Жарық нұрдың сәулесі

Бір батаның оқиғасы

Ибрагим ӘБИБУЛЛАЕВ, қоғам қайраткері   

1991 жылдың басында Жаңақорғанға Аупарткомның 1- хатшысы қызметіне барған едім. Елді аралаумен қатар әулиелі жерлерге арнайы барып, тәу етіп, хал жағдайымен танысып, біраз атқарылар жұмыстарды межелеген болатынмын.

Жаз айының бір күнінде Ақтас кесенесінің басындағы шырақшы ағамыз маған кіріп, Кесененің тарихын кеңірек баяндап, сонау 30 жылдары мешіт медресе болғанын, оны Қалтай Мұхамеджановтың әкесі Мұхамеджан- Қара әулие имамдық ұстаздық жұмыс жасап, 38-ші жылы Тәшкенде ұсталып, атылғаны, содан кейін Қызыл Мүйіс,Талап ауылының мал фермасының жем қоймасы болғаны, сол кезде Кесененің батыс жағындағы бұлақтың өшіп қалғаны айтқан еді. 1970-80 жылдары бірнеше рет су шығармақшы болып ұңғыма қазғанымен су шығара алмағанын айтып, енді Ақтөбе жақтан көлік ұңғыма құралдарымен келген, бұрғылау жетекшісі, ұлты орыс, аты Николай деген, 120 мың сом Кеңес ақшасы ғой, берсеңіздер, су шығарып беремін дейді, соған не дейсіз деп келген еді.  Ағамызға келісуін, су шығып жатса елміз ғой, күріш бар, мал бар, бір есебі болар деп қайтарған едім. Бұрынғылар шығара алмаған суды шығара алар ма екен деген күмәнда болмай қалған жоқ. Бір барғанымда басына 200 метрдің шамасында ұңғылапты. Арада бір ай өткен болар, Сұлтанахмет шырақшым келіп тұр, су атқылап жатыр, барып көр, айтқан уәдеңе не дейсің, бір лағымды сойып ауқат бермекшімін оларға, ортасында бол деген соң, дереу көлігіме қажет болар деп ішіп-жем тамағымды салып, Кесенеге барсам жылы су атқылап тұр екен. Рақметімді айтып, шырақшының дастарханынан дәм тұзын татып, есептесудің бір уақыт алып барды сатып есептесерміз деген ойда отырғанымда (ол кезде бір жеңіл машина 6-7 мың сом) ас ішіп болған соң Николай:  -Ата, ДАЙ НАМ БАТА, мы в расчете демесі барма! Шалымның қуанышында шек жоқ, қолы қалтырап, батасын беріп, жолға алып келген дәм тұзымды беріп разылығымды айтып шығарып салған едім.

Міне орыстың осы сауапты жұмысын жалғастырып, жолын, электр жарығын, басына бірнеше құрылыстар салып, келесі жылы республикалық деңгейде Кесене басында имандылық шараларын өткізіп Ас берілді. Оған Халифа Алтай бастап, Қалтай Мұхамеджанов, Мұрат  Жұрынов ағаларымыз, Исатай Әбдікәрімов бастаған елдің үлкендері қатысып, алғаш рет Сыр өңірінде тарихи шара өткізілген болатын.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button