Жарық нұрдың сәулесі

Ер Көшек

Көшек – Қылыш бабаның кіші әйелі Ертуған анамыздан туған  жет ұлдың ең үлкені. Диуана (Мәдіқожа) одан Қылыш, одан: Көшек, Дәуіт, Смайыл  Әздер, Жақып, Әуезек баба. Көшектен: Күдері, Таспа, Есжан, Досжан, Сары, Тұлпар. Есжан мен Досжаннан дерек жоқ.  Бабамыз Көшек жасынан алғыр, пысық, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайратты, қайсар болып өсіпті. Өсе келе  келе шешендік, ақындық, батырлық қасиеттер дарып жасынан билікке араласып Көшек «батыр» деген  атаққа еге болып,  ел қорғау дәрежесіне дейін жеткен.  Сол кездегі жаугершілік, барымта-қарымта заманына орай,  Көшек соғыс өнерін жетік меңгерген, асқан найзагер, ер қаруы бес қарудың  шын шебері болса керек.

Өзі жоқта шауып кеткен  қалмақтарды қуып жетіп,  қырып-жойып, айдап кектен мал-жанын талай рет қайтарып елді  жаудан қорғағаны үшін ЕрКөшек деп аталып кеткен тарихи тұлға.

Ұрыс десе арқасы ұстап әруақтанып айқас кезінде көз ілеспес жылдамдықпен жауын бірінен соң бірін аттан найзамен шаншып түсіре береді екен.

Қасындағы 40 жігітіне: Мен жауды шаншып түсірген сайын сендер «Бәлле Көшек» деп мені  көтермелеп отырыңдар, дейді екен.

Кезекті бір соғыста Ер Көшектің 40 жігітінің көбі жараланып, аттан аударылып «Бәлле Көшек» деп айтатын адам қалмаса керек. Сонда батыр әр қалмақты шаншып түсріп өз-өзіне: «Бәлле Көшек» дей жүріп жеңіске жеткен. Ер Көшектің жауға жалғыз шапқан кезі аз болмаған. Егер де Ер Көшектің елде екенін білсе, жауы елге тиіспей ізінше тайып отырады екен. Бабаның жауға деген сесі осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па?!

Қазіргі Сыр бойының бір пұшпағын Қарақалпақтар мекен етіпті дейді қариялар. Олардың әрі ығысытырған ЕрКөшек бабам дейтін сөз бар. Осы кезге дейін қарақалпақтар бір сөзді тауып айтса, я бір іс сәтімен бітсе «Бәлле Көшек» дейді екен.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button