бастыжаңада.
Қайтпақшы болып жатырмыз
Шымкент, Сайрам қалаға.
Мүмкін болса жолшыбай
Болармыз мейман қонаға.
Бірнешеболсақхам сұхбат
Кеуілде арман қала ма?
Қанды жүрек ашылып,
Өксіген кеуіл басылып,
Қылғандай тауаб Қағаба!
Жалғасбай кетсек жол үсті,
Тапсырдым ойы данаға!
Бажарып жүр көкежан,
Мұңлығың жазған хатынан.
Сарсаң түсіп саудасы
Айрылды інің данадан.
Қанжығалап қалмай жүр.
Қарпыған қырсық тақымнан
Бармақ тістеп, бас шайқап
Уақытымыз болды ашынған.
Салмақ түсіп сасқанда
Таппадым жаны ашыр жан.
Еңістеп ерім мойныма
Басылып көңілім жос ұрған.
Құралай құлан мен болдым
Қағынан жеріп шошынған.
Өзімнен өзім бүлініп
Ажырасып тұрмын абайсыз
Жасымнан жардан қосылған
Ақсаймын ба деп абайсыз
Қорқамын қатты осыдан.
Қаупім көп тақсыр, таңлада
Дозақтың жанған отынан.
Белге ұрған жыландай.
Сүйегім болат, жасыған.
Сасқанда себеп болғандай.
Шықпай тұр ақыл досымнан!
Ақылдасар аға-іні
Және де біз де отырған.
Жал-құйрықтан сипайды.
Селдірдей суы тартылған.
Туысқан болып әр кімге
Мен болдым нағыз антұрған!
Тастадым тақсыр, алдыңа
Үш у дүр менің-нәтижам
Ішінен бәрін ақтарып
Уақтылы тағдыр – келсе ажал
Разы бол Кенже пақырдан!
«Рахмет Алла қылсын!»-деп
Жоқтаңыз Әзірет «Ясиннан»
«Қыла бер өзің ғапуран.

Әбдіразақ Әбдуатұлының осы хатқа түсініктемесі:
1.Камаши кеселханасы сол кездегі Душанбе – Бұхара темір жолының Кітап қаласы маңындағы станция.
2.Әкімдер- хакімдер, тәуіптер.
3.Тәһир-Таһир Сабырдамыллаұлы ол Әбдуат бидің күйеу баласы.
4.Мәуия, Мағауия-Мәуия Мәріпұлы, Сабыр Дамылланың күйеу баласы. Шымкентте Янги Шаһарда 1965 ж. дүниеден өткен.
«Ажырасып тұрмын абайсыз
Жасымнан жардан қосылған».
Кенжеқожаның әйелінің ажарлығына, сұлулығына қызығып бір баласымен Ферғана, Ош жақта тұратын қырғыздар тартып алып қалған. Кенжеқожа өзі әрең қашып құтылған.

Түсініктеме: «Кенжеқожа ақынның Әбдуат биге жазған хаты»Әбдуат биге тиген-тимегенін анық білмеймін. Бірақ бұл екеуі де қуғын-сүргін заманда Самарқаңд Бұхара жақта болғаны анық. Осы хаттың бір көшірмесі Шу жақтағы Убайдақожаға (жаңылмасам егер әкесінің аты Мәнсұрқожа болуы керек) түскен екен. Убайда сол көшірмеден көшірме алып, оны Әбдуат бидің туған немересі (қызы Зүлһаядан туған жиені) Тәжіханқожа Таһирұлына, ал ол маған (яғни осы жолдардың авторы Шүкірлла Әбдуатқа), ал мен ол аманаты тиесілі иесі Әбдіразақ Әбуатұлына 1985ж. 5. тамызда қолма-қол тапсырып, содан өзімеде бір көшірмесін алып қалдым.Әбдіразақ Әбдуатұлы 1986 ж. наурыз айыңда Шаянда қайтыс болды. Ал оның әкесі Әбдуат би (Шаянның ең соңғы биі) 1953 ж.наурыз айында Өзбекстан мен шекаралас Бірлік ауылыңда (Келес ауданы Қызыл Әскер жақта) дүниеден өтті.

(Әбдіразақ Әбдуатұлының жатқа айтуы бойынша хатқа түсірілген. Кенжеқожа ғаріптің шығарған ғазалнамасынан үзінді)

Кенжеқожа ғарыптың ғазал намасы

Он сегіз мың әлемнің
Алла бір ғана панасы.
Мұсылманның көңілінде
Алланың Хамду санасы
Алланы екі деп айтар-
Кәпірлердің жаласы.
Иланбайды ақыл данасы.
Бірініңтілін бірі алмай,
Екі топқа бөлінген
Адамзаттың баласы.
Әлі күнге нанбайды.
Келесі болыпталасы,
Өз нұрымен жаратқан
Расул Алла Мұхаммед
Құранменен бекілген.
Ислам-бірдініңсарасы.
Дінге қуат бергін деп
Кенжеқожа ғарыптың
Шығарған ғазалнамасы.
Хамду сана Аллаға
Бір өзіңді жат қылдым.
Топырақтан жаратып,
Адамды гәуһар зат қылдың
Жеті күнтұрғызыпжәннәтда,
Ғапылмен бидай жегізіп,
Есігінжәннат жаптырдың!
Шығарып дүние жүзіне
Жалғанға бері қайтардың.
Жұп айлап Хауамен
Ажыратып үш жүз жыл
Екі көзін жас қылдың!
Мәккәи шәріп жайында,
Арафаттың тауында
Қосып көңілін шат қылдың!
Тұқымың мың-мың сан қылып
Әбілді Қабылөлтіріп
Әулеті әзіз Адамға
Нәлеті шайтан нәп қылдың.
Топан суын қаптатып,
Нұхты суға ағыздың!
Ибраһим Қалилге
Намұрдты дұшпан қып.
Зембілмен отқа атқыздың!
Әзірет Ідірісті
Тірідей кеткен пейішке
Үрден тағам таттырдың
Ысмағүлды құрбан қып,
Көк қошқарды түсіріп
Жанынан ара ап қалдың
Біна қылып Ысқақты
Әзіреті Бибі Сараның
Шарапатын жақтырдың.

Кенжеқожа ғаріптің шығарған ғазалнамасынан ӘбдіразақӘбдуатұлыныңжатқ айтуы бойынша келтірілген үзіндіні хатқатүсірілді. Әбдіразақ Әбдуатұлынан  басқада көптеген өлең, толғау, ғазіл, рубаяттарды есіткенімізбен ол кезде бұларға онша мән бермеппіз. Енді ондай қариялар қалған да жоқ. Әбдіразақ ақсақал қыза-қыза Қожа Ахмет Яссауи, Софы Аллаяр, Әзімқожа ишан хикматтарын түпұсқасы бойынша да айтып отыратын. Ал Кенжеқожа ақынды әкесі Әбдуат би, ағасы Әбсамәт дамылламен, дос-жаран боп Шаянда. Одан да басқа жерлерде де тағдырлас болғандықтан ба ерекше шабытпен айтып, толғанып кететін.

Солардан естен қалғандары қағазға түсіруді ұйғардым. Әбсамат бір атаның Қосым ишан әуетінің арысы болса, одан да жоғары үш жүздің баласына танымал болған, арманда кеткен арысы олар.

 

Кенжеқожаның ақындарды сипаттауы

Қапада болсам қайғы ойлап,
Қалам бір алып хат жазам.
Қағазға қалам сілтесем
Қайғыдан көңілім шаттанам.
Шеберде шешен болмайды,
Қымбатын сөздің таппаған,
Шын жүйрік емес жауапты.
Суырыла сілтеп шаппаған.
Сөз жауһарын жұртқа шаш
Мылтықтай түзу оқтаған.
Кеңесің болса кең толға,
Бағзалың қырық жас тоқтаған.
Торлаған тәтті қауынның,
Ләззәтін білмес татпаған,
Дананың сөзі дәл келер,
Артында нұсқа хат қалған
Әуелгі шайыр Фирдоуси,
Артына назым тастаған.
Науайы, Физул дегендер
Мусамды белі пеш қадам.
Аллаһяар сопы атақты,
Нәзім мен нәзіл жақсы адам.
Аттары мәшһұр әр жайда
Мүждәһүзер көп болған.
Арапта қанша шайыр бар,
Расулдің мәзін мақтаған,
Насырды, Шады, Назымды,
Түрікше тілде жаттаған.
Шәдідей шайыр шанда жоқ
Шүбәлі сөзге баспаған.
Қожадан Майлы, Күдері,
Алмасын сөздің саптаған.
Асан қожа, Жолбарыс,
Нарқы қымбат асфаһан,
Қадірлі жүйрік қазақта
Арқада Абай зат болған.
Әубәкір молла, Нарымбет,
Қазаққа нұсқа тастаған.
Бақтыбай, Төбет, Шөже ақын,
Құрметті жүйрік қос боран.
Даңмұрын, Жүсіп, Ерімбет,
Жел сөзді әрлеп жапсаған.
Тұрмағанбет, Қуаныш,
Жүйрік мініп тып алыс
Мұндай қартың қаптаған.
Арнаулы жүйрік Алшында,
Мұнан да басқа көп болған.
Орынбай, Балта, Мансүрлер
Шындаса жүйрік поштадан.
Италмас ақын Жалайыр,
Салмақты жорға саспаған,
Шапырашты Сүйінбай
Ұстазы еді Жамбылдың
Отындай тасдың шатнаған
Жағарғы жатқан Дулатта
Өзбек, Бапа қарт бабаң.
Әкімгерей төменде,
Жиенбай жорға, Ақтабан,
Қазанғап ақын Жаныста
Ағызған суды қақападан,
Кейбір жүрген жыраулар,
Халыққа шығып қақсаған.
Қымың-жымың қисса айтып,
Сумаңдап сұрап ақша алған.
Жексұрын жыршы көбейді
Гармонға дауысын қоттаған.
Той болса отырып айқайлап,
Қатындай байын жоқтаған.
Сусары бөрік сырты алтын,
Әсем нәрлеп баптаған.
Шәй көйлек, қыжым, орамал,
Қыз қатын тойда топ болған.
Құйрығын мақтап құйқылжып,
Қисынсыз сөзді оттаған
Тасқа салса тоймайтын
Қаяқта жүйрік ақтабан?
Шайырдың көбі- өрсіде,
Лебізі майда мақтадан.
Опасыз келте сұм дүние,
Ақырын асып сақтаған.
Шешенде, шебер, бай, пақыр,
Өтесің өмір патшадан.
Босанатын дәрмен жоқ,
Құрсаулы темір ноқтадан.
Алты қарыс тар дүние,
Өте шықтың омыраулап,
Неше бір жайсаң қасқадан.
Сөйлеп қал, тілім, кең толғап,
Гауһардан таза сөз жолдап.
Кез кеп қапты көпшілік
Көптен де басын қоспаған.

Кенжеқожаның ақындарды сынау туралы термесі.

Ау, қаумалап тұрса көпшілік,
Домбыраны қолға алам.
Бес-алты ауыз сөйлесем,
Самалдап біраз шаттанам.
Сілтейін енді қолға алып,
Серпілсін әзіл қаптаған
Жүйрік емес шудесе,
Суырылып шыға шаппаған.
Ғалымның аты дәлелде
Артында нұсқа хат қалған.
Шайырда емес жаһанды,
Қымбатын сөздің таппаған.
Ей, сөйлеп қал, Кенже, кең толғап,
Абзалың қырық жас тоқтаған.
Қорғаған қауым жел сөзден
Ләззәтін көрсе тапса адам.
Жайнатқын жәуһәр жайын сөз,
Ашылған гүлдей бақшадан.
Әуелгі шайыр Фирдоуси,
Артына назым тастаған.
Ишани софы Аллаяр,
Назымы назық жақсы адам.
Науайы, Беділ дегендер,
Мұассам еді бес қадам,
Арапта қанша шайыр бар,
Расулдің мәзін мақтаған
Насырды жади назым ғып,
Түрікше тілді жаттаған
Шадыдай шайыр шаңда жоқ.
Шүбәлі сөзге баспаған.
Қожадан Майлы, Күдері,
Алмасын сөздің саптаған.
Асан қожа, Жолбарыс,
Нарқылы жүйрік наштаған,
Қазіргі жүйрік қазақта,
Хакім Абай зат болған.
Сол  елден шығып көп шәкірт
Қазаққа қадам  бастаған.
Молла Мұса, Бұдабай,
Жосылған жүйрік шашмадан.
Ора жүздің елінде
Құлыншақ пен Ұлбике,
Өлеңнен арна жапсаған.
Кіші жүздің елінде
Жораяқ ұлы Омарды,
Омардың айтқан сөзіне,
Есітсе әркім құмарды.
Арнадан терең аттаған
Тұрмағанбет пен Қуаныш
Нарқы бір қымбат аспаһан.
Арналы жүйрік Алшынбай.
Мұнанда басқа көп болған.
Жиенбай ақын төменде
Арнадан терең аттаған,
Өрдегі жатқан Дулатта
Өзбек бабаң қоспаран
Даңмұрын Жүсіп молла бар.
Өлеңнің сабын оқтаған.
Қаңлы Жүсіп пен Ерімбет
Қар суы қарқын қаптаған.
Сауытбек Молда, Мырзабай,
Қалжың мен көңіл шаптаған.
Құлмамбет пенен Сүйімбай
Отындай тасдың шатынаған,
Құлан аяқ Құлмамбет,
Өлеңнен арна жапсарған.
Ыстыдан шығып ер-Майкөт,
Орасан жүрік почтадан,
Қайсы бірін мен айтайын
Аққу боп даусын баптаған,
Шоқайдан шықты Нұралы,
Сымбалдап сөзді саптаған.
Сол елденде шықты көп шәкірт,
Қар суындай бір қаптаған.
Өтіп кетті көп жыршы
Орасан жүйрік почтадан
Бұл күнде жыршы көбейді,
Өтірік айтып ақша алған.
Матаған сөзі таусылса,
Сабыры қашып шаршаған.
Құр айқайға бас беріп,
Басқаша өрнек таппаған.
Ой менен қырға барабар,
Ол қайда жорға ақ табан.
Шайырдың бәрі сап болды,
Ләбізі майда мақтадан.
Жексұрын жыршы көбейді,
Гармонға даусын қостаған.
Зарлап отыр той болса
Қатындай байын жоқтаған,
Опасыз кеткен сұм дүние,
Ахирын аузын сапқазан,
Бай-батыр, батыр-палуан деп
Байладық бәрін ноқта мен,
Шынжырда шебер өнерпаз
Өтерсің өмір патшадан.
Қалпың қашып қазулы ой
Өте бір шықтың омыраулап,
Не бір жайсаң қасқадан.
Өтіп кетті не жүйрік,
Сыдырған сөзді таспадан.
Енді біраз сөйлейін,
Заманда сіздер жақсы адам.
Сіздерде қайда, біз қайда
Ей, кез келіп қалдық жақсылар.
Ей, халық едік басты қоспаған.

Кенжеқожаның нақыл термесі

Әй бай болған қайда кетті ойла халық,
Бек болған қайда кетті Һарон-Рашид
Бар Сисаң молла десеңдер алыңды ойла,
Жаның рахат табады қайда барып.
Жіберген әзәз жаһан бар қаһарын.
Белгілі Рүстем –Дастан Әлі де өтті,
Суарған қызыл қанға Зұлпыхарын
Ей, атаңнан сайып-қыран һәм жаз өтті.
Расульдің мақтандырған шаһриярын.
Хусайын Кербалада шаһит болды.
Бір қасық ішер судың тартып зарын.
Ей, жаңылып аштан айтқан бір сөзі үшін,
Пайғамбар жетпіс айтқан аш тағбарын.
Жақыптың сұлу десеңдер Жүсіпі өткен,
Қаратып жанабына – Мысыр шаһарын.
Ей, уш айдай Мысыр шаһары мас боп қатты,
Жүсіптің бір көргенде нұр дидарын.
Мұстапсыз жер жиһанға патша болған,
Желденген жер ортаға сыр аймағын
Ей, адамдай жер жүзіне сахы болып,
Дүнияға сақылық пен салған сару
Анан соң неше түрлі ғалымда өтті,
Шариғат жұртқа шашып нұр гауһарын.
Ей, анан соң неше түрлі сахыда өтті,
Бір пұлдай керек қылмай қалың малын.
Анан соң неше түрлі байлар да өтті,
Дүнияда өз мүлкінің білмей санын.
Анан соң неше түрлі бақылда өтті,
Нәрсеге бір тиындық беріп жанын.
Ей, саны жоқ, сапасы жоқ сайқал дүние
Тапады бірін қоймай соның бәрін.
Бәндә боп бұл дүнияға кегеннен соң
Һәр адам ойлай керек не жасарын.
Мейлің бай, мейлің жаңа патша болғын,
Ер болсаң ерттеп мінер ат тұлпарын.
Ей , жалғанның жалдамалы бұл базары,
Сыйлап қал бір-біріңді келген шағың.
Тірлікте бр-біріңді сыйласпасаң,
Маған кел күні ертең қи баспасаң,
Ей, кетерің берекеңнің анық білдім,
Соңыра кеп бір біріңе қиғаштасаң.
Дос болу асылында неге керек,
Жаныңды досың үшін қинаспасаң.
Ей, дос болып балдар бір ауылда жүре алмайсыңдар
Жоғыңды бір-біріңнің қинаспасаң.
Кездессе ағайынға бір жаман жұмыс,
Қамыстай өртен шалған қинаспасаң.
Ей, көлеңке көлемді боп көрінеді,
Өсек қып бір-біріңді шырмаспасаң
Халқыңа снда басшы боласыңдар,
Еш кімге ақылыңды ұрлатпасаң
Ей, мақтануға ақынмын деп неге керек,
Халыққа ғыбрат сөзін тыңдатпасаң.
Ал, енді үйренсеңдер, баллар, көріп алдың,
Боларма әншейін бір тулақты алсаң
Кей бала кездескенін ала салад
Әйтеуір болады-ай деп құр жатпасам.
Кенеқожаның ақындар туралы сынағаны

Ей, ақынның алып жүйрігі,
Ей, ақынның алып жүйрігі,
Көпшілікке келгенде,
Жөнелсе сөзі құйылып,
Иіріміндей дарияның,
Алдыңа жұртты үйіріп
Майда келіп маңызы,
Есіктен тұрса сүйініп.
Бір жағы жұрттың гүл ашса,
Бір жағы тұрса күйініп.
Үйездеген жылқыдай,
Тыңласа халық үйіліп.
Алдынан адам кетпесе,
Жаураған қойдай бұйығып.
Нәзіклігі назымның,
Сынғалы тұрса иіліп.
Ей, тәттілігі татқанда,
Таңдайды тұрса суырып.
Тегістігі зауытта,
Шығарған жіптей иіріп.
Бір әріп пен бір нүкте,
Аяғы бірге түйіліп,
Желкенің көбі жыртақы,
Қырнасып тұрар жиылып.
Емініп жүріп ел аттап,
Шіренер мұртын шиырып.
Көл балду атты кең болар
Сабынмен келсең жуынып.
Үйренбес сөзді үйрет деп,
Біреуге тұрар тігіліп.
Ақынның асқан жүйрігі,
Жөнелсе сөзге шарқ ұрып.
Айтқан сайын қадалып,
Қажала түссе артылып,
Болат ес болса бос,
Сыр берсе кедей қайтты деп,
Қоскертпелі қақпандай,
Жауабы тұрса шарт ұрып.
Есіткен адам жылау мен
Шаршаса сондай алқынып.
Сөзінен адам зерікпей,
Ынталы болса талпынып.
Екі жаһанның арасын,
Хабардар қылса жағынып.
Жақсы мен жаман арасын,
Ажырата сөзбен парққылып.
Мәтелге келер мәнзүрлі,
Үлгілі ғып айтса қант ұғып
Қапалыға қамқор боп,
Шад айдап көңіл шартымғып.
Ақынның көбі алжасып,
Тыңдайды сөзді антұрып,
Бетімен берген аспаса,
Жүйрік деп болмас сән қылып.
Сөйлейтін жерің келгенде,
Көпшілік қауым жиналып,
Кенже сөйле дегенде,
Жоғары менен төменгі.
Ей, тұрмайшы ед тілім тартылып.

Кенжеқожа ақынның жақсы перзент пен
жаман перзент турасындағы айтқан нақылы
Ей, хұрмәт айлар ер жігіт
Ата менен ананы
Тіл зар болар атаға,
Баланың туса жаманы.
Ісінің қылған дайыны жоқ
Қалт сөзді қара саналы.
Ата-анасын қапа ғып,
Көңіліне салар қараны.
Хабархан ұлы шақшақ бар
Кетірер сөздің мазары.
Ей, жылану мен өмірі өтер,
Қайнамай тозар қазаны.
Кезеген аяқ боқ басар,
Бұрынғылардың жауабы.
Беймезгіл жүріп сүмеңдеп,
Әркімнен болар жалалы.
Бұл секілді ұл туса,
Дүнинің ол бір қараны,
Қарға айтқандай тоқ жаман,
Бәрінен де жоқ жаман.
Болса да жаман амал не,
Жаманның да жақсы аманы.
Хұрмет етер ер жігіт,
Атасы менен анасын.
Қол қусырып құрметтер.
Жастары үлкен ағасын
Бойына өлшеп іс қылыр.
Өзінің біліп шамасын.
Халық үшін ашқан қазына,
Хаялдың қылмас қарасын,
Жатта болса және деп,
Суғармас боқтап баласын.
Керегім болса зейін зор,
Құлағың сөзге саласың.
Дана деп сөйлеп дәру ет
Жақсыда жаман арасын.
Айтып, айтпай не керек
Жаманда жақсы болса да,
Барыда жақсы баланың.
Ей, артыңда белгің қалатын.

Қаумалап тұрса…
Ей, қаумалап тұрса көпшілік
Таратушы едім сөз ұрқын,
Тыңлауға халық ыңғайлы.
Шын жүйріктің белгісі,
Жұмырлап сөзді жұмдайды.
Озаған ұста жеткелең
Жебенек кенді шыңлайды.
Қанігі палуан қастерлі
Сілтемей тұрып ырғайды.
Қайсы бір түрлі өнерпаз,
Өзінің мүлкін сырлайды.
Ей, қалуатсыз қас сыпа
Кәдесіз қадам ұрмайды,
Бір жеген тойып жемтікке
Ақ сұңқар мойын бұрмайды.
Атадан жаман ұл туса
Нәсілдің намын былғайды.
Жабы қалың жабыдан,
Манзәрлі – маржан тумайды.
Адасқаның алды жөн,
Жобалап жолды қумайды.
Салдыр-санақ санасыз,
Бекітіп белін бумайды.
Тыиусыз өскен тентек ұл
Ас ішерде қолын жумайды.
Қолыңды жуғын нас десең,
Ер тоқымын бауырына ап,
Қорс-қорс етіп тулайды.
Шайырдың шаһы Шаһыбас,
Қолына алса сырнайды.
Сөз маманы шеберлер,
Жапсарын сөздің мұндайды
Тал жібектей таза сөз
Кісінің бетін жырмайды.
Тамтымы жоқ тамыз сөз,
Ұлпаттың көңілін тырнайды.
Ақынсып жүрген жүдә көп,
Қобыз ғып жүрген сырнайды.
Менде соның бірі боп,
Әдет қып көрдім үр-найды.
Өрдегі жатқан көп Дулат,
Сөзімді қатты сынайды.
Жалпақ жатқан көп қоңырат,
Құлағын салып тыңдайды.
Кіші жүздің баласы
Аяқ асты қылмайды.
Хорезм жұрты хабардар
Үргеніш, Төрткүл, Шымбайды.
Ал, киіз үйлі қазақтың
Ал, құлақ сап бәрі тыңдайды.
Қызық қуып жүргенде,
Жас деген шіркін ұлғайды
Үйреніп қалған он саусақ,
Әдетін сіре қоймайды
Қырық жылда қырғын болса да
Бұйрықсыз шөлмек сынбайды,
Кей жаманның белгісі,
Лайтып сөзді былғайды.
Үйір қылмаңдар жаныңа
Ниеті бұзық сұмрайды.
Қоңырауын сөздің тебірентсем,
Сөйле деп көңілім тулайды.
Тамаша тойға келісіп,
Сіздерменен көрісіп,
Көрісіп сәлем берісіп,
Көңілді қылдық Айхай бір жайлы.

Кенжеқожа ақынның жастарға тәлім
берген турасындағы термесі
Ей, ақылың болса жігіттер,
Көпшілікке барғанда,
Әдептің күткін мәркәнін,
Наматтың жолын наштамай,
Мәтліктің кисеңдер қалқанын,
Сабағың тиісе сағырға
Саяты мысал аршаның
Жапалыға жарасып,
Саясын берсеңер арқаның.
Мүскінге берсең мейірім ғып
Бір наны болса арпаның
Құдай үшін қоңсыңа,
Қоюын берсеңдер сорпаның,
Қуғаның қалып құтылмайды
Талаптың мінсеңдер тұлпарын
Қалыңдатпаңдар баллар қабақты
Халқыңның бірет қорғанын.
Ей, халық қолайлы көрмейді,
Қайқы төс,жауырынның шалқағын.
Әкім болсаңдар әкиме,
Қайқимасын қалпағың,
Жылытпаңдар жетім-жесірді
Халының біліп кем тарын.
Туралық қылғын өкімде
Таусылмай тары талқаның.
Аралаттыр өкілге
Болмас сөйлес ортағың.
Жетпесін соңыра кемдікке,
Мазасыз болып мәртәбің
Енжу, маржан, гауһардан
Дүнияның жисаң дәркәрін
Өздерің менен бір жүріп
Үгіттің жисаңдар шалқанын
Қызыл тілім қынжылмай,
Қаумалап халық келгенде,
Жеткенше сөйле дархалың

Дидарласып балалар
Дидарласып балалар сіздермен,
Көптеген де бері көрмеген
Көл сағынған бір қаздай боп,
Көрейін деп бүгін келген ем,
Неше бір күндей айқаймен,
Уақытымда боп жүр денделен.
Қауыстың соқса бораны,
Кімдердің шамы сөнбеген.
Ей, қазан ұрса сап болмақ
Бақшалы гүлің зерленген.
Опырың болсын дүнияға
Нелерде кетіп, не келген
Балық құйрық сұм дүния,
Қайтпаймын деген қасқырды
Ізінен кейін шегерген.
Азулы не бір бураны
Қосақтап тізіп шөгерген.
Ағыны қатты анһар су
Тасқыны қайтып бөгелген,
Неш бір ұзын қысқарып,
Жоқ болып кеткен кемерден.
Неше бір құрыс кесілген,
Шорқақ батыр сермеген,
Неш бір дана жаңылған.
Көкірегін асыл кернеген.
Неше бір шешен сүрінген,
Кезегін сөздің бермеген.
Неше бір жастар жайраған
Талабы тауға өрлеген.
Нәсіп боп кезің келген соң,
Өзгеріп сіздерді көзім көрген соң,
Бір азда құлаш жазайын,
Бір ат пен бір аз айқай кермеде деі.
Ассалаумағалейкүм….
Ассалаумағалейкүм, балаларым,
Етіңдер өз көңіліңнің қалағанын
Менің бұл жел сөзімді өлең демей,
Салыңдар маслихатқа жарағанын.
Бала мен жаман, туған жаман әйел,
Сөйлеймін ажыратып араларын.
Жаныңның жақсы әйел көлеңкесі
Үйіңде ас пен судың берекесі
Көрінер көрген көзге шекер, балдай,
Тарқанған таң атқанша мерекесі.
Қосылып алған жарың жаман болса.
Әжуа көрген жанның келекесі.
Ойласаң жақсы қатын қандай болар,
Жағылған қараңғы үйге шамдай болар.
Етінен ет кессең де бүлк етпейтін
Бек, патша…аруана нардай болар
Бас қосып соныменен жатқан түні,
Боз торғай жырлап атқан таңдай болар
Жақсы әйел жанған шоқтай жайнап тұрар
Қазаның өз әлінше қайнап тұрар.
Даладан ат дүбірін естігенде,
Жүгіріп сыртқа шығып байлап тұрар.
Әр істің парасатын ғамыл біліп,
Жұмыстың алды артын ойлап тұрар.
Үйіне жаман қатын мейман келсе,
Түксиіп сары азбандай айбат құрар.
Тұрмайды күн шыққанша төсегінен,
Ыңыранып жазылмайды кеселінен.
«Тұр»- десе еріне айтар дәріні бер
Кеселім қаттырақ деп кешегіден.
Сонан соң сорлы ері есік ашар,
Ұялып жұрттың айтар өсегінен.
Ол қатын тамаққа сау, жұмысқа ауру,
Жалынып сірә болмас дұрыстарың.
Өтініп ауырмағын десең, дағы
Дая тұрар отбасында ұрыстарың.
Қақпақсыз қазан беті ашық тұрар,
Ішінде су шөміші сасып тұрар.
Қазанның шетін басып жалаған ит.
Қақпағын аяғымен басып тұрар.
Жасарсың құдай қосса соның менен
Нәсіңді шара қанша ашық қылар
Келер-ау кейбір әйел алақ-салақ,
Кір көйлек, тесік өкше, жыртық балақ
Бітірген бір тиындық жұмысы жоқ,
Аптада бір жуылмай аяқ табақ.
Ақ қатын, қара қатын, сары қатын.
Басына салса жаулық бәрі қатын,
Келгенде мейманыңды күтіп тұрса
Дегеннің оны қатын, өзі қатын.
Жалғанда жақсы әйел үйдің көркі,
Ас беріп, адал ұстау ердің көркі
Сопылар қанахада азан айтса,
Аллалап азан айтқан пірдің көркі.
Аспаннан күн күркіреп жауса жауын,
Ойлаңыз азаматтар жердің көркі.
Жалғанда түскермеңіз жақсы қатын
Біліп ал, қатын алсаң әсіл затын
Өмірің шайған менен өтіп кетер,

Мал емес егесіне тапсыратын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button