Ғалымның хаты

Қазақ надан болған жоқ

Ауданбай қажы Ахметжанұлы

Ел болған соң көпшіліктің ішінде ақылдылар да, шешендер де, көсемдер де, терең білімді ғалымдар да, ел қамын ойлайтын, жомарттар да, сөз зергерлері де және қақ-соқпен ісі жоқ, бала-шағасының нәпақасын еңбегімен айырған,  Аллаға құлшылығынан жаңылмайтын қарапайым көпшілік пенделер болады. Тағдырдың жазуы ма? Әлде тәрбиеден кеткен ағаттықтан ба? Әлде нәпсісін тәрбиелей алмағандығынан ба? Осылардың арасында Адами қасиетке жат қылықтармен айналысатындар да кездеседі. Бұл туралы Алланың кәләмі Құран кәрим мен  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүннәлары және даналар  не дейді?  Соған назар аударайық.

Бақара с. 73-а. «Содан кейін оларға: «Сойылған сиырдың бір мүшесімен мәйітті ұрыңдар (сонда өліге жан бітіп, өзін өлтірген қылмыскерді айтып береді», дедік. Міне, Алла өлілерді осылай тірілтеді және ақылға салып ойланар деп, сендерге осындай мұғжизаларын көрсетеді», 75-76-а. «(Уа мүміндер! Алла қанша нығметке бөлесе де сол нығыметтердің,  қадірін біліп, шүкіршілік етпеген ондай қауым) сендерге илана қалады деп үміттенесіңдерме?! Расында олардың бір тобы (яғни дін ғалымдары) Алланың сөзін тыңдайды, оның шынымен Алланың сөзі екенін түсінеді, алайда содан кейін оны (дұрыс мағынасын біліп тұрсада) әдейі бұрмалап (өздерінше тәпсірлеп, қолайларына жағатындай етіп) өзгеріске ұшырататын еді», «Олар, мүміндермен  жолыға қалса: «Бізде иман келтірдік», дейді. Ал өздері оңаша қалғанда: «Бұларың не?! Алланың сендерге білдіргендерін (ақырғы пайғамбардың сипаттарын, ерекшеліктерін) Раббаларыңның алдында өздеріңе қарсы дәлел ретінде қолдансын деп, ел жұртқа жайып жүрсіңдер ме? деседі. Ақылға салып ойланбайсыңдар ма?» Әл-Имран. с.190-а. «Ақыл иелері ғана үгіт алады».  Юнус с.100-а. «Алланың рұхсатынсыз бірде-бір жан иманға келмейді. Ал ақылға салып ойланбайтындарға келсек, Алла оларға (шайтанды айдап салады да) күпірлікпен жазалайды», Жәсия с.5-а. «Сондай-ақ түн мен күннің бір ұзарып, бір қысқарып, алма кезек алмасуында, Алланың аспаннан ризық түсіріп (яғни жауын жаудырып), сол арқалы өлі жерге жан бітіруінде және желдерді мың құбылтып (әр түрлі бағытта һәм сипатта) соқтыруында ақылға салып ойлана білетін қауым үшін көптеген  дәлелдер мен  анық белгілер бар.», Нәжім с. 2-4-а. «Жолдастарың (Мұхаммед (с.ғ.с) адаспады да ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана», «Исра» с. 70-а: «Біз, расында адам баласын ардақты қылып, көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем қылдық». Ибраһим с.1-а. «Әлиф Лам Ра (Уа Мұхаммед!) Бұл-пенделерді Раббаларыңның қалауымен тас  қараңғы түнектерден жарық   нұрға  және Азиз (ең ұлы, шексіз үстемдік иесі), Хамид (мақтауға, мадаққа әбден лайық) Алланың жолына шығаруың үшін өзіңе түсірген кітабіміз», 2-а. (Біз Құранды адамзатты) күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір өзінің иелігіңде болған Алланың жолына (салуың үшін түсірдік). 5-а. «Сондай ақ Біз Мұсаны да «Қауымыңды тас  қараңғы түнектерден жарық нұрға шығар һәм Алланың күндерін естеріне сал» деп, аяттарымызбен, айқын дәлелдерімізбен жіберген едік.», Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үмметімнің екі жаман мінезге ұшырауларынан қатты қорқамын. Бұлар-нәпсіге еру және өлімді ұмытып, дүниенің соңынан қуу» деді. (Хадис шәриф – Бәриқа), Пайғамбар (с.ғ.с): «Көркем мінез, Алланың мінезі. Ал Алланың ұлы мінезі: жұмсақтық, сабыр, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген кінәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар». (Хадисты Тәбәрәни және Кәбир аусатында риуаят еткен), Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мен көркем мінездерді толықтастыру үшін жіберілдім» (Хадисті Мәлик Муаттада риуаят еткен.), Пайғамбар  (с.ғ.с.) :«Әй Алла! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем ет!» деп дұға ететін. (Хадисті Имам Ахмад ибн Ханбәл риуаят етті.)

«Ақылдың орны жүректе, нұры мида»» деген ғалым, саңлақ саһаба Әли (р.а.) ақылмен жүректің байланысын да, жоққа шығаруға болмас.

«Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның, жолдасы шайтан болады» Қожа Ахмет Йассауи.

«Ұлт – биліктегілермен емес, қарапайым тұрғындарымен бағаланады»  Нельсон Мандела.  Сократтық даналығы, Сократ білімдерінің шектеулілігін түсінеді, өйткені ол білетін нәрсені ғана біледі және көп нәрсені білуге ​​ешқандай болжам жасамайды. Сократтың теориясы мен трактаттары ретінде тікелей жазылмағанымен, Платонның жазбаларынан даналыққа қатысты өзінің философиясын түсінеміз. «Апология» сияқты шығармасында Платон  «Сократ даналығының» ең шынайы элементін түсінуге әсер ететін Сократтың өмірі мен сынақтарын сипаттайды:«Біз өзіміздің надандығымыз туралы хабардар болғанымыз сияқты даналығымыз да бар.

Бір ғылыми деректе, Алаш орда партиясының Ұлт кеңесінің, тұңғыш төреағасы Әлихан тегі  неміс В. Радловқа «сіз қазақтың құқықсыз екенін биік орталарда айта жүріңіз» деп қолқа салғанда, онау «Құдай әрбір ұлтқа түрлі тағдыры бұйырады. Сіздер бұған көндігулеріңіз керек» депті. Мұны естіген  Әлекең Радловты көрсе, не кілт бұрылады екен, не ол кіргенде шығып кетеді екен. Бұл не? Бұл-принцип. Бұл «ғалым бүйтіп айтпайды, сенің қасыңда отыру-ұлтымды қадірлемегендік» деген қарсылық. Шіркін бәріміз ұлтымызды Әлекеңше қадірлесек, халықтың бір-біріне деген сыйластығы, Алладан өзіне  не тілесе бауырларына  да соны тілейтін мейрімділік сезімдері тереңірек оянып,  ара қатынастары жақсарар ма еді?

Бірақ біздің зиялы қауым  санатында  жүрген азаматтар, өмірден өткен тұлғалар туралы бісімілләсін: «Қараңғы, надан  сорлы жұртын, маужыраған ұйқысынан оятқан, жарық сәулені көрсеткен, жаппай сауатсыздықты жою үшін қызмет еткен деп бастайды. Осынша қорлауға халқымыз нендей күнәсімен ылайық болды  деген ойымның ұшығына жетсем деген ниетпен  зияалы қауым деп жүрген баспасөз қызметкерінің түсінігін білейін деген ниетпен сөйлессем, «Сіз не білесіз, оны Абай  мен Сұлтанмахмұттар «қараңғы, надан, сауатсыз» деп айтқан соң бұл сөздер пайдаланылады, деген жауап алдым. Мен, Сұлтанмахмұт  пен Абайлар  Алла да Пайғамбарда  емес, пенде ғой  сондықтан олардың сөздерінің мағынасын зерттеп зерделеп пайдаланған дұрыс шығар деген уәжімді тыңдамады. Менде пендемін ғой түсінігім қате шығар деген оймен қараңғылық, сауатсыздық, надандық сөздері пайдаланылған Алланың кәләмі аяттарды, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерін Абай мен Сұлтанмахмұттан да басқа ақын жазушылармен ойшылдардың айтқандарын тауып мағынасын іздедім. Солардан қарапайым халыққы қатыстысын көре алмадым. Абай хакимнің Әкесі марқұм (жатқан жері жайлы болсын) Құнанбайдың амалдары мен айтқан сөздерінде, қаншама қарама қайшылық болса да, ақыл иесі ғой, оның мына сөзі: «Ел ішіндегі ағайын араздық, тасадан тас ату, мүйіздеп жарға итеру, жығылмаса аяқтан шалу қарапайым халықтан емес, бақталастық билік пен мансапқа қызығатын атқамінер, ел мықтыларынан шығып жүр емес пе?» дегенде,  надандық сөзін пайдалану аясының тікелей кімге қатысты екенін ашық айтып тұр ғай. Атап-атап айтылғалған топтың  басында Құнекең, өзі тұрса да  кімге қатысты екенін  ол тап басып, тура айтқан жоқ па? Мұндай даналық Құнанбайға ғана тән қасиет. Даналыққа, әділдік өз деңгейінде  әсер ете алмағанда немесе дана әділдікті сақтай алмай,  нәпсінің жетегінде  кеткен жағдайда дананың  ортасына тигізетін зияны Құнекекеңнің өмір жолынан көрініс тапқан ғой деген ойға келеді.

Тарих , исламға дейінгі араб қоғамын да, көп құдайға, пұттарға табыну, қызды тірідей жерге көму, араққұмарлық белең алған заманды «қараңғылық дәуірі»  атаған. Небары 23 жыл ішінде Ислам діні, оны уағыздаушы Пайғамбар  (с.ғ.с.) қараңғылықта болған араб қоғамы мен бүкіл дүние  жүзінде өмір сүретін адамзаттың үштен бірін, яғни бір жарым миллиард пендені қараңғылықтан  шығарып нұрға бөледі.

Жоғарыдағы аяттар мен хадистерден және озық ойшылдардың сөздерінен, Алла тағаланың адамнан  басқа жаратылысқа бермеген ақыл мен әділдікке ерекше орын бергенін түсінеміз. Ақыл туралы қысқаша түсінік.

Адамның басқа жаратылыстан ардақты, әлдеқайда үстем болуы ондағы, басқа жаратылыста жоқ, ақыл мен әділет.

Ғалымдар ақылды-ойды:пайым және парасат деңгеінде қарастырған. Пайым ақылдың тәбиғи күші, ол әрбір адамға тән. Парасат ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті деген Ақыл-ойдың дамуының ең жоғарғы дәрежесі-даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл).

Бір білікті адам: «Ақылға барлығы да мұқтаж. Және ақылдың да тәжірибеге мұқтаждығы бар. Ақылдан қымбат байлық жоқ, надандықтан жаман кедейлік болмас. Адам неғұрлым білімді болса, оған соншалықты ақыл қажет. Ақылы шамалы ғалым, бір табын малды жаяу баққан әлсіз малшы сияқты», депті. Адам үшін жан иелерінің бәрінде бар, мінездің маңызы өте жоғары. Мінездің негізі: білім, ашу және шауһат-құмарлық күштері мен, үшеуінің арсында тұратын әділдік күші.

Гарвард университеті заң факультетінің кіре берісіне Қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 135 аяты жазылған, тақтайша ілініп қойылған. Бұл аятта әділдіктің ең үздік түрі сипатталған: «Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар;  бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Нәпсіге еріп, әділдіктен ауытқымаңдар. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші». Әділеттілік біреудің әрекетін, әділ адамның әрекеттерімен салыстыру. Бірақ   әділдік түсінігі әр дәуірде әртүрлі.»

Шариғат ғылымының білгірі, Имам Ғазалидің   өмірдегі кейбір маңызды амалдардың тәртібі туралы  еңбегін еске алуды қажет шығар дедім.

Әділдік күші, ашу шауһат-құмарлық, білім күштерін ақылмен шариғат шеңбері аясында ұстауды білдіреді. Әділдік, ақылдың шешімін орындататын тұлға деп таныса болады.

Білім күшінің қасиеті, ақ пен қараны, халал мен харамды, жақсы мен жаманды ажырата білуімен өлшенеді.

Ашу күшінің игілігі, ашу-ызаны ақыл мен тежеу және басқара білуінде. Ашу күшінің әділ болуынан батырлық қасиеті туады. Мөлшерінен асуы, ашушаңдыққа әкеліп, ашу қысқан сәтте, естен айрып, қалмысқа: жазықсыз адам өлтіруге, қинауға, зорлауға себепкер. Төмендеуі қорқақтыққа әкеледі.

Шауһат-құмарлық күштерінің көркемдігі ақыл мен шариғат шеңберінің аясынан асып кетпеуі мен танылады. Ол тежелмесе: тойымсыздық, ашкөздік, харам жолмен табыс табуға жетелейді. Барлық жаратылыстың екі шеті болатыны сыяқты, ақылдың да, мінездің де, әділдіктен басқасында жоғарғы төменгі дәңгейлері бар. Әділдік ұғымында орта шамадан асу немесе төмен түсіу қасиеті жоқ. Әділдік қасиеті көбеймейді не азаймайды. Әділдікткке қарама-қарсы  зұлымдық. Егер әділдік қасиеті орта деңгейден жоғары не төмендеп кетсе, онда іштарлық, ашкөздік, немқұрайдылық, әзілқойлық, жағымпаздық қызғаншақтық мінездері бой көтереді. Имам Ғазалидің бұл жерде әділдікке байланысты екі пікір айтыуы, имам Ғазалидің қатесі деп түсінбей, Әділеттіліктің келешек үшін жасалғаны, түсінбеген пендеге зұлымдық болуып көрінетін кездері де болады. Сондықтан әділеттілік түсінігінің кейбір ауқымы тар амалдарда бір деңгейі болса, ауқымы зор, келешекте кездесетін үлкен зұлымдықтың алдын алу мақсатында орындалған амал сол шақта зұлымдық ұғымына апаратын кездері болады. Мысалы: «Мұса (а.с)  Қызырға (а.с.) кездесіп: «Сізге дарытылған даналықтардан мағанда үйретуіңіз үшін (сізге) ерейін бе?» деді. Қызыр (а.с.): «Менімен бірге болуға шыдай алмайсың. Өзің ішкі сырын толық білмейтін істерді көргенде қалай сабыр ете алар екенсің?» Мұса (а.с.): «Алла қаласа менің ұстамды екенімді байқарсыз. Бұйрығыңызға, әсте қарсы келмеймін» деді. Қызыр (а.с.): «Маған еремін десең, (алда кезіккен) істер хақында мен саған түсіндірмейінше ешнәрсе сұрама!» деді. Сонымен екеуі жолға шықты да, бір кемеге мінді. (Қызыр) кемені тесті. Мұса: «Кемедегілер суға кетсін деп тестің бе? Сен расында, шатақ істедің» деді. Қызыр: «Менімен бірге  жүруге шыдай алмайсың демеп пе едім!» деді. Мұса (а.с.): «Айтқаныңызды ұмытқаным үшін айыпқа бұйырмағайсыз. Маған қолайсыз қиындық тудыра көрмеңіз!» деді. Екеуі тағы да жол тартты. Жолда бір балаға кездесіп еді, (Қызыр) оны өлтірді. Жазықсыз бір жанды өлтіргеніңз қалай? Расында, сұмдық іс істедіңіз» деді Мұса. «Менімен бірге жүрсең шыдай алмайсың деп саған айтпап па едім?» деді (Қызыр). Мұса: «Мұнан былай тағы бірдеңе туралы сұрар болсам, мені жолдас етпей ақ қойыңыз. (Уәдеге үш рет қайшы келгендігім үшін) әрине, маған айтарыңызды айтып болдыңыз» деді. Екеуі тағы да жол тартып бір қыстаққа келді де, ондағы тұрғындардан тамақ сұрады. Қыстақтағылар оларға қонақасы беруден бас тартты. Екеуі қыстақта құлағалы тұрған бір үйді көріп, оны жөндеп қайта тұрғызды. (Мұса Қызырға): Егер қаласаңыз бұл еңбегіңізге ақы алар едіңіз» деді. (Қызыр) айтты: «Екеуіміздің айрылатын жеріміз міне осы, сен сабыр ете алмаған (қайта-қайта сұраған) істердің сырын енді айтып берейін. Әлгі кемеге келсек, ол теңізде кәсіп істейтін кедейлердікі еді. Оны (тесіп) ақаулы етіп қойдым, себебі сол маңда жарамды кемелерді тартып алатын бір патша бар еді. (Бүлінген кемені алмайды). Ал (өлтірілген) баланың әке-шешесі мұсылман еді, ол бала (ержеткенде оңбаған кәпір болтындықтан) әке-шешесін теріс іске, күпірлікке мәжбүрлейді деп қауыптендік. Сондықтан, Раббамыздан оларға одан гөрі пәк, қайрымды бір перзент нәсіп етуін тіледік. Ал үй жөніне келсек, ол сол қыстақтағы екі жетім баланікі еді. Оның астында екеуіне тиесілі (көмулі) қазна бар. Олардың әке-шешелері, түзу жақсы кісілер болғандықтан, Раббың екі  жетім  ержеткен соң (үй астындағы) қазынаны қазып алуын қалады. Міне, бұл Раббының оларға деген  рақымы. Мен бұл істерді өздігімнен істемедім.( Алланың маған берген аяны  еді). Сен сабыр ете алмаған (қайта-қайта сұраған) істердің мән жайы осылай. Кәһф с. 66-82 а.  Алла елшісі (с.ғ.с.) хадисінде «екі жүзді адамның үш белгісі бар:  сәйлегенде өтірік айтады; уәде берсе, орндамайды; аманатқа қияанат жасайды» делінген.

Карл Маркс пен Фридрих Энгельс  дүние жүзінде коммунизм орнату идиясын ұсынса, Ленин мен Сталин оны  іске асыруға амал жасады. Алайда бұлардың түпкі мақсаттары халықтың жағдайын жақсарту болғанымен, оны іске асыруда қателіктер орын алғандықтан, бұл бастаманы, өзінің атақ-абыройын көксегендер ғасырға жетпейтін уақытта құлатты. Бұндай мақсат екі ғасыр бұрын Париж қаласында «париж комунасы» атымен айлап қана өмір сүріп құлаған болатын. Кәзіргі заманда бәрлық жағынан дамыған және халқының әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымының даму дәрежесін дүниежүзі бойынша жоғары деңгейге жеткізген АҚШ алпауыттары, өздерін демократия жолын ұстанушы және оның  шарттарын қатаң сақтайтын мемлекет ретінде, кәзіргі таңда халықты ұшпаққа жеткізудің бірден бір жолы осы жол деп түсініп, оны ақылмен, оған көнбегендерді бопсалау мен тіпті, оғанда көнбегендеріне күш қолданып дүнежүзіне таратуды   мақсат  қылып  іске асыруда. Және абырой-атаққа да, осы арқалы жетеміз деген де  ниетіе   шығар. Алайда,   ойды  іске асырғанда оның  орындалысы ойлағандай бола бермейді.

Мысалы Ирак мемлекетіндегі болған жағдайды еске түсірейік. Сарапшылар  Ирак патшасы, Саддам Хусейін, отыз жыл мемлекет басқарғанда, 140 адамның өмірін қиып (жазықты жазықсызын Алла біледі), елене тыныштық, мамыра жай заман орнығуға себепші болды деп пайымдаса. Әлемде демекратиялық қоғам орнатуды   өмірлік ұстанымы санаған және бүкіл  адам баласының алдындағы парызы деп түсінген АҚШ. Ирактың патшасын диктатор (жеке билеуші), жауыз деп танып аттырып, демократия орнатқаннан кейін, мемлекет ішінде тиыштық орнамай, теке тірестен күн сайын жүздеген адам шығыны, халықтың жағдайының төмендеуі әліде жалғасуда. Саддам Хусейін отыз жыл мемлекет басқарғанда 140 адамның ажалына себепші болса, одан кейінгі 6-7 жыл ішінде Америка  қарулы күштерінің көмегімен,  мемлекет ішіндегі тынышсыздықтан ондаған мың адамның төгілген қаны мен милиондаған адамның шеккен зардабына бүгінгі таңда еш кім жауап беретінге ұқсамайды. Бүгінгі кіннің көш басшысы АҚШ.  мен оны қолдаушы «даналары»  адамның санасына сіңірген  бір жақты «адам құқығы», «демократия», «сөз бостандығы» деген жартылай түсінікті алға тартып, жеке адамның көпшілік алдындағы міндетін жоққа шығаруымен, пендені адамдық қасиеттен аздырып, хаюандыққа апарама дейсін. Жүгенсіз демократия, адамзаттың алдынан қазылған жасырын ор. Көңлі соқырларлар түсе беретін қақпан. Миллиондаған адамның сенімі мен сезімімен санаспай, ойына келгенін айтып, қолынан келгенінше келемеждеп, асыл ойлы адамзаттың бетке шығарлары мойындаған, Алланың құлы әрі елшісі, адам түгілі пайғамбарлардан  ерекше жаратылған, екі дүние сардары Пағамбарымыздың (с.ғ.с.) атына неше түрлі сөзбен лас құйып, жағымсыз суреттер салып, елмен елді араздастырып, дінаралық араздық тудырып, халықты бірімен бірін жауластырып, террорға итермелеуі қандай адами қасиетпен жарасады. Бұдан алатын үлгі, Аяттың, хадистің, озық ойлы ғалымдардың еңбектерінің бетінде жүзбей, шама жеткенгше терең түсініп, асыл ойдың негізгіне бойлау.

Ақыл орта шегінен асса, айлакерлікке, алдау мен арбауға көшеді. Ал оған немқұрайды қарау, ақылсыздықа әкеледі. Бұдан сақтанудің жолы, ақылды, тәрбиелі біліммен тұрақты толықтыру. Білімнің, тәрбиелілігі алдымен кішіпейіл, жақсылыққа да, жаманшылыққа да жақсылықпен жауап беретіндей сабырлы, білгенін бауырына көркем мінезбен жеткізтіндей дәрежеде болуы. Асқан ойшыл Әл Фараби: «Тәрбиесіз білім умен тең» деген. Тәрбиесіз білім иесі, нәпсісіне еріп, пайдасы жолында, адамгершілікті жоғалтып, басқаға зиянын тигізеді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) «Ізгілік деген көркем мінез-құлық. Ал күнә-дүниеңді мазалаған әрі ел-жұрт білмесін деген ісің», Мінездің орта дәрежесі «Көркем мінез» деген.

Пайғамбар (с.ғ.с.) мінезі жөнінде: Құранның Қалам с. 4. а. «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесін» деген. Пайғамбар (с.ғ.с.) көркем мінез жайында сұраған адамға, «Кешірім жолын ұстан, жақсылықты әмір ет» деп,  Ағраф с. 199 а. оқығаннан кейін: «Көркем мінез, қатынасты үзген адам мен байланысты орнату, сенен қызғанып бермеген адамға, сенің беруің және саған зұлымдық қылған адамға кешірімді болу» деп. Екінші біреудің: «Ей, Алланың елшісі! (с.ғ.с.) Дін дегеніміз не?» деп, екі рет сұрғында екі ретінде де «Көркем мінез» деп жауап берген. Әлгі, артына өтіп, үшінші рет «Ей Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Дін дегеніміз не?» деп сұрағанда, «Сен түсінбейсін бе? Сенің ашуға берілмеуің» деген.

Пайғамбар (с.ғ.с.) «Мен көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін келдім», «Адамды жаннатқа жетелейтін, оның көркем мінезі, ал тілі, тозаққа апарады» деп, көркем мінездің адам өміріндегі ерекше орнын, жұмаққа жол, көркем мінез арқалы екенін білдірген. «Айша анамыз (р.а) «Алла елшісінің (с.ғ.с.) мінезі-Құран еді» дегенінен, қасиетті Құран кәримнің аяттары және Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистері ең көркем тәрбиеші екенін білеміз.

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) «Көркем мінез үш қасиетпен келеді: харамнан аулақ болу, халалды талап қылу және отбасына кең пейілді болу» деп түсіндірген.

Нәпсіде: ішіп-жеу, ұйқтау, қызғану-көре алмаушылық, қызығушылық, паңдық және зина сезімдері бар. Осы амалдарды тәрбиелеу жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Алланың елшісі (с.ғ.с.) хадистері және ойшылдардың түсініктемелерін саралайық.

Халқымыздың салауатты дәстүрінің бірі, өмірмен қатар жүретін ажал жеткен адамға жыл болғанда арты қайырлы болды жаманшылық қайталанбады деп Аллаға шүкіршілік етіп, ол дүниелік болған туғанына Алладан жақсылық тілесін ниетімен шама-шарқына қарай жамағат жинап ас беру-жылын беру салты. Абырой-атақтан, байлықтан,  ақыл-парасаттан, Құнанбай бедел жиып, мысын асыру психологиясын да жақсы меңгерген пенде. Өскенбайдың асы тұсындағы мінезінен  бұл анық байқалған. Асты қорытылауға кешігіп шығып, себебін былай түсіндіріпті: «Уа, халайық, үш жүздің жақсылары мен жайсаңдары! Мен әкеме ас бергенде оның шарапаты әкеме тие ме, тимей ме, оны бір Алла біледі. Мен сендерді осында жинағанда үш жүздің басын қосып, бірін-бірі білсін, көрсін, таныссын деп шақырдым. Бітпей жүрген дауы, қайтарылмай жүрген кегі болса кездесіп, жүз көрісіп келіссін, бітіссін дедім. Іштерің де көсем де бар, шешен де бар. Солардың ұлағатты сөздерін естіп, сабағат алсын, тіршіліктегі жасап жүрген қарекет-кәсіптерін білсін, бірінен-бірі үйреніп, қажет болса мұқтаждасып, сауда-саттық орнатып, қарым-қатынас жасасын дедім. Қазақ бауырмал халық. Бірақ барға қанағаттанбай, жоққа берекелеспей, сынықтан сылтау іздеп, дау көбейтіп, жақыннан жаулық іздеп жікке бөлініп, өз берекемізді өзіміз алып жүр емеспіз бе. «Балық басынан бұзылады» дейді. Ел ішіндегі ағайын араздық, тасадан тас ату, мүйіздеп жарға итеру, жығылмаса аяқтан шалу қарапайым халықтан емес, бақталастық билік пен мансапқа қызығатын атқамінер ел мықтыларынан шығып жүр емес пе. Мен сендерді біраз бөгегенім құнанбайлығым ұстағандықтан емес, мен отырсам, әңгіме берілген астың төңірегінде қалып қояр, өздерімен-өздері болып келелі кеңес құрсын, ақылды сөз, әділ төрелік, тындырымды болжам айтып, ел жақсылары бір тоқтамға келсін дедім, деген. Жиылған жұрт оның сөзін қабыл алып, асығыстық жасап, қызбалыққа салынғандары өз қателігін түсініп, Құнекеңнің асқан болжампаздығы, ақыл-парасатына   тәнті болып тарқаған екен. Түйіліп барып ашылып кеткен бұлт сияқты жұртты сескендіріп барып, жүзін жылытып, ақылымен сес көрсеткен. Әрине, мұндай мінез көрсету үшін де ірілік қажет. Құнанбай осы қасиетін астың соңында  танытқан. Құнанбайдың, әділдік жағындағы қарапайы халыққа жақпайтын әділетсіздігінің көрінісі ретінде, оның өмірінің бәрін қазбаламай астың үстінде жасаған екі әділетсіздін еске алдым.  Ат бәйгісінде бәйгі, анық бірінші келген атқа берілмей, Құнанбай, «бірінші бәйгі Алшынбайдың  атынікі» деген соң Алшынбайдың атына берілуі болса, екінші әділетсіздік  Құнанбай, әкесіне ас бергенде,  туған інісі Май­басар Бөжейдің найман  нағашысының бір айғыр үйір жылқысын ұрлатып алғызып, асқа сойғызып жіберіпті. Бөжей біліп, малын қайтар десе, Майбасар шала тыңдайды. Осыдан реніш туады. Мәмбетей жағы асты аруақ шақырып бәйгіден  келген атымыздың бағын байлады деп өрекпіді. Ақыры елден бұрын асқа тіккен үйін жығып, кетерде Қарақан деген жігіті, Құнекең жатқан үйдің маңдайшасын ұрып тұрып: «Құнанбай, сен құла аттың бағын қайырсаң, сенің бағыңды құдай қайырсын!  дегенде.  Ол, айылын да жиған жоқ.

Әрине, Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол – өз дәуірінің, феодалдық өз тобының бел баласы. Ісі мен мінезінде заманының талай айқын таңбасы бар. Мысалы, Құнанбайда да алым, түсім аз болмаған. Осының бір мысалына оның, төрт атадан қосылатын ағайыны үзеңгілес сыйласы Сүйіндіктің бір сөзі куәлік етеді. Сүйіндік ауылы бір жылы жау түсіріп, сол жаудан олжаға бір жақсы қара ат алады. Қара аттың соғыста шекесіне сойыл тиіп, басы жарық боп біткен екен. Осы атқа   Құнанбай қызығып, Сүйіндіктен сауғаға сол атты сұрапты. Сүйіндік, Құнанбайға, бір айғыр үйір қысырағын сойып алған Бостан ауылына шағымданса, Бостаннан бір айғыр алған Құнанбай шағымды қарамай  дауды  созған соң, қара атты Сүйіндік, Құнанбайға   жөнелтіп жатып:

Айыбында қара аттың басы жарық,

Өзім семіз болғанмен көңілім арық.

Бостанның қорасына қонар едім,

Құнанбай қор қылмаса айғыр алып, – деп бір ауыз өлең айтқан.

Сол заманның шындығы ретінде Құнанбайдың аталары жөнінде айтылған бір  ауыз өлең сөзді де еске алдым:

Мойны басы былқылдап,

Ырғызбай жүрді араға.

Кеңгірбай толды параға

Тігілгей еді қараңа

Құнекеңді мақтап, кейін келеңсіз амалын еске алғаным, нәпсімен жаратылған адамзаттың әулиелер мен тақуаларынан басқасы күнәдан сүттей ақ болуы өте  сирек. Құнанбай сыяқты ақылы орта шегінен асқан тұлғаның айлакерлікке, алдау мен арбауға көшіуі, нәпсінің жетегіне еруі өте өкінішті. Осы жерде «Нәпсімді ақтамаймын, расында жамандыққа бұйырады», деген  Юсуф суресінің,  53 аяты. еске оралады.

Қауым болып өмір сүру,  жанды жаратылысқа тән қасиет. Қауымды құрайтын мүшелерінің жеке мүдделерімен қоса қауымның барлық мүшелеріне қатысты да мүделері болады. Міне  көпшіліктің мүдделерін жамағат атынан шешетін басқарушы орындар құрылады. Бұл топқа мемлекет  басшысынан  бастап, оның төменгі орындардың барлық қызметкерлері және оларға бағынышты мекемелерде  де қызмет атқаратындардың   бәрі кіреді. Халықтың хал-ахуалы, осы мекемелердің қызметкерлерінің  адалдығы мен әділдігіне, солардың ұстанған саясатына, біліктілігіне   байланысты. Халық  атынан сөйлеушілер мен мемлекеттік бақылау орындарының дерегіне сүйенсек, парасыз, мемлекет көлемінде  ешбір амал іске аспайды. Пара жайлаған елдің   сорақысы, ел тұрғындарының, әділеттік бар деген сенімін  жоғалтуына, шындық, әділеттілік бар сөзіне иланбақ түгілі естігісі де келмеуіне,  болашақа  сенісіздікпен қарауға әкеледі. Міне Абай мен Шәкәрім өмір сүрген заманда басшылар  тарапынан жасалған заңсыздықтар   кәзіргіден артық болмаса кем деуге ауыз бармайды  Осының салдары,  ел арасында  адамгершіліке жат амалдардың таралуына    себеп болған. Халық арасына терең  жайылған  адами қасиетке жат қылықтан қарапайым халықты қорғаудың қаруы ретінде олар сынды пайдаланды. Айтылған ойдың дәлелі ретінде Құран аяттары мен Пайғамбар  (с.ғ.с.) хадисінда,  бұл туралы не делінген. «Надан», «қараңғы» , «сауатсыз» сөздерін Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмут, М.Дулатұлы Ғ. Қараш  және Әлиханнан басқалардың   пайдаланғаны кездесе  қоймады, аталған ақындардың  және Әлиханның  өлеңдері мен сөздерінің  мазмұнын саралайық.

Алланың кәләмі құран аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистері және  даналар бұл амалдар туралы не дейді?

Ағраф, с.199-а. «Ондай Надандардан  сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма (надан мен надан  болма).  Мағынасы: Оларға бөгеліп қалма, яғни олардың істегендеріне көңіл аударма. Надан наданша әрекет етеді. Сен олардай емессің. Олай болса, олардың саған жасаған әрекеті секілді оларға сен де дәл ондай әрекет жасама. Сен биязылық иесісің. Сыпайы, жұмсақ мінезді жансың делінсе.

Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі:«Амандықтан бастамаған кісіні табалдырықтан аттатпаңдар.»   (Қ.М.Д.б. 114-Б. 942)  Түсінігі: Алла елшісі (с.ғ.с.) Надан адамды тәрбиелеу үшін деген. «Күнәлар-надандық ісінен, күнә жасаған кісі, Аллаға серік қоспаса, кәпір болмайды.» (Сахих Әл-Бухари)

Бір парсы кемеңгерінен: «Адамның ақылдылығы неден?»  деп сұрайды. Кемеңгер: «Ақылды адамда, оны ақылды етіп көрсететін жеті белгі бар: Ол-өзіне зәбір берген адамның күнәсін кешіре біледі. Өзінен жағдайы төмен адамға жақсылық жасап, өзінен жоғары адамға кішіпейілдік білдіріп, әр кезде Раббысын еске алып (зікір етіп) жүреді. Ол-анық біліп тұрса ғана айтады және сөзі пайдалы болуы үшін ол сөзді қай уақытта айтуы керек екенін жақсы біледі. Егер бір қиындыққа тап болса, көмекті Алла тағаладан сұрайды.

Сондай-ақ, надан адамның да жеті белгісі бар: Адамдарға тұрпайылық (қатігездік) танытып, оларды ренжітіп жүреді. Өзінен жағдайы төмендерге қысым көрсетіп, билік иелері мен әмірлердің алдында менмендік танытады. Сөйлегенде білмей сөйлеп, айтуға тиісті кезде үнсіз қалады. Қиындыққа тап келсе шыдай алмай өзін құртуға дейін барады. Қайырымдылық істерден теріс айналады», деп түсіндірген

Әріп танып оқи алмаған адамды сауатсыз деп атайды.

Сауатсыз еді хақ расул

Мектеп медрессе көрмеген.

Оқи, жаза  білмеген.

Не хиқмет сыр айтқан. (мәуліт дастаны )

Абай жолы 4-т. 217-б. «Абай үшін, кепілдік төлеп түрмеден шығуына себепші болған қыз Салтанат Семейде болғанда,  ол да Семейде болғандықтан оны Салтанаттан қызғанған Әйгерімнің ренішін тарқата алмаған  Абай: «Өзге көп қатын алған, надан, топас, қиянаткер, ерлердің мінезінен нем артық» деп ойша қиналғаны келтірілген.

Абай хакимнің надандық туралы  сөздері:

Үшінші  сөз: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады. Әрбір қайратсыз, қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз надан келеді, әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Жетінші сөз: Хайуан  білмейді, білемін деп таласпайды. Түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды  білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей. Күре тамрымызды  адырайтып кетеміз. Хаким Абай надан адам дегенде, мәдениетсіздерді,  салт- дәстүрді,  жақсылығын ел мойындаған парасатты жамағатпен бірге болғанда өзін қалай ұстауды білмей жөнді-жөнсіз сөзге   араласатын,   сөз таластыратын жүгенсіздерге қаратып айтқан.

Жиырма бірінші сөз: «Үлкендік-адам ішінен өзін өзі бағалап есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші,өтірікші, алдамшы, кеселді-осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез-ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем  деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі: «демесін» демейді», «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгілі, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтар, үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол-надан, ләкин (бірақ) надан болсада адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол наданның наданы ләкин өзі адам емес.

Жиырма үшінші сөз: Оған Құдай Тағала айтып па? Пәленшеден тәур болсаң болды деп? Жаманға салысып жақсы болама? Жақсыға салысып жақсы болады-дағы.

Жиырма   бесінші сөз: Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен көңлін алсам екен деген надан  әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурынан бір қаққанға  сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к…і ашылсада қам жемейді.

Жиырма  алтынші сөз: Қазақтың аты озса, балуан жықса, салған құсы алса, қосқан  иті аң алса, есі шығып қуанады. осыларға қуанарлық не бар. келесі жолы басқаның да басына келед. Басқаны ыза қылғанға ма? Ал ана ыза болушы неге жер болып қалады екен. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады. Қуанғаннан есі шығып, не істеп , не қойғанын білмейді. Мұның бәрі-надандық ақымақтықтың әсері.

Отыз алтыншы сөз: « Кімнің ұяты жоқ болса оның  иманы  жоқ деген. «Ұят кімде болса, иман сонда» мақал. Олай болғанда, білмек керек. Бір ұяат бар-надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұяалған сыяқт. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болсада надандықтан керістендіріп шешілмегендік қылып, ұяалмас нәрседен ұяалатын мұндай ұят шын ұялу-ақымақтық, жамандық».

Отыз жетінші сөз: «Хикмет сөздерді өзімшіл наданға айтқанда, көңілдің уанғана да болады, өшкені де болады.

Отыз сегізінші сөз: «Өзіне ерекшелік бермек, адамды бұзатын іс. Әрбір наданның біз тәрихатқа (діни ағым, дін жолы.) кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенімен бір болады. Аллаға иман келтіріп, жүрегіңмен шын сеніп, оның сипаттарына өз пығылыңды ұқастыруды мақсат қыл. Алла тағалаға ұксай алам ба? деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе. Күллі адаам баласын қор қылатын уш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық. Надандық-білім-ғылымының жоқтығы, дүниеден  ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Абай хаким бұл жерде білім ғылымның жоқтығы дегенде қолында байлығы , билігі барлардың  бала шағасын, жақын жуығын, ауыл молдасынан алған білімінен әрі қарай қаржы жұмсап оқатпағанын сынаған.  Құнанбай маңайынан басқа  ауқатты тобықтылардың ешқайсы ұрпағына  жоғарғы оқу орындарында, шет елдерде  білім алмақ түгіл  медірессе дәрежесінде білім беруге амал жасамағанына көңлі қалып,  қатты айтқаны. Және де білімсіздік дегеніміз құдайға құлшылықтың негізгі шартарын, арам мен адалды айырмау, ең бастысы халқымыздың салт дәстүрін, әдет ғұрпын білмеу дегенге саяды. Немесе үлкенді сыйламау, кішіге мейрісіздік. Орынсыз жерде сөзге араласу, өзінен білімі жоғары адаммен сөз таластыру. Әдепсіздік. Анайылық. Сөз мәдениетінің жетімсіздігі. Нақтылы сұрақты немесе бір ғылымның салаын білмеу емес. Науан хазірет: бірді біліп-бірді білмесе молла шығар, бәрін білетін Алла шығар деп пенденің білетінінен білмейтінінің көптігін меңзеген.

Иман-ғибадатпен (табыну)  нұрланады. Аллаға   ғибадатын, жүрдім-бардым құлықсыз орындайтындар туралы. Егер надандар  ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, оны қылып жүрседе, иманының күңгіртенуі не  сөну хаупі де бар деген..

Қырық бірінші сөз: «Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылмен, не жерлеп, не сырлап айтқанменен еш нәрсеге көндіру мүмкін емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен біткен надандық әлдеқашана адамшылықтан кетірген. Бұлар сыңар езіу,өз дегені болмаса   басқаның дұрыс айтқанына көнбейтін бір беттіге қатысты.

Қырық үшінші сөз: «Құдай тағала ақыл бермеген соң қайтейік?» демек, «Құдай тағала сенімен мені бірдей жаратыппа? демек- Құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл ойсыз-өнерсіз надан адамның ісі». Ақылы төмен еш нәрсенің парығын ойламайтындар.

Тұрсынбек Кәкішев-Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері: Египетке сапары естелігінде: «Әсіресе ол орналасқан Африка құрлығы евроцентірлік насихаттың салдарынан надандық жайлаған, мәдениеті төмен халықтар деп жазы. Европоцентри́зм – европаны, оның  халықтарының артықшылығын  насиқаттау. Тұрсекең жазғандай, Европо центри́змнің әсері тек қана Египетте надандық  жайылауына әкелген жоқ, надандықты бүкіл дүние жүзіне жайды.  19 ғасырда Франсияда, мәдениеттегі  «натурализм» атты қозғалыс бой көтеріп  мәдениет майданындағылардың бәріне  жуығы мұны қолдап, бүкіл болмысымен тыр жалаңаш еркек әйелдің суретін неше түрлі  бейнеде салып мүсіндерін көпшілік орындарда орналастыру қызу қолға алынды. Әдебиет маңайындағалар, некедегілердің  өз жарларынан басқалармен жыныстық қатынаста да болғанын   майын тамыза ашық жазығандардың   еңбегі  жоғары бағаланып, классик мәртебесіне  көтерілді. Бұны Жаяу Мұса романын оқысаңыз менімен келіесіз. Бұл, ұятсыздыққа,  жалаңаш, әуретін   жаппай жүруге, тәнің сұлу болса оны көрсетуден  несіне қамсына, жақсы көрмек  үшінге әкелді. Сорақысы ұяат сөзін пайдалануға ұялатын жағдайға  жеткізді.

Шәкәрім:  Бесімде оқу білсін деп,

Ата-анам берді сабаққа.

Надандыққа болды сеп,

Надандықтан жиреніп, жылысалық. (35-б.)

Қақпай ешкім қабаққа. (8-б)

Өзімшіл надандықтан көзі ашылып,

Аңғарар адал жолға жақындарын. (17-б)

Ой да жоқ, ұятта жоқ, күнде аңдысып

Жүргенмен жағаласып не таба алдық? (34-б.)

«Қашқан жаудан құтылар» деген  қане.

Надандар төрт аяақты малға ұқсайды

Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды. (36-б)

Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы

Мін болмайды наданның қорламағы.

Білімділер сөгерлік ісің болсы,

Жоғалта бер айласын, ойла-дағы. (65-б.

«Менің де көп жаралы жүрегім бар

Надандықтан қираған сүйегім бар.

Күндемей шын міндесең, ризамын,

«Қайта жастар сөйтсін» деп тілегім бар. (66-б)

Хош енді көп наданның тілін алдық,

Бірімізге біріміз пәле салдық.

Қайдағы ақылы жоқ наданды

Ойлаған  тілегіне жеткізер. (113-б.)

Жүрегі таза адамдар,

 

Зұлымдықтан амандар.

Қиянатсыз надандар

Әулиеден кем емес! (159-б)

Надандардың сөгуі айып емес,

Мен ешкімге байлаулы зайып емес. (177-б)

Солармен кірісіп сөзге,

Жоғарғы ой-мақсатым өзге

Түсіп сәуле соқыр көзге

Ауыр тұман ашылуы-ай!

Ол ойға көп керек тармақ

Әр тілден словарь алмақ.

Сынап нағызын алмақ.

Наданға болмады-ау оңай!

Сол ойда бес жыл жаздым,

Арыдым шаршадым аздым.

Инемен көп құдық қаздым,

Сырым, ойым, жайым сондай. (195-б.)

Сыртын біліп, сырынан қабарсыз боп,

Надандықпен айтамыз осыны біз. (199-б.)

Ұждандыны мақтайды тамам адам,

Мейлі ғалым болса да, мейлі надан.

Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып

Ақ жолында өледі бірталай жан. (202-б).

Үйретсем иман адамға

Әлімге мейлі наданға.

Қолы жұйрік, көзі өткір,

Көңлі соқыр наданғы. (235-б.)

Бір басымның қамы ғой деп,

Қамданып ем жан үшін.

Көп халақтың хақысын жеп,

Көп наданды жылатып. (245-б.)

Жар көрмеген надандар

Жарың кім деп күледі.

(Шәкәрім бұл жерде жар сөзін ақылдың баламасы ретінде пайдаланып, оны-ақылды құлай сүйіп, зор маңыз берген.)

Оқыған ойсыз адамдар,

Жансыз өмір сүреді. (246-б)

Өсімдік жаны нашар боп,

Олардан жәндік және өскен

Жәндіктен адам жарлған.

Ауысыз  қорек жегізген

(ұрықтың жатырдағы қорегі)

Туғызып түзеп өсірген

Өзіңді өзім дегізген

Тіршілік сөйтіп таралған. (228-б)

Менің жарым қыз емес

Хақиқаттың шын нұры.

Оны сезер сіз емес,

Көзге таса бұл сыры. (238-б.)

Өнері жоқ, ғылым жоқ,

Партия қуған көп надан.

Адам улап, жеген б…-

Іші айуан, сырты-адам.

Жуаннан туған ірімін,

Көп наданның бірімін.

Жарадан аққан іріңмен,

Жұтыпын менде шараптан. (338-б.)

 

Сұлтанмахмут Торыайғыров:

Қараңғы, қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күнболам!
Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

.                           Анау қырда татар тұр,

Басқалармен қатар тұр.

Мынау ойда қазақ тұр,

Қастарында азап тұр.

Ұйқысы көп, ояу аз

Бұл не деген ғажап тұр?

Бұл ұйқысын ашпаса,

Надандықтан қашпаса,

Басқаларға мазақ тұр.

 надандық туралы  ойымды білдірдірген сыяқтымын.

Өлеңдегі қараңғылық, ұйқысы көп деген- не?

Ақын,  Алла ерекше қасиет-дарын берген   жаратылыс.

Құран  кәримнің ақындар  туралы Шуғара с.

224-а.  « Ал шайырларға  келсек, олардың соңана тек тура жолдан тайып, бетімен кеткен азғындар ғана  ереді.

225-а. Олардың сезімге беріліп, (бірде жақсылықты жырласа, бірде  жамандықтыжырлап, бірде мақтау, бірде даттау жаудырып)  сай-салада, бет-бетімен лағып   жүргенін  көрмеймісін.

226-а.  Сондай-ақ олар өздері істемейтін істерді сөз қылады.

227-а.   Тек иман келтіріп, сол иман негізінде игі істер істейтін, Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететін және қиянат-зұлымдық көргенде, есесін жібермейтін ақындардың жөні бөлек (яғни, дін дұшпандары өзіне, (дініне пайғамбарға немесе діндес бауырларына тіл тигізгенде, қарап қалмайтын от ауызды, орақ тілді, жүрегінің  түгі бар ақындардың жөні бөлек). Ал (шайтан мен нәпсінің жетегінде кетіп) өздеріне һәм өздгелерге зұлымдық қылғандар (және адасқан ақындар) болса, өздерінің ақырының не боларын, әрі қандай төңкерісті бастан кешіретіндіктерін әлі-ақ біледі.

Қараңғылық сөзін, Ә. Бөкейхан мен  Сұлтанмахмут пайдаланыған. Әлихан : «Алаштың баласы аман қалама жоқ па. Болжап болмайды. Қорқамын жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы боламын деп, тонын айналдырып, жұрт тілегін өзінің соқыр тиынына айырбастағанынан». Ақыл иесі, данлық дәрежесіне көтерілген Әлихан, жалпы халықтың білім деңгейінің пайым дәрежесінде екенін ескеріп, өзінің азды-көпті білгенін өз пайдасына пайдаланатын нәпсінің жетегіндегілердің халыққа тигізетін зәбірін қорғаудың айласын таба алмағанына қорыққан. Ал Сұлтанмахмут білімінің  жетімсіздігінен  ауыз толтырып айтқан  шығар.

Ұйқысы көп ояуы аз, бұл  ұйқысын ашпаса  ұранын түсіну үшін, Алаш жетекшілерінің  1913жылы 2 ақпанда шығарған    «Қазақ» газетінің мақсаты  жөнінде, Мұқтар Әуезов: «ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытта»  шықты деген. Немесе Алаштықтар халықты жанды қарсылыққа (көтеріліске) үндеу ме деймін.

«Әлихан, «қазақ елі, ақылы кірмеген жас бала сыяқты. Құшақтап сүйіп отырсаң, төсіңе сиіп жібереді» дей отырып,      пәк халықты мемлекет басшының шешіміне қарсы болуын неге қалады, деген сұрақ мазалайды.

Әлихан, қыр баласы үлгі алыңдар! Данияда кәператип пен ел шаруасы» мақаласында Данияда кәператипке  біріккен шаруалардың да, кәператиптің де жағдайларының тәуілігін жазып, оған қалай қол жеткізу жолдарын талдамауы  да түсініксіз. Әлихан, АҚШ, Жапония, Германия, Англия, Дания,  Аустралия елдерінің   озық тәжірибесін басшылыққа ала отырып Алаш-Қазақ елін 20-25 жылда әлем төріне жеткізу жоспарын. 10-15 жыл газеттің бас редакторы бола тұра білгендерін газетте неге жайыряламаған. Жоғарғы орындардға ұсыныспен неге шықпады деген сыяқты ой мазалайды. Егер ондай құжаттар болсы бүгінгі жарялылық заманда   бірі болмаса бірі назарымызға ілінер еді.

Пайғамбар, Ибраһим (а.с.): «Әкешім! Естімейтін, көрмейтін, сондай-ақ өзіңізге ешбір пайдасы жоқ нәрсеге неге табынасыз? Әкешім! Расында, сізге келмеген ілім маған келді. Ендеше маған ілесіп, мен жүрген жолмен жүріңіз. Мен сізді тура жолға салайын».  Ибраһим: (а.с.) әкесін «сіз қараңғылықта қалып, жол таппай адасқан жансыз» деп кінәламайды. Қайта Хақ тағаладан өзіне тура жол келгенін айтып жұмсақ тілмен жеткізеді. Әрі әкесін тура жолға түсіңіз деп қыстамайды. Мен әкелген тура жолыма кіргеніңіз мен үшін де, сіз үшін де пайдалы.  «Әкешім! Пұттарға табынудың кесірінен Хақ тағаланың азабына ұшырайсыз ба деп әрі шайтанға болысатыныңызды ойлап жүрегім сыздап қатты қайғырамын. Егер де сізге азап келетін болса, онда мәңгі тозақта қалғаныңыз. Өйткені Алланың қас дұшпанымен дос болу Алла тағаламен мәңгілік қас болғанмен тең» деп жылы сөзбен жеткізеді.

«Ибраһим» суресі. 1-аят Уа, Мұхаммад! Бұл пенделердің қауымын тас қараңға түнектен жарық нұрға және Азиз (ең ұлы, шексіз үстемдік иесі) Хамид (мақтауға, мадаққа әбден лайық) Алланың жолына шығаруың үшін түсірген кітәбіміз. 5-аятта. Сондай –ақ. Біз Мұсаны  «Қауымыңды тас қараңғы түнектен жарық нұрға шығар һам Алланың күндерін естеріне сал» деп, аяттарымызбен, айқын дәлелдерімізбен жіберген едік.» делінген. Бұл жерде қараңғылық сөзі тек қана пенденің  сеніміне байланысты қолданылған. Пайғамбарлар; Ибраһим  (а.с.) әкесі пұтқа, ал Мұса (а.с.) қауымы бұзауға табынғанан   қараңғы қауым аталған.

Сауатсыз  деп, әріпті оқып жаза білмейтіндерді  атайды.

Сауатсыз еді хақ расул

Мектеп медрессе көрмеген.

Оқи, жаза  білмеген.

Не хиқметсыр айтқан!. (мәуліт поемасы 26-б.)

Сегізінші ғасырда исламды қабылдап руно әрібінен араб әрпіне көшсек, жыйырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары, араб әрпінен латын әрпіне көшу деген   атпен латын әрпіне көштік.  Қырқыншы жалы «ликвидатция неграмотности» немесе «сауатсыздықты жою» атымен елді дүрліктірген кирилицаға көшу іске асырылды. Міне  осыдан кейін қазаққа сауатсыз аты тұрақты орнықты. Халықтың жазу-сызу сауаттылығы сөз болғанда кеңес үкіметінің қарамағында болған, халықның саны жағынан аса үлкен емес, Арменя және Грузия, балтық жағалауы республикаларының    өз жазу үлгілерін сақтап қалған табандығына ырза боламын. Неге екенін қайдам, біз алды артымызды  ойламай  «мақау деседе, сақау деседе, сауатсыз  аталып, артымыз  ашылғанына да қарамай орыстың артынан ере бергенімізге таң қалам. Сауатсыздықты жою науқанын,  мемлекет басқарғандардың қатты қолға алғаны соншалық, түске дейін бір әріп оқып, жазып үйренген  оқушыларға, түстен кейін, ата-анасына үйрету  тапсырылды. Бұның сыртында қарттарды    жұмыс     аяғынан  кейін   оқытты. Бұның артында   санамызға  хат танмайтын сауатсыз ұғымын сіңіріп,  мәңгүртке, (ойлау  қабылетінен ада) айналдыру саясаты тұрғанын ескермедік. Осының аяғы   халқымызды  сауатсыз, надан, қараңғы деп атауға  әкелді. Зиалы қауымның өкілі ғой деп, баспасөз башыларына, шырақтарым өмірінде хат танымаған заманы болмаған, ислам дінін қабылдап нұрға бөленген, салт дәстүріміз, құран аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінен бастау алған  халқымызды баспа сөзде неге қараңғы, сауатсыз, надан атайсыдар дегеніме Абай надан, Сұлтанмахмұт қараңғы дегендіктен деген жауап алған соң, пендемін ғой Абай хаким мен  Сұлтанмахмұт тың ойларын дұрыс түсінбей жүрген шығармын деген ойға келіп надан, қараңғы, сауатсыз сөздеріні қандай мағынада айтылғандарын және кімдердің айтқандарын іздеп зерделедім. Надан сөзін көп қалданған Абай мен Шәкәрім  болса Қараңғы сөзін, Әлихан мен Сұлтанмахмұт тағы бірлі жарым ақындар пайдаланған екен. Солардың бәрін хатқа түсірп арқайсын  ақылым жеткенше талдағанымда аталған халқымыздың атын қорлайтын сөздердің оған қатысы жоқтығын, бұл сөз барлық жағдайда жекелеген пенделердің іс әрекетін қатысты екеніне көз жеткіздім.

Интернет пайдаланушыны оқырман «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деген  өлеңдегі  қараңғы сөзін надандық деп түсіндім. Яғни, С.Торайғыровтың  айтқысы келгені надандықты жеңіп ақылды боламын дегені.Тек ақылды болуға ұмтыламын деп тұр.  Менің бойымды надандық баспайды деген. Тек ақылдылық үшін көкке өрлеймін.  Ол надандықты  өлеңде   қараңғы   сөзі мен алмастырған. Қараңғы   сөзінің баламасы-надандық  деп түсінуіме, өлеңнің  келесі жолдары себепші дейді.

Әнфал. с. 65-а.  «Уа, ардақты Пайғамбар! Мүміндерді (Алла жолында, хақ мақсатта, елді Алланың хақ жолынан қақпалайтын бүлікшіл, бұзақы кәпірлерге қарсы) соғысуға құлшындыр. Егер араларыңда табанды да жігерлі жирма кісі болса, (тең ұрыста) екі жүз адамды жеңіп кетеді. Ал егер дәл  сондай жүз кісі болса, күпірлікте қасарысқан мың адамды еңсереді. Өйткені ол кәпірлер-еш нәрсенің мәнісіне бойлай алмайтын ойдан да, сезімнен де жұрдай қараңғы тобыр» Қараңғы тобыр деп көп құдайға, бұтқа табынғандар аталған

Ғұмар Қараш:

Сопысып надан жүргені

Қанахаға (партия) кіргені.

Құлаш жарым тас тізіп,

Мойнына орап ілгені.

Шартын білмей қолданып,

Шатасып әбден бүлгені.

Риязат шегіп ұйықтамай,

Карамат түрлі көргені.

Хлуетте зікір айтам деп,

Тірілей көрге кіргені.

Мұның бәрін ойласам,

Надандықтың келгені.

Деген Ғұмар Қараш, кім  қандай ақын екенінен хабарым жоқ. «Сопысып надан жүргені» сөйлемімен, адам өзінің де жан дүниесін өзі де түсіне бермейтін шақтары болады. Осыған  орай басқаның ішкі дүниесін таразылау пендеге  тән қасиет емес. Оның «Қылуетте зікір айтам деп, тірілей көрге  кірген. Мұның бәрін ойласам, Надандықтың келгені» Деген өлеңін  оқып отырып пілге үрген жәндіктің ісін елестеттім. Қожа Ахмет Иасауи бүкіл  дүне жүзіне «Аллаға  ғибадаттың, адамгершілік қасеттің символы ретінде танылған дана ұстаз  хакимді, наданға  теңеуі пендені жақсылыққа үндеу емес өзі айтқан надандыққа бастау. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сақаба, Усамаға: «Сен оны «Лә иләһә иллаллаһ» деген соң өлтірдің бе?» деді. Ол: «Ол өлімнен құтылу үшін сөйлеген» дегенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сен оның жүрегін ашып көрдің  бе?»  деп ұрсады. Мен адамдармен «Лә иләһә иллаллаһ» дегенге дейін соғысуға әмір етілдім. Олар осы сөзді айтқан соң менен жандары мен малдарын құтқарған болады. Олардың ішкі  есептері Аллаһқа қалады» дегенін еске алсақ басқаның өзіне ғана тән ішкі сырына үңіліп ол туралы пікір айту  қасиет бермейтін амал.

М.Дулатұлының «Мудәррис әпендіге жазған бір мәтбуім»   өлеңінде:

«Таңдағы тәңірден» деп біздің қазақ,

Жетті ғой түбімізге сол ғафилат.

Қараңғы бір сарайда қамаудамыз,

Есігін кім ашады, бұл жаһалат?

Деп адамзаттың Алладан жақсылық тілеп келешекте тек қана жақсылықтан  үміттегі дін бауырларын  ширатып  еңбекке шақыру  ниеті деп түсінген ләзім.

Заманға қарай моллалар наданырақ

Көбі қара қазақтан жаманырақ.
Білер білмес оқумен молла болып
Орынсыз сөзге ұмтылып көбі ұрыншақ.

Деумен   медрессе бітірген ұстаздардың жоққа тәндігінен, ауыл молдасынан білім алған, молдалардың   білім денгейін мәдениетін, дүние танымының төмендігін тілге тиек еткен.  Надан  молланың  халыққа  қатысы жоқ.  Жалпы ақын жазушы жұрты, «Сын түзелмей мін түзелмейді» мақалын басшылыққа алып мақтағанын зор, даттағанын қор етуге жақын жандар. Бұл  үшін, ақын жазушыларды жазғыру қателік болар, өйткені олар халықтың көзімен құлағы ғой. Ел билігіндегі жақсы-жайсаңдардың біліп-білмей жіберген  кемшіліктеріне олардың көздерін жеткізіп, халықты да хабардар қылушылар болғандықтан асып кетпесе оларға да кінә тағуға болмайды. Қалай десекте негізгі ұраны «Халық үшін» деп ұран көтерген мемлекет басындағылардың халыққа қастандық ұйымдастырды деген ұғым ақылға сыймайды.  Репрессия жылдары соттағандар Тәжіктерде бір адам, Түріктерде үш адам, өзбектерде жетіадам, қазақтарда қырық бірмың адам болуы, Ақын М. Жұмабаевтың кеңес үкіметінде болған жақсы өзгерістер, білімге  баулу, елдің ден саулығын сақтауға бағытталған істер жөнінде бір жол болса да қалам тартпауы алаштықтардың билік басындағылардың бүкіл іс амалына қарсылық білдірген түсінікке жетелейді. Халық пен билік бірлесіп амал жасамаған жерде береке болады деп күту ақымақтық Сөз соңын «Ей, мүминдер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар, Пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы әрі жақсы нәтижелі болмақ»,- делінеді («Ниса» сүресі, 59-аят). «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бой ұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны» (Бухари) деген аят,   хадспен аяқтаймын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button