Жарық нұрдың сәулесі

Сайыпназар ахун Өтенұлы

Сайыпназар ахун Өтен ұлы 1810 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласы маңындағы «Қара өткел» деген жерде өмірге келіп, 1873 жылы қазіргі Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылының  «Иіркөл» елді мекенінде қайтыс болған. сайыпназар ең алғаш рет тоғыз жасар кезінде Атбасар жәрмеңкесінде көзге түсіп көптің аузына ілінеді. Бұхарадағы Көкілташ медресесін, Стамбұл, Мысырда ірі діни оқу орындарын бітірген. Елге оралған соң ата-бабасының кіндік қаны тамған жері қазіргі Тереңөзек ауылына келіп Құлболды ишанның  мешітнің молдалық етеді.

Ол «Хазіреті әли», «Мұхаммед Қанафия»,  «Қожа Ахмет Яссауи» дастандарын жазған, араб, парсы, түрік тілдерінен ғылыми және дін туралы кітаптарды қазақшаға аударған. Абу-Арис, Абу-Сина, шығармаларын, Қияметқайым дастандарын қазақ тіліне аударған.

Ахун  «Иіркөл»  маңынан 500-600 адам еркін сиятын намазханасы, 300 адамдық қонақ үйі,  300 балаға арналған медрессесі, кітапханасы,  дәретжайы және 11 бөлмелік асхана, диірменхана, астық, ет сақтайтын қоймасы, жұмыс адамдары үшін жатын жайы бар қыстау мешітін, үш гектардай аумақты алатын гүл алаңдары, су бассейндері, тынығатын орындары бар жеміс бағы, жартылай жабылған үйлері бар жайлау мешітін салдырған. Алайда, бұл құнды диниелер кеңес үкіметінің солақай саясаты негізінде бұзылып, тегістеліп кеткен.

Мұхаммед-Ханафия дастанының соңында жазылған мына жолдар өзі туралы көп мәлімет берді.

Жаздым сөз жанабыңа жамағатым,

Бабамның балалық шақ хикаятын.

Баяндап, бағзы заман батырлығын,

Артыма жыр, мұра етіп жазған хатым.

Оқыған жан ойына алып біз ғарыпқа,

Дұға оқып, айтса арнап, салауатын.

Мұраты мақсатына дақыл болып,

Екі дүние бірдей көрсін рахатын.

Атам Ғали мұсылманның Ұлы Имамы,

Арабтың Ұлық тегі, асыл затым.

Анам – Ханафия, Хайсар патша қызы,

Сіңлісі Бибі Патыма саналатын.

Мұхаммед-Ханафия батыр бабам,

Ұрпағымыз сол кісіден таралатын.

Кіші атам Садыр шейх, Құл Қожахмет,

Меккеге зиярат ғып, көкке ұшатын.

Дуана Қажы Мәді қожа аталықтан,

Қалдан-Серен кәрматынан қан құсатын.

Баласы Қожжан, Қылыш дүр Пірзада,

Бақмұхаммед әрі әулие, әрі хәкім.

Абылай Қасымының тәлімгері,

Қожжанның екінші ұлы Заман ақын.

Мен өскен Диуанадан жеті ұрпақ,

Заман ақын немересі аталатын.

Баласы Өтен қожа, Сайыпназар,

Аллалап азан айтып қойған атым.

Мұхаммед-Ханафия дастанын қалап,

Ойға алып отызымда  еттім талап.

Тебіреніп тұп нұсқасын жазып едім,

Ата тек, аруақ сыйлап, тілінде араб.

Ұғымды ұрпақтарға іс болсын деп,

Аудардым халқым үшін қазақшалап.

Сары қымыз, шырын, шұбат бірге тұрса,

Кім ішер қара көже яки шалап?

Құнды жыр деп ғұламалар бағалады,

Аударып әргі-бергі  мәнін қарап.

Тұстасым ду көтеріп, марапаттап,

Қадіреп, қасиет тұтып алды қалап.

Жыр еттім Әбу-Сина, Абу-Аристы,

Тілімен Фердаусидің парсы-араб.

Сәтімен тәуір шығып, тәржімасы,

Талаптылар тәбәрік деп алды сұрап.

«Қияметнама» қинала жаздым шағатайша.

Ана түрік тілімді құрмет балап.

Қиынның қиясына құлаш ұрдым,

Қиялдың кекілін сүзіп, жалын тарап.

Деген ғой зәрредайдан жарылқаймын,

Бір Алла рақым етсін, сауап санап.

Әдеб.: С.Ибрашұлы. Сайыпназар ахун. Қызылорда-Қанағаты,2015 жыл. 19 бет.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button