Ғалымның хаты

Сырдың киелі жерлеріне саяхат

Оқшы ата мазараты

Жергілікті халық жиі баратын орындардың бірі Оқшы ата мазараты. Ғылыми тілде діни туризмге жататын  сапарлар зиярат ету деп аталады. Аталған жерлерге жиі бару арқылы келушілердің әулиелерге сыйынып,  тілектерін айту үшін сапарлайды. Жалпы зиярат ету  туризміне – мұсылмандардың бес парызы қажылыққа баруда жатады. Зиярат ету орындарының туристер үшін де, жергілікті халық үшін де маңызы зор.

Зиярат ету туризмі діни туризмнің бір бөлігі. Бұл арнайы мақсаттағы туристік сапарға жатады. Зиярат ету туризімнің басты мақсаттары [1]:

  • психикалық және физикалық аурулардан айығуды қалау;
  • туыстарына және достарына дұға ету;
  • қайырымдылықпен айналысу;
  • күнәлардан айрылу үшін дұға ету;
  • аруақтарға арнайы құран оқыту,
  • Аллаға құлшылық ету және баталарға ризашылық білдіру;
  • діни сенімге адалдық таныту;
  • өмірдің мағынасын табуға ұмтылу.

Қызылорда облысының зиярат ету саяхатының өзіндік ерекшеліктері бар. Зиярат ету әулиелер жатқан бейіттердің басында болады. Аталған орындардың инфрақұрылымы да ерекше. Негізгі зиярат ету үшін киелі орындардың болуы шарт. Киелі орындарда мешіт салынған. Арнайы қажылық тазалығы үшін дәрет алатын орындар бар. Зиярат мақсатында келген адамдар экскурсиялық саяхат шолу жасайды немесе қонақүйде түнейді.

Шиелі ауданы Бәйгеқұм аулының шығысында Оқшы ата мазараты орналасқан. Арнайы орынға зиярат ету үшін жерілікті халық жиі келеді және шырақшының айтуынша көршілес ел Ресей мен Өзбекстан және шетел азаматтары да бар. Мазараттың Батыс Қытай Батыс Еуропа дәлізіне жақын орналасуы және Қызылорда қаласына жақын болуы инфрақұрылымының жаңартылуы ұтымды жақтарына жатады.

Киелі орындардың басында жеміс ағаштары өсіріліп, келушілер үшін шағын шұратқа айналдырылған. Арнайы инфрақұрылымында құрбан шалу орны, тамақтану орны, зиярат ету орны, тілек бөлмелері, қонақүй салынған. Зиярат орталығында имам мен шырақшы бар. Құрбандық шалу үшін қонақтарға ыдыс-аяқ, қазан табақ беріледі. Мұнда жерленген адамдардың өмірлері уақыт өткен сайын аңызға айналып, жеті әулиеге деген халықтың құрметі ерекше болып отыр.

Киелі орын Оқшы ата мазаратында Асан ата кесенесі, халық арасында Асанқайғы деген атпен белгілі, Қыш ата, аулие Ғайып ата, аулие Есабыз және Бала би, Досбол би орналасқан. Киелі орындағы мешіт Есабыз атымен аталады.

Шырақшы арнайы келген зиярат етушілерге жол көрсетіп аруақтарға құран бағыштайды. Әулие басында түнейтіндер тәу етіп, тілек тілеп садақа таратады. Әрбір мұсылман дұрыс түсінікте болу үшін әулие жерде түне, Алладан тілек тіле деп ескертеді. Бұл өз кезегінде мұсылман дініне қарама қайшылық түсінік қалыптаспауы үшін жане зиярат етушілердің адаспауы үшін қосымша діни сенімге байланысты мағлұматтар беріледі.

Зиярат орнында Сырдария өзені жақын орналасқан. Келушілер өзен суын ішіп, жанында тынығады.

Зиярат ету мақсаты маңыздылығы ұлттық ерекшеліктірімізді, құндылықтарымызды дәріптеу тарихты түсіну болып табылады.

Зиярат етушілер Оқшы ата кесенесімен (3-сурет), тарихымен аңыз әпсаналарымен танысады. «Өлі риза болма, тірі байымайды» деген мақалда айтылғандай әулиелердің осы заманға дейін жеткен әңгімелерінен олардың өз заманында ерекше көзге түскендігі, Алланың ерекше мейірімімен осы заманға дейін дәріптелуі зиярат етушілерге бір дем береді.

Оқшы ата  Сыр бойы халқы әулие санайтын адам. Шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, ал Оқшы ата – кейіннен елдің берген есімі. Бұл оны Ысқақ бабтың баласы деп танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы түркі тайпаларының арасына ислам дінін таратқан әулие болып шығады. Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Қазір батырдың көне қорымы бар өңір кезінде шаһар болған деседі. Ел ішінде ІХ–Х ғасырлардан бастау алып, ХV–ХVІ ғасырларда белгі қойылған қорымның күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар да аз емес.

Ибрахим (Оқшы Ата) Сыр жағалап жүріп Шиелі мағындағы бір ауылға түнделетіп жетеді. Сол заманда қалмақтың ханы «Көңіл көтерер» деген заң шығарып,  күніне бір қыз бен бір қой  салық салып жүрді. Сонда өзі түнеген үйдің анасы жалғыз қызын қорғау үшін Ибрахимды қалдырады. Дегенмен Ибрахим қыздың анасына көмек керек кезде «Ибрахим» деп үш рет айқайлаңыз, бір кәрәмат болып қалар», деп жүріп кетеді. Арадан бір ай өте қалмақтың шабармандары қызды алып кетеді. Сол кезде анасы үш рет «Ибрахим қайдасың, уәдеңнен шық балам»  деп жылаған. Бұл дауысты Ибрахим естігенде Аллаға сыйынып, арпаның қылтығымен атқан екен. Қалмақ ханы құлап қайтыс болады. Сол күннен бастап Оқшы Ата аталасыз деп Қожа Ахмет Йассауи Әзірет Сұлтан бата берген. Содан Ибрахим «Оқшы ата, Көген түп» аталып кеткен.  Бұл оқиға 1250 жылдары болса керек [2].

Шиеліде Оқшы ата мен Есабыз әулиенің аты қатар аталады. Бір қорымда қатар жатқан екі арысты жұрт бөліп-жармай, бірге атап, бірге құран бағыштайды. Халық арасында таралған әңгімеден Оқшы атаның әулиелігі, көріпкелділігі тарайды.

Оқшы ата кесенесі сазды лаймен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Фундаменті де күйдірілген кірпіштен 0,8м тереңдікте салынған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы 1,1-1,2м. Көпірі 25х25 көлемді күйдірілген кірпіштен салынған. Олардың бүліну себебі лайдың дымқыл сыз тарту себебінен ылғалданған. Шиеліге қарасты Жөлек ауылынан 7 шақырым жерде, теміржол торабында орналасқан. Оқшы Ата 1043 жылы қайтыс болып, қазіргі өз атымен аталатын «Оқшы Ата» мазаратында жерленген [2].

Зиярат  ету  сапарларының дамуы жаңадан пайда болған сұранысқа байланысты. Соңғы кездерде жергілікті басқарушы органдар  туристік дестинацияға қажетті «жұмсақ» инфрақұрылымдарды дамытуға көп көңіл бөлуде. Аталған іс шараларға көрнекі жердердің төлқұжаты яғни, ақпараттық парақтар, жолнұсқалар, арнайы мәдени бағдарламалар, туристік карталар жатады. Өкінішке орай Оқшы ата мазараты туристік орынға жатса да жалпы Қызылорда облысында туристік маршруттар берілген карталар жоқ. Келген қонақтар өз бетінше саяхат жасайтын болса, туристік орындарды өздігімен таба алмайды немесе өз уақыттарын оңтайлы жоспарлай алмайды.

Қазақстанда туризмді дамытудың басымды саясатының бірі ішкі туризмді дамыту. Ішкі туризм бір күндік экскурсиялар мен бірнеше күндік турларға созылады. Қазақстанның оңтүстігі соның ішінде киелі жерлер Түркістан және осы қаламен шектесетін Жаңақорған, Шиелі аудандарында шоғырланған. Оқшы ата мазаратына жиі баратындар Шиелі ауданы тұрғындары, мектеп бітірушілері және облыс тұрғындары. Экскурсиялар ұйымдастыру арқылы өлкетану қазіргі жастарға тарбие беру құралы ретінде де тиімді болып табылады [3]. Туристер көбінесе көктем айларында келеді. Шырақшының тілдесу сәтінде жылдан жылға келушілердің санының артып жатуы рухани жаңғыру, тарихпен танысу болып табылады. Ежелгі қалалардың орналасуы осы шөлді мекеннің шұрайлы жері  болған Сырдария жағалауында орналасқан. Осы киелі аймақтың сырын ашу арқылы жергілікті туризмді дамыту әлі де жалғасын табады.

Әдебиеттер:

  1. Бабкин А.В. Специальные виды туризма. Ростов-на-Дону: Феникс, 2008. – 252 с.
  2. Қожалар сайты Соңғы қаралған уакыты.07/07/2018. http://kozhalar.kz/20162627-ulylardyng-qrpaqtary
  3. Утегенов Ж.М. Процесс воспитания этнической толерантности студентов во внеучебное время // Наука и школа. 2011. №3.

Уайсова Амина, аға оқытушы. Усубалиева С.Дж. г.ғ.к., доцент. Ракымжанова С.С. аға оқытушы.

Қазақ Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық және Әлем Тілдері университеті, Алматы

 

 

 

Ұқсас мақалалар

44 пікір

  1. Қазақстанның мәдени туризмнің дамуына осындай керемет объектілер көбейсе екен деймін. Мақаланың болашақ мамандарға және туристерге беретін пайдасы өте зор!

  2. өте қызықты мақала 👍 Оқшы ата мазараты туралы көп зат білдім. осы мақала арқасында туризм сол маңда жоғарылай түседі деген сенімдемін!

  3. Ишки туризм дамыту туралы жалпы жазылган. Ишки туризм дамуынын тарихмызда калган танымдылык. Биздин Отанымыздын киелы мен сырлы жери.

  4. Өте пайдалы мақала. Қазақстанда туризмді дамытудың басымды саясатының бірі ішкі туризмді дамыту. Болашақта біз Қазақстанның туризмін дамытамыз деген ойдамын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button