Ғалымның хаты

Жаңа кітап жарық көрді

Айқожа ишан -250 жыл

Әлемде жаһандану үдерістердің нәтижесінде ислам дінімен үндестікте сопылық ілім кеңінен таралуда. Ислам өркениетінің дамуы мен ілгерілеуіне әсер етуші фактор ретінде көптеген адамдарды
бейбітшілік, әділдік және гуманизм рухында тәрбиелеуде сопылық ( تصوّف ,) және оның идеяларының әлеуеті зор. Әйгілі сопылық силсиладардың бірі Нақшбандия мұсылмандық ақлақ пен дүниетанымның қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Нақшбандия тариқатының негізгі тармағы саналатын «Нақшбандия-
Мужаддидия» ( نقشبنديه مجدديه ) силсилаы дінге сенушілердің рухани ғана емес, қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде де маңыздылыққа ие болуда.
Сопылық және олардың қызметіне қатысты үдерістер әлемде басым тақырыптар ретінде зерттелуде.
Ислам әлеміндегі бірқатар ғылыми-зерттеу орталықтарында сопылық ілімі, тариқаттар ішінде нақшбандияның орны, оның қоғамдық-саяси үдерістермен байланысы, оның таралуы, рухани
тізбегі, дін өкілдерінің өзара байланысы, зікірдің жасырын және жария түрлерінің аймақтарға кеңінен таралуы туралы зерттеулер жүргізілуде. Нақшбандия тариқатының ХVІІ ғасырда Үндістанда
жаңадан құрылған Нақшбанди-Мужаддидия бағытының Орталық Азияға таралуы және оған түрткі болған факторларды ашып беру арқылы бұл зерттеулердің маңызы одан әрі арта түспек.
Өзбекстанда соңғы жылдары нақшбандия тариқаттың қызметі мен ғылыми-ағартушылық мұрасын зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұқарада Жеті пір тарихын зерттеуге, киелі орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұхара сопылық мектебінің қызметі жолға қойылғаны, «Мир Араб»  жоғары медресесінің ашылуы, осы оқу орындарында сопылық ғылымының жеке-жеке зерттелуі осы бағытта терең зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Осының негізінде нақшбандия-мужаддидия қатарының Орталық Азияда кең таралуы, жаңа сопылық орталықтардың пайда болуы, нақшбанди-мужаддидия орталықтары, олардың өкілдері және олардың рухани өмірдегі рөлі туралы тың ғылыми мәліметтер оқу-тәрбие үрдісіне
енгізіледі.
Әлемдік исламтану, ислам және сопылық тарихы салаларында әлемнің түрлі ғылыми орталықтарында, ислам тарихы, тарихнамаға қатысты мекемелерде нақшбандия-мужаддидия бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ислам ғұламалары мен сопылықтанушылар жазып, қорғаған диссертацияларымен
қатар, олардың бұл мәзһаб мәселесіне қатысты пікірлері де ғылыми мақалалар мен монографияларда көрініс тапқан.
Мәуренннахрдағы сопылық ілімді зерттеудегі алғашқы қадамды орыс және бұрыңғы кеңес дәуірінің ғалымдары жасады. Олардың ғылыми мақалалары, баяндамалары, кітаптары сопылық
тариқаттардың тарихына, сопылық шайхтердің өмірі мен қызметіне, олардың орталықтарына арналған. Зерттеулерде нақшбандия-мужаддидияның Орталық Азиядағы таралуы, оның орталықтары,
әсіресе саяси салалардағы маңызды орны, дәстүрлері мен өзіндік қырлары да қарастырылған.
Өзбекстан аумағындағы нақшбандия-мужаддидияның жергілікті өкілдері, олардың қызметі, кейбір жерлердегі, аймақтардағы орталықтары зерттелмеген, олар туралы жазылған дереккөздер
ғылыми еңбектер шеңберіне толық енбегендіктен осы тариқат тарихы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеулерде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Орталық Азиядағы нақшбандия-мужаддидия тариқатының маңызы, білім беру тарихын зерттеудегі тәсілдер, жазба дереккөздерді анықтау және оларды ғылыми айналымға енгізу, тариқат өкілдерінің кесенелеріндегі көктас жазуларын зерттеу, нақшбандия-мужаддидия
тариқат силсилаын қалпына келтіру, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Орталық Азиядағы нақшбандия-мужаддидия орталықтары мен соған байланысты қасиетті орындарды жаңғыртып, Орталық Азиядағы
муджаддидия тариқатының пірлері мен муридтері әулетінің арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ Сопы Аллаяр мен оның шәкірттері арасындағы муршид-муридтік дәстүрлердің, қызметін және білімнің дамуындағы олардың қызметін ашу болып табылады.
Монографияның бірінші бөлімінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы нақшбандия-мужаддидия ілімінің тарихын зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері, тариқат ілімі мен тарихын зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдерге талдау жасалып, тариқат іліміне түсініктеме беріліп, тариқатқа қатысты оннан астам сәулет және
эпиграфиялық ескерткіштер зерттелді.
Екінші тарауда нақшбандия-мужаддидия силсиласының Орталық Азияға таралуы, жаңадан құрылған орталықтардың қызметі, мазарлар, қадамжайларды зерделеу және зерттелуі
туралы айтылады. Монографияның Орталық Азиядағы накшбандия-мужаддидия
ілімінің өкілдері туралы тарауында Орталық Азиядағы пірлер Аллаяр және Мусохонқожа Дахбеди тармақтарында белсенді қызмет еткен пірлердің тарихы, олардың өмірі, қоғамдағы орны және олардың шәкірттерінің тарихы зерттелді. Тариқаттағы силсиладар, мүршид-муридтік дәстүрлері, нәслі-насабы, әулетін, рухани көзқарас, шежіре тізбегі мен буындардағы қамтылған және мүршид-муридтік дәстүр мәселелері қамтылған, сонымен қатар тариқаттың жергілікті тармақтары, осы салалардың пірлері
Маулана Узбек Қожа Шахрисабзий-Ургути, Мусохон Сармежи, Мұхаммад Шариф Бухори, Атоуллуоҳ Қоқанди, Қамариддин Ғузори, Абул Фатх Каррухидің өмірі мен қызметі ашып берілген.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Орталық Азиядағы накшбандия-мужаддидияның белсенді өкілдері саналатын билеушілердің қолдауының нәтижесінде Самарқантта Чунқаймиш пен Жумабозор, Гераттағы Каррух есімдерімен жаңа сопылық орталықтар құрылып, олардың тұрақты қызметі үшін вакфтық мүліктер
бөлінгені анықталды. Сопылық ілім қайраткерлерінің құлпытастарындағы эпиграфиялық жазулар белгілі бір адамның жерленгенін көрсететін дерек көзі ғана емес, сол тұлғаның, отбасының, ұстаздың, шәкірттердің өмірі мен ғылыми қызметі туралы құнды деректердің қайнар көзі екендігін дәлелдеді.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button