Сегіз серінің шығармалары және Сегіз сері кітабымен танысқаннан кейін туындаған ойлар
Ауданбай қажы Ахметжанұлы (1938 жыл 1 қаңтар-2022 жыл 20 тамыз)
Сол секілді ұлықтарға, билеушілерге қарсылығын ол өзінің «Қашқын келбеті» өлеңінде де ашық айтады. Ол Кіші жүзді бетке алып келе жатып қол жиып, біраз уақыт өзі туып өскен өңірді басып өтетін Есіл өзенінің тоғайына тоқтайды. Отаршылдардың жазалау отрядтары тоғайды сүзіп, мұнда да маза бермеген соң, Есілдің жағасынан аттанарда, өзенмен қоштасып «Көк Есіл» атты термесін шығарады. Көк иірім Есілім,
Жағаңда аяқ көсілдім.
Шомылмақ болып суыңа.
Балқашыңда 2 шешіндім.
Көрген соң зұлымдардың алапатын,
Ұлықтың тартып міндім тұлпар атын.
Жетім-жесір, момынды қорғау үшін,
Жұмсалды бойымдағы күш-қайратым.
Болған соң қырсық шалған заманымыз,
Қалайша босқа езіліп жүре аламыз.
Жем болып ел қанағыш залымдарға,
Қашанғы қорлығына көне аламыз?!
Осыдан кейін Сегіз сері ел ішінде бүліншілік жасаған жазалау отрядының іс-әрекетіне ашықтан-ашық қарсы шығады. Екі жақты қанауға жер-судың, қоныстың ел үшін тарылуына шыдамаған, өз халқына жаны ашыған Сегіз сері Батыс Сібірдегі патша әкімдеріне қарсы қол жинауға дайындалады.
Оны Сегіз серінің мына бір өлең жолынан айқын көреміз.
Болсам да өз елімде жүйрік-жорға,
Еріксіз жорықшылдық түстім жолға.
Патшаға қызмет етпей кете бардым,
Тұрса да бар мүмкіндік біздің қолда.
Сөйтіп, Сегіз сері мен Нияз сері ел-жұртының көмегімен патша әкімінің құрығына ілінбей, аман құтылып кетеді. Енді жазалау отрядының әскерлері түрліше амал-айла қолданып керей елінде қол жинап жүрген Сегіз серіні ұстауға аттанады. Өзіне шын қиын жағдай туғанын, қауіп-қатер төнгенін сезген ол қасына батыр досы мадияр керей Нияз серіні ертіп өзін ұстауға келген жазалау отрядының қоршауынан сытылып шығып, Кіші жүз еліне батысқа қарай сапар шегеді.Ол турасында ақын өзінің бір өлеңінде былай дейді: Астымда қос тұлпарым арымады,
Жендеттер бізді қуып жарымады.
Осы жерде қызметке бармадың деп, үкімет орындағылардың жазықсыз адамды жазғыруы да ақылға қонымсыз. Бұл жерде жасырған бір себеп бар сияқты және қашып жүру мен қол жинау екі түрлі түсінік – қашып жүрген адам қол жинай ала ма?! Ел арасында оған керуен тонауға араласты деген күдікпен іс қозғалғаны айтылатын. Рас-өтірігін Алла біледі.
Батыр-әнші бұл ауылдан аттанып, шектінің қабақ тайпасының атақты батырлары – Көтібар Берсенұлы мен оның немере інісі Арыстан Тіленұлын іздеп шығады. Арада бірнеше күн жол жүріп, үлкен Борсық құмын жағалай өтіп, Шалқар көлінің теріскейін мекен етуші Көтібар ауылына келеді. Сегізді ауыл адамдары жақсы қарсы алып, Көтібардың он екі қанат ақ ордасына әкеліп түсіреді. Сегіз сері келіп, қарт батырға қол қусырып, сәлем береді. Көтібар жас мейманның сәлемін құп алады. Бірден-ақ, өзінің суырып салма жыршылығын паш етіп жиналған елді қайран қалдырады. Содан соң сабасына түсіп, біраз ойланып, толғанып қызынып алған Сегіз сері «Қыз Жібек» қиссасын әрі қарай жалғастырып шырқап кетеді.
Қой жылы салдық құрып шығып елден,
Шашардың бойындағы елге келгем.
Елдері Кіші жүздің шекті, табын
Ниязбен екеумізді құрметтеген.
Бұл кезде атақты батырдың үйінде жағалбайлы Жанқасқа би қонақ болып жатыр екен. Үй иесі келген екі жолаушыдан жөн сұрайды. Сегіз сері өзінің қай ел, қай жерден екенін, сал-серілік құрып жүрген ақын екенін айтады. Содан кейін Шекті елінің көсемі жаңа келген жас қонаққа «ақын болсаң өлең айт» деп өтінеді. Сегіз қарт батырдың алдында ән салып, өлең, терме, қисса-дастандар айтып, күй тартып осы үйді, бүкіл ауылды шаттыққа бөлейді. Үй иесі жиналған ел-жұртқа келген қонақтың үш жүзге аты шыққан, әйгілі Толыбай сыншының ұрпағы жас ақын Сегіз сері екенін айтып таныстырады. Көтібар батырдың ордасына адам сыймай кетеді.Үй иесі сыртқа, көкшалғынға текемет жайдырып, кілем төсетіп ақынды ортаға алып, қонақтың тамаша жырларын енді далада отырып тыңдайды.
Сегіз сері,1835 жылы 23 мартта кіріп, 1836 жылдың 23 мартында шыққан – қой жылы. Омбыдан шығып, 1834 жылы не 1833 жылы қайтқан Көтібарға қалай сәлем береді? Жас қонақтың ақындығын сынау үшін бе, әлде өнеріне көңілі толғандығы ма, сол топтың ішінде отырған меймандармен бірге Көтібар, Жанқасқа, Арыстандар бұған Төлеген-Жібек, Сансызбай оқиғасын, Айман-Шолпан хикаясын әңгімелеп береді де, Сегіз сері осы аңыз әңгімелерді қиссаға айналдырып, әнмен жырлап шығуын өтінеді. Әңгімені байыппен тыңдап алған зерек жігіт:
Мен келдім шекті – табын арасына,
Көтібар, Арыстандай данасына.
Жырлайын Айман-Шолпан, Қыз -Жібекті.
Қазақтың даңқым шықсын даласына, – деп, болашақ дастанның кіріспесін бастай жөнеледі. Бірден-ақ өзінің суырып салма жыршылығын паш етіп, жиналған елді қайран қалдырады. Содан соң сабасына түсіп, біраз ойланып-толғанып қызынып алған Сегіз сері «Қыз Жібек» қиссасын әрі қарай жалғастырып шырқап кетеді.
Шашардың бойындағы елге келгем.
Елдері Кіші жүздің Шекті – Табын,
Ниязбен екеумізді құрметтеген.
Жасынан жақсы атадан үлгі көрген.
Сегіз Сері осылай деп, «Қыз Жібек» жырын ұзақ жырлап, аяқтап шығады. Бұл үзінді осы жырдың бас жағындағы кіріспесі ғана. «Қыз Жібек» жырының қазақта тарихи шындыққа, шежіреге негізделіп жырланған бірден-бір дұрыс нұсқасы, осы біз сөз етіп отырған Сегіз сері варианты екені дау туғызбаса керек. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерді, ертегіні жырға айналдырып, тарихи шежірені негізге ала отырып жырлау және оған ән шығарып, әнмен айту тек осы Сегіз сері сияқты жан-жақты бесаспап таланттың ғана қолынан келеді. «Қыз Жібек» оқиғасының Сегіз серіге дейін жыр болғанын білмейміз. Ол бұрын 1807 жылы Қазан қаласында қара сөз, аңыз-әңгіме түріндегі басылып шыққан. Бұл интернеттен табылмады.
Қыз Жібек жырын жырлауды сұраушылар, әр жерде әртүрлі. Бірде Көтібар, Арыстандар, бірде – Жағалбайлы Жанқасқа.
Сегіз сері мен Нияз сері қастарында Шынияз ақын бар, ерген көп қолымен Қалдыбай Қосаяқұлының аулындағы патша абақтысынан қашып келген Исатай, Махамбет көтерілісінің мыңбасы, атақты сарбаз Үбі Уса ұлына іздеп барыпты. Сегіз сері өзінен жеті жас үлкен Үбі батырға өлеңмен сәлем береді:
Ассалаумағалайкум, Үбі сабаз,
Келдің бе аман-есен жігіт шаһыбаз!
Оралдың асу-асу белін басып,
Дәм – тұзы елдің тартып, ей, өнерпаз.
Үбі, аман келдің бе, көздің нұры!
Көп қол оның қасында ойға-қырға барса да еріп жүреді. Оларды кім тамақтандырады, қайда тұратындары түсініксіз. Абақтыдан қашып келген адамның, соңында жүздеген қосшыларымен қарсы алатындай жағдай қайдан келеді.
Жүсіп Баласұғын
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық – бір, екіншісі – сараңдық,
Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі – өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,
деген үзіндімен ғұлама, адам бойындағы адамгершілік, асыл қасиеттерден аздырып, азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастырған. Ғұламаның он ғасыр бұрын айтқан бұл ойын, хакім Абай: Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
деп өрнектеген. Абай өмір сүрген заманда ғылым қазіргі заман денгейіне көтерілмеген. Хат-хабарды жаяулап-жалпылып жеткізген кезде Жүсіп Баласағұнның еңбегін білмек түгілі атын да естімеген заман еді. Енді Абайды Жүсіп Баласағұннан сөз ұрлады деп жазғырамыз ба? Бұл ғұламалардың ой- түйсінігінің жалғастығы десе болмас па? Адам санасы жоғарғы белгісіз жақтан басқарылады деген филасофиялық ойды 1920 жылы Француз ойшылы айтып, кейін 1960 жылдары сананың жоғарыдан басқарылатынын жүйке сырқаты саласының білгілікті мамандары мойындағанын ескерсек, ақындардың бір-біріне ұқсас оқиғаларды сөз жүзінде мағынасы бір, әр түрлі сөзбен айшықтауын ұрлық демей ұқсастық деп түсінген ләзім шығар.
Заманның заңғар ақыны және жетік білімді ойшылы Олжас Сүлейменовтың «Бір кітап жазу үшін мың кітап оқуың керек. Егер бір кітап оқып, бір кітап жазсаң ұрлығың білініп қалады» дегені өте даналықпен айтылған. Табиғатта болатын оқиғалар: күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуы, өсімдіктердің көктемде өсіп, жаз бойы толысып-жетіліп, пісіп, күзде қурауы, жанды заттардың өте әлсіз, кішкентай, ақыл-ессіз дүние есігін ашып, өсуі, ақыл-есінің жетіліп, осы дүниеде өмір сүруге бейімделуі, уақыт өте қартайып, әлсіреуі секілді, пенденің басынан өтетін оқиғалар да бір-біріне ұқсап, қайталанады, тек оқиғаның болған заманы және орындаушылар мен олардың пайдаланған қару-жарақтары ғана өзгереді.
Адамның басынан өтетін оқиғалар да осыған ұқсас. Батырлардың соғысатын жауларының аттары, ұлты, заманның ағымына сәйкес қолданатын айласы мен амалында азды-көпті өзгерістері болмаса, соғыс бір сарынды оқиға. Сондай пенденің жеке басынан өтетін бір-біріне ұнауы – сүйіспеншілігі де, егіз баладай ұқсас. Айырмашылығы – орындаушының, тегіне, тәрбиесіне, білімі мен мәдениетіне, тәрбие алған ортасына, күш-қайратына, ең бастысы, ақылы мен парасатына және байлығына қарай қолданатын амалы мен ортаның, заманның ағымына қарай шешімінің әділдігіне байланысты. Көреалмаушылық, бірнеше адамның бір адамға ғашық болуы, қызғаныш, бақталасты жолынан аластау секілді. Ғашықтық дегеніміз екінің бірінің басынан өтетін құбылыс. Бұны, парасатты пенде бейбіт, келісіммен шешсе, өзінің батылдығы және байлығына мастанғандар, өзгеден артықпын деген пиғылмен күш қолдануды қалайды. Өмірде жиі кездесетін ғашықтық оқиғасын, бірінен бірін ерекшелеп көптің санасына хаким Абай айтқандай:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,
Дегеніндей, сөз гауһарымен жеткізе беруге бүкіл жазушы мен ақынның білім дәрежесі де, сөз байлығы да жете бермейді. Сондықтан, бұлардың бәрі сөз ұрлайды. Дүние жүзіне аты әйгілі ұлы ақын Пушкин өзін тәрбиелеушісіне арнаған өлеңін 50-ге тарта рет түзеген делінеді. Алайда ауыз әдебиеті сақтаған халық қазыналары ұмытылмай тұрғанда ел аралап, жазып алып, жарыққа шығарған еңбектерінің өзі, оларды күстаналамай, төбемізге көтеруге тұрарлық емес пе?! Санада жатталып сақталған құндылықтарды кейінгі ұрпаққа оқиғаның негізіне нұқсан келтірмей жеткізу – үлкен еңбек. Еңбекті бағалай білу де – өте үлкен білімділік.
Қой жылы салдық құрып шығып елден,
Шашардың бойындағы елге келгем.
Елдері Кіші жүздің Шекті – Табын,
Ниязбен екеумізді құрметтеген.
Жасынан жақсы атадан үлгі көрген,
Көтібар, Арыстандай батыр мерген.
Ер Сегіз жыр шығарсаң есіңе ал деп,
Қызықты бір оқиға айтып берген.
Қой жылы 1835 ж. март айында кіріп, 1836 жылы мартында шыққан, бұл жерде 1833-1834 жылы қайтқан Көтібар жыр шығарсаң есіңе ал дей алмайды және қой жылы Сегіз сері елінен қашып шықты ма? Әлде салдық құрып шықты ма? Түсініксіз.
Сегіз серінің сал-серілік өмірбаяны қызғылықты, композиторлық, ақындық, әншілік, творчествосы өте бай және халыққа жақын. Ол шекті елінде сауық құрып, ән салып жүргенінде, патша жендеттерінің қолынан қапияда Көтібар батыр қаза табады. Қатты қапаланған Сегіз сері оған арнап жоқтау өлең шығарады. Сол өлең былай деп басталады.
Берсенұлы Көтібар дұшпандармен ұрыста
Жыртылмаған жағасы.
Қалмақтармен соғыста
Халқының болған панасы.
Ақырында батырдың
Қалмақтан болды-ау қазасы.
Жағалбайлы елінде
Қолға түсіп жендеттің
Берілді мықтап жазасы.
Сегіз серінің Нарын құмында Исатай, Махамбетпен кездесуі өміріндегі үлкен бетбұрыс оқиғаға айналып, патша әкімшілігіне қарсы наразылық көзқарасы біржола қалыптасады. Сөйтіп, ол Исатай- Махамбет көтерілісін жан-тәнімен қолдап, оған дем беруші тілектес – қолбасшы батырладың бірі болғанын тарихи деректерден айқын көреміз. Сегіз сері ауыл – ауылдан, ел – елден сарбаз жиып, жасақ құрып, патша әскерінің бекіністеріне шабуыл жасайды. Шабуылда қолға түскен саяқ ат, атан түйені Исатай, Махамбет сарбаздарына үлестіріп беріп отырады. Көп кешікпей Сегіз сері жасағының саны бес жүз отызға жеткенін білеміз. Оның құрамында Кіші жүз қазақтары, әсіресе Байұлы атасының батыр жігіттері, сондай-ақ, ноғай, башқұрт, татар, қарақалпақ халықтарының өкілдері болған. Сонымен бірге, Сегіз сері жасағына каторгіден қашқан кавказдың черкес, карачай, құмық, лезгин, балкар жігіттері де қатысқанын деректер дәлелдейді. Қазақ елінің жерінде орыстар жүздеген бекіністер салды. Орыстың жерімізге тереңдеуіне қарсылық ретінде С. Датұлы 1792ж. Сахарная, Кенесары хан Ақмола бекінісіне 1838 ж. және 1840 жылы. Жаңақорған, Созақ, Ақмиешіт бекіністеріне шабуыл жасайды.
Ал, Сегіз Серінің бірде-бір бекетке шабуыл жасағанын тарих тіркемеген. Бұны тарихшылар Сегізге зияны тимесін ниетімен жасырған ба? Бекетте тек қана жауынгерлер тұратындықтан онда мал қайдан келді. Әлде Сегіз, Исатай Махамбет көтерісшілеріне тартып алып, айдап апарып берсін деп бекетте мал бақтырған ба? Есі түзу, саналы адамның санасы құптамайтын бұл оқиғаны жазған адамның есі бүтін емес деген ой жетелемей ме?
Оның сол кездегі өзі таңдап алған ақылшысы Кішіжүз онекі ата Байұлының Беріш руынан шыққан Асанбек шешен екен. (Асанбек кейін Сегізге еріп кетіп Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Маманайда 1844 ұлу жылы Сәду деген Сегіздің сарбазының үйінде 94 жасында қайтыс болады). Осы ойымызды Сегіз серінің өз өлеңі дәлелдейді.
Мен жыйдым жігіттерді елден таңдап,
Өзіме сарбаз болды нелер саңлақ.
Кіші жүз Асанбек би бата беріп,—
Мені де ерлер қойды сардар сайлап.
Қанжар мен қылышымды қоса қайрап,
Найза ұстап, аш беліме семсер байлап.
Жорыққа ертелі-кеш шығып жүрдім,
Ыза-кек, намыс буып, қаным қайнап…
Бұл жерде қандай жорық жөнінде сөз болып отырғаны белгісіз. Сегіз сері қасына сарбаздарын ертіп, ел қыдырғаннан басқа істеген ісі еш жерде айтылмайды. Сегіз сері өзі ғашық болған Мақпал сұлуға қосыла алмайды. Оның «Мақпал» атты жыр жолдарынан ұққанымыз: Жырда Сегіз сері Мақпалға қосылмақ болып уәде байласып, еліне кетеді. Сол кезде Қоқан хандығы құшбегісінің қолшоқпары болып, өзінің туған қарақалпақ халқына да, көршілес қазақ, қырғыз халықтарына да қайғы-қасірет жұтқызып жүрген Жабы деген қарақшыларымен келіп, басы Мақпал, Құсыни, Раушанға қоса он алты қызды, Балталы-Бағаналы, Қоңырат, Дулат, Сіргелі, Ошақты, Шанышқылы елінің жылқы-түйесін жаулап, тартып алып кетеді. Ел жайлауға көшіп кеткен шақта Мақпалды іздеп келген Сегіз сері қора күзетіп қалған кедей-кепшіктен бұл жағдайды есітіп, ыза кернеп жаудың соңынан аттанады. Ол өз тобымен жауды Сыр бойындағы Сұлутөбе деген жерде қуып жетеді де, үлкен ұрыс салады. Сегіз сері Жабының жолдасы Бұлдырықты бірден садақпен атып түсіреді. Содан кейін Жабыны жекпе-жекте найзамен шаншып өлтіреді. Жау жеңіледі. Сегіз сері қыздарды, жылқы-түйені жау қолынан босатып алады. Сол кезде Жабының қашып бара жатқан жендеті, Дәуқара қайтып келіп, қыздар тобын садақпен атады. Садақ оғы Мақпал сұлудың жауырын тұсына қадалады. Қыз ауыр жараланады. Сегіз сері Дәуқараны қылышпен шауып тастайды, содан кейін төрт найзаны төрт бұрыштап зембіл жасап Мақпалды салып алып (қазіргі Жезқазған мен Қызылорданың шектесетін жеріндегі) Айнакөлге жеткізіп, ел жұртты жинайды. Қыздарды ата-аналарына, жылқы, түйені иелеріне табыс етіп, қалың елдің алғысына бөленеді. Бірақ Сегіз серінің сүйген қызы Мақпал ата-анасымен, аға-жеңгесімен, ағайын-туғанымен, ел-жұртымен арыздасып, қайтыс болады да, сол жерде жерленеді. Кімнің туындысы екенін қайдам, іздемедім, жас кезімнен естіп, санамызға сіңген, бәрінің сипаты мен аттары аталатын 16 қыз өлеңін естуші едік. Осыны, Сегіз туралы кітап жазғандар, оны марапаттауға себепші болар деген оймен жазған ба деймін. Өйткені Мақпалмен қатар, Құсыни, Раушан аттары 16 қыз өлеңінде де аталатын.
Балталы-Бағаналы, Қоңырат, Дулат, Сіргелі, Ошақты, Шанышқыылар 6 елдің адамдарын, малдарын Жабы, қарақшыларымен келіп, тартып алсын деп бір жерге жинап қондырған ба? Бұлар екі жүздің елдері ғой, бір жерге қалай жиналған? Басшылары ажал құшып, өздері жанын алып қашып, әзер құтылған жендет қайта айналып келіп қыздарды атып жаралап, өзінің Сегіз серінің қолынан ажал құшуы да ақылға қонымсыз. Бұл жерде батырлар жырында жырланатын қалыңдығы әлдебір себеппен, басқа бір елге қоныс аударып, барған жерінде оны зорлықпен алмақшы болғанмен айқасып қалыңдығын құтқаратыны секілді оқиғаны басынан да өткен қылып көрсетуге талпыныс па деймін.
Мақпал сұлуды жерлеп, елімен қоштасқалы жатқанда, артынан хабаршы келеді. Ертай Бекұлы деген жігіт Исатай мен Махамбеттің жолдаған сәлем хатын табыс етеді. Батыр хабарды алған соң, жолға қамданып, үшінші күні Ойыл-Қиылға аттанады. Бірнеше күн жол жүріп, межелі жерге жақындағанда, Кіші жүздің қалың көшіне тап болады. Көш басшыларынан Исатайдың қоршауда қалып, ұрыста ерлікпен қаза тапқанын, ал Махамбеттің сарбаздарға жетіп үлгермегенін, патша әскерінің бейбіт ауылдарға шабуылын тоқтатпағанын естиді. Бұл оқиғадан білгеніміз, Исатайдың хат жазып шақырғаны, Мақпалды жерлегеннен кейін үш күннен соң Исатайға баруға жолға шыққанын, жолда көшке кездесіп, Исатайдың марқұм болғанын естігені. Исатайдың хатын алып жолға шығуы мен Исатайдың өлгенін естіген уақыттың арасы өте жақын.
Исатай Сегіз серіге хат жазса, ол 1837 жылғы қазан айының аяқ кезінде, Хан ордасына он шақырымдай жақын келіп, орданы қоршаған кезінде, не болмаса 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбеде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында болатын кескілескен қанды шайқастан бұрынырық кезде жазды деп топшылаймыз. Бұлай топшылауға негіз, бүкіл адам баласына тән қасиет, шешімі өте жоғары жауапкершілікпен байланысты оқиғаны іске асыратын уақытта, ақыл беріп, дұрыс шешім қабылдауға білімді, көргені көп дананы және күш-қайратты, соңына ерген сарбаздарының септігі тиеді деген оймен ғана іздейді. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқастың барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза табуының арасы бір жылға жуық. Сегіз серінің Исатайдың хатын алып жолға шығып, Исатайдың өлімін естуінің арасы бірнеше күн ғана, бұл да ақылға қонымсыз. Бұл – болған оқиға мен болмаған оқиғаны байланыстыруға деген айла. Бұған қоса, Исатайға хат жаздыру арқылы, Сегіз сері Исатай мен Махамбет көтерілісің басшыларының бірі болғандығын меңзеу. Исатай көтерілісті тек өз ақылымен, өзгенің ақылын қабылдамай атқарған. Бұл туралы Махамбеттің Исатайдың атынан шығарған «Әй, Махамбет, жолдасым» атты толғауында:
Хан баласы жылады-ай,
«Жанымды қой» деп, сұрады-ай.
Ақкөңіл, аңқау, жүректен,
Бермеймін, деп, мен тұрдым.
Көк бедеуді бауырлап,
Шабамын деп, сен тұрдың,
Исатай басшы білсін деп
Ауыр әскер қолтұрды.
Қырық бір жасқакелгенде,
Өз дегенің болмаса,
Өзгенің тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған,
Қанша айтса да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым,
деген жолдар, Исатайдың көтерілістің шешуші сәтін басқалармен ақылдаспай шешетіндігінің дәлелі. Исатайдың өмірбаянында: Махамбет, Үбі, Сегіз сері және басқа да батырлардың «хан ордасын шабайық» деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі орданы шапқанмен патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Бұл жерде Сегіз серінің аты, аталуы түсініксіздеу.
Қажымғалиев Жәңгір ханның тұлғалық бейнесі мақаласында: Орданы қоршаған қазақтардың бірен-саран шиті мылтық, барында қылыш пен найза, көпшілігі қамшы мен сойыл деп тақымдарына қысқан құралдары мен қаруланған көтерілісшілерді, мылтықпен мұздай қаруланған хан жасақтары, қорғаныста тұрып оқ жаудырып жусатып тастау қолдарынан келер еді. Жәңгір хан ондай арандатуға бармады. Қазақтың қанын төгуге ешкімді жібермеді. Бұл әміршінің де, жауласқандардың да қанын төгуге бармаған ізгілігі болатын. Патша әскерінің Гекке бастаған зеңбірек сүйреткен қарулы отрядының көтерілісшілерге қарсы әскери қимылдар сәтінде қантөгіс жасауға барғысы келмей Геккеге: «Таймановқа тым қатал талап қойма, басараздықты ағайындықпен реттерміз» деп өтініуі, көтеріліс басшысына көңіл бұрып тұрғанын байқатады. Бір заманда өмір сүрген үш тарихи тұлғалар Жәңгір хан, Исатай, Махамбеттердің бірін көтеріп, келесісін кемсітетудің реті жоқ. Әрқайсысының тарихта өзіндік орны бар арыстар. Жәңгір болмаса, Исатай, Махамбеттің тарих аренасына шығуы екіталай. Махамбеттің от-жалын жырлары дүниеге келмес те еді. Өте орынды айтылған тұжырым.
Сегіз сері өз жігіттерімен Жанғожа батырдың ауылында қонақ болып, Сыр, Арал, Қаратау елін аралап, 1838 – ит жылының күзіне дейін жүреді де, ақыры сарбаздарын ертіп өз еліне Қызылжардағы керейлерге оралады. Жолшыбай Аманқарағайға келіп жеткенде сарбаздары, атқосшылары – Аббас, Сәду, ақылшысы, Асанбек шешен, бірі Сегізге: «Батыр, Кіші жүзге Нияз сері екеуіңіз ғана келіп едіңіз, елге оралғанда 538 адам болдыңыз. Енді бәріміз де сіздің адамбыз, бірге қаламыз. Әр адамға туған жері-ыстық.Туған жерге деген сағынышыңызды білдіріп, бір ән шығарыңыз» депті. Жігіттерінің тілегін қабыл алған Сегіз, «Жарайды, мен ән шығарайын, атын өздерің қойыңдар» депті де, ән шығарыпты. Олар мазмұнына қарай бір ауыздан әннің аты «Туған жер» болсын депті. (Бұл мәлімет Қазақ ССР Ғылым академиясындағы керей шежіресінен алынды). (Сегіз Сері, қашып жүрсе де, айлап жолда жүрсе де, ел аралап қонаққа барса да, соңында ыңғай таңдаулы жүздеген сарбаздары бірге жүреді. Бұлар ер-тоқымын жастанып, жолда жүргенде қайдан тамақтанады. Ол кезде қазақ халқы қоныстанған жерде көпшілік тамақтанатын орын түгілі, тіпті халық оның атын да білмейтін. С.Қарамендин Бекежаннаң шежіресі мақаласында: «Бекежанның әкесі Айбектің туған ағасы Қарабас байдан бірнеше ұл туып, олардан ұрпақ көп тарап, өсіп өнген. Қарабас кейін рулы елге айналған. Бұл да айна-қатесіз дәлелді пікір. Өйткені, Қарабас – Қабақтың шөбересі. Оның Мәмбеталы, Жамалы, Жапақ, Тінәлі, Үмбеталы, Досалы, Өтеулі атты балалары болған. Арыстан – Тінәліден, Көтібар Жапақтан тарайды. Ал Бекежанның әкесі Айбек, Қалдыбай, Жолдыбай, Қайыпберді, Шіңірдің балаларының бірі болуы мүмкін. Өйткені, бұлар Қарабастың әкесі Пұсырманмен біргетуған. Бірақ бұлардан ұрпақ аз. Бекежан, Төлеген, Қыз Жібектер жас шамасы қатар адамдар немесе Бекежан 1667 жылы туған. «Шежіре деректерін сараласақ, Бекежанның әкесі Айбектің туған ағасы Қарабас байдан бірнеше ұл туып, олардан ұрпақ көп тарап, өсіп өнген. Қарабас кейін рулы елге айналған. Бұл да – айна-қатесіз дәлелді пікір. Өйткені, Қарабас Қабақтың шөбересі. Қарабас неге Қабақтың шөбересі деп жалғыз аталады Қарабаспен бірге туған Айбек те Қабақтың да шөбересі емес пе?! Оның Мәмбеталы, Жамалы, Жапақ, Тінәлі, Үмбеталы, Досалы, Өтеулі деген балалары болған. Жоғарыда аттары аталған, Арыстан – Тінәліден, Көтібар Жапақтан тарайды. Ал Бекежанның әкесі Айбек Қалдыбай, Жолдыбай, Қайыпберді, Шіңірдің балаларының бірі болуы мүмкін. Өйткені бұлар Қарабастың әкесі Пұсырманмен бірге туған. Шежіреде, Бекежанның әкесі Айбекті неге Қарабастың әкесі Пұсырманнан таратпаған. Қарабастың әкесі Пұсырманмен бірге туғандардың біреуінің баласы деп анық әкесінің аты да, айтылмайды. Ал Бекежанның әкесі Айбектің, туған ағасы Қарабас болса неге Айбек, Қарабастың әкесі Қабақтың шөбересі Пұсырманнан тумай бірге туғандардың бірінен таратылады. Айбектің әкесінің аты белгісіз. Кейінгі кезде «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өскен ғалымдардың Бекежанның руын шекті қылып, Төлегенді өлтірушінің аты мен ұлтын өзгертуге арнайы жасаған амалдары ма дейсің! Шектіні құрайтын сегіз атада Рычков пен Левшиннің деректерінде Айт деген ата жазылған. Меніңше, бұлар наймандағы Қожамбеттің Айты. Шежіре деректерінде Айттың әкесі Жанғұлы. Қожамбет екі атаға бөлінеді. Біреуі Жарболды – асырап алған бала болса, екіншісі осы Жанғұлы – жоғалып кетіп қайта табылған бала. Әйелі өлгеннен соң бойдақ болып,
Бекежан сол себепті салт бос жүрген.
Ер болып жас кезінен шыққан аты.
Ішінде Алты Шекті Бөлек заты.
Бөлектің қабағынан шықса – дағы,
Міне, Қарабаспен бірге туған делінсе де, Бекежанның осыларға туыстығы жақын болуы жоғары емес пе?
Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты 1957 жылы жарыққа шығарған «Қыз Жібекті» баспаға дайындап, алғысөзін жазған сол кездегі филология ғылымының кандидаты М.С. Сильченко өзінің «Қыз Жібек» жыры жайында» деген зерттеу мақаласында былай деген. «Қыз Жібек» жыры 1894 жылы «Қисса Қыз Жібек» деген атпен Қазан қаласында басылып шыққан. Бұл жырдың ел аузынан ең бастапқы жазылып алынған түрі ме, немесе бұдан бұрын жазып алынғаны бар ма, жоқ па, ол жері осы күнге дейін белгісіз. Бұл қиссаның стиліне және тіліне қарағанда, «Қыз Жібек» қиссасын баспаға беруші, не бір қолжазбадан көшіріп немесе есінде қалғандарын жазып тапсырғанға ұқсайды. Қиссаны бастырушы оны қай кезде, қай жерде, кімнің аузынан жазып алғанын атап көрсетпеген. Тек қиссаның аяғында: «Мұны мен өзім ноғай болсам да (Жүсіпбек қожа өзін айтып отыр — Н. Ә.) достым Ахметкәрімге арнап қазақша жаздым», деген сөзді айтып кеткен. Және сол Ахметкәрімге арнап, екі достың ажырасып кетуі жөнінде қысқаша лирикалық өлең жазған. Бұл, 1894 жылы, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған нұсқасы. Бұл талдаудан Жүсіпбек қожаның ел аузынан жинаған жыр жүйесімен сәйкестігі байқалмай ма? Бұл жерде біздің «білгіштеріміз» оқиғаға адами көзқараспен қарамай рулық, өзімшілдік, менмендік, тұрғысынан қарағандық танылмай ма? Егер жырдағы Төлегенді өлтіруші Кескентеректің атын Бекежанға өзгерткен Жүсіпбек қожа болса да, оның дәйекті дәлелдері бар ғой. Совет өкіметі орнағаннан кейін тарихшы ғалымдар, жазушылар оның ішінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов секілді көрегендеріміз ертеде өткен ақын- жазушылардың қисса-дастандарын, жыр айтыстарым өзім шығардым деп Қазан Тәшкент қалаларында кітап етіп бастырып келген, Жүсіпбек қожа Шайхысләмұлы ақын емес, ел аузындағы дайын шығармаларды біреулер арқылы жинап, біреудің еңбегін пайдаланып жүрген адам екенін анықтайды. Осыған қарамастан Жүсіпбек қожа кейбір басылымдарда сол баяғысынша ақын болып есептеліп әдебиетіміздің тарихында айтылып жүргені өкінішті-ақ. Оның әлгіндей қиянаты әшкерелене бастаған шақта, 1931 жылы көршілес Қытай еліне өтіп кетеді. Қыз Жібектің Қазанда басылған 1890 жылғы нұсқасын Жүсіпбек төмендегіні бет ашар өлеңмен бастайды:
Мен сөйлеймін, жарандар,
Тыңдап құлақ салыңыз.
Аз әңгіме қозғайын
Келгенінше қалымыз,
Зекетсіз болса пайда жоқ,
Қасықтап жиған малыңыз.
Қыз Жібекті тыңдаңыз,
Замандас еркек, ұрғашы,
Ақ сақалды шалыңыз.
Жүсіпбек қожа жырласа
Қыз Жібектің сөзінен
Енді әбден қаныңыз.
Басында менен жайылды,
Қисса болып бұл Жібек.
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің
Еңіреп, жылап жүр жүдеп.
Басында менен шыққанда,
Тыңдаған адам жылаған,
Сүйейін мұны бір демеп
Қисығын қайта түзейін
Аруақтарың бар болса,
Сіздер де мені жүр жебеп…
Осыны бұрын баспаға
Кім жазғанын білмеймін.
Қисынсыз болған сөздері
Жыламақ түгіл күлмеймін,
Мыңнан озған жорғамын
Ұлы дуға салғанда
Қамшыласаң желмеймін.
Қисайғанды түзеткен
Басында тәңірім жаратты,
Әр нәрсеге бір себеп
Қиса қылып жазып ем
Әуелі бұрын басында.
Қайғылықпен жазып ем.
Үйсінге алғаш келгенде
Жиырма үш жасымда
Сол кездердің уақытында
Бар еді қайғы басымда.
Бір күндерде қарасам
Баспа бопты бұл Жібек
Қисынсыз кетіп сөздері
Баспаға жазған адамның
Әр сөзіне қарасам,
Ноғай ма екен өздері.
Қазақшаға түсе алмай,
Далаға көбін жіберген
Әйтеуір бар іздері
Егер қазақ жазғанда
Жоқ па екен деп айтар ем,
Басындағы көздері.
Ал тыңдаңыз жарандар
Өзге сезді қоялық.
Қыз Жібектің сөз қозғар,
Қызығына тояйық.
Сыры түскен жерлерін.
Жаңартып қайта боялық.
Сөз дүкенін құрған соң
Тамақ керек әркімге,
Бір тоқтыны соялық.
Бұл алғысөзден ұғатынымыз – Жүсіпбек 19-ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллиннің Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырының 1894 жылы Қазанда бастырған нұсқасын талдап, соның мәтініне түзетулер енгізген.
Сегіз сері кітабында Жүсіпбек қожа Шайхисләмұлы ақын емес, ел аузындағы шығармаларды біреулер арқылы жинап, біреудің еңбегін пайдаланып жүрген адам екенінін анықтағандардың ішінен тек С. Сейфуллиннің, Жүсіпбек қожа Шайхыслам ұлының «Қыз Жібек» жырының Қазанда басылған 1890 жылғы нұсқасы туралы жариялаған еңбегі ғана табылды. Ол мақаласында Жүсіпбектің нұсқасында жырмен жазылған алғысөзін бастап жырдың толық нұсқасына ешбір пікір білдірмей баспаға ұсынған. Оның Қытайға қоныс аударуын, жырға оқуғаларға байланыстыруы негізсіз бе? Деймін. Аттары аталған ғалымдар мен жазушылардың ешқайсы Жүсіпбек қожа Шайхысләм ұлының атына теріс пікір айтпаған да, жазбаған. Керісінше, олардың арасынан, С.Сейфуллин мен С. Мұқановтардың басшылығымен 1933 ж., 1939 жылдары басылып шыққан «Батырлар жыры» жинағына, «Қыз Жібек» жырының Жүсіпбек түзеген вариантының кейбір жеке сөздерін өзгерткені болмаса, ешбір өзгеріссіз бастырған. Қазіргі, 1957 жылғы бөлек кітап болып шыққан «Қисса Қыз Жібек» жыры Жүсіпбек нұсқасын дұрыс деп қабылдап жырлар жинағына кіргізген. Сонда бұлар Жүсіпбектің ұрлықшы екенін білмеген бе? Білсе де, Жүсіпбекке бүйректері бұрған ба? Мен Сегіз сері туралы жазылған кітаптағы Жүсіпбек туралы жазылғандары еш жерде айтылмаған кітап жазушылардың бәлду-батпағы деп ойлаймын. Олардың аттарын, кінәліның кінәсінің салмағын ауырлату үшін қосқан.
Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударып, 1880 жылы таспада бастырған. 19-ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ, Жүсіпбек Шайхысылам ұлы, Қазан қаласында 1900,1903,1905,1909,1911 жылдары қазақ тілінде жариялаған нұсқалар арасында айырмашылық аз. Оның қиянаты әшкерелене бастаған шақта, 1931 жылы көршілес Қытай еліне өтіп кетеді, деп кінәлауында да негіз жоқ па деймін. Басқа аты аталған тарихшылармен ғалымдардың көпшілікке аян еңбектері мен интернетте Жүсіпбек қожаның еңбегіне және атына қаратып айтылған сын ескертпе кездеспейді. Егер Жүсіпбек қожаны, Сегіз серіге телінетін «Қыз Жібек» жырының нұсқасындағы, Төлегенді өлтіруші Кескентерек қожаның атын тегіне бұрып Бекежанға ауыстырды дегенді талдасақ, Жүсіпбектің Кескентерек қожаның атын Бекежанға өзгертуге құығы бар деп есептеймін. Себеп «Қыз Жібек» жырында аттары аталатындар мен «Қыз Жібек» жырын жаттап жеткізушілердің бәрі бір ауыздан Төлегеннің ажалына себепші деп Бекежанның атын атаған. Сегіз сері нұсқасында ол көрмеген Көтібар мен Арыстанның айтқандарын ғана негізге алған. Сегіздің сөзі салмақты ма. Шындық іздеген адам жырдың мәтінін жеткізушілердің сөзін қолдайды ғой. Бұл жерде Сегіз серінің өзі жазды ма, әлде басқа біреудің кейін жазып, Сегізге телуі ме, белгісіз жырдың нұсқасын ешкімде қабылдамайды ғой. Төлегенді өлтірген Бекежан деушілердің нұсқалары: Шеге нұсқасында да, Сырлыбай – алты шектінің ханы. Бекежан Төлегенді өлтіріп, 60 жігітімен қашып жүргенде де Сырлыбай «ел арасы бүлінер» деп, елді басып, қозғалтпайды. Қаршыға нұсқасында да Сырлыбай – хан, беретұғын қалың малы болмағасын, Жібекті алып қашып кетпекші болып жүрген Бекежанды елден қудырады. Мұсабай версиясында Жібектің елі шекті емес, Орта жүз, қыпшақ. Әкесі Алты ұлы бар Алашабай бай. Төлегенді өлтірген Бекежанды оның 6 ұлы өлтіріп, ағайынмен араз болып, ақыры қазақ пен қалмақтың шекарасына көшіп кетеді. Бірақ ел аузындағы сөзден, 60 жігіттен сескеніп, қызын бұл сапар ұзата алмайды. Төлегенге: «Сіз кеткесін, бұлардың бәрін құртамын, аман болсаң, келер күз жігіт жиып келерсің» дейді. Сөйтіп, сыйлық беріп, Қаршығаға шығарып салдыртады. Осының бәрінде Төлегенді Бекежан өлтіргендігі айтылады. Кейінгі ұрпақ, жекелеген пенденің «шіріген жұмыртқаның» адами қасиетке жат амалы, рудың атын қорлайды деген теріс түсінігі санасына сіңген өзімшіл, жершіл, рушылдардің түсінігі мен санасы сусындағандар, өз руын, өз ата-бабаларының атағын қорлайды түсінігімен болған оқиғаға кінәлінің атын, руын өзгертуді өзіне борыш санағандай, «Қыз Жібек» жырындағы Төлегенді өлтірушінің атын, руын өзгертуге еңбек жасаған секілді. Бұлай деуге себеп, Бекежанның шежіресіндегі қйыспаушылық (шежіредегі жетіспеушік деген түсінігімді шежірені талдағанда жаздым). Егер жекелеген пенденің кінәсі, бүкіл рудың бетіне күйе жағады түсінігін басшылыққа алатын болсақ, онда, Бүкіл адамзаттың ата-анасы Алғашқы пайғамбар, Адам ата (а.с) мен Хауа анамыздың баласы Қабыл, туған інісі Әбілді өлтіргенін олардың бетіне жағылған күйе деп ұғынбаймыз ба? Жоқ олай емес. Әрекетке барған пенденің бетіне күй жағылды деп есептеу керек. Халық дегеніміз, арасында данасы да, тақуасы да, сақысы да және негізінде отбасын адал еңбегі, маңдайының терімен қолының күшімен асырап-сақтап, шамасы келсе жоқ жітікке, кем-кетіке қолұшын созатындар мен бірлі-жарым бас бұзарлары да бар көпшілік. Бұлардың арасында бірлі-жарым болса да жауыздары да, өмірден теңдік таба алмадым деген сеніммен есемді қайтардым деген түйсікпен оқыс оқиғаға баратындар да кездеседі. Бекежан, Төлегеннен өзіме тиісті-қалыңдығымды қорғадым сезімі түсінігінде өлтірген. Жазылмаған бірақ біздің жас кезімізде, үлкендер, «Қыз Жібек» жыры туралы сөз болғанда «Сырлыбайдың аулын жау шауып, ол, батыр Бекежаннан жаудан құтқаруын өтінген. Бекежан, қызың Жібекті берсең ғана құтқарамын деген шартына келіскен. Бірақ, Бекежан жаудан құтқарса да, Төлегеннің Жібекке қалыңдықтың малын мол төлейтінін естіген Сырлыбай, Бекежанға берген уәдесінен айныйды. Осыған өштескен Бекежан Төлегенді өлтірген деген айтылатын. Бұдан, Бекежанның Төлегеннің ажалына себеп болуы, қарақшылық емес, салт бойынша өзіне тиесіліні қорғау амалы десе болар. Бекежан, Сырлыбайдың қызы Жібек үшін тұла бойындағы аяулысы жанын да аямайтынын білдіріп, келіседі. Әкесі қалыңдыққа беруге келіскен қыз – оның қалыңдығы. Бірақ жырды хатқа түскен кездегі түсінікте Бекежан жауыз болып түсіндірілген. Халықтың намысын емес, өз руларының намысын күйттегендер, қалай болса да, шалыс басқан пендені басқа руға сырғытып, өз руын ақтауға неше түрлі айла-шарғы іздеу жақсылыққа әкелмейтінін ойлағаны дұрыс. Қазыбек Құттымұратұлының «Қыз Жібек жырындағы қателік мақаласында «Қыз Жібек» жырының әлсіздеу нұсқасын Жүсіпбек Шайқысламұлы өңдеп жөндеп, көркейткен тәрізді қабылданады. Алайда, тарих ғылымдарының докторы С.Жолдасов Жүсіпбек нұсқасында жыр өрескел өзгертіліп, тарихи нұсқаға қиянат жасалған деп санайды. «Қыз Жiбек» лиро-эпостық жырының халық арасында алғашқы кезде ауызша тараған нұсқасында Бекежан жауыз емес, Төлегеннiң жанашыр ағасы ретiнде сипаттаған екен дейді. Бұл нұсқасқаның қайда жазылғаны, айтылмауы өтірік деген – көңілге күдік тудыратын пікір. Бекежан халқымыздың тәуелсiздiгi үшiн күресiп, өзiнiң елiн қорғап жүрген қаһарман ретiнде аталады». Бұл туралы үлкендерден еститінбіз. Жақында халқымыздың мақтанышы, ғалым, еліміздің әдебиетіне, мәдениетіне, ұстаздар тәрбиесіне бағалы еңбек сіңірген Қирабаев Серік Смайылұлы ағамыз ол дүниелік болды. Осы кісінің жерлеуінде болған ұлтжанды азамат «Астана ақшамы» газетінде «Ағамыз тірісінде қазақ еді, бұл дүниеден қайтқан соң «қазақ болмай қалыпты» мағынасында шағын мақала жариялапты. Бұл дүниеде жүргенде, бәріміз қазақ болып, екінші өмірімізде неге руға бөлінеміз. Егер «біз – қазақпыз – алашпыз» түсінігін мойындаймыз десек, руға, жүзге бөлінуден арыламыз десек, осы өмірде ғана емес бақилыққа аттанғанда да қазақ болып қалуымыз керек. Әсіресе, еңбегімен елдің құрметіне бөленгендер. Сонда ғана ұрпағымыздың санасында қазақтың халық ретінде абыройы мен атағын көтереміз. «Тірінің жаманнан аманы жоқ, өлінің жаманы жоқ» мақалынан ажыраймыз.
1894 жылғы хатқа түскен нұсқада Бекежан – Қыз Жібекке сыртынан ғашық болып жүрген алты арыс шектідегі 60 жігіттің бірі. Төлеген Жібекті қолына түсіргеннен кейін алпысы кеңесіп, «Шынымен Жібектен айырылып қалғанымыз ба?» деседі. Кейбіреуі «Жібек бізге тимес» деп күдік айтса, біреулері «Олай болса Төлегенді өлтірейік, содан соң біз алмағанда кім алады?!» деп күпінеді. Ақыры «Қызды күйеуге алып барғанда аңдып тұрып, Төлегеннің басын кесіп, Жібекті ортаға алып, «қайсымызды қалайсың» делік. Қайсымызды қаласа да күндемелік» деп, келіседі. Бұл келісімді Қаршыға естіп қалып, Төлегенге жедел әрі жасырын түрде қалыңдық ойнатып қойған соң дымдары құрыған 60 жігіт Қособаның көлінде, елінен қайтып келе жатқан Төлегеннің жолын тосады. Бекежанның аты, міне, осы тұста алғаш айтылады. Және осы көріністе 60 жігіт «топ арғын», ал «атаңа лағнат Бекежан арғыннан шыққан қу екен, әккі болған сұм екен» деп суреттеледі. Алдында шекті еді, енді қалайша арғынға айналды деген жайтты таратып жатуды жыршы да онша қажет деп таппайды. Осылайша, арада 8 жыл өткенде Бекежан Төлегенді өлтіргенін Жібекке өлеңмен естіртіп, өзін алмақшы болады. Жібектің шақыруымен қыздың 6 ағасы келіп, Бекежанды мойнына арқаннан дұзақ салып сүйретіп өлтіреді. Қысқасы, Жүсекең 1894 жылғы нұсқаның Бекежан айтылатын жерін еш өзгеріссіз ала салған. Жүсіпбектің атына сын айтты деген ақындардың жарияланған жырларды жинап саралауға жағдайлары да дәрежелі білімдері де жеткіліксіз болған. Себеп ол заманда өмір сүрген ақындардың барлығы дерлік медресе бітірген, Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Ақан серіден басқалары арабша ауыл моллаласынан хат танығандар. Бұлардың ішінде Жүсіпбекқожа Шайхисламұлына негізсіз ащы сын айтқандар. Сегіз сері шығарған жырды көшебе керей, әнші – палуан Андамас Есболұлы мен Бекқұлы Құдасұлы есімді алпыс бес – алпыс алты жастардағы әнші қариялардан алғаш рет ерігіп (неге ерігіп болады, жазып алған адам пайаланамын деп еңбектенеді), жазып алған. Сөйтіп «Қыз Жібек» қиссасының кейбір тұстарын қысқартып, орнына татаршалап сөз қосып, кей жерін ертегіге айналдырып Төлегенді өлтірген Кескентерек деген қожаның орнына қарақшы деп Бекежанды жазып, оның руын арғын етіп өзгертіп, қиссаны шығардым деп 1894 жылы – жылқы жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Бұл жерде, Сегіз серінің шығарған «Қыз Жібек жырын ұрлап, сөзін өзгертіп пайдаланды деп, Жүсіпбек қожа Шайхыслам ұлын кінәлаған. Оның ақын емес екенін кезінде Кердері Әубәкір, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұрат Мөңкеұлы, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Тоқа Жұмабаев, Құлтума Өтемісұлы, Сапарғали Қуанышұлы, Тайжан Қалмағанбетұлы секілді белгілі ақындар өз өлеңдерінде әділ әшкерелеген делінеді. Аты аталған ақындардың ішінен Т. Қалмағамбетұлы мен Н. Наушабаевтардың шығармаларынан ғана үзінді келтірген. Олардың өзі тарихи құжаттармен бекітілмеген. Мәселен: өзінің «Жүсіпбек қожаға» деген ұзақ өлеңінде Н. Наушабаевтардың:
Сен өзің сөз ұрлауды таста, қожа.
Жастарды үлгілі іске баста, қожа!
Өліп қалған аруақтан жыр ұрламай,—
Адамшылық шарадан аспа, қожа, десе,
С. Қуанышұлы: «Жүсіпбек қожаға» атты өлеңінде былай деген:
Сен өзің еркек емес байтал қожа,
Әр жерде ұрлығыңды айтам қожа!
Бұрынғы ақындардан жыр ұрлайтын,
Екенсің екі жүзді сайтан қожа…
Ал Т. Қалмағамбетұлы 1907 жылы Атбасар базарында Ғазиз әнші Файзолла ұлына кездесіп, оның Сегіз серінің батыр досы Нияз серінің екі шумақ өлеңін өзгертіп өз атынан айтқанын кінәлаған:
Атандым Нияз сері бала жастан,
Ақын жоқ Қызылжарда менен асқан.
Жүйрік мініп, жорғаны жетеледім,—
Көңілім қайтпаған соң қиғаш қастан,— деп басталатын Нияз серінің «Нияз әні» өлеңін Ғазиз әнші өзінше өзгертіп:
Атандым Ғазиз ақын бала жастан
Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан
Жүйрікті жорға мініп жетеледім,—
Көңілім қалған емес қиғаш қастан, деп,
өз өлеңі етіп айтқан.
Тайжан ақын кездесуде Ғазиздің осы жалғандығын бетіне басып, «Ғазизге» деген өлеңінде:
Көңілі базаршылар қалды суып,
Әніңді тыңдамасқа белді буып.
Сен – дағы сөз ұрлауға салыныпсың,
Залымның Жүсіпбек қожа жолын, қуып, -деп, Ғазиз ақынның өзінің ғана емес, Жүсіпбек қожаның да бұрын өткен ақын-жырауларға істеген қиянатын қоса көрсете кетеді. Аты аталмаған белгісіз кітапта орын алған делінген Көкбайдаң «Жүсіпбек Шайқысламұлына» атты өлеңі Сегіз серіге қатысты ақиқаттың бір ұшығын аңғартады. Жүсіпбектің қазақ ауыз әдебиетін жиып, бастырушысы болғандығын әдебиетші қауым жақсы білсе керек. Өлеңде:
Қожа, сен қулығыңды асырыпсың,
Қазанда бұл қиссаны бастырыпсың.
Өзіңе өз қылмысың майдай жағып,
Бойыңнан ар-иманды қашырыпсың
Бұл қисса Орта жүздің Керейінен,
Қазақтың Сегіз сері мерейінен.
Шығарған осы жырды кім екенін,
Білмесең елге айтып берейін мен.
Наурызбай – Ханшайым қыз елдің ері,
Шығарған дастан етіп Сегіз сері.
Сегіздің көп қиссаны шығарғанын,
Әлі де ұмытқан жоқ қазақ елі.
Бұл жерде Көкбай, Қыз Жібек жыры туралы емес басқа «Наурызбай – Ханшайым қыз елдің ері», жыры туралы айтсада кінәнлі Жүсіпбек қожа.
Бұлар, жырды кім баспаға дайындағанын білместен, дақпыртпен Жүсіпбек қожаға соқтығады. Бұл обал-сауапты білмей «жаптым жала, жақтым күйе» емес пе? Және бұлар интернетте жарияланбаған. Аты аталғандардың баспа бетінде жарияланған еңбектерінде жазылмаған. Неге екені белгісіз, Қыз Жібек жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми басылымында келтірген 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ сылтауымен алып тасталған дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. Жүсіпбек Шайқұсламұлының бұл сөзінен жырды мен жаздым деген сөз емес өңдедім сөзі білінбейме?
Сарамен айтысқан Төребай ақын осы айтыстың бір жерінде Сара мен Біржан айтысының Сарадағы нұсқасын Сарадан сұрап алған, Жүсіпбек қожа өзі емес, Жетісу өңіріне келгенінде, қиссаны сұрап алған әкесі Шайхыслам екенін, Сол нұсқаны Жүсіпбектің Қазанда бастырғанын былай деп дәлме-дәл айтады:
Шайхыслам Жетісуды аралады,
Байлар мен би-болысты жағалады.
Қалдырған Біржан саған қолтаңбасы,
Өзіңнен қалап алып кете барды.
Арада жиырма алты жыл уақыт өтті,
Кітап боп шығатұғын мезгіл жетті.
Баласы Шайхысламның Жүсіпбек қу,—
Қазанда сол қиссаны жария етті,
деп, кіналағанның орнына туындының жарыққа шыққанына алғыс айтылмай ма.
Айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі-Сара мен Бiржан айтысы. Ол 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайы, Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, «Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны» деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы – 969 жол, 2-нұсқа – 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың зерттеушілер сапасын зерттеген ғалымдар, айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқаны жазылған. Бұған қарағанда Жүсіпбек айтыстың сапасын жақсартуға Сарамен де бірге тер төккені аңғарылады.
Жүсіпбек қожа Шайхысламұлының:
Басында менен жайылды,
Қисса болып бұл Жібек.
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің,
Еңіреп, жылап жүр жүдеп,
деп басталатын оның өңдеген Қыз Жібек жырының алғашқы 1900 жылы шыққан дастанын оқымаған. Кітапта, Сегіз Серінің ұлы Мұсайын, палуан әрі ақын, жыршы болған. Ол «Хан Кене», «Наурызбай — Қаншайым», «Жиенбай мен Балхия», «Айсары-Шолпан»,«Бекет батыр» атты дастандар шығарған.Осы азаматтың әкесі шығарды деген Қыз Жібек жыры нұсқасын халық арасында қорғауға деген талпыныстан туған амалдар ма? деген күдік туындайды.(қате болса, Алла күнәға жазбасын) Бұлардың, Жүсіпбекке жыр ұрладың деп кінәлауға себеп болған жыр, татар мұғалымы, Тухватуллин Фалиолланің Зайсан өңірінің елінің аузынан 1880 жылы жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған “Қыз Жібек” жырының нұсқасын, Жүсіпбектің шығарғаны ұғынып Сегіз серіден көшіріп алды деген дақпырт таратып Жүсіпбекке қарсы ұйымдастырған айла ма дейсің! «Қисса Қыз Жібекті» Жүсіпбек қожа 1900 жылы Қазан қаласында өз атынан бастырып бұдан кейін де иеленіп, бірнеше рет 1903, 1905, 1909, 1896, 1899, 1911 жылдары шығарған. Қайрат Зарыпханның, Бекежан батыр Төлеген батырды өлтірмеген мақаласында, кәзіргі таңда Бекежан батырдың Төлеген батырды өлтірмегені жөнінде айтылып жүр.Төлеген еліне кеткенде Бекежан батыр Еділ қалмақтарын шабуға жорыққа кеткен деседі. Және де, Бекежанның Жібекті аламын дегені мүмкін емес, өйткені, олардың туыстығы төрт атадан аспаған. Жібек жырында Бекежанға еріп жүрген қожа, Әндижаннан қашқан ұры Кескентерек Борсық құмдарында Төлегеннің жолын торып тасадан тақ шекеден атып өлтірген десе, Ресейдегі құйма құлақ қариялар Бекежанның Төлегенді бетпе-бет тұрып «тақ шекеден» атқанын айтады. Бекежанның батыр адамды арқадан ататын ит болмағанында менің еш күмәнім жоқ. Меніңше, олар «дуэль» жасаған. Ал енді, Қыз Жібектің руы Шектіге келетін болсақ, бұл тайпаның шын мәнінде, әр жерден құралған рулар бірлестігі екенін белді-белді тарихшылар, шежірешілер айтып кеткен. Сарсен Аманжолов пен Мұқамеджан Тынышбаев, Шәкәрім қажы да осылай айтқан. зерттеулерінде Шектінің құрамына Найманның, Қаракесектің руларынан да, аталар қосылғаны байқалады. Жоғарыда айтылған Бұқар хандығында шектілер наймандармен бірге жүрген. Осымен қатар, архив деректерінде басылып қалған Шектінің төрт таңбасының екеуі наймандікі, біреуі бағаналының, біреуі найманның жалпы таңбасы. Еш жерде жазылмаған бірақ біздің жас кезімізде, ел арасында Қыз Жібек жыры туралы сөз болғанда «Сорлыбайдың аулын жау шауып, ол батыр Бекежаннан жаудан құтқаруын өтінген. Бекежан, қызың Жібекті берсең ғана құтқарамын дегеніне, келіседі. Бірақ, Бекежан жаудан құтқарғаны мен Төлегеннің Жібекке қалыңдықтың малын мол төлейтінін естіген Сырлыбай, Бекежанға берген уадасынан айныйды. Осыған өштескен Бекежан Төлегенді өлтірген деген айтылатын. Бұдан, Бекежанның Төлегеннің ажалына себеп болуы, қарақшылық емес, салт бойынша өзіне тиесілі есесін қорғау амалы десе болар. Бірақ жыр хатқа түскен кездегі саясат бойынша, құдалық, қалыңдық салттары әйел затының құқығына зорлық деп танылып, Бекежан жауыз бейнесінде суреттелген.
Беріш руынан шыққан Исатай басқарған, Исатай-Махамбет көтерілісінің басталуына, 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды (кей жерде 520 ) бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайман ұлының ауылын қоршауы себеп болады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтты. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағыларға дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайға және оның жақтастарынан сескеніп кері қайтуы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Бұл оқиға Исатайдың мерейін өсіріп, үстем тапқа ыза кернеген шаруаларды әр жақтан Исатай батыр қоластына жиналуына себеп болды. 1837 жылдың 16 қыркүйегінде Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жеккөрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Б. Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шапты. Бірақ 1836 жылы басталып 1838 жылға дейін созылған Исатай-Махамбет көтерілісіне, Сегіз Сері сарбаздары мен қатысты деген дерек еш жерде айтылмайды да, жазылмаған. Махамбеттің Исатайдың атынан шығарған «Ей, Махамбет, жолдасым» өлеңінде:
Әй, Махамбет, жолдасым,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған,
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай,
«Жанымды қой» деп сұрады-ай.
Ақкөңіл аңқау жүректен,
Беремін деп мен тұрдым.
Көк бедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың,
Исатай басшы білсін деп,
Ауыр әскер қол тұрды.
Қырық бір жасқа келгенде,
Өз дегенің болмаса,
Өзгенің тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған,
Қанша айтса да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым.
Сегіз сері Мақпалға үйленуге Мақпалдың аулына келсе, оларды жау шауып, жандары мен малдарымен алып кетіпті, соңынан Сегіз сері қуып барып, жаудың басшыларын омақа асырып қайтқанда жаудың басшысының қашып құтылған көмекшісі қайта айналып келіп қыздардың тобын садағымен атып Мақпалды жаралаған. Оны Сегіз сері басын шауып өлтіріп Мақпалды жерлеген сәтіне Исатайдың шақырған хатын алып шақырушы келгені, артынша Исатайдың өлгенін естіген. Бұның бәріне қалай үлгергені «Сөздің шындығына сенбе, қисынына сен мақалды еске салмай ма? Қалай ойлайсың? Жалпы Сегіз серінің ақындығына, батырлығына, композиторлығына баға бере алмаймын. Себеп – ондай қасиеттерге ие емеспін. Ал Сегіз серінің істеген істері мен жазғандарының бірде-бірі адам сенетін оқиғаға ұқсамайды. Сегіз сері, кейбір адамдардың Алла берген ерекше қасиетімен, ел арасында атақ-даңққа жеткендерге «мен де неге солардай емеспін» деген арманмен өмір сүріп, арманынан сөз құраған, ән шығарып, өлең, жыр, дастан жазған ба? деп шамалаймын. Сенің ойың қалай?
Сегіздің ер жүрек, қол бастайтын батыр болғанын дәлелдейді. Ол ел аралап салдық, серілік құра жүріп Исатай, Махамбеттің ерлігін паш етеді, ақындық өнерін халық көтерілісі жолына бағыттайды. Қазақ батырлары Сырым Датұлы сияқты көтеріліс көсемі болуға үндейді, халықты екі жақты қанауға қарсы күреске шақырады. Исатай «Әліптің артын бағып» ордаға тіке шабуыл жасамай, орданың маңайы: Қ. Бабажановтың, Б. Құдайбергеновтің, М.Шөкиннің ауылдарын шауып малдарын халыққа таратып бергенде, Сегіз серінің ордадан бәйгі атын алып мінуі шындыққа жанаспайтын жағдай ма деймін.
Берік ЖҮСІПОВ, «Қыз Жібек» жырындағы қателік. «Қыз Жібек» жырының әлсіздеу нұсқасын Жүсіпбек Шайқыисламұлы өңдеп-жөндеп, көркейткен тәрізді қабылданады. Алайда тарих ғылымдарының докторы С.Жолдасов, Жүсіпбек нұсқасында жыр өрескел өзгертіліп, тарихи нұсқаға қиянат жасалған деп санайды. Кімнің нұсқасы, қайда жарияланғаны айтылмай, «Қыз Жiбек» лиро-эпостық жырының халық арасында алғашқы кезде ауызша тараған нұсқасында Бекежан жауыз емес, Төлегеннiң жанашыр ағасы ретiнде сипатталған екен. Онда Бекежан қазақ халқының тәуелсiздiгi үшiн күресiп, өзiнiң елiн қорғап жүрген қаһарман ретiнде аталады» дейді тарихшы. Сонда Төлегенді өлтірген нағыз қарақшы кім? Ол неге Бекежанмен алмастырылған? Жырдың халық арасында тараған ауызша нұсқасында Кескентерек деген кейiпкер бастан-аяқ оқиға iшiнде жүрдi. Халық арасында тараған нұсқасы емес, Көтібар мен Арыстанның айтқанынан, «Қыз жібек» жырын Сегіз сері шығарды деген нұсқасында. Бiрақ ол ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, жырдың баспадан шығар кезiнде қолдан өзгертiлiп кеттi. Оны өзгерткен қазақ халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаған Жүсiпбек қожа Шайқыисламұлы. Бұл әдейі жасалған қастандық. Өйткені Кескентерек қарақшының тегі қожа болатын. Кiтапты шығарушылар Кескентеректiң орнына қазақтан шыққан белгiлi Бекежан батырды қоя салды, дейді С.Жолдасов. Оның үстіне, Қыз Жібекпен бес атадан қосылатын ағайын болып келетін Бекежан батырдың оған ғашық болуы, Төлегенді сол үшін өлтіруі тіпті ақылға сыйымсыз іс деп санайды. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңiрi» газетiнде жарияланған «Бекежанға бiр жақты көз қарас қиянат емес пе?» атты (авторы Бауыржан Ғұбайдуллин) мақалада да жанжақты баяндалған. Бекежан батыр кім? Бекежан Айбекұлы – өмiрде болған адам. Ол 1667 жылы бүгiнгi Ақтөбе облысының аумағындағы Мұғалжар тауының бөктерiнде дүниеге келген. Шектi руынан шыққан. Әкесi Айбек кезiнде үздiксiз шапқыншылық жасап, тыныштық бермеген сыртқы жауға қайрат көрсеткен өз заманындағы белгiлi жанның бiрi екен. Лиро-эпоста Жібектің әкесі Сырлыбай-алты тайпа шекті елінің ханы, шетінен бөрі алты ұлы бар, солардың ортасындағы кенжесі Жібек сұлу. Жібектің әкесі 9 мың жылқы біткен бай, 1894 жылғы нұсқаның өзінде Сырлыбайды «хан», падиша, датқа, бай деп әртүрлі атайды. Сол Сырлыбай, Қаршығаның өзін «сыртынан билеп», Жібегін қаңғырған жалғыз атты жолаушыға беру үшін басын базарға салып, көш-жөнекөй көрсетіп жүргені не қылғаны, екеуінің де бастарын кесемін» деп қатты кәр қылады. Бірақ Төлегенді көргесін райынан қайтып: «Жібегімнің теңі екен» деп шүкірлік етеді. Сөйтіп бата аяғына Төлегеннің айдап жүрген жылқыны түгел алады. Бекежан қазақ халқының тәуелсiздiгi үшiн күресiп, өзiнiң елiн қорғап жүрген қаһарман ретiнде аталады» дейді тарихшы. Сонда Төлегенді өлтірген нағыз қарақшы кім? Ол неге Бекежанмен алмастырылған? ҚР Ғылым Акедемиясының Орталық кітапханасының қолжазба қорында 2 нұсқасы сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Р.Мәзқожаев, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, нұсқалары бар. Бірақ, қолжазба қорының қызметкерлері бұлардың қолжазбаларының нұсқасының қорда сақталуда жоқтығын қабарлады. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. тірлігін жасырын істейді, ойын құпия ұстайды. Жырда Бекежанның қалай өмір сүріп жүргені, бұрын кім болғаны. Жырдың Сегіз Сері жырлаған нұсқасында Кескентерек деген кейiпкер бастан-аяқ оқиға iшiнде жүрдi. Бiрақ ол ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, жырдың баспадан шығар кезiнде қолдан өзгертiлiп кеттi. Оны өзгерткен қазақ халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаған Жүсiпбек қожа Шайқыисламұлы. Бұл – әдейі жасалған қастандық. Өйткені Кескентерек қарақшының тегі қожа болатын. Кiтапты шығарушылар Кескентеректiң орнына қазақтан шыққан белгiлi Бекежан батырды қоя салды, дейді С.Жолдасов.Оның үстіне, Қыз Жібекпен бес атадан қосылатын ағайын болып келетін Бекежан батырдың оған ғашық болуы, Төлегенді сол үшін өлтіруі тіпті ақылға сыйымсыз іс деп санайды автор. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңiрi» газетiнде жарияланған «Бекежанға бiржақты көзқарас қиянат емес пе?» атты (авторы Бауыржан Ғұбайдуллин) мақалада да жанжақты баяндалған. Бекежан батыр кім? Бекежан Айбекұлы – өмiрде болған адам. Ол 1667 жылы бүгiнгi Ақтөбе облысының аумағындағы Мұғалжар тауының бөктерiнде дүниеге келген. Шектi руынан шыққан. Әкесi Айбек кезiнде шапқыншылық жасап, тыныштық бермеген жауға қайрат көрсеткен өз заманындағы белгiлi жанның бiрi екен. Неге екені белгісіз, Қыз Жібек жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми басылымында келтірген 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ сылтауымен алып тасталған дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. Жүсіпбек Шайқұсламұлының бұл сөзінен жырды мен жаздым деген сөз емес өңдедім сөзі білінбей ме? Жәңгір 18 жасында, яғни 1819 жылы отасқан Бірінші бәйбішесі Жүзім, Төрт жыл отасып 1823 жылы қайтыс болған. Жүзімнен: Қадиша, Сейткерей, Ысмайылдар туған. Екінші жұбайы Фатима, Орынбор муфтиі, әрі дипломат, ұлты татар Мұхамеджан Хұсайыновтың қызы. Фатимадан Ескендір, Сақыпкерей, Ыбырай, Зұлқарнай туады. Ақын Махамбет, 1824 – 1828 жылдары, Орынбор қаласында Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретіде қасында болған. Үшінші жұбайы Айсұлу, ерте қайтқан, бала жоқ.Төртінші жұбайы Зылиха, полк есаулы Қарауыл Қожа Бабажан ұлының қызы, тегі қожа тұқымы. Зылихадан Ғұбайдолла. Бөкейдің хан баласы Жәңгір төре,
Жылатқан Кіші жүзді әңгі төре.
Сарайдан бәйге аттарын алғанымда,
Ордадан шыға алмады-ау мәңгі төре.
Ішінде көп жылқының өскен бұла,
Астымда ойнақтайды Жәңгір құла.
Жәңгір, ел жайлаудан көшкенде, Етекқұм деген жерде Жүзімді екі баласымен киім-кешексіз, ас-сусыз, мал қалдырмай, жұртқа тастап кетеді. Сегіз Сері Жүзімге 1834 жылы барып сәлемдесіп, Жәңгірдің ордасын шауып, малдарын Жүзімге апарып бергені жазылған. Сонда 11 жыл бұрын өлген Жүзімнің моласына сәлем беріп, Жәңгірдің ордасын шауып, алған малдарын молаға апарып берген бе? Бұл кез, отаршылар (орыстар) бөкейліктерді оңай олжа көріп, жағалай казак әскерімен қоршап, ешқайда ұлықсатсыз шығармай, қамауда ұстап, әрі орыс помещиктері, купецтері, казак әскері күш жұмсап, жерін, дүние-малын тартып алып, болмашыға кінә тағып, арандату мен айыптап, қанауының күшейген шағы еді. Мал саны өскені соң, хан, жайылыс, тебін, суат мәселелерін шешуге ұмтылады. Содан 1827 жылы қыста көп мал боранға ұшырап, шығын болды. Орал казак әскері Сары, Қара өзендер аралығындағы шабындығы бар, жайылымды, суаты мол алқапты тартып алып, Алаша, Байбақты т.б. рудың ауылдарын қуып, құмға тықты. Ханнан жәрдем, ара түсуі болмады. Наразылық өршіп,1827 жылы көктемде толқу көтеріліс басталды. Жәңгір хан бұдан зәресі ұшып, тағын тастай қашып, Камышинге барып, Орынбор басшылары талабын орындамай келмеді. Тек казак әскері конвойымен оралды. Көтерілісшілердің бас талабы – жеріміз бен қыстауымызды қайтып бер, озбырлық болмасын еді. Әскер күшімен толқу басылды. Санкт-Петербургтен сенатор Ф.И.Энгель келіп, жағдайды біліп, көтеріліс себебін сұрағанда Жәңгір: «Я защищал интересы русских» депті. Ақкөлде Жәңгір мен патша әскерлері, Сегіз серінің сарбаздарын қоршауға алады. Бірақ Сегіз сарбаздары оларды қырғынға ұшыратып, қоршауды бұзып кетеді. Осыдан кейін, Сегіз Сері 200 сарбазбен келіп, Жәңгірдің ордасын шабады. Жәңгір құстөсекке тығылып, әрең аман қалады. Жәңгір ханға өлеңде, бәйгі аты «Жәңгір құланы» өзі мінгенін айтылады. Бұл жерде, Жәңгірдің басынан өткен қашу оқиғасын Сегіз сері сарбаздары мен өзі істеген болып баяндаған болуға тиіс.
Жәңгірдің ордасын Исатай да, Сегіз Сері де шаппаған. Исатай тек қоршаған, шабуды мақсат та етпеген. Қыр көрсетіп, халықтың жағдайын жақсартуды армандаған. Олай деуге себеп, Исатай Жәңгірді жеңген мен оның қамқоршысы орыс мемлекетін жеңе алмайтынын. Ал олардың өзін тыныш қалдырмайтынын жақсы түсінген. Ал Сегіз серінің ордаға шабуылына тілге тиегі, Казак-орыстардың ордаға шабуылынан қорықан Жәңгір, Кушкаға қашып барып, ол жақтан патша жауынгерлерінің қорғауынде келген жағдайын, өзім шаптым деп жазған. Және Сегіз олжаға түскен мал мүлікті Жәңгір жұрқа тастап кеткен Жүзім бәйбішеге апарып берді деп жазғанда, Сегіз сері, Жәңгірдің ордасын жылқыларын шауып, оның ертеректе қайтыс болған бәйбішесі Жүзімнің моласына апарып берген бе?
1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқаста,көтерісшілер алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Бұған шыдай алмаған, олар кейін шегінуге мәжбүр болды. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көтерісшілер алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Бұған шыдай алмаған, олар кейін шегінуге мәжбүр болды. Міне осы болған оқиғаларды өз басынан өкендей қылып жазып жеңіске жеткенін баяндғаныны.Негізі хан ордасын Исатай шаппаған тек қоршаған. Шабамын деген мақсаты да болмаған Сегіз болса хан ордасының маңайына да болмаған.
1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көтерісшілер алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Бұған шыдай алмаған, олар кейін шегінуге мәжбүр болды.1838 жылы 2 шілде де Қиылмен Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты.
Қой жылы салдық құрып шығып елден,
Шашардың бойындағы елге келгем.
Елдері Кіші жүздің Шекті – Табын,
Ниязбен екеумізді құрметтеген.
Қой жылы 1835 кіріп 1836 жылы шығады. Жүзім бәйбішеге 1834 жылы Сегіз Сері барып сәлем бергенде қіші жүзге екі рет барған ба? Жәңгір ханнаң жұртқа тастап кеткен бәйбішесіне сәлем беріп, Жәңгір ханды шауып малын алып Жүзім бәйбішеге беру үшін. Сен қалай ойлайсың? Әбіш Дайрабев: «Қисса Қыз Жібек» дастанын Жүсіпбек қожа бұдан кейіннен де иеленіп,1896,1899,1900 (дұрыс емес 1900,1903, 1905, 1909, 1911 жылдар) жылдары да Қазан қаласында өз атынан бастырып шығарған. Оның ақын емес, ұры екенін өзкезінде Кердері Әубәкір, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұрат Мөңкелы, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев,Тоқа Жұмабаев, Құлтума Өтемесұлы, Сапарғали Қуанышұлы, Тайжан Қалмағамбет ұлы секілді белгілі тарихи адамдар аяусыз әшкерелеп, масқарасын шығарған.
Тайжан ақын Ғазиз әншінің Нияз сері шығарған «Атандым Нияз сері бала жастан» атты әнін ұрлағанын бетіне басып былай дейді:
Көңілді базаршылар қалды суып
Әніңді тыңдамасқа белін буып.
Сендағы сөз ұрлауға салыныпсың,
Залымның Жүсіпбек қожа жолын қуып.
Ал Сапарғали Қуанышұлы (1855-1915) былай деген екен:
Сен өзің еркек емес,байтал қожа.
Әр жерде ұрлығыңды айтам, қожа.
Бұрынғы ақындардан жыр ұрлайтын
Екенсің екі жүзді сайтан қожа.
Абайтануда алғыр зерттеушілердің бірі Сейітқали Қарамендин, Жаяу Мұсаның, Көкбай ақынның да өлең дастандарын тауып, жариялаған. Көкбай өзінің «Жүсіпбек Шайхысіләм ұлына» атты өлеңінде:
Арнадым осы өлеңді қожа текке.
Халыққа келіп сіңген келімсекке.
Қазанда көп қиссаны бастырсаңда.
Ұрлығың анық болды дүйім көпке.
деген екен. Абайдан тәрбие алған Төлеутай молладан дәріс алған, Семейде Қамали хазірет медрессесінде уездік училище бітірген. Көкбай Тақыр өзені бойындағы үйінің қасынан медрессе салып бала оқытқан. Медресседе сабақ мұсылманша, яғни арабша және орыс тілінде жүргізілген. Бұл туралы: Үй бердім, баласына тамақ бердім,
Ақы алмай, балаларына сабақ бердім,
деген жыр жолдарында жазған. Өлеңдеріне сол заманда етек алған ұрлық-қарлықты, қулық-сұмдықты, әлдінің әлсізге зорлығын, теңсіздікті және сол өсек десе ішкен асын жерге қояр, кесел іздеп жүретін ұрыншақты, оқу мен өнер-білімде жұмысы жоқ сергелдең серілікті (Салдар) тілге тиек еткен. Міне Сал серіні суқаны сүймеген Көкбайдың өзіне де, басқаға да пайдасыз Серіге жақтаушы болды деуге ауыз бармайды. Аты аталмаған белгісіз кітапта орын алған Көкбайдаң «Жүсіпбек Шайқысламұлына» атты өлеңінен Сегіз серіге қатысты ақиқаттың бір ұшығын аңғартады. Жүсіпбектің қазақ ауыз әдебиетін жиып, бастырушысы болғандығын әдебиетші қауым жақсы білсе керек. Өлеңде:
Қожа, сен қулығыңды асырыпсың,
Қазанда бұл қиссаны бастырыпсың.
Өзіңе өз қылмысың майдай жағып,
Бойыңнан ар-иманды қашырыпсың
Бұл қисса Орта жүздің Керейінен,
Қазақтың Сегіз сері мерейінен.
Шығарған осы жырды кім екенін,
Білмесең елге айтып берейін мен.
Наурызбай – Ханшайым қыз елдің ері,
Шығарған дастан етіп Сегіз сері.
Сегіздің көп қиссаны шығарғанын,
Әлі де ұмытқан жоқ қазақ елі.
Бұл жерде, Көкбай «Қыз Жібек» жыры туралы емес, «Наурызбай – Ханшайым қыз елдің ері», жыры туралы айтылса да кінәлі Жүсіпбек қожа. Бұлар, жырды кім баспаға дайындағанын білместен, дақпыртпен Жүсіпбек қожаға соқтығады. Бұл обал-сауапты білмей, «жаптым жала, жақтым күйе» емес пе? Және бұлар интернетте жарияланбаған. Аты аталғандардың баспа бетінде жарияланған еңбектерінде жазылмаған. Жүсіпбектің өзі емес, әкесі Шайхысіләм Жетісу өңіріне барған бір сапарында 1872 жылы жазда ақын Сара Тастанбекқызына кездесіп, одан «Біржан Сара» айтысының қолжазбасын сұрап алады. Міне, әкесі сұрап алған қолжазбаны Жүсіпбек 26 жылдан соң 1898 жылы өзім жазып алғанмын деп Қазан баспасына бастырады. Сонда 1861 жылы туған Жүсіпбек 1872 жылы 11 жасында сонау Ақмешіттен Жетісуға барып жазып алған болып шығады. Міне, осындай өтіріктерге шыдамаған Төребай ақын Есқожаұлы, 1900 жылы тышқан жылы күзде ақын Сарамен айтысқанда былай дейді:
Әсетпен сен айтыстың сиыр жылы,
Шайхысіләм келіп кетті барыс жылы.
Сара, сен шамалы ақын болсаң-дағы
Шығарды атағыңды Біржан жыры.
Шайхысіләм Жетісуды аралады
Байлар мен би, болысты жағалады.
Қалдырған Біржан саған қолтаңбаны
Өзіңнен қалап алып кете барды.
Арада 26 жыл уақыт өтті.
Кітап боп шығатын уақыт жетті.
Әкесі Шайхысіләмның Жүсіпбек қу
Қазанда сол айтысты жария етті.
Жүсіпбек қожаны сөз ұрлаушы ретінде жазғырушылар, Жүсіпбекті 1861 жылы туғызып, 11 жастағы бала Ақмешіттен Жетісуға барып «Біржан сал менен Сара қыздың айтысын, қалай сұрап алады» деп жоққа шығарады. Дұрысында, Жүсіпбек 7 жыл бұрын 1854 жылы туған. Біржан менен Сара 1871 жылы айтысқан. Сарадан айтыстың жазбасын 1872 жылы бір жылдан кейін сұрап алған. Жырды сұрап алған жылы Жүсіпбек 19 жаста, жырдың жазбасы түгілі жау түсіріп, ел билейтін жаста.
Төребай ақын Есқожаұлы, Жүсіпбектің ақындық қабілетін талдап, баға беру үшін, ол оның бүкіл өмірбаянын талдап, болған ортасын, алған тәлім- тәрбиесін, көрген-білгенін, тегін талдап баға беретіндей дәрежеде емес, оны, кездесіп сәлемдесіп өте шыққан адам сияқты ғана білетінге ұқсайды.
Менің түсінбейтінім – Сегіз серінің басында болған уақиға ретінде айтылғандар – болмаған уақиғалар, тек ертеректе басқаның басынан өткен уақиғаны өзім істедімге не болмаса істедіге тірейтіні. Бұған Сегіз серінің бекеттерді шабуы, қасында 100 ден 538 дейін әр ұлттан құралған қашқын-құзғын «саңлақтардың» ақысыз-пұлсыз еріп жүре беруі, парсы, шешен ұңғыш мемлекеттерін ешқандай жолбасшысыз, құжатсыз (ол қашқын болғандықтан орыстардың да, қазақтың да, мемлекеттік мекемелері құжат бермейді) ұшқан құс өткізбейтін қоршаудан қиындықсыз өтіп, тірі жанды маңайына жолатпайтын, жолатса келгеннің де, күзетшінің де көздерін оятын күзеттерден емін-еркін өте беруі сияқты қиындықтардың оған қатысы болмауын өлеңіне не «Сегіз сері» кітабінде қосуы таңдандырады.
Мен жидым жігіттерді елден таңдап,
Өзіме сарбаз болды нелер саңлақ.
Сарбаздықты міндеттеп, ақы төлеп, жағдай жасап шақырғанда жоламайтын жастар Сегіз серінің соңынан еріп, шымнан салынған қорада қысы-жазы тұра беретіндері шындықтан өте қашық аңыз ғана ма деймін.
Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал- Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Зерттеушілер, айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп-сарапталуына Сара, Жүсіпбек, Әріп ақын елеулі үлес қосқан деп жазды.
Жүсіпбек өзім шығардым деп жарияламай, түзедім, көшіріп алдым, сұрап алдым, әкем сүрап алды дегеннен не өзгереді. Бұл шығардым дегенді білдірмейді ғой. Бұл үшін кінә тағу «Сыныққа сылтау» іздеу десе болар. Абай хаһим: «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңінде
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек,
Ғаділет пен мархамат – көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек,
дегендей, Сегіз серіге не ақын баласына жерлес, жас шамасы шамалас, сыйлас Сапарғали Қуанышұлы, Тайжан Қалмағамбетұлынан, басқа ақындар, жырға қатысты бір сөз де қаспай, Жүсіпбек қожаны, оның ұрлығының атын атап, түсін түстеп атамай, тек былапыт ұры, екі жүзді сайтан қожа, халыққа келіп сіңген келімсек, өзің еркек емес байтал қожа, залым деген сөздерді пайдаланып даттады ма? Деген сияқты ой келеді. Егер шындығында, олар бұл сөзді өздері айтса – өз ауыздарын өздері былғағаны. Ал олардың атынан басқа айтса, оныңда өз аузын өзі былғағаны. Біреу даттағанға жазықсыз жан даттанбайды. Тайжан ақын, Нияз сері шығарған «Атандым Нияз сері бала жастан» атты өлеңінің «Атандым Нияз сері бала жастан» сөздерін, «атандым Ғазиз ақын бала жастан» деп пайдаланғанын, Ғазизге:
Көңілі базаршылар қалды суып
Әніңді, тыңдамасқа белін буып.
Сендағы сөз ұрлауға салыныпсың,
Залымның Жүсіпбекқожа жолын қуып.
бетіне басқандай, ешқайсы Жүсіпбек қожаның ұрлығын ашып айтпай, тек былапыт сөздермен қаралаған. Ән тарихынан ол өз орнын алуға тиіс. Оның өлеңдерінің, әндерінің кейінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор. Сегіз сері бір өлкенің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтан етер ақыны, әнші – композиторы, қол бастайтын батыры, сөз бастайтын шешені болған. Бұл жөнінде әдебиетші – ғалымдар — Қ. Мұхамедханов, Ж. Бектұров, 3. Қоспақов, А. Сатаев, Е. Жақыпов, М. Жармұхамедов, И. Кенжалиев жолдастар ара-тұра болса да Сегіз сері жайлы құптауға тұрарлық пікірлер жазды. Облыстарда тұратын Е. Қалдапов, Қ. Биғожин, С. Барқытов, К. Жексенов, Б. Кенжеғозин, Т. Пішенбаев секілді оның өлеңдерін, жұмбақтарын, нақыл сөздерін ел аузынан жинап жүрген азаматтардың да көп еңбегі бар.
Өтініп айтқаннан соң ер Арыстан,
Сөз қалмас біз сияқты жолбарыстан.
Сұрады жырлауынды Жанқасқа да.
Қалсын деп ұрпақтарға сізден дастан.
Жырладым мен дастанды қобыз алып,
Отырды молда, ишан қалам алып.
Түсірді он төрт молда өлеңімді,
Бетіне ақ қағаздың өрнек салып
Берсенұлы Көтібар
Дұшпандармен ұрыста
Жыртылмаған жағасы.
Қалмақтармен соғыста
Халқының болған панасы.
Ақырында батырдың
Қалмақтан болды-ау қазасы.
Жағалбайлы елінде
Қолға түсіп жендеттің
Берілді мықтап жазасы.
Бұл жерде аттары аталғандардың құптауға тұрарлық пікірлерлерінің мазмұны, еш жерде жазылмай, қайда басылғаны да айтылмайды.
Зерттеушілер Жәңгір 12 жасында Астраханьға оқуға барған дейді. Хан 19 жасында, оқуын бітіргесін үйленген. Екіншіден, 1837 жылы мамырды губернаторға жазған жауабында: Жүзім Асрепова 30 жаста, ұлдарым Ескендір 16 жаста, Сейіткерей 7 жаста, — деген. Жәңгір 1837 жылы 11 баласын атаған. Жерлестерінің дәлелдеуінше, ол 6 әйел алған. Соңғысы – Қарауыл қожаның 17 жасар қызы Салиха. Жәңгір Астраханда әскери училище бітіргесін, 1823 жылы 22 мамырда патшаның жарлығымен «поставлен ханом под зависимостью Оренбургской Пограничной комиссии» делінген. Бұл кез Бөкей ордасының қалыптасып, шаруашылығы біркелкі түзеліп, сауда ісі жанданып, дамып, халқы орнығып, тұрақтап, үй-жай, қора-қопсы салып, саяси жағдай тыныштала, тұрмысы отырықшылыққа бейімделіп келушілер көбейген шақ еді.
Жүсіпбек қожа Шайхысіләмұлы туралы тұстастары не дейді: Жүсіпбек – қазақ ауыз әдебиетіндегі ескі мұраны көп жинастырған адам. Ол еңбегін бағалаймыз. Бірақ кейде ол өзінің жинаушылығы мен авторлығының арасына шек қоймайды. Бұл сөйлемнен, жырды таспаға дайындаған жазушының еңбегінің де ескерілуін түсіну керек сықылды деген зерттеушінің сөзінің де жаны бар. Сынаушыларға қарағанда дұрыс баға айтылған секілді ме деймін. Жүсіпбекке шүйілушілердің көкейін тескен өкініш оның «Сегіз сері» нұсқасындағы Төлегенді өлтірген жауыз ретінде көрсетілген, Кескентеректі Бекежанмен айырбастап, Бекежанды жауыз қылып көрсетті деген ашу-ызадан туындаған амал ма деймін. Жүсіпбек қожа Шайхысіләмұлы (1854-1936) Әулиеатада дүние есігін ашқан. Әулиеатада медресе бітіріп, оқуын Бұқарда жалғастырған. Араб, парсы, шағатай, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Шығыстың классиктері Фердауси, Хафиз, Низами, Жами, Физули, Сағдилардың жырларымен жетік танысқан. Араб елдері мен Түркияны аралаған. Шәкей, Ләзипа атты ақын қыздармен айтысқан. Ләзипамен айтысын зерттеген С.Дәуітұлы Шынжаң университеті ғалымдары «Қазақ әдебиеті тарихының таңдаулы үлгілері» деп бағалағанын жазған.Ахыметбек Кірішбаевтың кітабынан. Біржан сал 60 жаста, Жүсіпбек 35 жаста Біржанның аулынан аттанып бара жатып ат үстінде тұрып 1882 жылы «Аман бол көріскенше Біржан аға, Жетпіс жеті ән шырқадың ырғалмада. Шіркін ай қырық жасың қайта оралып, Әніңді естірме еді жырғаламда». деп қоштасқан. 1937 жылы Жүсіпбек қожа, баласы Аман қожа мен Мазақ Ақалақшының (болыс) жаназасына бара жатып, баласына «ботам үйге қайтайық, менің пірлерім қайт дегендей қылды деп», жолай бір малшының үйіне қонып, таң намазының парызын өтеп, сүннетін өтей алмай жайнамаздың үстінде қайтыс болыпты. Бала оқытып, шәкірт тәрбиелеген. 1920 жылы Қытайдың Шиліөзек аулына Нақысбек ақалақшы (болыс жаңаша һәм діни білім беретін) мектеп салдырып, оны Мүдір (меңгеруші) қылып тағайындаған. Бала күнінен өлеңге құмар Сәди қарт Жүсіпбек қожаны еске алған өлеңінде: «Оқып ем, Жүсіпбектен жас кезімде, Шал болдым әппақ қудай осы күнде. Есімнен талай сөздер қалды шығып, Бар әлі тағылымы көңілімде». Ол жылдары қытайда Текес өңірінде емхана болмағандықтан, халықты дерттен сақтауға әрекет етіп, емшілікпен де айналысқан. Көктем кезінде балаларды шешек суы мен егумен де айналысқан. Өңірінде ғылыми зерттеумен айналысып, айналасындағыларды ғылым-білімге жетелеген. Құранның Жүсіпбек аударған қазақшасы мен Ұлы жүздің шежіресі Текестің аудандық мәдениет үйінде сақталған. Жетпіс алтыдағы Тұрысбек Сәйділ естелігінде Жүсіпбек қожаның Әулиеатада медресе бітіріп, білімін Бұхарда жалғастырып, араб, парсы, шағатай, түрік, орыс тілдерін меңгергенін, Шукей қызбен айтысын, Араб, Түркия, Орыс елдерін аралағанын есіне алған. Ахметбек Кірішбаев «менің әкем Қазыбек Әлімұлы мен Әкбар Өсерұлы екеуі Жүсіпбек қожа Шайхыслам ұлының шығармаларын көшіріп алып жаттап жүретін» деп есіне алған екен. Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы туралы М. Ауезов қолжазбасында «Молодые годы посетил многие районы казахской степи. Наконец последние 20 лет провел среди китайских казахов рода Қызай и только недавно вернулся в Россию и поселился среди албан. Разносторонний в своей прошлой деятельности, он не желает ограничиваться, и в беседе с нами однообразном кругом тем о поэтическом труде» деген деректен ғалымның 1927 жылы Жүсіпбекпен Қарқара жайлауында кездескенін аңғарамыз. Байқасаңыздар, Жүсіпбек оған қарсы өлең жазған ақындарымыздың берген бағаларынан анақұрлы жоғары адамға ұқсайды. Халқымыз, Құдайдан қорыққаннан қорықпа, Құдайдан қорықпағаннан қорық деген. Құдайдан қорыққан пендені әр уақытта «ертең таңда махшар күні Алланың алдында жауапты қалай беремін» деген қорқыныш оны адамгершілікке жат амалға жібермейді. Ал құдайдан қорықпайтындарда ондай қорқыныш болмаған соң, ойына не келсе, соны істейді, жазады.
Сөз соңында қазіргі ғұламалардың бағалауынша, жиырмасншы ғасырды мәдениетіміздің, әдебиеттің, өнер адамдарының шығармашылығының дамуының «алтын ғасыры» деп таныған. Ол өте орынды берілген баға. М.Әуезовтің «Абай романы», Әміре Қашаубаевтың Париж қаласының үлкен сахнасында шырқаған әні, К. Байсейітова мен Б. Төлегеновалардың дауысының еш теңдесі жоқ үнділігі және орындау нақышының шеберлілігі, өте жоғары талғамы мен жер бетінде әдебиеті, мәдениеті дамыған Қазақ деген халықтың бар екенін паш етуімен «Өнердің алтын ғасыры» аталуына әкелді.
Міне, осы өнердің шарықтау биігіне көтерілген заманда бір ақынның шығарған өлеңін екінші ақын мағынасын өзгертпей, басқа сөз гаухарларымен ауыстырса, оның ешқандай сөкеттігі жоқ секілді. Мысалы, өнер зерттеуші атақты әнші С. Оспанов Әміре Қашаубаевтың өтінішімен ақиық ақын Иса Байзақов, Сегіз серінің сұлулықты жырлаған өлеңдерінің мына сөздерін:
Көркем қыз шақырған соң жуықтайын,
Басқаны неге саған жуытайын.
Өзіңе ықыласым ауғаннан соң,
Қалайша Мукәш, сені ұмытайын.
Иса:
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім?,
деп мән-мағынасына нұқсан келтірмей, көркем сөздермен айшықтаған. Сегіз сері «Гауһар тас» өлеңін мына сөздерман өрнектесе:
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Бейне бір қараңғы үйге жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Бота көз, қыр мұрынды ақша маңдай, десе
Иса:
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай,
деп алмастырған.
Қалай десек те, Көкбай ақын айтқандай ел таныған шын жүйрік пен қара дүрсін, өсек десе ішкен асын жерге қояр, кесел іздеп жүретін ұрыншақ, оқу мен өнер-білімде жұмысы жоқ сергелдең серілікті (салдықты) тілге тиек ететіндердің арасы жер мен көктей ғой!