Әли Әл-Муртада
Алғашқы Ислам мемлекетінде Пайғамбарымыздан (с.а.у) кейін билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, елге мейірімділік пен жанашырлық таныту, халықты бір-бірінен бөле жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттерінен ойып тұрып орын алды. Отыз жылдық бұл қысқа заман «Хулафа-у-р-Рашидин дәуірі» (әділетті, турашыл халифалар) делінеді. Осы уақыт аралығында мемлекет басқару ісінде Исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Бұл тұлғалардың бәрі текті жерден шыққан. Хазіреті Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді.
«Пайғамбар (с.ғ.у) исламды жаңа уағыздап, мүшіріктерден жапа шеккен кез-дерінде, өзіне төнген қауіп-қатерге, қысымшылықтарға мойымай, Алла Расулына (с.ғ.у.) араша түсіп жауларынан талай рет қорғап қалғандардың бірі Әли (р.а.) болатын. Heгiзгi аты. Әли ибн Әбу Тәліп ибн. Шайба л.а Әбдүл-Мүттәліп ибнХишам ибн Әбди Манап ибн Кұсайи ибн Киләб ибн Мүррә ибн Кағб Лүей әл-Кұрайыши әл-Хашими. Ол – хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ағасы Әбу Тәліптің шаңырағындағы кенже ұл болатын. «Аллаһтың арыстаны» атанған Әли (р.а.) көп балалы отбасында дүниеге көзін ашты. Әкесі Әбу Тәліптің олардың барлығын бірдей асырауға жағдайы келмегендіктен, ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бақытқа толы, нұрлыотбасында өсіп, ержетті. Әлиге (р.а.) тағдыр тамаша сыйын тарту етіп, оны Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз қарауына алды. Ол кезде Әлидiң әлі бес жасар бала кезі. Бұл – баланың нағыз тәрбиеленуге ыңғайлы, қалай бағыт берсең солай жүріп, жақсылыққа, ізгілікке тән нәрселерді бойына суды құмдай ciңipep таза шағы. Тап осындай кезеңде Пайғамбардың нұрлышаңырағында тәрбиеленуі оны қараңғылық дәуірінің жаман індеттерін бойына жұқтырудан аман алып қалды. Мағынасыз пұттарға табынбай, өмipiн тура жолдан жаңылыспай өткізуге себепкер болды. Бұл ол үшін көктен тілегені жерден табылған үлкен бақыт еді.
«Тарихшылардың берген мәліметтеріне қарағанда, баһадүр Әли тоғыз немесе он жасында мұсылман болған. Исламды қабылдауы төмендегі оқиғаға байланысты: Бip күні Әли Пайғамбарымыз (с.а.у.) және Хадиша анамыздың (р.а.) намаз оқығандарын көріп, таңырқай қарап,«бұл не өзі?» деп сұрайды. Ардақты Елші (с.а.у.): «Бұл-Аллаһтың пайғамбарлар арқылы жіберген діні. Ceнi еш ортағы жоқ бip Аллаһқа иман келтіруге, Лат пен Ұзза пұттарына басимеуге шақырамын»,- деп оны Исламды қабылдауға үндеді.
«Бұл жайлы мен әлі ешнәрсе естіген емеспін, мұны жақсы білмеймін. Әкеммен ақылдаспай тұрып ешнәрсе дей алмаймын,-деп Әли ойлануға мұрсат сұрайды. АлайдаПайғамбарымыз (с.а.у.) ол кезде дінді ашық түрде жариялауды бастамағандықтан, мұны басқалардың естігенін қаламай: «Ей, Әли, мұсылман болмасаң да мұны жасырын ұста, ешкімге айтпа, – дейді.
Түні бойы кipпік айқастырмай шыққан оның жүрегі Исламға жылынып, epтeci күні таң атысымен Пайғамбарымызға (с.а.у.) барып:«Кеше мені нені қабылдауға шақырған едіңіз?» дейді Әли толқып. Пайғамбарымыз (с.а.у.):«Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екеніне, құлшылыққа оның ғана лайық екендігіне куәлік ет. Лат пен Ұзза пұттарынан бас тарт. Аллаһқа ешқандай cepiк қоспа! – дейді. Сол сәттен бастап Әли (р.а.) Исламды қабылдады. Ол Хадиша анамыздан кейін Исламды алғаш қабылдаған адам бақытын иеленді. Бала кезінен мұсылмандықты қабылдаған жаужүрек Әли өмірінің соңына дейін Ислам жолында табандылық пен шынайылық, Аллаһқа деген иманының беріктігі мен Расулаллаһқа деген сүйіспеншілігінің асқан үлгісін көрсетті.
Х-ті Әли төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Бұлардың арасындағы Пайғамбарымдың қызы Фатима анамыздың құрсағынан шыққан Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «олар менің дүниеде иіскеп сүйген екі райханым» деген ұлдары Хасан, Хұсейн мен қыздары: Зейнеп,Уммүгүлсім, Фатима,Рухиялар Аллаһ.Елшісінің (с.а.у.) қызы Фатима анамыздың құрсағынан шыққан.
Мүминдердің әмipшici, Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бipi, Пайғам-барымыздың күйеу баласы, Аллаһтың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы ретінде танылған төртінші халифаның ғұмыры дастанға толы. Оның шыншылдығы, батырлығы, Расулаллаһқа (с.а.у.)жақындығы, тақуалығы мен парасаттылығы кейінгі ұрпаққа өнеге. Бойындағы өшпес иманы мен мұқалмас жігері жағынан да сахабалардың арасында орны ерекше. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұмыр кешкен уақытындағы маңызды соғыстарға қатысып, сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті.Расулаллаһ (с.а.у.) дүние салғаннан кейін де x-тi Әли бүкіл ғұмырын Исламды тарату және сақтау жолында жұмсап, кейінгі ұрпақ қызыға қарап, тамсана-таңданар тарих қалдырды.
«Пайғамбарымызға (с.а.у.) алғашқы уахи келгеннен кейін үш жылдан соң Ислам дінін ашық уағыздауға Аллаһтан аят түсті.«Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да, шерік қатушылардан бет бұр» (Хыжыр с.94.а.).Хазіреті Пайғамбарымыз(с.а.у.) Ғабдұлмүтәліптің отбасын, немере ағаларын қонаққа шақырып: «Араптардың ешқайсысы, менің сіздерге көрсеткенімдей қайырымдылық көрсеткен емес. Мен сіздерге екі дүниеде қайырлы іс әкелдім, Мен Аллаһтың жаршысымын, осы жұмысты менімен бірге арқалауға бармысыздар? Бұл сөзді естігенде бәрі үнсіз тарауға ыңғайланғанда, хазіреті Әли: «Менің түсінігім тар, қолым қысқа, жасым да бәріңнен кіші, алайда бұл істе мен сізге тірек боламын, уа, Пайғамбарым!-деді. Отырғандар тегіс күліп, Әбутәліпке бір, оған бір қарасты. Алайда оқиғаның маңыздылығына байланысты оның һижрет eтуін баяндай кетейік. Ол Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижрет еткен түні, Аллаһ Елшісін өлтіруге бел буған тасжүрек мүшіріктерді жаңылыстыру үшін басына төніп тұрған қатерге қарамастан, Оның (с.а.у.) төсегіне жатудан қаймықпады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) x-тi Әлиді қалдыру ceбeбi – Меккедегі кейбір адамдардың аманаттарын қайтарып беру болатын. Бұл-Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қаншалықты сенімді, әpi пайғамбарлық ісінде қаншалықты шынайы болғандығының айғағы. Жаулары Оны (с.а.у.)өлтірудің қамын жасап шарқ ұрса, ол өміріне төнген қатерге қарамастан аманатты иелеріне беруді ойлады.
Хазіреті Әли һижрет еткен кезінде 23 жаста болатын. Бұл адамның келешек өміріне жоспарлар кұрып, өз ғұмырының қызықты, әpi мағыналы өтyi үшін қадам жасайтын бұла шағы. Өмірдің осындай тәтті кезінде мұндай қатерлі icкe бел буу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Арыстан жүрек Әли мұны үлкен қуанышпен қабылдап, Аллаһ Расулы (с.а.у.)үшін жанын беруге әрдайым дайын екенін көрсетті.
Х-ті Әлидің аты аталғанда ең алдымен көз алдымызға оның алып тұлғасы, ержүрек жауынгерлік сипаты келеді. Тәбук шайқасынан басқа Ислам үшін жасалған бүкіл шайқастарда ол аңызға айналарлық ерлік танытты. Тәбук соғысына ол Аллаһ Елшісінің арнайы бұйрығы бойынша қатыспады. Әли тәрізді қас батырға Ислам жолында жасалғансоғысқа қатыспау өтe ауыр тиді .Іші қазандай қайнап, намыс тұла бойын өртеп:«Ей, Аллаһтың Елшісі, мені балашаға мен қатын-қалаштың арасында қалдырып кетесіз бе?-деп сезімін ақтарған Әлиге Пайғамбарымыз (с.а.у.):«Харунның Мұсаға өкілдік еткеніндей, сен де маған өкілдік еткің келмей ме? Өкінішке орай, менен кейін пайғамбар келмейді,-дегеннен кейін ғана көңілі сабасына түсіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) орнына өкіл болып, Мәдинада қалуға көнді.
Кезектегі Ұхұд шайқасында арыстан жүрек Әлидің көрсеткен ерлігі Бәдірдегі ұрыста көрсеткен ерлігінен бip мысқал да кем емес. Бұл шайқаста мүшіріктер әлемге рақым етіп жіберілген Cүйікті Елшіні (с.а.у.) өлтіріп, Оның әкелген дінін жою үшін бар күшін салды. Жүрегі иманға толы, шейіттікті көксеген Әли, Хамза (р.а.) шейіт болған бұл шайқаста, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) екі елі айрылмай оны қорғап, өз денесін Оған (с.а.у.) қалқан eттi.Бұл шайқас жайлы хазіреті Әли былай дейді:«Соғыстың барынша қызған шағында бip сәт Аллаһ Расулын көзден жырақ етіп алдым. Өлгендердің арасынан іздедім, ол жерден таппадым. Сол сәтте өз-өзіме, Ант етейін, Аллаһ Расулы шайқастан қашпайды. Оны өлілердің арасынан да таппадым. Cipә, істеген icтepiмiз үшін Аллаһ наразы болып, Оны өзінің жанына алды. Бұдан кейін мен үшін шайқасудан басқа абзал іс жоқ,-дедім. Сосындұшпанға қарсы ұмтылдым. Олар өздеріне қарсы келе жатқанымды көpiп, абдырап аралары ашыла бастаған кезде, Аллаһ Расулының солардың араларында қалып қойғанын көрдім».Хайбар шайқасында да Әли батырлығымен көзге түсті. Хайбар-Мәдинадан қуғындалған яһудилердің стратегиялық маңызы бар мекені. Яһудилер сол жерде бipiгiп, мұсылмандарға қарсы күш жинауға тырысты. Бұған жол бермеу үшін Аллаһ Расулы (с.а.у.) оларға қарсы қол жинап, Хайбарды қоршауға алады. Хайбар алынбай қоршау ұзаққа созылғанда Аллаһ Расулы:«Ертең туды Аллаһ пен Оның Расулы жақсы көрген, ол да Аллаһ пен Елшісін жақсы көретін араларындағы бip адамға беремін. Аллаһ оның көмегімен жеңіске жеткізеді – деді.
Бұл сөз сахабалардың арасында үлкен толқу тудырды. Бұл ардақты адамның кім болатындығын білуге құштар болып, көпшілігі түні бойы көз ілмеді. Әрине, Аллаһ Расулы (с.а.у.) сүйіншілеген бұл адамның орнында болу әркімнің арман-тілегі ғой. Олар үшін Аллаһ пен оның Расулының ризашылығына ие болу бүкіл салтанатты аяқтарының астына жайып салғаннан да қымбат болатын. Таңның атысын бәpi шыдамсыздана күтті. Көптен күткен сәт те келіп жетті. Аллаһ Расулы (с.а.у.) туды алып келуге әмip бeрдi. Ту әкелінген кезде Ол (с.а.у.) Әлидің қайда екенін сұрады. Сахабалар оның көзінің ауырып жатқандығынан хабар берді. Пайғамбар (с.а.у.) Әлидің көздерін сипап дұға еткенде, Аллаһ шипа бepiп, көздері дерттен айықты. Аллаһ Елшісі оған туды табыстап: «Аллаһ саған жеңіс нәсіп еткенге дейін тоқтамай ұрыс сал, – деді.
Бас айналдырар бақытқа ие болған Әли Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақ туын Хайбар корғанына апарып тіктi. Осы сәтте яһудилердің батыры Мәхраб әскерлерімен сыртқа шығып, мұсылмандарды жекпе-жекке шақырды. Бұған қарсы xaзipeтi Әли шығып, оның басын кеудесінен қалпақтай ұшырды. Мұны көріп қуанған Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қуаныңдар, Хайбардың алынуы жеңілдеді», – деді. Әскерлер қорғанға қарай лап қойды. Қалқанын қолынан түcipiп алған Әли қорғанның темір есіктерінің бipiн жұлып алып, оны қалқан етті. Қақтығыс біткенсоң Әли eciктi жерге тастады. Бipaқ бұл eciктi сегіз адам жабылып көтереалмады. Аллаһтың нәсіп етуімен, жалаңтөс батыр Әлидің көрсеткен ерен ерліктері мен бірнеше күнге созылған қоршаудың нәтижесінде Хайбар алынды.
Ислам тарихындағы аса маңызды шайқастардың бipi – Хәндак шайқасы. Өйткені құрайыштар бұл шайқастан кейін өрескел зұлымдыққа толы шабуылдарын тоқтатуға мәжбүр болды. Мәдинадан шығып Мекке мүшіpiктepiнe қосылған яһудилердің де арандатуымен тұтанған бұл шайқаста мүшіріктер үлкен қол жинап, мұсылмандарды жер бетінен жоюды мақсат тұтты. Салман Фарисидің ұсынысы бойынша мұсылмандар қаланы қоршай ор қазып, өздеріненүш есе көп мүшіріктерге қарсы шайқасты. Бұл шайқаста да жаужүрек Әли үлкен ерлік көрсетті. Ол мүшіріктердің сапындағы арабтардың арасында «мың адамға бедел» деп танылған Амр ибн Әбдууыдпен жекпе-жекке шықты. Исламның азулы дұшпаны Әбдууыд орды қарғып өтiп:«Маған қарсы кімшығады? Сендердің сенімдерің бойынша шейіт болғанның баратын жәннаты кайда? Неге менің қарсыма бipeyді шығармайсындар?-деп мысқылдап,менменсіп айқайлап, атын ойнақтатты. Бұған,Әли шыдамай:«Мен шығайын, ей, Аллаһтың Елшісі»,-дегенде Пайғамбарымыз (с.а.у.):«Оның Амр екенін білмейсің бе?-деді. Х-ті ӘлиАллаһқа және өзіне деген шексіз сеніммен:«Амр болса, болсын»,-деп оған қарсы шығып, өз-өзіне қатты сенген өркөкірек мүшіріктің жанын жәһаннамға жіберді. Ардақты Елші (с.а.у.) Әлиге Зулфиқар қылышын сыйлады. Әли өмірінің соңына дейін осы қылышты жанынан бip елі тастамады.
Аллаһ Расулы (с.а.у.) оған риза еді. Науқастанған кезінде оған сүйеніп мешітке барды, қайтыс болған кезінде де жерлеу icтepiнiң бәрімен тікелей Әли (р.а.) айналысты. Аллаһ Расулы (с.а.у.) бақиға аттанғаннан кейінмұсылмандар х-ті Әбу Бәкірді халифа етіп сайлағанда,оған алғаш қол бepiп, серт еткендердің бipi де Әли болатын. Ол ұдайы Әбу Бәкірге қолдаукерсететін. Әcipece, діннен қайтадан бас тартқан мүртедтердің, зекет бepгici келмегендердің және Мәдинаға шабуыл жасағандардың шығарған бүліктері кезінде үнемі Әбу Бәкірді қолдап, қасынан табылды. Қайтыс болар алдында Әбу Бәкір Сыддық та оған риза еді.
Әбу Бәкір Сыддық орнына Омарды (р.а.) халифа етіп сайлағысы келгенде, «Омардан басқасын қаламаймыз» деп алғаш қолдаған Әли болатын. Ол әділет үлгісі болған Омарға да үнемі қолдау көрсетіп жанынан табылатын, басты кеңесшісі болды және оның қадысы (билік айтушы, төреші) болып тағайындалды. Xaзipeтi Омар оны «Хасанның әкесі арамызда ең жақсы үкім беруші»- деп оның байсалдылығы мен парасаттылығын жоғары бағалайтын.«Осман Зун-нурәйн халифа болып тағайындалғанда, оған бірден қол бepiп мойынсұнды. Осман да үнемі онымен кеңесетін. Xaзipетi Османның үйін бүлікшілер қоршауға алған кезде өзінің ұлдарын халифаның күзетіне қойып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жанын салды.
«Хайдар Әли (р.а.) батырлығымен қоса ықыластылығымен де ерекшеленетін. Не icтеce де Аллаһтың ризалығы үшін істейтін. Ол пендешілік араласқан істенбірден бас тартатын, таңдай қақтыратындай өте тақуа адам болатын. Тақуалыққа байланысты «Тақуаға өте абай болыңдар және оны амалдарыңыздың қабыл етілуі үшін дәнекер етіңдер. Тақуамен жасалған ешбір амал аз болып есептелмейді. Қабыл болған амалдың аздығы бола ма?» дейтін.
Х-ті Әли сахабалардың арасындағы аса білімділерінің бipi еді. Жастайынан Исламды қабылдап, алғаш мұсылман болған адамның бipi ретінде Пайғамбарымыздың ұдайы қасында жүpyi Оның (с.а.у.) кәусар бұлағынан мол сусындауына мүмкіндік берді.Пайғамбарымыз оның ілімінің жоғарылығын:«Мен ілімнің қаласымын, Әлионың қақпасы. Ілім үйренгісі келгендер сол есіктен енсін» деп білдірді.
Әли (р.а.) уахиді хатқа түсіруші, әpi жатқа білушілерден болатын. Аллаһ Расулы дүние салған соң алты ай ішінде оның Құранды түсу кезегіне қарай жинастырғаны білім адамдарына мәлім. Ол Құран ілімдерін жақсы меңгергендердің бipi, бұл жайлы оның өзі былай дейді:«Менен сұраңыздар. Уаллаһи менен сұраған сұрақтарыңыздың бәріне жауап беремін. Менен Аллаһтың кітабы жайында сұраңыздар. Уаллаһи, оның күндіз бе, түнде ме, тауда ма, қырда ма түскенін мен білмейтін eшбip аят жоқ.
Сонымен қатар оның Құран аяттарына жасаған жорамалдары, риуаят еткен хадистері мен хадистерді түciндipyлepi, бұларды қорытып шығарған үкімдері, тәпсир, хадис және фикһ кітаптарында кездеседі. Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.) және басқа да көптеген сахабалардыңxaзipeтi Әлидің іліміне берген әділ бағалары жеткілікті. Мұнан басқа бізге дейін келіп жеткен Әлидіңөз аузынан шыққандығына күмән тудырмайтын ақиқаттардың терең мәнділігі мен ғибраттығы осыған бұлтартпас дәлел бола алады.
«Хайдар-у Кәррәр Әли Ислам үмбетінің бірлігіне аса мән беретін. Бip күні сүннет, бидғат, бірлік, бөлінушілік жайлы сұраған Ибн Кәууәға: «Сүннет-Мұхаммедтің (с.а.у.) жолы. Бидғат – ол сүннеттен айырушы нәрселер. Жамағат-аз болса да, дұрыс адамдардың бipiгyi, бөлінушілік – көп те болса, дұрыс болмаған адамдардың бipiгyi», – деп жауап береді. Ол қара қылды қақ жарар әділеттілігімен де тарихта терең із қалдырды.
Әділдіктің салтанат құруына айрықша мән берген Әли заң алдында мақам-мансабы мен лауазымына қарамастан, бәрінің тең болатындығын өз өмірінде көрсетіп кеткен еді.
Жақсылыққа жаны құмар Хайдар Әли басқаларға қол ұшын бepiп, олардың қажеттілігін қамтамасыз етуден ләззат алып, әр iciн қабақ шытпай, аса сүйіспеншілікпен атқаратын еді. «Менің көмегіммен қажеттілігінің өтелетіндігіне ceнiп, маған келген адамдарға көмектесуденасқан нығмет жоқ. Бip мұсылманның қажетін өтеу – мен үшін жер бетінің бар қазынасынан қымбат» деген де x-тi Әли болатын.
«Жүрегі иман нұрымен нұрланған, алып тұлға Әлидің (р.а.) халифа болып тағайындалуы Ислам тарихының ең күрмеуі көп, күрделі кезеңіне сәйкес келді. X-тi Осман шейіт етілгеннен кейін Ислам үмбеті басшысыз қалып қойды. Жан-жақтан анталаған бүлікшілер өздерініңыңғайына бағындырып, ырқына көн-діріп өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін тез арада халифаның тағайындалуын талап eттi. Халифалықты мойнына алуға ешкім тәуекел жасай алмады. Осы кезде Мәдина халқы бүліктің ұлғайып кетпеуі, мұсылмандардың арасындағы бірлік-тің сақталып қалуы үшін халифалыққа ең лайық деп xaзipeтi Әлиді таңдады, өйткені, ол әpi шypa мәжілісінің мүшесі, әріПайғамбарымыздың (с.а.у.) немере iнici, Исламды алғаш қабылдаған және Ислам дінінің таралуына тең-дессіз үлес қосқан, ұрыстарда жанын аямай шайқасқандардың бipi болатын. Бұған қоса оның дариядай терең білiмi, ақылы мен кең парасаты, өте құнды фикһ білімінмеңгеруі бұл орынға оны ең лайық деп табуға негіз болды. Мәдина халқы жиналып оған халифа болуды ұсынған кезде, ол:
«Сендерді басқаруға құмартып тұрғаным жоқ. Мен үшін басшылықтан кеңесші болған артық. Мен үнемі өздеріңмен біргемін, кімді тағайындасаңдар да мен coған разымын»-деп өзінің ойын білдірді. Бұл кезде бүлікшілер тез арада халифаның сайлануын, егер сайланбаса Әли және Зубәйр icпeттi сахабаларды өлтіретіндіктерін айтып, қысым жасады. Сахабаларға қоса бүкіл халық жиналып, хазіреті Әлиге жағдайдың қиындай түскенін алға тартып, оны халифа етіп тағайындайтындықтарын айтты.
Әли:«Менен аулақ, басқа бipeyдi таңдаңдар. Неге десеңдер, сондай қорқынышты, сондай дүлейлі бip жағдайдамыз. Мұның қилы жақтары мен түрлі астары бар. Бұған eшбip жүрек шыдай алмайды, eшбip ақыл-ой да тосқауыл бола алмайды»,-деп Ислам үмбетінің басына келетін қатерді алдын ала сезіп, жаны құлазыды. Оны тоқтатудың өте қиынға соғатындығын баса айтқанды. Ақыр соңында, Ислам үмбетінің бірлігі үшін бұл қиын міндетті нар Әли өз мойнына алады. Бар ерік-жігерін бүлікті тұншықтырып, бірлікті тірілтуге жанын салып, ақылы мен батырлығын және бай тәжірибесін қолданды. Оның халифалығы кезінде Ислам тарихында кейінгi ұрпақтың әрқашан да қайғымен еске алатын iшкi (Жәмәл, Сыффин) шайқастарын бастан өткізді. Әрине, бұл шайқаста екi жақтыңда өздерінікі дұрыс деп тапқан ұстанымы бар еді. Ол екі қарсы топтың да мақсаты – Ислам бірлiгiн сақтап қалу. Сондықтан да бұл иджтиһадтарына (үкім) байланысты оларды еш кінәләуға біздің құқымыз жоқ.
Ауданбай қажы Ахметжан ұлының Шежіре кітабынан қысқартылып алынды