Ғалымның хаты

«Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар» шежіресі хақында

Шәкәрім және оның  еңбектерімен танысқаннан туған  кейбір ойлар

Он тоғызыншы-жиырмасыншы ғасырлар арасында өмір сүрген  Абай хакімнен басқа ақын жазушылардан, Шәкәрім білім деңгейі, ақындық таланты және дүниетану дәрежесі мен көп жоғары тұрады. Шәкәрім, араб, орыс, түрік,  шағатай тілдерін толық меңгеріп, түрік мемлекетік бай кітәпханасында білімін жетілдірген, ғалым, сөз зергері. Көлемді ғылыми еңдегі: «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар» шежіресін жазғанда, орыстың Спасский, Аристов, Маевский сыяқты   жазушыларының жазған шежірелерімен   және басқа да жазылған шежірелер  мен салыстырып, салт-дәстүр,  жырларда аты аталған елге танымал тұлғалардың  өмір сүрген уқытындағы ел аузында сақталғен әңгімелер мен жарлар да  жазылған оқиғаламен байланыстыра қарап, шындыққа жақындары мен сәйкестендіре жазған.

Шежіренің әртүрлі нұсқасын тарихый уахиғамен байланыстырып талдап, шындыққа жақындығы басым түрін  жазу  басқа шежіре жазушларда кездеспеген, болса да өте сирек шығар. Шежіре жазушылардың көпшілігі, шежірені білемдеушілердің айтқандарынан, не қолында бар, кім жазғаны, қашан  жазылғаны белгісіз құжаттарды пайдаланады. Шежіре мен Шәкәрімнің шығармашылығы туралы сөз қозғамай тұрып шежіреге тікелей қатысы бар Құнанбай қажының қажылық сапары жөнінде ел аузындағы шындықтан қашық емес  әңгімеге тоқтала кету керек сыяқты. 1874-1875 жылдары  қажылыққа, Құнанбаймен бірге жиені Ызғұты және Қарқаралыдан Өндірбай қалпе бірге барған. Батыс обылысында мешіт салған, қажылыққа үш рет барған, кейін қажылыққа сапар   ұйымдастыру ды да қолға алған,  Досжан ишан Қашақұлы мен Нұрпеке хазіреттер де  Құнанбай  мен қажылықта бірге болған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде, ХІХ ғасырда қажыға барушылардың  үш легін көрсеткен. Үшінші тобында: «Орта жүзден тобықты Құнанбай бастаған жиырма кісі, Кіші жүзден табандаған жүз кісі болды.  Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халфелер бар. Қазақ мұнан бұрын бүйтіп бас қосып қажыға бармаған екен. Жүз жиырма кісі, арасын айырмай, тізе қосып, қол ұстасып жүрген соң және өздері көзге түсерлік әр таптың қасқа- жайсаңы болған соң көргендер таңғаларлық болыпты» деп жазыпты.
«Оренбургский листок» газетінің 1876 жылғы шілдедегі басылымында: «В Оренбурге на днях съехались и разместились 100 человек киргиз для встречи ожидаемых из Константинополя прошлогодних паломников в Мекку и Медину. Мулла Досжан ишан, из прошлых паломников. Говорят, до 20 человек из разных концов степи Оренбургского края, между ними находятся также башкирец Емангулов. Юнус Ишан и татарин Сейтовского посада Рахмет Угла Абдулкадиров, Юнис ишан из старых паломников,  не успел возвратиться из Константинополя с киргизами и муллой Нурпейс хазретом, как вторично отправился туда с Досжаном. Қажылыққа барған Досжан ишан мен Нұрпеке хазіреттің елге қайтқан мерзімі, 1876 жыл деп көрсеткен. Осы қажылықта, бірге болған қажылар Досжан ишан мен Құнанбайдың, қазақ қажылары түсетін тәкие үй салдыру тарихы бір-бірімен байланысты. Ш. Құдайбердіұлының: «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» кітабында: «Атасы Құнанбай қажының ел арасындағы  жақсы істерін жаза келіп, ол «1874 жылы қажыға барғанда қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкиә, яғни үй сатып алып, құдайы қылып еді. Осы күнде «кіші тәкиә» деп атайды. Кіші жүзден бір Сұлтан деген бек ғалым жігіт тұрады. Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға барғанда тәкиәні көрдім. Менен бұрын қажылар кіріп қалған екен, оларды ренжітпей, пәтер алап түстім. Бірақ Сұлтан  тәкиә осы күнде кіші жүз Досжан қажының атына жазулы екен, не себеп екенін білмедім деді. Соны 31 жыл болған ескі дәптерден қаратып білмекші болып Шарифке барғалы  тұрғанымда Алланың тағдыры, қатты науқастандым. Жазылар-жазылмаста, кіші дәлеліміз Иброһим Малуани деген халифа жүріп барады деп хабар келіп жүріп кеттім. Қажы марқұм тәкиәні мен бастап алсам да, Кіші жүз қажылары көп ақша берді деп еді, сол себептен бе, яки құдайы қылғанда Досжан қажы атына қалдырған ба, біле алмадым» деп жазды. Шәкәрім шежіресінде: «Ибрайым  пайғамбардан; Смағұл, Сқақ. Смағұлдан-арабтар. Сқақтан-Хайдар, Түрік, Табиғи-Массағат- Сах- Әнсары- Халит-Уқас сақаба, Әннас сахаба Мадат, Охастин, Рахат, Сыбай-Алаш- Сейілхан, Жайылхан-Қазақ, Сунуқ, Қарақалпақ, Қырғыз. Қазақ-Жұман-Әбілхайыр-Ақарыс (Ұлы жүз). Бекарыс (орта жүз). Жанарыс (Кіші жүз)  деп көрсетілген. Осы шежіреде Сқақтың алтыншы ұрпағы Әннас пен Уқасты сақаба деп жазыуы үлкен қателік болған. (Бұған ерекше назар аударуымның себебін кейіндеу түсінесіздер).    Сқақтың алтыншы ұрпағы Әннастің пен Уқасты   сақаба деп атаудың дұрыс еместігі, Көшірмесі алынған шежіре жазылған уақытта сақаба сөзі қолданыста болмаған. Сахаба сөзінің шариғи мағнасы: «серік, жолдас, дос болу және сұхбаттасу дегенді білдіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мен, бірге болған, исламді  қабылдаған, мейлі аз, мейлі көп  болсын, онымен сұхбаттасқандарды ғана сақаба деп атайды.

Яғни   Мұхаммед  (с.ғ.с.) мен бірге болған Әнесті ғана сахаба дейміз,  басқа  Әнес аттыларға сақаба  аты берілмейді. Сахабаларды көргендерді табағин, табағиндерді көргендерді таба табағин деп атайды. Мысалы: Хазірет Иса (а.с.) ға бар-жоғы он екі адам ғана ерген. Құран осы кісілерді «Хауари» деп атайды. Хауари сөзі «ақ», «ізгі» және «дос» дегенді білдіреді. Иса (а.с.) аты аталмаған  кезде-хауари сөзі пайдаланылмайды.

Шәкәрімнің шежіре жазуына негіз болған осы Шам шәһарынан әкелінді деген шежіренің көшірмесі болуға тиіс. Бұлай біржақты пікір айтуыма себеп, Нух (а.с.)   және оның ұрпығы туралы шежіре жазылған уақытта Қазан, Бағдат қалаларының болуы, болсадағы оларда Нух (а.с.) мен оның ұрпақтарының шежіресінің бұл қалада  болуы ақылға сымайды. Перғуын қоластындағы Исрайл халқына қатты қорлық көрсеткендіктен Алла тағала, Пайғамбар Мұсаға (а.с.) Исрайыл халқын Перғуынның құлдығынан алып кет деді.

Қасиетті Құран кәримнің Юнус, с. 90-92-а: «Исраил ұлдарын теңізді қақ бөліп өткіздік. Перғауынның әскерлері оларға зұлымдық ету үшін (теңіз жарылған кезде) артынан келді. Перғауын теңізде тұншыққанда «Исраил ұлдары сенген Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына иман еттім, мен де мұсылман болдым» деді. Оған «енді сендің бе, бұдан бұрын қарсы шығушы, қырып-жоюшы едің» делінді. (Теңізге тұншыққан перғауынға Алла тағала былай бұйырды:) Сенен кейінгілерге ғибрат болу үшін, бүгін сенің (теңіздегі) денеңді (шірітпей) шығарып (жағаға) тастаймыз. Әйтсе де адамдардың көбі аяттарымыздан ғапыл». Аятта айтылғандай, Мысыр Перғауының денесі, ғибрат беруші құжат ретінде, мүлдем бұзылмаған, еттері шірімеген және қылдары да төгілмеген күйде және сәжде  еткен түрде табылған. Өйткені перғауын өлерінде сәждеге жығылған. Мұса  (а.с.) перғауынды дінге шақырды. Перғауын қабыл етпеді. Жанындағы  уәзірінен сұрады. Ол: «Мұса үлкен сиқыршы. Бізді алдап елімізді қолымыздан тартып алмақшы» деді. Осылай перғауынның иман етуіне кедергі болды және әйелі Асияның шәһид болуына себепші болды.

Франция,1981-82 жылдары  перғауынның   денесін зерттеді. Мүрдені зерттеушілердің жетекшісілігіне Францияның белгілі ғалымы, өз теңдестері арасында білгір хирург Морис Бюкай тағайындалды. Бірақ Морис Бюкайға ең қызықтысы-перғауынның өлім себептері  қызықтырды. Көп кешікпей, зерттеудің нәтижелері белгілі болады. Оны қорытындылай келе, перғауын теңіз суына түсіп өлген деген тұжырымға келеді. Дәлел, оның сыртқы тері қабатындағы тұз мөлшері. Зерттеу нәтижесі туралы Морис Бюкай көпшілікке жарияламақшы болғанда, жақын танысы: «Перғауынның суда өлгені туралы мұсылмандар бұрыннан да біледі» депті. Қаншама уақыт бойы еңбегін еш кетірген досының бұл сөзіне оның сенгісі келмепті. «Мұндай зерттеудің нәтижесін қарапайым тәсілмен білу мүмкін емес, мұсылмандар қалай біледі?» деп дауласады. Әлгі ғалым досы Перғауын туралы Қасиетті Құранда кейінгілерге ой тастау үшін оның денесі сақталатыны жазылғанын айтады. Морис Бюкай мумияның шығу тегі мен Құран кітабының түскен уақытын салыстырып көреді. Ол сонан соң Тәуратта жазылғанға  назар салып, зерттей бастайды. Онда перғауынның Мұсаны қуып келе жатып суға батып кеткені туралы баяндалды. Енді ғалымды табыттағы бұл расымен перғауын ба? Бұл турасында мұсылмандардың кітабында қалай жазылды деген сұрақтар мазалайды. Арада біраз уақыт өтсе де «мұсылмандар перғауын туралы толық біледі» дегенді ойынан шыға алмай, ақырында Құранның түскен жері, Араб елдеріне  барып . «Бүгін. Біз кейінгілерге ой салу үшін сенің денеңді құтқарамыз. Бірақ, адамдардың көбісі Біздің жіберген белгілерге көз жүгіртіп қарамайды» деген аяттың бар екеніне көзі жеткен француз ғалымы, дәрігер, хирург-зерттеуші аса таң қалып: «Мен бұл Құранға сендім! Ислам дінін қабылдаймын», депті. Зерттеуші ғалымдар, Лондонның Бритиш Музейіндегі мүрде, 3000 жыл бұрын өлген адамдікі екеніне бір ауыздан келіскен.

Яғни, Перғауынмен қатар өмір сүрген Мұса (а.с.)  3000 жыл бұрын өмір сүрсе, Сқақ (а.с.) мен Мұса (а.с.)  арасын да, тағы аттары аталған  сегіз пайғамбардың өмір сүргенін және олардан басқа бұл екі арада қанша пайғамбардың аттары  ұмытылғанын (аттары аталмағаныдар бір Аллаға ғана аян). Сқақтың (а.с.) сегізінші ұрпағы Әнеспен Уқасты, Смағұлдан тараған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатар өмір сүрген сақаба Әнестің арасын 22 ата, немесе 4000 жылдан артық уақыт бөліп тұр. Мен Сқақтан тараған Әнес пен сақаба Әнестің аттарын білсем. Үшінші, көршім жүзге келіп қайтқан (жатқан жері жәйлі болсын) Әнесті бала шағасымен білемін. Кешегі қоғамды, дінсіздер басқарған заманда исламды қорғап, халқымыздың діннің  теріс жолына  түспеуіне еңбек сіңірген, сол үшін үкімет  қуғындап жапа шеккен, дін білімінің ғұламасы Садуақас халпе (л.а.Сәкен) Ғылмани ұлының араб тілінен қазақ тіліне аударан «Мәуліт» поемасында, Мұхаммед  (с.ғ.с.)  22 ата-бабаларының азан шақырып қойған аты  мен лақап аттары аталған. Олар: «Ибрайым пайғамбар (а.с.)-Забихулла Смағұл мен Сқақ. Смағұлдан (а.с.)-Ғаддыдан-Мағазат-Низар-Мұғзар-Ілияс (құрбан шалу қағба үшін содан қалған кәде)-Мүдірейке-Хузайма-Қиная-Қайыс (л.а.Назар)-Мәлік-Құрайыш-Феһір (л.а.Ғалып)-Луәй-Қағып (жұма күні жинап құтпа оқу соның салған жолы)-Мурра-Хаким (л.а.Хилап)-Құсайын-Мұғира (л.а. Ғабдымәнәп) -Ғумар (л.а. Һәшим)-Шәйб (л.а.) Ғадымуттәлләп-Ғабдулла-Мұхаммед (с.ғ.с.). Менің түсінігімше, шежіре жазылып сақталмаған жағдайда, Бабаларымыздың аттары көп ұзаса жеті сегіз атаға дейін дұрыс аталып, әрі қарай, кейбірінің  аты ұмытылып   аты  аталмауы әбден  мүмкін. Одан жоғарыларының дұрыстығын бір құдайдан басқа ешкім білмейді. Халқымыздың ұрпағына жеті атасын білуді өсиет етуі, аржағының дұрыстығына сенім жоқтығын білгендігінен шығар. Бұл тұжырым мешіт, шіркеулерде некесі қыйылып тіркелгендерге қатысты емес. Бұл неке тіркеле бастаған ұақыттан арғыларына  қатысты. Жалпы шежіре туралы дұрыс, дұрыс емес деп үзілді кесілді байлау айту дұрыстыққа жатпайтын сияақты.  Шәкәрім (алла оғын ырза болсын) шежіресіндегі Досжан ишанның Қарақалпақстанның Кегейлі ауданында тұратын ұрпағы Ө. Иманбаев, ақсақалдың  айтуы бойынша: «Досжан ишан, бірінші  қажылығында көп  қиындық көріп қайтқандықтан: «Бізден кейін де, қажылыққа талай  бауырларымыз  келер, солар қиналмасын ниетімен, Меккеде тәкие үйін салу, жайындағы ойын 1874 жылы қажылықта бірге болған Абайдың әкесі Құнанбаймен ақылдасып, тәкие үй салдырған» депті. Досжан имамның екінші хажылық сапары, патша ағзамның сенімді нөкері-коволерия генералы Ғұбайдолла Жәңгірхан ұлының көмегімен императордың жеке рұқсат етуімен және Құнанбай Өскенбайұлының тәуәп сапарымен бірге яғни 1874-1875 жылдары болған. Сол кездегі Меккенің қажылықты өткізуге жауапты билеушілері: «Көз көріп, құлақ естімеген қазақ ұлтының мұсылман екендігін дәлелдейтін құжат тапсырыңдар» деп талап қойған деген де айтылады. Бұл талапты  орындау қажылықтың аяғына дейін  мүмкін болмағандықтан, қажылық парызын өткеруге келгендер, келесі жылғы қажылықты Меккеде тосады. Құжатты іздеуді араб тіліне жетік Досжанға тапсырып, ол құжатты Қазан қаласынан алып, растығын Бұқара қаласында  куәләндырып мөр бастырған. Сөйтіп  Меккеге  келесі  жылдың қажылығы басталғанға дейін жеткізген делінсе. Басқа бір деректе, құжатты қайдан табуға болады деген, сұраққа, Сирия үкіметінің орталығы, Шам шаһарында өртенбеген кітәпхана бар. Бір табылса сол жерден табылар деген үміт бар деген кеңес пен Досжан, жолбасшысы  алып желмаямен Шамға барып, қазақтың тегі туралы шежіреден көшірме әкелді делінеді. Қазақ халқының Шежіресі де, мұсылмандығы туралы құжатта қайдан алынсада алынғаны   шындық. Қажылар барған 1874 ж. қажылықты өтей алмай, 1875 жылы құжаттарын толықтырғаннан кейін қажылықтарын атқарып елге оралуы осыны меңзейді. Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегінде: Ибраһим (а.с.) пайғанбардың кіші әйелі Ажар анамыздан Ысмайл, бәйбішесі-үлкен анамыз Сарадан Сқақ туған. Сол заманнан бергі    Шежіре бойынша Ысмайылдан арабтарды, Сқақтан еврейлерді таратады. Шәкәрім, шежіресінде: Атам, Құнанбай қажы  1874 жылы қажыға барғанда қазақ қажылары түсетін Меккеде бір тәкия үй салдырып құдайы қылып еді. 1905-1906 жылдары. қажылыққа барғанымда тәкияны көрдім. Бұл тәкия осы күні Кіші жүз Досжан хажының атына жазулы екен деп жазды. Бір деректе  Досжан имамның  екінші хажылық сапарында тәкия салуға берік бекініп барғаны айтылады. Ойын Құнанбаймен бөлісіп жер, құрылыс материал сатып алады, ресми қағаздарын реттейді. Үй дайын болған кезде Құнанбай қажы: «Досжанның еңбегі де көбірек сіңді қаржысы да көбірек жұмсалды сондықтан тәкиені соның атымен атаған дұрыс» деп ризашылығын беріпті» деген де айтылады. Қалай десекте Құнанбай  мен Досжан қажылар ды, Алла ақылдан кенде қылмаған, көптің құрметіне бөлеген ұйымдастыру қаблеті жоғары жандар. Қажылықта бірге болғанда сыйласып ақылдасып, Меккеде тәкия салуға ат салысқандар. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ қажылары «қазақтың шығу тегі» турасындағы деректі-шежірені, Бағдат қаласына Досжан халфені жіберіп, жазып алуы оқиғасы да осы сапарда болды деп жазды.

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған баласа. Құдайбердінің ауруы меңзеген шағында, інісі Абай  көңлін сұрай келгенде  Құдайберді, балаларының жастығын есіне алып, олардың келешегі не болады   уайымын  айтқан  да, Абай, аман болсам өз баламдай  қамқор боламын деп  жұбатады. Жалпы Абайға  Алланың берген қасиеті жапа шеккендерге, жарлыларға, кемтарға  көмектесу ерекшелігі. Ағасына  берген антына адалдығы да шығар және Шәкәрімге Алланың берген таланты-ақындығы, алғырлығы да себеп  болған шығар, Шәкәрімнің туындысынан Абайдан тәлім-тәрбие алғаны аңғарылады. Кәзіргі техналагия мен техника шарықтап дамығаан заманда білімді жетілдіруге зор мүкіндік туды. Шәкәрімнің ақындық жазушылық,  қабылетін арнайы білімі не Алланың берген ерекше қасиет ақын  болмаған  адамның талдауы пікір айтуы  әбестік десемде, қолымда   ертеден қалған, жоба мен 250-300 жыл бұрын арғы аталарымыздан сақталған араб әрпімен жазылған, менің бесінші бабам Ермек пен біткен шежіре болатын. Шежіренің жасын, мен 90 ды бөлшектедім.  Бабамыздан төрт ұл тарағанымен олар жазылмағандықтан,   бабамыздың әлі ұрпық сүймеген жас  кезінде жазылды ма топшылаймын. Ерекеңнің 9-ұрпағы дүние есігі ашты Әр ұрпақ  25-30 жылдан деген түсінікпен. Қазір араб әрібі бізде  пайдаланылмайды, келешекте қолданысқа кірер деген үміт жоқ. Балаларыма осы шежірені орыс әрпіне көшіріп қалдырайын ниетімен она орыс әрпі мен жаздым, Ерекеңнен тарағандардың, руластарымның  да ұрпақтарын   хатқа түсіріп шежірені жалғастырып  кітәп шығардым. Бұрын жазумен айналыспаған маған қыйынның қыйыны сөйлем құрау болды. Екінші, ағайындарыңның ұрпақтарының тізімдерін жинау да оңған іс емес екен. Өзің бастаған істі қиын   деп аяқтамаудың да  жауапкершілігі оңай емес екен. 5-6 жыл шежіреге қажет құжаттар жинап олардың басын біріктірген де  шүуәлі кездерін анықтауға қажеттіліге туындап, Шәкәрім Құдайберді ұлы мен, Мұхаметжан Тынышбай ұлының шежірелерінен бастап шежіреге ұрпақтарын кіргізген  ағайындар туралы басқа шежіре жазғандардың   шежірелерімен де танысу қажеттілігі туындағандықтан шежірелер   жинап  таныстым. Шәкәрімнің шежіресін оқып кейбір жерлерімен интернет арқылы толығырақ танысқанда, Шәкәрім шығармалары (қара сөздер, өлеңдер, дастандар) жинағына кірмеген, интернеттен  «Қазақтың түп атасы-батыр Түрік». поема шежіресін оқыдым.

Поэма шежіре:

Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,

“Арабсың” деген сөздің бәрі өтірік.

Әнес сахабаның ұрқысың деп,

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

 

Адамның тұқымынан – Нұқ пайғамбар,
Үш ұлы – Хам, Сам, Яфас, міне, осылар.
Яфастың бір баласы Түрік деген,
Өрбіген сонан өсіп талай жандар.

Болады араб жұрты Самның ұлы.
Біледі шежіренің бәрі мұны.
Түріктің шын аты екен Надұлұше.
Түрік деп неге атанды тыңда соны.

Қарлы Алтай қатты суық, тауда жүріп.
От жаққан Надұлұше оймен біліп.
Суықтан, сөйтіп, елін сақтаған соң.
Түрік, деп хан көтерген патша қылып.

Оқ өтпес-түрік деген-темір тұмақ.
Ат қойған ұйқастырып елі тым-ақ.
Жан сақтар темір киім, от ел сақтар.
Емес пе жарасымды, көрсең сынап.

Аталған, сөйтіп, Түрік Надұлұше
Ол кезде жылдар өтті мыңдап неше.
Түріктен шыққан талай сайыпқыран
Жер жүзі тітіренген түрік десе.

Кім білмес баяғы өткен Оғұзханды
Қаратқан қол астына талай жанды.
Басында Азияны түгел билеп
Үрім, Парсы, Арабтың да көбін алды.

Жазады талай елдің жазушысы.
«Адамның өзгеше деп, қылған ісі».
340 жыл бұрын пайғамбардан
Атағы жер жүзіне шыққан кісі.

Оғұзхан-Мұғылханның немересі
Қарахан еді оның өз әкесі.
Ерлігі, естілігі, әділет
Әлемде болған емес бір теңдесі.

Айтайын Атилланың қылған ісін
Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат, күшін.
Азияны түгел билеп, Европаның
Көбі ауған Атилладан қорыққаны үшін.

Атилла – Мұнжықханның баласы еді
Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.
1500 жылдай болды өлгеніне

Оның да қылған ісі тамаша еді.

Қайтейін айта беріп алған жерін
Атаңның ойға түсір сондай ерін.
Қор болып осы күнде отырсың да
Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің.

Кім білмес кешегі өткен Шыңғыс ханды
Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Европаның бас игізіп
Қорқытып Қытайға да алым салды.

Қолына туып еді қан уыстап
Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
Қойылған Шыңғыстауға соның аты
Өзенін осы хақан кеткен қыстап.

Ортасын араб, қытай түгел алып
Азия, Европаға жарлық салып.
Мейірімді, алған елге әділетті.
Кетеді қарсыласса, қанға малып.

800 туғанын жылға толды
Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек
Отызға келмей тұрып бақыт қонды.

Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде
Рахымды қол астында кірген елге.
Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған.
Ой жібер міне, осындай кемеңгерге.

Кешегі Әмір Темір қандай еді
Әлемге жаққан жарық шамдай еді.
Міне, оның туғанына 600 жыл
Батырдың сайыпқыран маңдайы еді.

Әкесі Тарағай да батыр еді.
Кіші деген жерді билеп жатыр еді.
Ту ұстап Әмір Темір атқа мінді
Жазасын талай жауы тартып еді.

Шыңғыстың алған жерін о дағы алған
Болмайды бұл сөзімнің бірі жалған.
Түріктің хан Йылдырым Баязитін
Ағашқа жеңіп ұстап таңып алған.

Дұшпаннан қарсы келсе, қан ағызған
Бір емес мұндай қанды көп ағызған.
Алғанда Асфаһанды көп соғысып
Жетпіс мың бас сүйектен үй салғызған.

Түріктен талай сабаз батыр келген
Шыққан ба ондай батыр бөтен елден.
Қытайды шабамын деп бара жатып
Ол Темір дәл жетпіс бір жасында өлген.

Кім білмес кешегі өткен Тоқтамысты
Орыстан алым алып, көрдей қысты.
Қазақ пен ноғайлының ақындары
Едіге, Тоқтамысты жыр қылыпты.

Демеңіз атақтының бәрін де жаз
Жазуға түгел теріп жетпес қағаз.
Кейінгі айтылатын сөзді тыңда
Түріктен тағы қандай шыққан сабаз.

Жоғарғы айтқанымды қылсаң пайым
Құя бер құлағыңа ұққан сайын.
Бұл күнде Стамбулда бөлек тұрған
Айтайын енді Оспанды түрік жайын.

Түріктің Сақа деген бір табы еді ол
Тауына Гималайдың барыпты ол.
Сақадан қаңлы деген тап бөлініп
Баруға Үрім жеріне тартыпты жол.

Солардың кеткеніне 700 жыл
Айтылды біраз одан, оны да біл.
Кез болып кезіп жүріп зор бақытқа
Қандай бақ берді тәңірі, соны есеп қыл.

Қаңлының ханы болған Қия деген
Жер алып, ерлікпенен ел билеген.
Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен
Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген.

Евфраттың дариясына келіп жеткен
Су тасып, нөсер құйып асқан шектен.
Алды-артқа қаза келсе қарата ма?
Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен.

Талапты тағдыр оған бала берген
Қайраты, ақылы артық дана берген.
Ер Тұғырыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы
Сол жерде 400 үймен қала берген.

Көшсе де өңкей қаңлы, көшпей қалған
Ерлікпен маңындағы елді алған.
Бірталай аз уақыт әскер жиып
Ер Тұғырыл есті батыр деп аталған.

Хан емес, көп әскердің басы болған
Қартайып сүйтіп жүріп жасы толған.
Орнына Оспан деген ұлы отырып
Ер Тұғырыл 90 жаста опат болған.

Осы Оспан көп ел алып хан болыпты
Ақылды, аса айлалы жан болыпты.
Келгенше осы кезге сол ат өшпей.
«Оспанды түрік» деген даң болыпты.

Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар
Өз баурың ол түрік те, осыны аңғар.
Құл болып біз қорлықта отырсақ та
Көп шыққан атамыздан арыстандар.

Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан ғой
Баласы Бату-дағы батыр жан ғой.
Сарт, ноғай, қалмақ, қырғыз, қыпшақ
Басында бәрі соған қараған ғой.

Орысты алғаш алған Бату өзі
1243 жылдың кезі.
«Сағымға садақ ілген Сайын хан» деп
Батуға қойылған ат лақап еді.

Батумен бір туысқан Тоқай темір
Көшпелі Көк орданы сол билеп жүр.
Біздің ел онда қазақ атанған жоқ
Сарт, ноғай, қазақ, қалмақ – түбіміз бір.

Батудың жұрағаты – Өзбек хан
Тұсында болған екен ол мұсылман.
«Дін қалды Өзбектен» деген мақал
Қалмайды әлі күнге аузымыздан.

Темірхан-Тоқайтемір жұрағаты
Дейтұғын Орманбет хан лақап аты.
Айнытпай атасының орнын басқан
Түріктің ол дағы бір асыл заты.

1446 жыл келгенде
Орманбет қаза жетіп ол өлгенде.
Таласып зор хандыққа ұсақ хандар
Быт-шыт қып ноғайлыны төрт бөлгенде.

Астрахан, Қырым, Қазан қаласында
Болыпты төрт бөлек хан таласында.
Билеген бергі шетті Әбілқайыр
1450 жылдың шамасында.

Осы кез біздің «қазақ» атанғандық
Түрікте бір әдет бар ескі заңдық
Тамызып, қанын сүтке қосып ішіп.
«Анда» деп жасайды екен туысқандық.

Туысқа анда болған қарамайды
Жақын деп қан қосылмай санамайды.
Ішсе де қай ұрумен қанын қосып.
« Бір туған жақыным» деп бағалайды.

Құралған әр рудан қазақ басы
Анда боп қан қосылған қарындасы.
«Ел болып, өз еркімен еркін жүрген»
Деген сөз – қазақтықтың мағынасы.

Қазақтың Әз Жәнібек ханы болған,
Билеген сыртын ноғай заңы болған.
Арғынның арғы атасы Дайыр қожа,
Дейтұғын бір әділ би тағы болған.

Ол биді Әбілқайыр жақсы көрген,
«Ақжол» деп оң тізеден орын берген.
Қобыланды қара қыпшақ батыр еді,
Намыс қып күндестікпен шайтанға ерген.

Өлтірген аңдып жүріп Ақжол биді,
Қазаққа осы жұмыс ауыр тиді.
Қысасқа Қобыландыны өлтірем деп,
Жар салып, Әз Жәнібек халқын жиды.

Жалынған «үш кісінің құнын ал» деп,
Алмаған «бізге керек емес мал» деп.
Бермеген Әбілқайыр Қобыландыны,
«Мұны өлтірсең, қалған ел бұзылар» деп.

Сондықтан өкпе қылып қазақ көшкен,
Қыпшақты шауып-жаншып, қатты өштескен.
«Шудағы Шағатайдың нәсілінен,
Қараймыз Мұғылтемір ханға» дескен.

Әскерін үшке бөлген Әз Жәнібек,
Ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүз деп.
Шағатай тұқымынан Ахмет-Алаш.
Үстінен көшкен елдің тұрған билеп.

Ол кезде қазақ, қалмақ жерге талас,
Болса да тұқымы бір, заты аралас.
Ахметті «Әзірейіл алашсың» деп,
Қалмақтар оның атын қойған Алаш.

1500 жыл боларда батыр Шайбақ,
Нәсілін Әмір Темір түгел айдап.
Самарханд пен Бұқарды тартып алып,
Ташкентке де кіріпті көзі жайнап.

Соғысқан Оратөбе деген жерде,
Ұқсаған ағызған қан аққан селге.
«Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деп,
Болысқан сонда қазақ Шайбақ ерге.

Бұл Шайбақ – Әбілқайыр немересі,
Атақты Өзбектің шөбересі.
Өлтіріп Алаш ханды, Ташкентті алған,
Үйірін қайта тапты деген осы.

Баласы Әз Жәнібек – Қасым еді,
Атағы сол соғыста асып еді.
«Қасымның қасқа жолын» сол шығарған,
Ташкеннің алтын тағын басып еді.

Қасымның баласы еді Сығай ханың,
Тұр еді түгел билеп Ташкент маңын.
Сығайдың баласы екен Тәуекел хан,
Айтайын сарт Ташкентті қайта алғанын.

1598 жылдың кезі,
Тұрсынхан Ташкентті алып, сол биледі,
Түрікке сарт атанған хан боп тұрған,
Бұл Тұрсын – Шайбақ ердің тұқымы еді.

Есімхан Тәуекелден туып қалған,
«Есімнің ескі жолы» заң шығарған.
Өлтіріп түн ішінде Тұрсынханды,
Ташкентті, сартты шауып, қайтып алған.

1600 жылға таянғанда,
Есімхан ескі тағын қайта алғанда.
Айбике, Қоңырбике, Нұрбикені
Олжалап алып келген сол барғанда.

Тұрсынды өлтірерде түнде барып,
Күзетшісін есіктің байлап алып.
Есімнің қасындағы бір жыршысы,
Оятқан Тұрсынханды әнге салып.

Сондай ер бүгін қайда, Құдайым-ау,
Бұл елдің бүйтіп қор боп тұрғаны анау.
Өлмеген Тұрсынханды оятқанда,
Төлеген жыршысының сөзі мынау:

«Ей, қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жетім елді жылатып,
Жер тәңірісіп жатырсың,

Хан емессің – қатынсың.
Қазақ келді – қапылсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалың жеткен пақырсың.

Көнбесең де көнерсің,
Иманыңды айт, өлерсің.
Еңсегей бойлы ер Есім
Шашқалы тұр қаныңды,

Алғалы тұр жаныңды,
Кешікпей сонан көрерсің».
Есімнің Салқам Жәңгір баласы еді,
Ол дағы қалың елдің панасы еді.

Жәңгірдің қалмақ қызы қатынынан
Әз Тәуке адамзаттың данасы еді.
Қызы еді Қайып ханның бір қатыны,
Осыдан Уәлібақы туған ұлы,

Әз Тәуке хан болған соң өкпе қылып
Кетіпті Үргенішке дейін мұны.
Осы еді Абылайдың арғы атасы
Болмайды бұл сөзімнің еш қатасы.

Абылайдың осы атасы сол жақта өліп
Хан болған мұнда келіп қара басы.
Бұл жерде Абылайды тоқтатайын
Қараңдар шежіремнен оның жайын.

«Басында Кұлтөбенің күнде кеңес».
Жол салған Әз Тәукені сөз қылайын.
Ақылы айдын көлдей толып тұрған
«Қасқа жол», «Ескі жолды» толықтырған.

Бекітіп біржолата қазақ заңын.
Жол салып, мінсіз қылып орнықтырған.
Аздан соң жау көбейіп болған қауіп
Қазақты тұс-тұсынан әр ел шауып.

1552 жылдарында
Шетіне Амудария барған ауып.
Баласы Болат хан боп, Әз Тәуке өлген
Хан шыққан Нәдір деген парсы елден.

Жан-жағын әлгі Нәдір жалмаған соң
Қайта ауып біздің қазақ Сырға келген.
Келгені 1700 шамасында
Қалмақ бар бұрын Сырдың жағасында.

«Әрі отыр», «бері отыр» деп талас шығып
Болыпты талай соғыс арасында.
Қазақтан, қалмақтан да қандар жауған
Аз емес өлген адам адыр таудан.

1723 жыл шамасында
Жеңіліп әрі жұтап қазақ ауған.
Қазақтар Қаратаудан аса көшкен

«Ақтабан шұбырынды болды» дескен.

Тұсында Абылайдың қалмақты айдай
Қорлықтан кек алғаны қалмайды естен.
Жазғанмын ендігісін мұнан бұрын
Шежіремнің «Еңлік-Кебек» оқы бірін.
Осыған соны қосып жаттап алсаң
Білерсің түп атаңның барлық сырын.

 

Осы поэманаң  басындағы :

Қазақтың түп атасы-батыр Түрік.
«Арабсың» деген сөздің түбі  өтірік.

Әнес сахабаның  ұрқысың» деп

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

Деген сөздерін оқып өз көзіме көзіме өзім сенбей, Шәкәрім жинағын және шежіресін қайта-қайта оқып, талдасам, бар шатақ Пайғамбар,  Сқак (а.с.) ның   6-ұрпақтары Әнес пен Уқасты сақаба деп  жазғаннан шыққан  түсінбестік  екен.

Шәкәрім, Түрік, қырғыз, қазақ  һәм хандар шежіресіндегі қазақтың тегіне байланысты тұстарын Шам шаһрнан алынды деген  шежіренің нұсқасы бойыша  жазған. Бірақ, ол нұсқада пайғамбар Сқактың (а.с.)  6-ұрпақтары Әнес пен Уқасты сақаба деп  жазылуы мүмкін емес. Бұл марқұмдар туралы шежіре жазылған кезде сақаба сөзі қолданыста болмаған  Сақаба деп, Пайғамбар Мұхаммд-Мұстапа  (с.ғ.с.) мен қатар өмір сүрген, сөлескен, исламді  қабылдаған. адамдарды ғана атайды.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатар өмір сүрген Әнес сақабадан басқа  одан 4000 жыл бұрын өмір сүген адамдарды сақаба деп шежіренің көшірмесіне басқа адам кейін жазған. Бұл адамның дін білімі төмен және пайғамбарлар шежіресін білмейтін, бар білетіні Пайғамбарымыздың сахабасы Әнес болғансоң сақаба сөзін   Әнес пен Уқастың  атына қосып жазуы мүмкін. Бұны Шәкәрім басында аңдамай кейін поема-шежіре жазғанда қазақты Әннес сақабадан таратып арабқа апарған   жаңсақтыған  біліп,  сақаба сөзін жазған   адамның атын атамай, білімінің саяздығынан өзін   жаңылыстырған діндарға деген ашу ызадан туған жолдар болуы  ықтимал . Шәкәрім өлеңінің    көпшілігінде   дін саласындағы  діндарлармен келісе бермейтіндгі  байқалады. Шежіре жазған кезінде Әнеспен Уқасты  сақаба деп атаудың қате екенініне көңіл аудармай не білмей жазып, кейін   поема-шежіре жазғанда қазақты Әнес сақабадан,  арабтан таратып    қателескені  есіне түсіп, шежіренің көшірмесіне сақаба сөзін қосып жазып, өзін жаңылыстырған  діндарға деген  ашу ызасынан    туған жолдар болуы мүмкін  шығар

Жазушының  оқушылары, ақынның  оқушыларына қарағанда анағұрлым көп. Себебі көпшілік оқушының, өлеңінің мән-мағнасын түсініп оқуы  сирек.  Сондықтан ел арасында пәлен ақынның өлеңдерін оқып бастап едім, түсінбей   аяқтамадым дейтіндер көп кездеседі. Ағай Рақыман Торғайбек ұлы  мемлекет қайраткері, көркем мінезі мен де, адамгершілік қасиетімен де, ел арасында сыйға бөленген ақын  Кәкімбек Салықовқа лифтіде кездесіп, оның «лифтідегі келіншек» өлеңінің бір шумағын оқап Кәкімбек ағай емессзібе? Дегенімде, өлеңдерімді оқыйды екенсіндер ғой, деп қуанып қалды дейтін.

Шәкәрімнің :

«Арабсың» деген сөздің түбі  өтірік.

Әнес сахабаның  ұрқысың» деп

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

осы жолдардын оқыған бауырларымыз шежіре жазғанда сақаба еместерді сақаба деп бір  Әнес сақабадан: Мадат, Охастин, Рахат, Сыбайды таратып.  Сыбайдан- Жайылқан, Сейілханды таратып. Жайылханнан-Қазақ, Сунақ, Қарақалпақ, Қырғызды таратып. Қазақтан- Жұманды. Жұманнан- Әбілхайырды. Әбілхайырдан- Ақ Арыс, Бек Арыс, Жан Арысты таратуы екінші рет  жаңылысуы. Шәкәрімнен  кеткен бұл жаңсақтықтықтарды   білмейтіндер, Арабтарды  аса жан тартпайтын бауырларымыз, «өздерінен  басқаны   білімсіз, санап  өздерін жоғары қойғысы келген,  мен-мен арабтардың ойдан  шығарғаны деп арабтарды кінәлағандарды   да естідім.  Біздің халақтың арасында қазақтан басқа ақылды халық жоқ қалғандардың барлығы өркөкірек өзімшілдер дейтіндер де баршылық. Бұл туралы Абай хаким  екінші қара сөзінде өте  жақсы  айтқан.

Қалай десекте, мақалаға арқау  болған, «Арабсын» деген сөзің  бәрі өтірік, сөйлемін Шәкәрім жазды деп есептеп, араб елі  Пайғамбар (с.ғ.с.) елі  ретінде сүйіспеншілік   сезілмей, жатырқаушылық неге сезіледі деген сұрақ  туындайды.  Құранның Хужурат с.13-а. «Уа, адамдар! Шүбәсіз,  сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысу , (һәм біріңе бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің)  үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың-ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда   алда болғандар)!  Абу Надра мұны өз көзімен көрген кісіге сілтеме жасап, Пайғамбардың ( с.ғ.с.) қажылық кезінде Минада құтпа  оқығанда  былай дегенін   жеткізген: «Уа, адамдар! Ақиқатында, сендердің Раббыларың да жалғыз, арғы аталарың да бір. Ақ түсті адамның қара түстіден, әрі қара түстінің де, ақ түстіден  артықшылығы жоқ. Болғаны сияқты, арабтың да араб еместен, сол сияқты араб еместің де арабтан  артықшылығы жоқ! Біреулердің басқалардан артықшылығы, тек тақуалықта ғана болуы мүмкін!»  Хадисті Ахмад келтіреді. « Ешбір адам үш нәрседен: күдікті ойдан, жорамалдау мен қызғаныштан құтла алмайды» Фатхул-Бәри ли шархил-Бухари. Адамзатқа, Алланың кәләмі мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде біріңмен  бірің теңсіндер деседе нәпсіге бағынған пенде өзін басқалардан артық атаққа ие қылатын себеп іздейді де табады. Бұл төре мен қожалардан тараған ұрпақа қарасты айтылған уәж. Халық арасында, « бір төреге  бір табақ, екі қожаға бір табақ» салты  қалыптасса,  төре мен қожаның  ажалы кісіден болса  күнәлінің  төлейтн құны жәй халықтан жоғары. Төре мен қожа отырған жерде төр де, сөзде, малдың қадірлі мүшелері баста, жамбаста солардікі. Сөз бастайтын   да, бата беретін де  солар. Яғни олар қатысқан жерде барлық құрмет, сый-сыяпат солардікі. Бұл салт-дәстүр, ел арасында   қызғаныш   туғызған. Жаратушы жалғаз, төрелер мен қожалардың ұрпақтарын ел билеуге, пірлікке, атақ-абыройға жеткізсе, пенденің бәрі көтере бермейтін жауапкерлік те жүктеген.  Парызын  әділ атқарғандар ды жаннатпен сүйішіленсе, нәпсісінің жетегінде кеткендерді, қатаң жазалайтынын ескерткен. Бұл оларға Алла берген мансапты өз пайдасына пайдалансын дегенді білдіремесе керек. Алдымен  олар халқының қызметшісі екенін ешқашан есінен шығармай, адалдықты, әділдікті сақтаулары тиіс еді. Бірақ олар халыққа адал қызмет пен нәпсісінің де,қалауын  күйттеді.  Бұл, ел арасында сүйіспеншіліктің туындауына емес, қызғаныш,  жек    көруге әкелді. Егер Алла зор  жауапкершілік жүктегендер, парыздарын адал атқарғанда, Алла ерекше талантпен жарылқаған ақындар:

«Арабсың» деген сөздің түбі шірік.

«Әнес сахабаның затысың» деп

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

Деп емес керісінше мағндағы сөйлем құрастырар еді.

Менің жоғарыда  пайымдауыма дәлел ретінде, ағасұлтан  сайлауы туралы  өткен жиында,  аға сұлтан ды төрелерден сайлауды қолдаған Сарыбай бимен, оған қарсы аға сұлтан ды қазақтан сайлау керек деген Құнандай бидің арасында жиыннан қайтқанда болған уақиға,  дұрыстығының   айғағы   болғандықтан мақаланы сол уақиға мен  аяқтағанды дұрысқой  дедім.

Билер үйге лық толады. Төре тұқымдарының билері: «»Бұл сұлтандық хандық орны болғандықтан бұрыннан болып келген төре тұқымынан біреу сайлансын деген соң, көптен сөз айтуға рұқсат алған Құнанбай: «Біз орыс патшасына қарадық. Бұрынғы хандық дәуірі қалды. Енді қазақтан аға сұлтан сайланатын болады. Ол қазақтың мұңын жоқтап, мұқтажын орындайтын адам болуы керек. Меніңше енді мынау төре тұқымы, хан тұқымы еді деп сайлай салудың керегі жоқ, халық қамын ойлайтын, адал адамды аға сұлтан сайлау керек, дейді. Сонда төрені жақтаушылар мен олардың шашбауын көтерушілер: «Хандық төре тұқымынан айырылып көрген жоқ. Аға сұлтан да төреден сайланады. Оған таласудың не орны бар? Төре баласы ежелден елді билеп келді, әлі де билейді, десті. Қазақ билерінің бәрі ел намысына, қазақ халқының намысына шаппай, төре тұқымдарына қайсаңдап жағынып отырғандарына зығырданы қайнаған Құнанбай: «Төре тұқымына хандықты таңба етіп басып, өмірлік еншілеріне берген кім? Халқымыз қазақ. Аға сұлтан қазақтан неге сайланбайды? Қазақта ел бастайтын, халық қамын ойлайтын кісі жоқ па? «Төреге ерген ерін арқалайды» деген. Қазақ төрені бастық қоямын деп, талай ғасыр ерін арқалап келгені жетпеді ме? Қазақ баласы төреден не көрдіңдер. Балаларыңды оқытып, көздерінді ашты ма? Адалыңнан арамыңды айырып, әділ билік қылды ма? Берекеңді сұрап, біріктіріп, басыңды қосты ма? Басыңды біріктірмей біріңді-біріңе салып, араларыңа от жағып, берекеңді кетіріп, екі бөліп, партия араздық, күндестік еткеннен басқа не істеді? Өз тізгініңді өз қолыңа алатын кезің келген жоқ па? Аға сұлтан сайлауды өз еркіңе беріп отыр. Менің айтарым-намыс жігерің болса, аға сұлтанды қазақтан сайлайық дейді.

Төрені қолдаушы билер Құнанбайды ауызға қағып, төрені жақтай сөйлейді. Керейден барған Сарыбай би орнынан тұрып, Құнанбайға қарап: «Ей, бала, жап-жас басыңнан өзіңнен үлкендерге, төре тұқымдарына қалай қарсы келесің? Ежелден бастық болып келген тұқым әлі де бастайды депті. Сөйтіп, бұл жолы Құнанбай дауыстан жеңіліп, төреден аға сұлтан сайланады.

Тобықты мен керей жайлауы қатар. Құнанбай сайлаудан керей билерімен бірге қайтады. Ел жайлауы Шақпаққа жеткенде керей билері бөлініп елдеріне қайтады. Олар кезең асқанда Құнанбай жолдасы Мырзақанға биді ертіп кел дейді. Құнанбай оған дейін шылбырын шешіп, бұғалықты ыңғайлай береді. Сайлауда өзіне қарсы сөз айтқан би жанасып тақай бергенде, шылбырды мойнына тастап жіберіп, биді аттан жұлып алып, тақымға салып, сүйрей жөнеледі. Әудем жерге дейін сүйретіп апарып тастап.   Мырзақанды шақырып, анау өлген жоқ, есі ауып қалған шығар, атын апарып мінгізіп жібер дейді. Мырзақан атын алып келсе, демін алып, есін жиып отыр екен, атына мінгізеді. Би атына мінген соң Мырзақанмен еріп, Құнанбайға келеді. Сонда Құнанбай:

Сіз маған түк қылған жоқсыз, бірақ қазақтық қаныңыз, намысыңыз жоқ екен. Қазақтың қамын ойламай, төреге жағындыңыз, мен сіздің соныңызға өкпеледім. Өз кегім емес, қазақ кегін алдым. Жау болсаңыз, жаулығыңызға, ел болсаңыз, елдігіңізге тұрамын дейді.

Би: «Шын кешіп кет, мен жаңылдым, қателестім. Енді айтқан жеріңнен шығамын, өмірлік дос боламын дейді.

Құнанбай: « Қазақтың аруағы кешсе, мен кештім дейді.

Сонымен, Сарыбай ауылы мен Құнанбай ауылының достығы бертінге дейін келіпті делінеді.

Басшыға да қосшыға да, «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл деген нақылды әрдайым  есте сақтағанға не жетсін.

Ауданбай қажы Ахметжанұлы

Астана. 2021ж.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button