Ғұлама ақын Жүсіпбекқожаның отбасы және ұрпақтары
Ғұлама ақын Жүсіпбекқожаның отбасы және ұрпақтары Ысқақбек Тұрдыбекқажыұлы Әйгілі ғұлама ақын Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының ұрпақтарынан кім бар? қайда өмір сүруде? бұл жөніндегі мәліметтер бұдан бұрын айқын болмай, баспа беттеріне жарияланбай, көпшілікке беймәлім болып келген еді. біз жуықта Шыңжаңда жасап жатқан қожалардың шежіресін жинау мақсатымен жүріп, Жүсіпбекқожаның ұрпақтарын іздестірдік. Үстегі жылы сәуірдің 26 күні бұрынғы толық болмаған деректеріміз бойынша жіп үшін шығарып, Қожа ұрпақтары болған Күйтүн қалалық халық баспасының бұрынғы бастығы Қадыр Оразұлы ағамыз, Іледегі Қожалардың шежіресін жинап жүрген әрі ‹‹Ярқожа әулеті- Жарбайқожа ›› тарихи шежіресін жинап баспадан шығарған, осы кітаптың авторы-мен және Шыңжаң қазағына танымалы айтыскер әрі жазба ақын Жақыпнұр Оқасұлы үшеуміз Іле аймағы Текес ауданана бардық. Текес ауданның кіре берісінде алдын- ала хабарланып, бізді күтіп тұрған Жүсіпбекқожаның кенже қызы Көкеннен (Бибигүлсіннен) туған жиені Текес ауданы Шилі өзек ауылы Қарасу округ мектебінің қарт оқытушысы Ерқожаның бастауымен Шилі өзек ауылы Төрткөл округіндегі Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының қабырына барып, құран оқып, суретке алдық. бұл жер, Төрткөл округі Шыңжаң өлкелік саяаси мәслихат кеңесінің орынбасар төрағасы көрнекті басшымыз Қызайжан Сейілқожа ұлының ауылы екен.
Қабырыстандық қыстақтың шығыс жағындағы қабақтың үстіндегі текшеде екен. Мөлшермен 13 гектардай келетін аумақ қызыл керпішпен биік дауал етіп қоршалып, солтүстігінен решеткалы темір қақпа ашылып, құлыпталып, қорғалыпты. Ішіне мал кіргізбей қорғалғаны ішіндегі изен, жусан аралас шөптің қопа болып жатқаны әйгілеп тұр. Жусан исі мұрын жарады. Бірқанша үлкенді- кішілі күмбездер бой көтеріп тұр. Бұл осы өңірдегі танымалы адамдардың қабірі екен. Қабырыстандықтың ортасында Жүсіпбекқожа бабамыздың қабір да белгілі екен. Қазірге дейін 75жыл болған көне қабірдың үстіне бірнеше малта тас қойылып, бір түп ши өсіпті. Жүсіпбекқожаның туылғанына 150жыл болғандығын еске түсіру қарсаңында Текес аудандық халық үкіметінің нұсқауымен Шилі өзек ауылының атқа мінер азаматтары қаржы шығарып, қызыл керпіштен бір бөлмелі үйдің аумағындай мөлшерде төрт бұрыштап, 1.30 метірдей биіктікте қорған там қалап, төрт бұрышына ай белгісін орнатып, қабырбасына құлыптас орнатып, ғұламаның аты-жөнін туған және қайтыс болған ( 1857-1937 ) жылын ойып жазыпты. төртеуміз қабырға айат оқып, бағыштаумен қабырға өшпестей белгі орнатқан азаматтарға алғысымызды білдіріп, суретке түсіп, естелік қалдырдық. Қадырлі бабамызға айат оқып, тауап еткеннен кейін осы округтегі Жүсіпбекқожаның немере қызы Бүбиасия апайдың үйіне іздеп бардық. Ол кісі орта бойлы, қызыл шырайлы, жетпісті еңсеріп қалған, кем сөзді, мейірімді кісі екен. бейнесінен бір тектіліктің белгісі байқалады. Сол жердегі Албанның Айт деген баласынан тарайтын Сады руынан Шәріпқожа Байанқожа ұлымен некеленіп, балалы, немерелі болыпты. Біз барғанда қуана қарсы алып, жігіжапар болып, шәй дәмдеуге кірісті. Жездемізде баяу, баптап сөйлейтін, шыншыл адам көрінеді. Ерлы-зайыпты екеуі көрген-білгенін, естігенін бізге дастарқан басында толық байандап берді. Жүсіпбекқожаның бұл өңірге қашан келгенін, отбасыларының ұрпақтарын, өздері білетін өмір кешірмелерін таныстырумен бірге Шайхислам бабаның ұстаған аса тайағының басын сақтап отырғанын айтып, көне жәлігерді бізге көрсетті. Ол кісілердің айтуынша Жүсіпбекқожа 1916 жылдары оңтұстык Қазақыстанның Қызылқұм ауданынан Алматы обылысындағы Қарқара ауданына қоныс аударып келіп, бұл жердегі Албан руын паналаған. Сол кездегі қудалау себебінен бұл жерде тұрақтап тұра алмай, Текеске өтіп, Шилі өзек ауылындағы Албанның Сады руына келіп тұрақтайды. Жүсіпбекқожа өмірінде үш рет некеленіп, Ілеге бірінші жұбайы Ноғай қызы Патимамен бірге келеді. Одан Аманқожа деген ұл туған. Қазан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін мекен тынышталыпты деген қауесетпен қайта туған жеріне барады. Бір жылдан кейін саяаси қуғындау түсіп, екінші рет қайта келуге мәжбүр болады. Бұл жолы інісі Жүманқожаны да бірге ала келеді. Жүманқожа бала сүндеттейтін кісі екен. бозатты қожа атанады. Жүсіпбекқожа бұл өңірден дінни шағын медіресе ашып, бала оқытумен бірге, шығармашылықпен айналысады. Бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін екінші рет Суан қызы Балжанмен некеленеді. Одан Нұриқа және бибигүлсін ( Көкен) деген екі қыз туған. Нұриқаны Қарадаладағы Саймасай деген адамның ұлына берген. Оның ұрпақтары Қазақыстанның Есік ауданына қарасты маламоди деген жерде тұрады дейді. Ал, бибигүлсінді жоғары да айттық, Албан ішінде Қожбанбет Көдебай Телібайұлына беріп, одан Ерқожа деген ұл туған. Үшінш жұбайы Шилі өзекткгі Сады руынан Бәтимамен некеленіп, одан балалы болмаған. Ол кісі Жүсіпбекқожадан жастай жесір қалып балалы болмағандықтан, Жүсіпбекқожа өлерінде өсиет қылып, өзінің қабырының бір жағынан ақым қазып қоюды тапсырып кетіпті. Бәтима 15 жылдан кейін қайтыс болып, Жүсіпбекқожаның өсиеті бойынша бір қабірға жерленген екен. Ал, Жүсіпбекқожаның Аманқожа деген жалғыз ұлы 1940 жылдардағы бүкіл елге зобалаң әкелген өткір сүзек ауыруынан қайтыс болып, Шилі өзек ауылының Қамыстыбұлақ деген жеріне жерленіпті. Аманқожадан- Бекқожа деген бір ұл және біз әңгімелесіп отырған бұбиасия деген бір қыз туған. Біз Бекқожаның ұрпақтарының деректерін Асия апайдан білгеннен кейін екінші күні Құлжа қаласына келіп, Бекқожаның балаларының үлкені, қызы Қалбынұрдың үйіне іздеп келдік. Қалбынұр біздің келетіндігімізді алдын -ала ұққаннан кейін үйінде дастарқан жайып күтіп отырған екен. Есігінің алдында тосып тұрып, қуанышпен қарсы алды. Ол бізге Бекқожаның ұрпақтарын түгел таныстырды. Бекқожа деген кісі 1931 жылы Текесте туылып, 6 жасында әкесінен қалып, әкесін балбұл көріп қалсада өзінің ата-тегіне тартып зерек, өжет, талапты болып ержетіп, өздігінен домбыра тартуды, ән айтуды басқада музыка аспаптарын да игерумен бірге, ауыл арасындағы жин- топтарда өнер көрсетіп, палуанға түсіп, көзге көрініп жүреді. Осы кезде Шыңжаң әскери раионның көркемөнер үйрмесіне мүше қабылдаушылар келе қалып, Бекқожаны үйірмеге қабылдап тәрбиелейді, сахынаға шығарады. әскери мектептен оқытып, мәдениет мағлұматын толықтайды. Бірақ, 1960 жылдардағы солшылдық саяасаттың шалығына ұшырап, төменге түсіріліп, Құлжа ауданына келіп, көміркен, тасжол саласында жұмыс істеп, пенсияға шығып, 1994 жылы Құлжа ауданында 63 жасында қайтыс болады. Бекқожа ұйғұр қызы Райламен некеленіп, екі ұл, екі қыз перзент көреді. Балалары зерделі әкенің тәрбиесінде ержетіп, алды уениврситетке дейін оқып, білім алып қоғамының әр саласында еңбектеніп жатыпты. Үлкен ұлы жұрат 1963 жылы туылған. Іле федагогикалық университетін бітіріп, қазір осы университеттің биологя-химя зертханасының меңгерушісі міндетін өтеп жатқан қарт оқытушы екен. Жұбайы ұйғұр қызы Ғалбынұр болып, одан құдырет деген бір ұл, Қадырия деген бір қызы болып оқып жатыпты. Екінші ұлы Толқын 1966 жылы туылған толық орта мағлұматымен қазыр Қорғас шекара өткелі халықаралық сауда тыранспортын басқару мекемесінде істейді екен. Ол ұйғұр қызы Паридамен некеленіп, Пердұн деген бір ұл, Пәрзана деген бір қыз көріпті. үлкен қызы Қалбынұр Бекқожа қызы 1961жылы туылған. техником бітірген, қытай, ұйғұр тілдеріне жеттік болып, орта -бастауыш мектептерде қытай, ұйғұр тілдерінде сабақ өтіп, қазір демалыста екен. Ол, руы Қаракерей Ділшат Ақыметқалиұлымен шаңырақ көтеріп, Нұршат, Нұрила деген бір ұл, бір қызды болған. Кіші қызы Ілімнұр Бекқожа қызы 1973-жыл туылған. Үрімжі қаласындағы педагогикалық универсттен толық курсті бітіріп, қазір Құлжа аудандық оқу-ағарту мекемесінің ‹‹ қос негіз›› қызметыне жаупты қызметкері болып істеуде екен. Ол Сатыбалды деген ұйғұр азаматымен некеленіпті. Жүсіпбеқожаның бірге туған інісі ел ‹‹ Бозатты қожа ›› атаған Жұманқожа Албан ішінде Құрман руының қызы Нәсілмен некеленіп, одан Дүйсенқожа деген бір ұлды болған. Дүйсенқожа Саня деген ұйғұр қызбен некеленіп, Нұрқожа, Ділнұр деген бір ұл, бір қызды болған. Дүйсенқожа Құлжа аудандық тасжол мекемесінде істеп, пенсияға шығып, қазір Құлжа ауданында тұрады. Жүсіпбекқожаның ұрпақтарынан немере- шөбере, ұл-қыздарынан қазірге дейін оншақты жан, жеті- сегіз отбасы болыпты. Тұлпардың тұйағы, сұңқардың қияғы деген осы. Өмірін қуғын-сұргінмен өткізседе, артына халықтың рухани қазынасына мол мұра қалдырып кеткен ғұлама ақын, артына осындай ұрпақтарын да қалдырыпты. Жүсіпбекқожаның ата тегі Мақтұм ағзамнан төмен қарай 13 ұрпақ болып таралады. Мақтұма ғзамнан жоғары қуаласақ исламның 4 халифасы болған хәзірет алидың баласы Мұхаммет қанапяға тіреледі. Мақтұм ағзам –Шайақыпқожа -Шахбұзырык-ҰланқожаҚарақожа-Жақыпқожа-Айқожа-Шайхислам-Жүсіпбекқожа-АманқожаБекқожа-Жұрат-Құдірет болып таралады.
Шайхислам ұрпақтары
Шайхисламнан: Жүсіпбекқожа, Жұманқожа. Жүсіпбекқожаның (1-жұбайы-Батима, Ноғай қызы): Аманқожа деген бір ұл туған. (2-жұбайы- Балжан, Суан қызы): Бибигүлсін (Көкен деп аталады), Нұриқа деген екі қыз туылған. 3- жұбайы- Батима, руы Албан- Айт-Сады қызы): құрсақ көтермеген.
Бибигүлсін (Көкен) (Албан-Қожыбанбет) Көдебай Телібайұлымен некеленіп бұдан Ерқожа деген ұл туылған . Қазір Текес ауданы Шилі өзек ауылының Қарасу окургінде тұрады. оқытушы.
Нұриқа Қарадаладағы Саймасай деген кісіге келін болып ұзатылған. ұрпақтары Қазақыстанның Есік ауданына қарайтын маламоди деген жерінде тұрады.
Аманқожадан (жұбайы- Бибинұр Ноғай қызы ): ұлы-Бекқожа, қызыБүбасия.
Бүбиасия ( Албан- Айт- Сады) Шәріпқожа Баянқожаұлымен некеленген. Нұрлан, Ұлан, Жұман, Нұрқиса, деген ұлдары, Сара, Лаззат деген қыздары бар. Текес ауданы Шилі өзек ауылында тұрады.
Бекқожадан (жұбайы – Райла, Ұйғұр): ұлдары- Жұрат, Толқын, қыздары- Қалбынұр, Ілімнұр. Қалбынұр (Қаракерей) Ділшат ақыметқалиұлымен некеленген.
Қалбынұр оқытушылық істеп, пенсияға шыққан. Құлжа қаласында тұрады. Нұршат, Нұрила деген бір ұл, бір қыз бар.
Ілімнұр (ұйғұр) Сатыбалдымен некеленген. Құлжа ауданында оқытушылық істейді. Жұраттан (жұбайы- Ғалбынұр ұйғұр): ұлы- Құдырет, қызы Қадырия.
Жұрат Іле педагогикалық иниститутында тарих факултетының оқытушысы. Толқыннан (жұбайы- Парида, ұйғұр): ұлы- Пердұн, қызы- Парзана.
Толқын Құлжа ауданының қатынас сақшы мекемесінде қатынас сақшысы болып істейді.
Жүсіпбекқожаның бірге туған інісі Жұманқожа «боз атты қожа» деп аталып, бала сүндеттейтін кісі екен. Жұманқожадан ( жұбайы- Нәсіл, руы Албан ішінде Құрман қызы ): Дүйсенқожа деген бір ұл туылған. Дүйсенқожадан (жұбайы- Саня, ұйғұр): Нұрқожа, Ділнұр бір ұл, бір қыз туылған. Ділнұр (ұйғұр) Әділмен некеленген.
Дүйсенқожа Құлжа ауданында тас жол мекемесінде істеп демалысқа шыққан. сол жерде тұрады. бұл ауыл Құлжа қаласы және Құлжа ауданында тұрады.
Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы 1857жылы Қазақстан республикасы оңтүстік Қазақстан облсының Қызылқұм ауданына қарасты « Қожа тоғай » деген жерде дүниеге келген. Бала кезынде әулие атадағы ( Қазақыстаның тараз қаласы ) медреседен, онан соң Бұқара медресесінен білім алған, бала шағынан бастап- ақ өлең жазып, айтысқа түсіп өз ортасына « ақын бала » атанған ол медресені тамамдаған соң білімін онан ары ұштай түсу мақсатында өз бетімен Арап, Парсы, Түрік, Орыс, Шағатай тілдерін үйренеді әрі сол тілдер арқылы шығыс- батыс әдебиетінің классикалық үлгілермен танысады, әсіресе шығыстың фолклорлық әдебиеті мен Фердауси, Низами, Физули, Хафиз, Науай, Сағди қатарлы классик ақындардың шығармаларына құныға түсіп, сол ақындарды ұстаз тұтып үйренеді. Ол жас кезінде қазақ даласын дерлік шарлап шыққан. Ұлы Абаймен, Біржан сәлмен сұхбатта болып, бірнеше рет Арқа жерінде аралап қайытқан. 1916 жылғы қазақ шаруаларының патшалық россияның дара билік түзіміне қарсы көтерілсі жеңілске ұшырап, бастарына төнген тауқыметті тағдыр ақынды да соқпай өтпеді, ол ауған елмен бірге қоныс аударып қазіргі Текес ауданының Шолақ терек, Шилі өзек өңірлеріне келіп паналайды. бұл жерге келген соң, өзінің шығармашылық жұмыстарымен айналысумен бірге, ағартушылықпен шұғылданып, өнер-білімнен кенже қалған жұрттың жүрегіне ғылымның шам шырағын жағады. Ол 1920 жылдың басында бүгінгі Текес ауданының Шилі өзек ауылына қарасты Шолақ сайдың аузындағы Нақысбек ақалақшы салдырған жаңаша мектепке жауапты болған. Сонымен бірге, Араб, Парсы елдерінің емшілік өнерін қазақ емшілігімен ұштастырып, жел- құз ауыруларын емдесе, көктем маусымында сәбилерге шешек суын егіп, байырғы жұрт дауа таппай дал ұратын шешек сынды сырлы сырқаттың бетін қайтарып, көшпелі елдің көңілін орнықтырған еселі еңбегі күні бүгінге дейін халық арасында мақтанышпен ауызға алынады. Қазақыстанға жаңа үкімет орнап, ел іші біраз орныққан соң, Жүсіпбекқожа 1920 жылдардың ішінде Қазақыстанға қайтады. бірақ 1932 жылға келгенде бұрынғы совет одағында жүргізілген асыра сілтеушілік саясаттың кесірінен қалың ел ауыр ашаршылыққа жолығады, соның салдарынан жан сауғалап босқан елмен бірге Жүсіпбекқожа да 2 -ші рет Текестің Шилі өзек өңіріне келіп қоныстанып, сонан өмірінің соңына дейін ағартушылықпен, емшілікпен шұғылданып, өз жұртындай болып кеткен мұндағы халыққа шарапатын төгеді. 1937 жылы ақын 80 жасында дүние салады. Ардақты адамынан айырылып аһ ұрған ел- жұрт алысжақыннан жиналып, сүйегін қазіргі Шилі өзек ауылына қарасты Төрткөллдегы қабырыстанға әкеліп жерлейді. Жүсіпбекқожа Шайхссаламұлы халық ауыз әдебиет мұраларын жинап, реттеп, соңғы ұрпаққа аманаттаған халық мұрасының қамқоры әрі шығыс әдебиетінің озық үлгілерін қабылдап, көлемді эфикалық дастандарды жазып қалдырып, ұлт әдебиетін байытқан кең құлашты, озық ойлы ғұлама ақын. Оның жаңғыртып жырлаған «Михражнама » , «Салсал », « Жүсіп- зілиқа», «Мұңылық- зарлық», «Қасым-жомарт»,« Айманшолпан», «Ерназар- бекет» сияқты 30 ға тарта дастаны, реттеп жазған « Жүсіпбек пен Шүкей қыздың айтсы», «Сақау қызбен Көсенің айтсы» , « Біржан мен Сараның айтсы » сияқты үлкен кләссикалық айтыстары, « Алпамыс » , « Қыз Жібек » , « Қиса Наурызбай» қатарлы көлемді дастандары мен « Райымқұлға», « Талап қыл » сияқты қыруар өлеңдері бүгінгі ұрпақтың қолына аман- есен жеткен, әдебиетіміздің мюалы бағын көркейткен бағалы құнды мұралар. Ақынның қолынан туындаған әдеби мұраларының ішіндегі шоқтықты, шұрайлы шығарма -« Қыз Жібек » дастаны. Күрделі сюжетке құрылған, көркемдік қуаты күшті бұл ғажап жырды Жүсіпбекқожа 1900 жылы Қазан баспасынан бастрып шығарады. Бұл дастан туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Қыз Жібек әңгімесінің негізі ескі замандағы ел әдебиетінің ертегі сияқты қара әңгімесінен алынған, бері келгенде өлең өлшеміне салып , суретті әңгімеге айналдырып, поэма етіп шығарған Жүсіпбекқожа » десе, ал ақын Әбділда Тәжібайев: «Жүсіпбекқожа Шайхисламның « Қыз Жібек» жыры еліміздің тұрмыс – тіршілігін, мінезін, психологясын жан- жақты суреттеуімен біздегі бірінші жазылған романдай қабылданды» деп тамаша бағасын берді. 1900 жылдың алды- артынан тартып, өз шығармаларын Қазан баспасында бастырған ақынның еліміздегі оқырмандардың қолына жеткен мұралары да аз емес, еліміздегі халық ауыз әдебиет мұраларын жинау, реттеу қызметының кең көлемді өріс алуына ілесіп, өлкелік раион, облыстағы мәдениет пен ауыз әдебиетін зерттеу орындары мен зердерлі зерттермендер ақынның өмірі мен өнеріне ден қойды. Ақынның шығармалары арнаулы кітап болып та, өлке көлеміндегі басылымдарда да тынбай жаряланып келді, мектеп оқулықтарына енгізіліп, арнайы таныстырылды. Текес аудандық мәдениет үйі 1980 жылдың басынан тартып, ел ішінен ақын шығармаларын жинақтап, реттеп, ақынның сағым суретін сыздырып( суретші Әбдімажит Ертуғанұлы салған) , ауыз әдебиет мұраларының « Төрт топтамасына » енгізді, 1983 жылы ақын қабірі басына құлыптас орнатты. 2008 жылы жазда Төрткөл окург басшылық тізгінін ұстаған азаматтар осы құлыптасты қоршатып, ескерткіш қорған тұрғызды. ақынның өмірі мен шығармаларын зерттеуде, жинақтап баспадан шығаруда Текес ауданында бұрын- соңды мәдениет, өнер саласында еңбек еткен Әбілез Шәріпұлы, Дәулет Мазақұлы, Мақмұт Әбілқайырұлы, Дүйсенбек Тұрлықожаұлы, Ошақбай Қайранбайұлы, Нұрымбай Сүлейменұлы, Мүсілім Әдірбекұлы, Ақай Сайдуасұлы, Жұмабек Диқанбайұлы қатарлы зерттермен, қаламгерлер елеулі еңбек етті.
Бекқожа Аманқожаұлы ( Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының немересі) 1931 жылы наурыз айында Текес ауданы Шилі өзек ауылының Қамысбұлақ деген жерде дүниеге келген. Текес ауданы Шилі өзекте ауылы мектебінен сауат ашып, әкесінен жастай қалып, жездесі Көдебайдың тәрбиесінде болған. 1954 жылы домбырашы, әншілік өнерімен(той-томалақтарда өлең айтып, ән салып, палуанға түсіп ел көзіне көрінген). Шыңжаң әскери раионының ойынсауық үйрмесіне қатынасып, әскери әнші болады. Әскери раионда әскери мектептен оқып білім толықтырады. 1950 жылдардың соңында Қытай – Үндістан шегарсында екі жыл шегара күзетінде болады. 1960 жылдардың басында әскерден кәсіп алмастырып, Құлжа ауданының құралды бөлімінің бастығы болып істейді. 1962 жылы (шюжыңжуишы) деген нақақ жала жабылып, дәрежесі төмендетіліп, Құлжа ауданының көмір кенінің бастығы міндетін өтейді. 1978 жылдан кейін саясат тианақтандыруда ақталып, атағы қалыпына келтіріліп,Құлжа аудандық мемлекет тасжол идарасының бастығы болып істеп, демалысқа шығады. 1994 жылы қаңтарлың 16 күні науқас себебінен 63 жасында Құлжа ауданында қайтыс болып, сүйегі Құлжа ауданының Дөңмәлі қабырыстандығына жерленеді.
Жұрат Бекқожаұлы (Жүсіпбекқожаның шөбересі) 1963 жылы қаңтардың 18 күні Құлжа ауданында дүниеге келген. 1970 жылы қыркүйектен 1975 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 2 бастауыш мектепте оқыған. 1975 жылы қыркүйектен 1978 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 1 орта мектептен толықсызды, 1978 жылы қыркүйектен 1980 жылы шілдеге дейін осы мектептен толық ортаны бітірген. 1980 жылы қыркүйектен 1982 жылы шілдеге дейін Қорғас аудандық педагогикалық орта техникомын оқыған. 1994 жылы шілдеде Іле педагогикалық инистутының тамамдап, толық курс мағұлматына ие болған.1982 жылдан қазірге дейін Іле педагогикалық иниститутының химя және биалогя ғылымы иниститутының оқытушысы болып істеп келеді. 1994 жылы желтоқсан айында лектор ғылми атағын алған. 2005 жылыдан қазірге дейін химя және биалогя ғылымы иниститутның зертханасының меңгерушілік міндетін атқарып, бастысы химялық тәжирбиелерді талдау және дайындау химялық тәжірибе аспаптарын дайындау тәжірибелік оқыту қызметымен шұғылданады.
Толқын Бекқожаұлы (Жүсіпбекқожаның шөбересі) 1966 жылы қарашаның 17 күні Құлжа ауданында туылған. жоғары техником мағлұматына ие. 1976 жылы қыркүйекте мектепке кіріп, Құлжа аудандық ‹‹бес көпір›› бастауыш мектебінен бастауышты, 1980 жылы қыркүйектен 1986 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 1 орта мектептен толық ортаны оқып бітірген. 1987 жылдан 1996 жылға дейін Құлжа аудандық қатынас тыранысфортты әкімшілік жақтан басқару фүнкйтінде істеген. 1996 жылдан 2001 жылға дейін Тоғызтарау аудандық қатынас басқару фүнкитінде істеген. 2001 жылдан 2009 жылға дейін Кеңсай қатынас тасымалын тексеру фүнкитінде істеген. 2009 жылдан қазірге дейін Қорғас шекара өткелінде халқаралық қатынас тасымалын басқару мекемесінде істеп келеді.
Қалбынұр Бекқожақызы (Жүсіпбекқожаның шөбересі) 1961 жылы маусымның 27 күні Құлжа ауданының аудан қалашығында туылған. 1969 жылы мектеп есігін ашып, 1973 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 2 бастауыш қытай мектепте оқып, бастаушыты бітірген. 1974 жылы қыркүйектен 1976 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 1 орта мектепте қытай тілінде толықсызды бітірген. 1977 жылы қыркүйектен 1980 жылы шілдеге дейін осы мектептен толық ортаны бітірген. 1980 жылы қарашада оқытушы талдау емтиханынан өтіп, Құлжа ауданының « бес көпір» мектебінде 1986 жылға дейін ханзутыл оқытушысы болып істеген. 1987 жылы 1989 жылға дейін Тұрпан аймақтық оқытушылар білім толықтыру орталығында қытай тілі мамандығында оқыған. 1990 жылы қыркүйекте Құлжа қалалық Айқан ана мектебіне жөткеліп келіп, қызмет істеп, 2013-жылы мамыр айында сол мектептен пенсияға шыққан.
Ілімнұр Бекқожақызы (Жүсіпбекқожаның шөбересі) 1973- жылы наурыздың 20 күні Құлжа ауданында туылған. 1980- жылы қыркүйектің 1күні мектеп есігін ашып, 1985 жылы шілдеде құлжа аудандық ‹‹бес көпір›› бастауыш мектебін оқып бітірген. 1985 жылы қыркүйектен 1991 жылы шілдеге дейін Құлжа аудандық 1 орта мектептен толықсыз, толық ортаны оқып бітірген. 1991 жылы қыркүйектен 1994 жылы шілдеге дейін дейін Үрімжі қалалық қоғамдық жоғары техником мектебін бітіріп, 1994 жылы қыркүйектен 2006 жылы қыркүйекке дейін Құлжа аудандық ‹‹бес көпір›› бастауыш мектебінде оқытушылық істеген. 2006-жылы қазаннан қазырге дейін Желіжүз қалашық оқу-ағарту кеңсесінде ‹‹ екі негіз›› қызыметыне жауапты болып істеуде.
Дүйсенқожа Жұманқожаұлы 1952 жылы Текес ауданының Шилі өзек ауылының Төрткөл қыстағында дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін бастауышта оқыған. 1968 жылдан 1971 жылға дейін өндіріс әтіретінде еңбекке қатынасқан. 1971 жылы қаңтардан 1975 жылы маусымға дейін әскери сапта болып, Қашқар, Яркен, Қағлық, Шизаң қатарлы жерлерде 5 жыл әскери міндет өтеп, қарапайым жәуінгер болған. әскери саптан қайтып келгеннен кейін, 1978 жылға дейін жеке кәсіппен шұғылданған. 1978 жылдан 2003 жылға дейін Құлжа аудандық тасжол мекемесінде қызмет істеген. 2003- жылы пенсияға шыққан.
Нұрқожа Дүйсенқожаұлы 1987 жылы қазанның 5 күні Құлжа ауданында туылған. 1994 жылы қыркүйекте 1 бастауышқа түсіп, 2000 жылы бастауышты бітіргеннен кейін, 2003 жылы толықсыз ортаны тауысып, сол жылы Құлжа аудандық үкіметтің мейманханасына жұмысшы болып қабылданып, істей жүріп, аспаздықтың сан- алуан техникаларын меңгеріп, бас аспаз болып, осы орында істеп келеді.
Ділнұр Дүйсенқожақызы 1986 жылы наурыздың 26 күні Желіжүз ауданында туылған. 1993 жылы қыркүйекте Құлжа аудандық 1бастауышқа оқуға тұсып, 1999 жылдан 2005 жылға дейін Құлжа аудандық 1орта мектептен ұйғұр тілінде толық орта мектепті бітірген. 2005 жылдан 2006 жылға дейін Құлжа аудандық кәсіптік техникалық орта мектептен компютер мамандығын оқыған. 2006 жылдан қазірге дейін Құлжа ауданы ана-балалар емханасында архив бөлімінде істеп келеді.
Дайындаған Іле аймағы Күнес ауданы Кеңсу ауылдық үкіметтің зейнеткері Ысқақбек Тұрдыбекқажыұлы 2012- жылы мамыр
(Төте жазудан крилшеге аударып баспаға дайындаған- Серікжан Ысқақбекұлы . 2022жыл 16 маусым).