Бір суреттің сыры

«Парасат Падишасы»

Алматыда Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтті

20 желтоқсан, 2018 жылы Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытжамал Оспанова ашты. Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Асқар Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан «Парасат Падишасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараны жазушы, публицист, ғалым – Бейбіт Қойшыбаев жүргізді.

dav
sdr

Іс-шараға Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Смағұл Елубай, Темірхан Тебегенов, Нүкетай Мышбаева, Қанат Төребай, Мәмбет Қойгелді, Әлия Бөпежанова, Досхан Жолжақсынов, Қаракөз Сүлейменова, Сатыбалды Нарымбетов және т.б. ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.

«Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін мейлі, қашанда ұлттық мүддені ту етті» деп атап өтті еске алу кешінің қатысушылары. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов  театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.

Естеріңізге салсақ, биыл көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар өтуде. 2018 жылдың 23-желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті «А.Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы өтіп, жазушының «Адасқақ» циклі бойынша сахналанған «Біржанның соңғы әні»  спектаклі қойылады. 2018 жылдың 24-желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен салтанатты кеш өтеді.

Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін мейлі, қашанда ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов  театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.

Ұланғайыр білім иесі, халық әдебиеті мен салт-дәстүрдің, музыка мен жыр әлемінің, театр мен кино, бейнелеу өнерінің білгірі, сөз зергері  А.Сүлейменов ел есінде. Оның есімі Түркістан облысының Созақ ауданындағы өзі оқыған және Сарыағаш қаласындағы мектептерге, ал, 80 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласындағы бір көшеге берілді.

Асқар Сүлейменов  1938 жылы 29 желтоқсанда  Оңтүстік Қазақстан облысы  Түркістан ауданының, Шорнақ елді мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1961 жылы «Жол басы»  алғашқы сын мақаласы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған. Ол «Бесін» (1970), «Адасқақ» (1988), «Бесатар» (1996), «Кек» (2001), «Болмыспен бетпе-бет» (2001), шығармаларының авторы және «Арғымақтар мен адамдар» деректі фильмінің (1977), «Ас» («Құлагер») көркем фильмінің (1976), «Баянел» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») фильмінің сценарийін жазған.

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз

Жабу
Back to top button
Жабу