Білген Шайыр айтады

Лә иләһә иллаллаһ

Тахлил-зікір

Бұл зікір Іскендірұлы Әбдіғаппардың қолжазбаларының арасынан  шықты.

Бір жақсы сөз жазамын,

Тыңда мұны Қазағым

Көрсетпе Алла пәндеңе

Хияметтің азабын!

Кел, Мұсылман туғандар,

Осы сөзді тыңдаңдар.

Құлшылық етіп Құдайға,

Күнәға жұмыс қылмаңдар!

 

Бисмилла Рахман Рахим,

Жазайын ақ қағазға Бисмилла деп,

Бір Алла Бисмилла айтсақ көрмейді жек,

Айтамын мұсылманның баласына,

Әдет қып Бисмилланы айтыңдар деп

Бисмилла Рахман сөздің басы,

Айтпаған Бисмилланы болар қасы.

Айтып жүр әдет етіп әр уақытта,

Баласы мұсылманның кәрі, жасы.

 

Бисмилла Рахман Рахим,

Осы сөз айтып жүрсең қанша қиын,

Айтайық әдет етіп Бисмилланы.

Болатын алдыңда бар үлкен жиын,

Пайда көп мұсылманға Бисмилладан.

Айтпайды Бисмилланы кейбір надан.

Бұрынғы өтіп кеткен, әулиелер

Бәрі де Бисмилласыз іс қылмаған.

 

Айтайық Бисмииланы мұсылмандар.

Айтсаңыз Бисмиллада қасиет бар.

Оқысақ Бисмилла айтып бес намазды

Бір Алла әр бәледен өзі сақтар.

 

Біздағыөлеміздаажалжетіп,

Қанша жан бізден бұрын кеткен өтіп.

Бисмилла Рахман Рахим деп айтайық

Алланың рақымынан үміт етіп.

 

Алланың Рақыман есім заты

Жазылған кәләміңді бұл бір аты.

Айтайықәдететіпәруақытта

Өлген күн болар мекен көңіл шаты.

 

Аллаға Бисмилла деп жалынайық

Үмбет болып Мұхаммедке табынайық

Болатын алдымызда хиямет бар

Оқиық бес намазды я, халайық!

 

Бисмилла сөз жазайын Рахман

Ойламас еш нәрсені болса надан.

Жақсылар құлшылық қыл ғапыл қалмай

Жақындап келіп қалды-ау ақыр заман.

 

Аллаға жалынайық осы уақытта

Ықтияр өзімізде бос уақытта

Тілейік бір Алладан үміт етіп

Күнәні бастан өткен жас уақытта.

 

Айтайық Бисмилланы адам пақыр

Жақындап ақыр заман келе жатыр.

Ықтияр өзімізде болмай кетер

Болсақта қандай мықты, қандай батыр.

 

Жалғаннан өтеміз ғой әлі-ақ бір күн

Бұл дәурен келмес қайтып дүркін-дүркін.

Астына қара жердің кіргеннен соң,

Басыңда болмас сонда өз еркің.

 

Жазамын ғибрат сөз білгенімше,

Бекерден бекер қарап жүргенімше.

Оқысын хат таныған мұсылмандар,

Кетейін қағаз жазып өлгенімше.

 

Осы сөз Бисмилла деп жазған сөзім,

Оқып көр таныған жан көрсе көзің.

Жазамынәрбірсөздімұсылмандық

Құдайдан қорыққанымнан менің өзім.

 

Айтайық Бисмилла деп мұсылмандар

Болатын алдымызда бір заман бар.

Астына қара жердің кірген күні

Хәліміз сол уақытта қандай болар.

 

Хәліміз қандай болар мақшар күні

Жақсылар ықыласпен тыңда мұны.

Оқысақ Бисмилла деп бес намазды

Боламыз сол уақытта Құдай құлы.

 

Құлшылық бір Аллаға қылайық та

Бес намаз мұсылманға лайықты.

Сақта деп хияметтің азабынан

Жалынып бір Аллаға жылайық та.

ЖылайықЛә Иллахадеп бір Құдайға

Мұсылман құлшылықсыз жүрме жайға.

Көп айтсақ Лә Иллаха бұл жалғанда

Жаныңа қияметте болар пайда.

 

Кел, мұсылман халайық,

Лә Иллаха зікір салайық.

Құлшылық етіп Құдайға,

Намаз оқып барайық.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Оқиық достар намазды

Бүгінде адам көп азды.

Тыңдасын деп мұсылман

Жазамын айтып қағазды.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Кел, мұсылман қарындас,

Күнәлі істен аулақ қаш!

Қиямет машқар барғанда

Қор болмасын ғазиз бас!

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Дүние өтер бір күнде

Ойлау керекбұл күнді

Көп ойлама жақсылар

Дүние деген шіркінді.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Әлі-ақ бір күн өлерміз,

Жер астына кірерміз.

Мәңкүр-Нәңкүр келгенде.

Қандай жауап береміз?

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Ғәзірейіл келгенде

Түршігіп тәнбілгенде.

Қандай болар хәліміз,

Шыбын жанды бергенде

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Шыбын жанды алғанда

Қара көрге кіргенде,

Не болар сонда ғазиз жан

Жалғыз жатып қалғанда.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Қорқайық, достар Құдайдан

Кетеміз әлі-ақ бұл жайдан.

Оқиық достар намазды

Болатын сол ғой бас пайдаң!

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Қара жерге кіргенде

Мәңкүр-Нәңкүр келгенде,

Раббың кім дегенде,

Қандай жауап береміз?

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Бірлігін хақтың білсек біз,

Бұйырған ісін қылсақ біз

Раббым Алла дер едік

Лә иләһә айтып жүрсек біз.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Кел, мұсылман халайық

Лә иләһә зікір салайық.

Бұйрығын етіп Алланың

Қияметке барайық.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Хақтың досы Мұхаммед

Айтайық бұған салауат.

Сүннәтін етіп жалғанда

Барайық болып біз үммәт.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Ақ Расул Пайғамбар,

Мұнан асқан қай жан бар?

Қияметте қор болмас,

Сүннәтін етіп барғандар.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

 

Хияметтің күні бар

Күнәлігі болардар.

Бір Аллаға жалынып

Құлшылық ісін қылыңдар.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Хияметті ойлайық,

Оқымай намаз қоймайық.

Кіргізсе Алла жұмаққа

Қызығына тоймайық.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Кетеміз ғой жалғаннан

Өлмей тірі кім қалған?

Жақсы болар мақшарда

Құлшылық ісі көп болған.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Парасат майдан болады

Майданға халық толады

Алланың сүйген құлының

Басына бақыт қонады.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Бір Алла деп мұны біліңдер

Құлшылық етіп жүріңдер.

Қабыл етсе бір Алла

Жұмағына кіріңдер.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Көп ойлама жалғанды

Әркімнен жалған қалғанды.

Ойлау керек жақсылар

Хияметке барғанды.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Дүниені жақсы көрерміз

Ғапыл болып жүрерміз.

Дүниегемәз боп,

Хаха-хаха күлерміз.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Хаха-хаха күлмеңдер,

Ғапылдықпен жүрмеңдер.

Құлшылық етіп Құдайға

Жұмаққа қолды сермеңдер.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ

Мұхаммед Расул Алла!

 

Тыңда мұнықарындас

Күнәлі істен аулақ қаш.

Намаз оқымұсылман

Қор болмасын, ғазиз бас.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Кел,мұсылманбаласы

Бұл сөзді тыңдап қарашы.

Намазбенен айрылар,

Мұсылман кәпір арасы.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Осылай айтып жазамын,

Тыңдап көрші қазағым,

Біз үшін жәннат бер деп

Кәпірлер қылды мазағын.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Қорқайық достар тозақтан

Құтылайық мазақтан.

Құлшылық қыл Құдайға.

Сақта деп Алла азаптан.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

Бұл жалған әлі-ақ бітеді,

Барша жан өліп кетеді,

Парасат майдан барғанда

Бір Алла қандай етерді.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Жалынайық жалғанда,

Қылма деп Алла шәрмәндә,

Қандай болар хәліміз,

Қара сафта барғанда

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Ойла мұны адамдар,

Болатын басқа заман бар

Қорықпайды Құдайдан,

Ақылы жоқ надандар.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Бұл жалған әлі ақ бітеді,

Ықтияр бастан кетеді.

Құдайдың сүйген құлдары

Мұратына сонда жетеді.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Құлшылықісқылайық

Бір Аллаға жылайық.

Серік іздеп жұмақ ішінен,

Бір Алладан сұрайық.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Кел, мұсылман туғандар

Осысөзді тыңдаңдар,

Қорқу керек Құдайдан!

Күнәлі жұмыс қылмаңдар.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Алдымызда бар қиямет,

Жақсы жолға талап ет.

Намаз оқып мұсылман

Күнәлі істен аулақ кет.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Қияметте тозақ бар,

Жанып тұрған от болар

Құлшылық қыл мұсылман

Сол тозақтан қорқыңдар!

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Тозақ тұрар ақырып,

Күнәліні шақырып.

Құлшылық қыл мұсылман,

Жүрмейді сонда аһұрып.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Ақырып тозақ тұрады,

Үстінен көпір құрады.

Сол көпірден жүргенде

Бір Алла қандай қылады?

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Сол көпірден айдайды

Астына тозақ жанады

Құдайдың сүйген құлының

Табаны сірә таймайды.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Бір Алла өзі оңдасын

Мұсылман болған пәндәсін

Айдағанда сираттан

Жығылып отта қалмасын

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Мұсылман бір Аллаға жалынайық

Үмбет боп Мұхаммедке табынайық

Үстінен қыл көпірдің айдағанда.

Жатпайық отқа құлап, аяқ тайып.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Жақсылар бір Аллаға құлшылық қыл,

Болмайды былтырғыдай биылғы жыл.

Жазамын қияметтен қорыққанымнан

Баласы,

Әулеті Ханафия Әбдіғаппар.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Құдайдан қорыққанымнан жазған хатым.

Оқиық бес намаздан үмбет затым.

Осылай жаздым сөзді тыңдасын деп

Мұсылман күнәлі істі қылмасын деп

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ!

Мұхаммед Расул Алла!

 

Оқиық бес намаздыықыласпен.

Мақшарда қиыншылық болмасын деп

Отырмыз 67жасқа келіп,

Бойдағы күш-қуаттың бәрі кетіп

Жазамын әрбір сөзді мұсылмандық.

Алланың әр рақымынан үміт етіп.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ.

Мұхаммед Расул Алла!

 

Баласы Айқожаның менің атым

Әбдіғаппар қожа-дүр есім- затым

Қатасын жазғанын кешіргейдей деп

Ғапу әрпін күнәһім көп.

 

Араб әрпінен түсірген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Елесбай Нұржұма

 

Тағы бір айтатын нәрсе,  екі өлеңнің мәтіні шықты. Екінші жазған адамға  қиянат болмасын деп  өлеңнің мына жолын да  жариялап отырмыз.  Екі зікірдің айырмашылығы екінші нұсқада «Мұхаммед  Расул Алла!» жоқ.

«Жазамын хияметтен қорыққанымнан

Баласы Ханафия Мырзақұл.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ.

Құдайдан қорыққанымнан жазған хатым.

Оқиық бес намаздан үмбет затым.

Баласы Ханафия біз Мырзақұл.

Руым Елшібек Қара Қыпшақ затым

Осылай жаздым сөзді тыңдасын деп

Мұсылман күнәлі істі қылмасын деп

Оқиық бес намазды  ықыласпен.

Мақшарда қараңшылық болмасын деп

Отырмыз 77 ге жасым жетіп

Бойдағы күш-қуаттың бәрі кетіп

Жазамын әрбір сөзді мұсылмандық.

Алланың рақмынан үміт етіп.

Лә иләһә иллаллаһ, Лә иләһә иллаллаһ.»

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button