Жарық нұрдың сәулесі

Піруәли ұлы Асан қожа

Піруәли ұлы Асан қожа 17 – 18 ғасырда өмір сүрген, Қазақстанның Ақтөбе облысындағы кіші жүздің жеті руына жататын табын руының пірі болған. Шамамен  18  ғасырдың ортасында Асан қожа қайтыс болады, ол балаларына –  жуындырып оң жаққа қойыңдар – дейді, сол кезде ақ түйе жетектеген ақ киімді, ақ сәлде киген бір адам келеді. Ол адам сүйекті түйеге салып,бұйдасын басына түріп бос қоя береді, түйе Жем өзенін жағалап бір жардың басына барып шөгеді, балалары бабамызды сол жерге жерлейді.  Асан қожаның сегіз ұлы болған. 1870 жылдары  Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің бойындағы Асан қожаның үш баласының ұрпақтары бұл жерге дінсіздер келе жатыр деп, Қарақалпақстанға көшіп Қожаелі деген жерге қоныстанады. 1924 жылы Асан баба Қарақалпақстандағы ұрпақтарына аян беріп «жар құлап суға кететін болдым»-дейді. Бір топ адам келіп сүйекті бұрынғы жерінен қырық қадам жерге апарып жерлейді, сонда бабамыздың үстіндегі кебіні сарғайғаны болмаса, денесі сол күйінде жатыр екен. Қазір Асан қожаның бейіті Жем өзенінің бойында.  Біздер Ақтөбе облысында тұрып жатқан Бақсайыс қожалар Асан бабамыздан тарағанбыз.           Асан қожадан:    Файзулла қожа,   Убайдулла қожа,   Көшек қожа,   Жиен қожа,   Бөлек қожа,   Назар қожа,  Базар қожа,    Өтемұхаммед қожа.

Орынбасар Кетиков. Ақтөбе облысы

Ұқсас мақалалар

4 пікір

  1. Орынбасар бауырым биз бауыр екенбиз Аллаберди азизден Рахимкул шайых иниси Тикеш шайых жане баскалары Тикеш шайыхтан Мусирали сопы азиздин урпактары Рахимкул шайыхтан Отеш шайыхтан Шайых Хожахан азиз лакабы комиртышкан Мырзахан азиз лакабы жауыр караган Сайидхан азиз лакабы аулие караган биздер Хожаханнан тараймыз сиздер Мырзаханнан тарайсыздар Асанхожадан тарайтын бир урпактын шежиресин Кожалар шежиресине косымша деген болимине жазган едим бирак олар Каракалпакстанда ол шежиреде Пируглы деп жазылган Уали аты жазылмай калган баскалары дурыс

  2. Ассалаўма әлейкум қожа баўырлар! Менде Асан қожа урпағынанмын. Мен Асан қожаның баласы
    Бөлек қожа оның баласы
    Таңсық қожа оның баласы
    Сейит қожа оның баласы
    Ибрайым қожа оның баласы
    Дабыл қожа оның баласы
    Абат қожа оның баласы
    Нурқасым қожа боламын. Қәзир Қарақалпақстанда Бозатаў районында турамын.

  3. Асан хожа бабамыздын жаткан жерли жарык болсын. Биздерде хожанын баксейс рыуынан. хазир хожелиде жасаймыз. Атым Разбек Хожамуратов тел +99899 673 38 74.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button