Жаңалықтар

Қасиетті кесенелер

ИБРАҺИМ АТА

Хәкім ата деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз–1186 ж.) өзінің «Ақырзаман» кітабында:
Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны,Машайықтар ұлығыШайқым Қожа Ахмет Ясауи, – деп жырлаған екен. Өзі шәкірті болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі – Шайқы Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Олардың кесенелері Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, көне қала Исфиджаб, қазіргі Сайрам қаласының солтүстік-шығысында орналасқан. Ерте замандағы Ибраһим шайқының қабірі үстіне орнатылған кесене уақыт тезіне шыдас бермей, қиратылып қалған екен. Қазіргі сағана ХІХ ғасырдың орталарында қайта көтерілген. 50-інші жылы болған жер сілкінісінде күмбезі құлап түскен екен. Сол жылдары күмбездің сыртынан ақ қаңылтырмен қапталып, қайта безендіреді. Ал 1990 жылдары Үкімет тарапынан қаражат бөлініп, кесененің іргесінен өтетін жолды 20 метрге арыға бұрып, түбіне топырақ үйіп, нығыздаған. Қасиетті атаның диқаншылық кәсібі де б

олған. Сонымен қатар, ел ішінде оның әулиелік, көріпкелдік кереметтері туралы аңыздар таралған. Қасиетті бабамыздың шығу тарихы, арғы тегі туралы шежіре жазбалары Сайрам мұражайына қойылған. Біздерге жеткен аңыз бойынша Ибраһим шайық Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған. Ол ұстазы Мұсай шайықтың қызы Айша хатунға (кейбір аңыздарда Қарашаш ана) үйленген және одан Гауһар Шахназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген деседі. Ахметтің шешесі жастай дүние салып, әкесі жеті жасында қайтыс болады.

ҚАРАШАШ АНА

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының 5-томында «Қарашаш ана күмбезі – ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауидің анасы – Қарашаштың басына тұрғызылған. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орналасқан.
Күмбездің жалпы жобасы шаршыланып келген (6,3х 6,3метр), төбесі күмбезді, биіктігі – 7,08 метр. Қабырға қалауына қосымша тіреу ретінде арша қ

олданылған. Оңтүстік және батысындағы қабырғаларының маңдайшалары сүйір жебеге ұқсатылып өрілген. Өрнекті кірпіш қалау әдісімен күмбез дөдегесін айналдыра белдеу тартқан. Күмбездің төрінде Қарашаш ананың мәрмәр тақташаларымен көмкерілген қабірі бар.
Қарашаш ананың шын есімі Айша бибі сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген ХІ ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі болатын. Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болған. Қарашаш ананы бүкіл түрік әлемі ардақ тұтады. Ол ізгі аналықтың символы іспеттес.
Қарашаш ананың қабірстанында ол кісіге қатысты Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа және Дәуіт қожа сынды жандардың да қабірлері қойылған.
Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, білімді әйелдерінің бірі болыпты. Бүгінгі зерттеушілеріміз сакралды әйелдер образы туралы сөз қозғағанда, Қарашаш анадан бастайтыны – заңды нәрсе.

ГАУҺАР АНА

Гаухар ана кесенесі тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі ретінде «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған. Еліміздегі діни және ғибадат орындарының шоғырында Гауһар ана кесенесі де аталады.
Кесене қазіргі Түркістан ауданы, М.Әбенова ұжымы жерінде, Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, «Түркістан–Шәуілдір» автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда Гауһар ана сағанасы мен зиярат үйі абатталып, жалпы аумағы 8 га аумаққа орналасқан. Зиярат етушілер толастамайтын бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана жерленген.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button